Ацесоль (Раствор для инфузий; 200 мл, 400 мл; Биохимик ОАО)

МНН: Калия хлорид, Натрия ацетат, Натрия хлорид
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012991
Информация о регистрации в РК: 12.08.2019 - 12.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Ацесоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 200 мл немесе 400 мл

Құрамы

1 литр ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: натрий ацетаты тригидраты 2.0 г,

натрий хлориді 5.0 г,

калий хлориді 1.0 г,

қосымша зат: инъекцияға арналған су,

иондық құрамы (1 л препарат):

натрий ионы - 110 ммоль,

калий ионы - 13.4 ммоль,

хлор ионы - 99 ммоль,

ацецат ионы - 24.4 ммоль

Теориялық осмолярлығы ~247 мосм/л

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер.

Су-электролиттік теңгеріміне ықпал ететін ерітінділер.

Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Препарат қан арнасында ұзақ болмайды, интерстициалды кеңістікке жылдам өтеді. Диурезді күшейте отырып, бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы. «Ацесоль» ерітіндісі осмостық тұрғыдан теңестірілген біріктірілген препарат болып табылады. Ерітінді уытсыздандырғыш, плазма алмасырғыш, регидратациялаушы, шокқа қарсы және гемодинамикалық әсер етеді: гиповолемияны азайтады, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, қанның қоюлануына және метаболизмдік ацидоздың дамуына кедергі жасайды, диурезді күшейтеді, микроайналымды жақсартады.

Қолданылуы

- дегидратацияда

- жедел дизентерияда

- тағамдық токсикоинфекцияда

- Эль-Тор тырысқағында

Қолдану тәсілі және дозалары

Зертханалық көрсеткіштерді бақылаумен көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып). 1 сағат бойына ерітіндіні сорғалатып енгізеді, одан кейін сорғалатып енгізуді (24-48 сағат бойына минутына 40-120 тамшыдан) тамшылатумен алмастырады. Ерітіндіні енгізер алдында 36-38°С-ге дейін жылытады. Ерітіндіні нәжіспен, құсықпен, несеппен, термен кеткен сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін қажетті мөлшерде енгізеді. Енгізілген және жоғалған сұйықтық теңгерімін әрбір 6 сағат сайын анықтайды.

Енгізілетін ерітіндінің көлемі жекелей, су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіруге қажетті мөлшерде таңдалады.

Жағымсыз әсерлері

- ісінулер, қышыну

- тахикардия

- қалтырау

- гиперкалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа асқын сезімталдық

  • гиперкалиемия, гипернатриемия

  • алколоз

  • созылмалы бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

  • организмге көп мөлшерде сұйықтық енгізуге қарсы көрсетілімдердің болуы (мидың, өкпенің ісінуі, гипергидратация және т.б.)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ

Айрықша нұсқаулар

Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру қажет. Емдеуді гематокритті және қандағы электролиттер концентрациясын бақылай отырып жүргізеді. Гиперкалиемия дамыған жағдайда электролиттік теңгерім қалпына келгенге дейін ерітіндіні «Дисоль» ерітіндісімен алмастыруға болады.

Жүктілік пен лактация

Препарат жүктілікте және бала емізу кезеңінде қолданылады

Дәрілік заттың көлік құралдары немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Деректер жоқ

Шығарылу түрі мен қаптамасы

200 және 400 мл препаратты резеңке тығындармен тығындалып, алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 250 мл немесе 450 мл шыны бөтелкелерге құяды.

Сыйымдылығы 250 мл 28 бөтелке және сыйымдылығы 450 мл 15 бөтелке медицинада қолданылуы жөніндегі орыс және мемлекеттік тілдегі нұсқаулықтары бөтелке санына сәйкес мөлшерде салынған гофрланған картоннан жасалған жәшіктерде (стационар үшін).

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Мұздатып қатыруға болмайды.

Бөтелкелердің ішкі бетінің ылғалданбайтыны препараттың қолданылуына қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген мерзімге дейін пайдалану керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биохимик» ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко көшесі, 15А,

Тел/факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Биохимик» ААҚ, Ресей Федерациясы, Саранск қ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапа-сына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы Алматы қ.,

Қызыл гвардияшылар жолы д-лы, 258В

тел. 727 232 90 50, 727 385 04 00

 

 

Прикрепленные файлы

242345571477976815_ru.doc 50 кб
267562331477977968_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники