Аспаркам (50 таблеток)

МНН: Калия аспарагинат (в форме калия аспарагината гемигидрата)+Магния аспарагинат (в форме магния аспарагината тетрагидрата)
Производитель: Галичфарм ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты прочих минеральных веществ
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023843
Информация о регистрации в РК: 25.09.2018 - 25.09.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Аспаркам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамы

белсенді заттар:

магний аспарагинаты – 0,175 г, калий аспарагинаты – 0,175 г;

қосымша заттар: жүгері крахмалы, полисорбат-80, кальций стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі, сызығы бар, жайпақ цилиндр тәрізді, тегіс беткейлі, ақ түсті таблеткалар. Таблеткалардың беткейі мәрмәр болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний:

Салмағы 70 кг адамның организміндегі магнийдің жалпы қоры орта есеппен 24 г (1000 ммоль) құрайды; оның >60%-ы сүйек тінінде және шамамен 40 %-ы қаңқа бұлшықетінде және басқа тіндерде. Организмдегі магнийдің жалпы қорының шамамен 1 %-ын жасушадан тыс сұйықтықта, негізінен қанда табуға болады. Дені сау ересектерде қандағы магнийдің концентрациясы 0,7-1,10 ммоль/л ауқымында болады.

Магнийді тұтынудың ұсынылатын нормасы ерлер үшін күніне 350 мг және әйелдер үшін күніне 280 мг құрайды. Магнийге қажеттілік жүктілік және бала емізу кезінде артады.

Магний белсенді тасымалдану арқылы асқазан-ішек жолынан сіңіріледі. Организмдегі магний теңгерімінің негізгі реттегіші бүйрек болып табылады. 3-5 % иондалған магний несеппен шығарылады.

Несеп мөлшерінің артуы (мысалы, тиімділігі жоғары ілмектік диуретиктермен емдеген кезде) иондалған магнийдің экскрециясының артуына әкеледі. Егер ішектің жұқа бөлігіндегі магнийдің сіңірілуі төмендесе, одан кейінгі гипомагниемия экскрецияның төмендеуіне әкеледі (күніне <0,5 ммоль).

Калий:

Салмағы 70 кг адамның организміндегі калийдің жалпы қоры орта есеппен 140 г (3570 ммоль) құрайды. Ол әйелдерде біршама аз және жас ұлғаюына байланысты сәл төмендейді. Организмдегі калийдің жалпы қорының 2 %-ы жасушадан тыс табылуы мүмкін, ал қалған 98 %-ы жасушаның ішінде болады.

Калийді тұтынудың оңтайлы нормасы күніне 3-4 г (75-100 ммоль) құрайды. Калийдің негізгі шығарылу жолы – бүйрек арқылы, күнделікті калий жоғалтудың 90 %-ы сонымен байланысты. Қалған 10 % асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады. Осылайша, бүйрек калийдің ұзақ мерзімдік гомеостазына, сондай-ақ қандағы калий концентрациясына жауап береді. Қысқы мерзімдік перспективада қандағы калий мөлшері жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасында калий ағымымен реттеледі.

Фармакодинамикасы

Магний мен калийдің иондары маңызды жасушаішілік катиондар болып табылады және көптеген ферменттердің қызмет етуінде, макромолекулалардың жасушаішілік құрылымдармен байланысуында, сондай-ақ бұлшықет жиырылуының молекулалық механизмінде шешуші рөл атқарады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушадан тыс және жасушаішілік арақатынасы миокардтың жиырылуына әсер етеді. Аспартат – эндогенді қосылыс ретінде жасушаларға тектестігі жоғары иондардың қолайлы өткізгіші болып табылады. Оның тұздары әлсіз орналасады және салдарынан иондар кешенді қосылыс ретінде жасушаның ішіне өтеді.

Магний мен калий аспарагинаттары миокард метаболизмін жақсартады. Магний/калий тапшылығы артериялық гипертензия, коронарлық артериялардың атеросклероздық зақымдануы, аритмиялар және миокардтың метаболизмдік өзгерістері қаупін арттырады.

Қолданылуы

  • тағаммен бірге (гипокалиемия және гипомагниемия) магний мен калийді тұтынуды арттыру үшін қоспа ретінде

  • жүректің созылмалы аурулары кезінде қосымша емдеуде (жүрек жеткіліксіздігінде, миокард инфарктісінен кейін), жүрек ырғағының бұзылуында (негізінен қарыншалық аритмиялар)

  • жүрек гликозидтерімен емдеуге қосымша ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік доза тәулігіне 3 рет 1-2 таблетканы құрайды. Дозаны тәулігіне 3 рет 3 таблеткаға дейін арттыруға болады. Асқазан сөлі препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан таблеткаларды тамақтан соң қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар өте сирек дамиды:

ас қорыту жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, жайсыздықты сезіну немесе эпигастрий аумағының ашуы, асқазан-ішектен қан кету, ас қорыту жолының шырышты қабығының ойық жаралары, ауыздың құрғап кетуі;

жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: миокард өткізгіштігінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, AV-блокада;

орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан: парестезиялар, гипорефлексия, құрысулар болуы мүмкін;

аллергиялық реакциялар: қышыну, бет терісінің қызаруы, бөртпе;

тыныс алу жүйесі тарапынан: тыныс алу бәсеңдеуі мүмкін (гипермагниемиеяға байланысты);

басқалар: ысыну сезімі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • Аддисон ауруы

  • III дәрежедегі атрио-вентрикулярлық блокада, кардиогенді шок (АҚ < 90 мм. с.б.)

  • 18 жасқа дейінгі балалар (қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша дәлелдеу негіздемелер жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді тетрациклиндер, темір тұздары және натрий фториді препараттың асқазан-ішек жолынан сіңірілуін тежейді. Препаратты жоғарыда атап көрсетілген дәрі-дәрмекпен біріктіре отырып емдеген кезде қабылдаулар арасында кемінде 3 сағат аралық қажет.

Препаратты калий жинақтаушы диуретиктермен және/немесе АӨФ тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, гепаринмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде тағайындау гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Аспаркам миокардтағы трофикалық үдерістерді көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді; салуретиктерді, кортикостероидтарды, жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты гипокалиемияның дамуын болдырмайды. Аспаркам жүрек гликозидтерінің кардиоуытты әсерін азайтады.

Антидеполяризациялайтын миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді, наркозға арналған дәрілермен (кетамин, гексанал, фторотан және басқалар) – орталық жүйке жүйесі бәсеңдейді.

Аспаркам неомициннің, полимиксин В, тетрациклиннің және стрептомициннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Гиперкалиемиямен қатар жүретін аурулармен ауыратын науқастарға препаратты тағайындағанда сақ болу қажет. Пациенттердің бұл санатында қандағы иондар деңгейін ұдайы қадағалап отыру ұсынылады. Бір дәрілік препараттың әр таблеткасының құрамында 38 мг калий бар, бұны бүйрек функциясы төмендеген пациенттер немесе калий диетасындағы пациенттер ескерулері тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе бала емізу кезеңіндегі жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды, себебі педиатрияда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік зат автокөлік басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Үлкен дозаларды қабылдағанның өзінде Аспаркам препаратының артық дозалануы туралы ақпарат жоқ. Бүйректің калийдің ауқымды мөлшерін шығару қабілетін ескере отырып, препарат дозасын арттыру калийді шығарудың жедел немесе айқын бұзылулары аясында ғана гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Магний ауқымды емдік диапазонымен сипатталады және бүйрек жеткіліксіздігі болмаған жағдайда күрделі жағымсыз әсерлер өте сирек.

Оқулық деректері бойынша магний қоспаларын ішке қабылдау диарея сияқты жеңіл жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін.

Аспаркам препаратының жоғары дозалары онда магнийдің болуына байланысты нәжістің жиілеуін туындатуы мүмкін.

Гиперкалиемия симптомдары: жалпы әлсіздік, парестезия, брадикардия, салдану, аритмия.

Гипермагниемия симптомдары: жүрек айнуы, құсу, летаргия, бұлшықет гипотониясы, брадикардия, әлсіздік, гипорефлексия.

Артық дозаланған кезде препаратты қабылдауды тоқтату қажет, симптоматикалық ем ұсынылады (кальций хлоридін в/і енгізу, қажет болғанда диализ).

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған немесе 100 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге тасымалдау қорабына салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Галичфарм» ЖАҚ Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Галичфарм» ЖАҚ Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«Фармамед сауда үйі» ЖШС

Алматы қ., Ходжанов к-сі, 67 ғимарат, 4а т.е.

Тел.: +7 (727) 344-99-05/06

E-mail: Almaty@pharmamed-arterium.kz

Прикрепленные файлы

Аспаркам_таб.doc 0.06 кб
Аспаркам_таб_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту