Аскоцин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскоцин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – аскорбин қышқылы 100 мг,
натрий аскорбаты 450 мг
(аскорбин қышқылына баламалы) (400.00),
мырыш тотығы (мырышқа баламалы) |
18.67 (15.00) |
қосымша заттар: маннитол, повидон, кроссповидон, «күн батар түстес» сары (Е 110)*, этилцеллюлоза, аспартам, магний стеараты, қызыл- сары хош иістендіргіш 844763
*- құрамы: «күн батар түстес» сары, алюминий гидроксиді, алюминий хлориді.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық қызыл- сары түсті, біркелкі жайылған дақтары бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілімін қоса, аскорбин қышқылы.
АТХ коды А11GB.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Аскорбин қышқылы аш ішекте белсенді түрде сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң плазмада ең жоғары концентрацияға жетеді. Организмдегі қоры шамамен 1,5 г құрайды. 25%-ға жуығы плазма протеиндерімен байланысады. Бауырда дезоксиаскорбин, әрі қарай қымыздықсірке және дикетогулон қышқылдарына биотрансформацияланады. Метаболизденбеген аскорбат және метаболиттер бүйректер, ішек арқылы, сондай-ақ термен және емшек сүтімен бірге шығарылады. С витаминінің сіңуі асқазан-ішек жолының ауруларында (гастритте, ойық жарада, іш қатқанда, іш өткенде, ішек құрттары инвазиясында, лямблиозда), жаңа піскен жеміс және көкөніс шырындарын, сілтілік сусындарды ішкенде бұзылуы мүмкін. Препараттың плазмадағы концентрациясы 1,4 мг/100 мл-ден астамға артқанда оның шығарылуы ұлғаяды. Препараттың сіңуі жаңа піскен жемістердің және көкөністердің шырындарын, сілтілік сусындарды ішкенде азаяды. Темекі тарту және этил спиртін шамадан тыс ішу аскорбин қышқылының ыдырауын жылдамдатып, оның организмдегі қорын күрт азайтады.
Мырыш ішектен сіңіп, тіндерге таралады және бірқатар ферменттер мен биологиялық тұрғыдан белсенді заттардың құрамына кіреді. Организмнен шығарылған мырыштың 90%-ы нәжіспен бірге, 2–10%-ы несеппен бірге бөлініп шығады. Кальций және кальцийге бай препараттар мырыштың сіңуін 50%-ға дерлік төмендетуге қабілетті, ал кофеин мен алкоголь оның организмнен шығарылуын күшейтеді.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы (С витамині) антиоксиданттық, метаболикалық және тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейтін зат ретінде организмнің бейімделу мүмкіндігін арттырады, оның жұқпаларға қарсылығын күшейтеді. Тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге, көмірсулардың, амин қышқылдарының, пигменттердің және холестериннің алмасуына, стероидтық гормондардың, катехоламиндердің синтезіне, қанның ұю үдерісіне қатысады. Коллаген синтезін күшейтеді, регенерация үдерісін стимуляциялайды, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпты етеді. Бауырда тыныс алу ферменттерінің белсенділенуі есебінен, оның детоксикациялық және ақуыз түзетін қызметін күшейтеді, коллагеннің және протромбиннің синтезін арттырады. Өттің бөлініп шығуын жақсартады, ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін қалпына келтіреді. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын жылдамдатады, простагландиндердің және қабыну мен анафилаксияның басқа да медиаторларының түзілуін тежейді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене, комплементтің С3-компонент, интерферон синтезін белсенді етеді), фагоцитозға әсер етеді, организмнің жұқпаларға қарсылығын арттырады. Қабынуға қарсы әсер береді.
Аскорбин қышқылына тәуліктік қажеттілік ересектерде 70–100 мг, жүкті әйелдерде және емшек емізу кезеңінде 100–120 мг, балаларда жасына байланысты 30–70 мг құрайды.
Мырыш биологиялық жарғақшалардың, жасушалық рецепторлардың, протеиндердің құрылымдық компоненті болып табылады, 200-ден астам энзиматикалық жүйе құрамына кіреді. Иммундық және антиоксиданттық қорғаныш реакцияларына, қан түзуге, амин қышқылдарының синтезіне, генетикалық ақпараттардың сақталуы мен берілуіне қатысады. Ретинолды тасымалдайтын ақуыздың болашақ компоненті бола отырып, мырыш А витаминімен және С витаминімен бірге имунитет тапшылығының пайда болуына кедергі жасайды, антидене синтезін стимуляциялайды және вирусқа қарсы әсерін жүзеге асырады. Ол эритроциттердің және қанның басқа да пішінді элементтерінің түзілуі үшін қажет. Мырыш ма й алмасуды қалыпты етеді, эндокриндік бездердің, соның ішінде инсулиннің, өсу гормонының, кортикотропиннің және соматотропиннің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Жыныстық және ұрпақ өрбіту қызметін демейді – Е витаминінің метаболизмі үшін қажет, ол жыныс гормондарының ізашары болып табылады және тестостерон өндіруге қамтылады; мырыш қуықасты безінің қалыпты қызмет атқаруы үшін де маңызды. Мырыштың тәуліктік қажеттілігі 15 мг құрайды.
Қолданылуы
Кешенді ем жүргізуге қолданылады:
- салқын тию, жұқпалы және иммунитет тапшылығы ауруларына бейім болғанда, гипо- және С витамині авитаминозында
- қан кетулерде (жатырлық, өкпелік, мұрыннан, сәуле ауруларында)
- бауыр ауруларында (А гепатиті, созылмалы гепатит, цирроз)
- жүктілік нефропатиясында
- Аддисон ауруында
- антикоагулянттармен артық дозаланғанда
- сүйектер сынғанда және ұзақ уақытқа дейін жазылмайтын жараларда
- дистрофияларда
- иммунитеттің төмендеуімен, дәнекер тіннің зақымдануымен, көмірсу, май алмасудың бұзылуымен, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуымен, қантамырлар өткізгіштігінің және жарылғыштығының жоғарылаумен қатарласа жүретін ауруларда
- атеросклерозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Аскоцинді тамақтан соң қабылдайды; таблетканы шайнап, судың аздаған мөлшерімен ішеді.
Ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Айқын авитаминозды және жұқпалы ауруларды емдегенде қысқа мерзім ішінде (5–7 тәулік бойы) күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдауға болады. Емдеу мерзімі аурудың сипатына және барысына байланысты.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың жағымдылығы, әдетте жақсы. Жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:
- ас қорыту жолы тарапынан
- жүректің айнуы, құсу, қыжыл, іш өту
- ОЖЖ тарапынан:
- орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, бас ауыру, ұйқысыздық
- несеп шығару жүйесі тарапынан
- конкременттердің түзілуі
- тері және оған жақын тіндер тарапынан
- аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, бөртпе
- қан түзу жүйесі тарапынан:
- қан денешіктері глюкозо-6-фосфатдегидрогеназасы жеткіліксіздігі бар науқастарда эритроциттердің гемолизін туындатуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- 18 жасқа дейінгі балалар
- аскорбин қышқылына және препараттың басқа да компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- тромбофлебит, тромбоздарға бейімділік
- қант диабеті
- несептас ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аскоцин қанда салицилаттардың, этинилэстрадиолдың, бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын арттырады, қанда пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Кумарин туындыларының коагуляцияға қарсы әсерін азайтады. Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады. Этил спиртінің жалпы клиренсін арттырады. Хинолонды қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ қолданылғанда С витаминінің қорын азайтады. Кортикостероидтар С витаминінің және мырыштың деңгейін азайтады.
Аскорбин қышқылын және дефероксаминді бір мезгілде қолдану, әсіресе жүрек бұлшықетінде, темірдің тіндік уыттылығын арттырады, бұл қан айналу жүйесінің декомпенсациясына әкеп соғады. Оны дефероксамин инъекциясынан кейін 2 сағаттан соң ғана қабылдауға болады.
Препараттың үлкен дозалары үшциклдық депрессанттардың тиімділігін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Аскоцинді үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек қызметін және артериялық қысымды, сондай-ақ ұйқы безінің қызметін бақылау қажет.
Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болғанда, бүйрек қызметі бұзылғанда абайлап қолданады.
Препарат әртүрлі зертханалық тесттердің нәтижелерін (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, трансаминаза, лактатдегидрогеназа белсенділігін) өзгертуі мүмкін. Ұзақ емдеу кезінде глюкоза деңгейін бақылау қажет.
Аскорбин қышқылы темірдің сіңуін арттыратын болғандықтан, оны жоғары дозаларда қолдану гемохроматозы, талассемиясы, полицитемиясы, лейкемиясы және сидеробластты анемиясы бар емделушілерде қауіпті болуы мүмкін. Организмде темір мөлшері жоғары емделушілерде аскорбин қышқылын өте аз дозаларда қолдану қажет.
Аскоцинді өрши бастаған обыр аурулары бар емделушілерге абайлап тағайындау қажет, өйткені оны қолдану үдеріс барысын жылдамдатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілік кезінде С витаминін жоғары дозаларда ұзақ қолдану ұрықтың дамуына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Аскорбин қышқылы емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты қабылдау кезінде емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың жүргізушілерге немесе күрделі техникамен жұмыс жасайтын адамдарға кері ықпалын тигізетініне қатысты нұсқаулар жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, ішектің түйілуі, диарея, болуы ықтимал аллергиялық реакциялар, бүйрек қызметінің бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы.
Емі: симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
Пішінді ұяшықсыз 3 немесе 10 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,
СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы Үндістан «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» серіктестігінің өкілдігі
Алматы қ-сы, Достық д-лы, 117/6
тел/факс: 295-26-50; 295-26-55