Апсон
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Апсон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мометазон
Дәрілік түрі
0.1%, 15 г крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – 1.0501 мг мометазон фуроаты,
қосымша заттар: цетомакрогол 1000, цетостеарил спирті, ашық сұйық парафин, пропиленгликоль, бензил спирті, натрий тиосульфаты, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, тазартылған су. -
ЩЕСТВО
1 - 5 % артығын қосқанда
Сипаттамасы
Біртекті тегіс ақ түсті крем.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (III-ші тобы). Мометазон
АТХ коды D07AC13
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Мометазон фуроаты терінің мүйізгекті қабатына оңай еніп, жиналады. Теріде метаболизденбейді. Организмге сіңгеннен кейін негізінен бауырда биотрансформацияланады. Несеппен бірге, аз мөлшерде, өтпен бірге, негізінен, глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйінде шығарылады.
Мометазон фуроатының тері арқылы сіңуі қыртыс аймағындағы нәзік теріге немесе бет терісіне, эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісінен зақымданған теріге қолданғанда артады. Терінің температурасын және ылғалдылығын арттыратын окклюзиялық таңғыштарды қолдану да мометазон фуроатының сіңуін арттырады. Бұдан басқа, дәрілік препаратты жиі пайдаланғанда немесе терінің ауқымды бетіне жаққаннан кейін де сіңуі арта түседі. Жас адамдардың терісі арқылы сіңуі ересектерге қарағанда көбірек білінеді.
Фармакодинамикасы
Апсон кремі сыртқа қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады. Препарат қабынуға қарсы, антиэкссудативті, қышынуға қарсы әсер етеді. Әсер ету механизмі түпкілікті анықталмаған. Апсон простагландиндер мен лейкотриендер сияқты күшті әсер ететін қабыну медиаторларының биосинтезін олардың ізашары – арахидон қышқылын босатып шығару арқылы бақылайтын липокортиндер (А2 фосфолипазасын тежейтін ақуыздардың) бөлінуін индукциялайды.
Қолданылуы
- псориаз (жайылған псориазды қоспағанда) және атопиялық дерматиттің қабыну және қышыну көріністерін емдеу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер, егде жастағы пациенттер мен балаларды қоса: Апсон кремінің жұқа жолағын зақымданған тері бөліктеріне күніне бір рет жағады.
Балаларда немесе бет аумағына жергілікті кортикостероидтар қолдану тиімді терапиялық еммен, аздаған мөлшер мен шектелуі тиіс және емдеу ұзақтығы 5 күннен артық болмауы тиіс.
Жағымсыз әсерелеріСирек (≥1 / 10000, <1/1000)
- терінің құрғауы, тітіркенуі, дерматит
- периоральді дерматит, тері мацерациясы
- тершеңдік және телеангектозия
Өте сирек (<1/10 000,) белгісіз (берілген деректермен дәлелденуі мүмкін емес)
- фурункул инфекциясы, фолликулит
- парестезия, күйдіру сезімі
- дерматит, тері гипопигментациясы, гипертрихоз
- тері жолақтары, терінің безеулік атрофиясы
- қышыну
- қолданған жердегі ауыру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- розацеа, тұрпайы безеулер
- тері атрофиясы
- периоральді дерматит, перианальді және генитальді қышу
- кесілулер
- бактериялық (мысалы, импетиго, пиодермия) инфекциялар
- вирустық (желшешек, қарапайым герпес вирусы, құрсау теміреткі, сүйір кондиломалар, контагиозды моллюск) инфекциялар
- паразиттік және зеңдік (мысалы, кандидоз немесе дерматофиттер) инфекциялар
- әртүрлі инфекцияларда, туберкулез, мерезде
- вакцинациядан кейінгі реакцияларда
- тері жаралары немесе ойық жаралы зақымдануы
- 2 жасқа дейінгі балалар
- мометазон фуроатына сезімтал науқастарға немесе басқа да кортикостероидтарға және кез келген қосымша компоненттеріне сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданған кезде дәрілік өзара әрекеттесу жағдайларының болған-болмағаны белгісіз.
Алайда пациенттерге желшешекке қарсы, әсіресе терінің ауқымды бетіне үнемі қолданғанда, тиісті антиденелердің пайда болуы түрінде талапқа сай иммунологиялық жауаптың болмауы мүмкін екендігін ескеріп, вакцинация және иммунизацияның басқа да түрін жасауға болмайтынын есте ұстаған жөн.
Апсон кремі иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитетті стимуляциялаушы дәрілердің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Егер Апсон пайдаланумен тітіркену немесе сезімталдықтың артуы дамыса, емдеу тоқтатылып, тиісті ем басталуы тиіс.
Егер инфекция дамыса, зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы дәріні тиісінше қолдануды бастау қажет. Егер препаратты қолдану кезіндегі қолайлы реакция таяу уақытта дамымаса, кортикостероидтармен ем тоқтатылуы тиіс. Жергілікті кортикостероидтардың жүйелі сіңірілуі қайтымды гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігін туындата алады. Кушинг синдромының көріністері, гипергликемия және глюкозурия емделу кезінде жергілікті кортикостероидтардың жүйелі сіңірілуі орын алған кейбір науқастарда да туындауы мүмкін. Үлкен беткейлі аудандарға немесе окклюзия астындағы аумақтарда жергілікті стероидтар қолданатын пациенттер гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуін растау үшін мезгіл-мезгіл бағалануы тиіс.
Бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарды жүйелі қолданудан кейін хабарланатын жағымсыз әсерлердің кез келгені жергілікті кортикостероидтармен, әсіресе, сәбилер мен балаларда болуы мүмкін.
Балалар баламалы дозалар тұсында, тері беткейінің дене салмағына арақатынасы үлкен екеніне орай, жүйелі уыттылыққа аса сезімтал болуы мүмкін. Апсон қауіпсіздігі мен тиімділігі 2 жасқа толмаған педиатриялық науқастарда анықталмаған, оны осы жас тобында пайдалануға кеңес берілмейді.
Жергілікті және жүйелі уыттану, әсіресе, зақымданған терінің үлкен бөліктерінде және бүгілген жерлерде ұзақ уақыт пайдаланудан кейін таралады. Балаларда немесе бет аумағына пайдаланылғанда окклюзия пайдаланылмауы тиіс. Бетке пайдаланғанда курс 5 күнге дейін шектелуі тиіс және окклюзия пайдаланылмауы тиіс. Пациенттердің бәрінде, олардың жасына қарамастан, ұзаққа созылатын үздіксіз емнен сақтану керек.
Жергілікті стероидтар псориаз кезінде бірқатар, соның ішінде қайталану, төзімділіктің даму, орталықтанған пустулезді псориаз қаупі және терінің бөгеу функциясының бұзылуы салдарынан жергілікті немесе жүйелі уыттану себептері бойынша қауіпті болуы мүмкін. Егер псориаз кезінде пайдаланылса, пациентке мұқият бақылау қажет, оның маңызы зор.
Барлық күшті әсер ететін жергілікті глюкокортикоидтар сияқты, емдеуді күрт тоқтатудан сақтану қажет. Күшті әсер ететін жергілікті глюкокортикоидтар мен ұзақ мерзімді жергілікті емдегенде және емдеуді күрт тоқтатқанда қатты қызаратын, шаншитын және ашытатын дерматит түрінде болатын құбылыс дамуы мүмкін. Емдеуді баяу қысқарту арқылы, мысалы, ем толық тоқтатылғанша аз дозаны қолдану арқылы оның алдын алуға болады.
Глюкокортикоидтар кейбір зақымдардың сыртқы түрін өзгертуі, талапқа сай диагноз қою үдерісін қиындатуы мүмкін, сондай-ақ жазылуды кідіртуі мүмкін.
Апсон препараты жергілікті қолдануға арналған, ол офтальмологиялық қолдануға, соның ішінде глаукоманың немесе субкапсулярлы катарактаның өте сирек қаупіне орай, қабаққа жағуға арналмаған.
Педиатрияда пайдалану
Педиатриялық пациенттер, ересек пациенттерге қарағанда, жергілікті кортикостероидтармен индукцияланған гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуіне және, дене беткейі ауданының дене салмағы арақатынасына үлкен екеніне орай, Кушинг синдромының туындауына сезімталдық танытуы мүмкін.
Кортикостероидтар мен ұзаққа созылатын ем балалардың өсуі мен дамуын кедергілеуі мүмкін.
Жүктілік
Жүктілік кезінде Апсонмен емделу дәрігер тағайындауы бойынша ғана атқарылуы тиіс. Алайда, дене беткейінің үлкен аумақтарына немесе ұзақ уақыт бойы қолданудан сақтану керек. Адам жүктілігі кезіндегі қауіпсіздік дәлелдерінің саны жеткіліксіз. Жүкті әйелдерде Апсонмен жүргізілген ешқандай талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жоқ, ал демек, осындай әсерлердің адам шаранасына қаупі белгісіз. Дегенмен де, жергілікті қолданылатын барлық глюкокортикоидтар сияқты, шарана өсуінің глюкокортикоидтардың плацентарлық бөгет арқылы өтуге ықпалын тигізу ықтималдығын қарастыру керек. Сондықтан адам шаранасында осындай әсерлердің өте аздаған қаупі болуы мүмкін. Басқа жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидтар сияқты Апсонды, егер ықтималды пайдасы ана немесе шарана үшін зор қауіптен басым болғанда ғана жүкті әйелдерде пайдалануға болады.
Бала емізу
Жергілікті кортикостероидтар пайдаланудың ана сүтінен табылатын мөлшерлерін өндіруге жеткілікті жүйелі сіңірілуге әкелуі белгісіз. Апсон пайда/қауіп өзара байланысын мұқият зерттеуден кейін ғана бала емізетін аналарға тағайындалу керек. Егер ем едәуір жоғары дозалармен жүргізілсе немесе ұзақ уақыт қолдану тағайындалса, бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: терінің экхимозы, инфекция өршуі, безеулі бөртпе.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, антидоты жоқ, симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралатын пластмасса қақпақтары бар, ішкі беті лакталған алюминий сықпаларға 15 г препараттан салады.
Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Аджанта Фарма Лимитед
Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (З),
Мумбай 400 067, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы
Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050060,
Алматы қ., Аносов к-сі, 54 / 28 (Төле би к-сі)
Тел./факс: 8 (727) 374-79-50, 277-79-56;
E-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
ConsultAsia ЖШС
Алматы қ., Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе
тел: +77778051116/+77051708825/+77051708876 (24-сағат бойы қолжетімді)
факс: +727-379-42-58
e-mail: pv@consultingasia.kz
info@consultingasia.kz