Апидра® (3 мл)

МНН: Инсулин глулизин
Производитель: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin glulisine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016455
Информация о регистрации в РК: 14.10.2015 - 14.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Апидра®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инсулин глулизин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 100 Б/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - инсулин глулизин - 3,49 мг (100 Б инсулинге эквимолярлы),

қосымша заттар: мета-крезол, тромета­мол (трометамин), натрий хлориді, полисорбат 20, нат­рий гидроксиді, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Инсулиндер және олардың жылдам әсер ететін аналогтары. Инсулин глулизин.

АТХ коды A10AB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инсулин глулизинде аспарагин амин қышқылы В3 қалпындағы лизинмен алмастырылған, ал лизин В29 қалпындағы глютамин қышқылына алмастырылған, ол препараттың жылдамырақ сіңуін қамтамасыз етеді.

1 типті қант диабетінен зардап шегуші, 21-ден 50 жасқа дейінгі еркек жынысты 18 тұлға қатыстырылған зерттеуде инсулин глулизин 0,075 –ден 0,4 Б/кг дейінгі дозалау аралығында ерте, ең жоғары және жалпы экспозициясында дозаға пропорционалдылық көрсетті.

Сіңуі және биожетімділігі

Дені сау еріктілердегі және диабеті бар (1 немесе 2 типті) пациенттердегі фармакокинетикалық бейіні инсулин глулизиннің сіңуі шамамен стандартты адам инсулинімен салыстырғанда шыңдық кон­центрациясы екі есе үлкен, екі есе жылдам болатынын көрсетті.

1 типті қант диабеті бар пациенттердегі зерттеулерде 0,15 Б/кг тері астына енгізуден кейін инсулин глулизиннің Тmax 55 минутты құрады, ал Сmax - 82 ± 1,3 мк Б/мл болды, бұл тиісінше стандартты адам инсулинінің Тmax және Сmax салыстыру бойынша 82 минутқа және 46 ± 1,3 мк Б/мл тең болған.

Стандартты адам инсулинімен салыстырғанда (161 мин.) (№ 3 суретті қараңыз) инсулин глулизиннің қандағы сақталуының орташа уақыты қысқалау (98 мин.) болды.

Прикрепленные файлы

609505531477976390_ru.doc 204 кб
346075351477977594_kz.doc 212.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники