Аммиак (раствор 10%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аммиак ерітіндісі
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
10 % сыртқа қолдануға арналған ерітіндіФармакотерапиялық тобы
Қолданылуы
- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін
- жәндіктер шаққанда
- хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкийжәне И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы
- жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Жергілікті қолданғанда аммиак ерітіндісін тек зақымданбаған теріге ғана жағуға болады.
Көзге түсуден аулақ болыңыз. Көздің шырышты қабығы кездейсоқ зақымданған жағдайда-көзді бірнеше рет сумен (10 мин үзіліспен 15 мин ішінде) немесе бор қышқылының 3% ерітіндісімен жуу қажет. Майлар мен жақпамайлар қолданылмайды. Мұрын мен жұтқыншақтың зақымдалуымен 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі немесе табиғи шырындар қолданылады. Ішке қабылдаған жағдайда-су, жеміс шырынын, сүт, 0,5% лимон қышқылының ерітіндісін немесе 1% сірке қышқылының ерітіндісін асқазанның ішіндегісі толық бейтараптандырылғанға дейін ішу керек. Балалар әсіресе аммиактың әсеріне сезімтал, сондықтан өнімді осы жас санатында қолданған кезде абай болу керек, 3 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
АнықталмағанАрнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 3 жасқа дейінгі балаларга қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрілік препаратты қолдану ана үшін күтілетін пайда ұрық пен бала үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді.Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын саңылауларына 0,5-1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.
Артық дозаланғанда қолданылатын шаралар
Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі
Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда медициналық қызметкерге кеңес алуға болады.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- қышыну, гиперемия, ісіну
- аммиак буының үлкен концентрациясымен дем алған кезде тыныстың шектен тыс тарылуы және тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтерДәрілік препараттың құрамы
100 мл препараттың құрамындабелсенді зат – концентрацияланған аммиак ерітіндісі 44.0 млқосымша зат – тазартылған су 100.0 мл-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өткір иісі бар мөлдір, түссіз, өте сілтілі сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл, 20 мл, 50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы полиэтилен қақпақпен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыда немесе полимерлі қақпақ-тамшылатқышпен тығындалған полимерлі құтыда.
Құтыларға өзі жабысатын заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған жәшікке салады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, тығыз жабылған ыдыста 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
ҚазақстанРеспубликасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru.