Амлодипин (5 мг, Белмедпрепараты РУП)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Амлодипин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Амлодипин
Дәрілік түрі
Таблеткалар 5 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – амлодипин (амлодипин бесилаты түрінде) 5 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций стеарат, лактоза моногидраты.
Сипаттамасы
Дөңгелек ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр сияқты, ойығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
«Баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары. Кальций өзекшелерінің селективті блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин.
АТХ коды С08СA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Амлодипинді пероральді қабылдағанда тамақ ішуге байланыссыз баяу сіңіріледі, 90 % жуықты құрайды, биожетімділігі - 60-65 %. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағанда 6-12 сағат ішінде жетеді. Ұдайы қабылдағанда тепе теңдік концентрациясы Css 7-8 күннен кейін болады. Таралу көлемі - 21 л/кг. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 90-
97 %. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне секрецияланады. Бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып, бауырда қарқынды (90 %) метаболизденеді, бауыр арқылы «бірінші өту» әсері бар, орташа – 35 сағат. Жалпы клиренсі - 500 мл/мин. Артериялық гипертензиясы бар науқастарда T1/2 - 48 сағат, егде емделушілерде 65 сағатқа дейін артады, бауыр жеткіліксіздігінде - 60 сағатқа дейін, T1/2 ұқсас параметрлерінің артуы және ауыр СЖЖ байқалады, бүйрек функциясы бұзылуында - өзгермейді. Гемодиализде шығарылмайды. Бүйрекпен – 60 % метаболиттер түрінде, 10 % өзгермеген түрде; өтпен және ішек арқылы - 20-25 % метаболиттер түрінде, сондай-ақ емшек сүтімен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Дигидропиридин туындылары –II буынды баяу кальций өзекшелерінің блокаторлары, антиангиналдық және гипотензивтік әсер етеді. L-типті альфа1-субъбірліктері кальций өзекшелерінің сегментімен S6 III және IV доменымен байланыса отырып, кальций өзекшелерін бөгейді, жасушаға жарғақша арқылы Ca2+ өтуін төмендетеді (көп жағдайда кардиомиоциттерге қарағанда тамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларында). Гипотензиялық әсерінің механизмі тамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсытатын әсерімен шартталған.
Стенокардиядағы амлодипин әсерінің дәл механизмі анықталмаған, бірақ
амлодипин ишемияны төмендегі түрде азайтады:
-
Амлодипин шеткергі артериолаларды кеңейтеді және, осылайша, жалпы шеткергі қарсыласуды (кейінгі жүктеме) төмендетеді, осы кедергіден өту үшін жүрек жұмысы жұмсалады. Жүрек жиырылуының жиілігі өзгермейтіндіктен жүрекке жүктеме азаюы энергия жұмсаудың және оттегіні қажет етудің азаюына алып келеді.
-
Амлодипин әсерінің механизмі, мүмкін өзгермеген, сонымен бірге миокардтың ишемияланған зоналарындағы басты коронарлық артериялардың және коронарлық артериолалардың кеңеюі болуы да ықтимал. Бұл дилатация вазоспастикалық стенокардиясы бар науқастарда миокардқа (Принцметалл стенокардиясы немесе нұсқалық стенокардиясы) оттегі түсуін арттырады.
Артериялық гипертензиясы бар науқастарда амлодипиннің бір реттік тәуліктік дозасы артериялық қысымның жатқан күйде, сондай-ақ тұрған қалыпта да 24 сағат бойына клиникалық елеулі төмендеуін қамтамасыз етеді. Әсерінің басталуының баяулығына байланысты амлодипин жедел артериялық гипотензияны туындатпайды. Стенокардиясы бар науқастарда амлодипин препаратының бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесінің орындалу уақытын арттырады, оның орындалу уақытында стенокардия ұстамалары және ST сегменті депрессиясы (1 мм-ге) дамуын іркеді, стенокардия ұстамаларының және нитроглицерин таблеткаларын тұтыну жиілігін азайтады.
Препарат қандай да бір жағымсыз метаболизмдік бұзылуларды немесе қан плазмасындағы липидтер өзгерістерін туындатпайды және қант диабеті және подаграсы бар науқастарда, сондай-ақ бронх демікпесі бар емделушілерде қолданылуы мүмкін.
Жүректің ишемиялық аурулары бар науқастарда қолданылуы (ЖИА)
Амлодипин препаратын 5-10 мг қолдану стенокардия себебінен ауруханаға жатқызу санын және ЖИА бар емделушілерде реваскуляризация емшараларын азайтады, сондай-ақ тромбоз жағдайларының санын қысқартады.
Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы
NYHA жіктемесі бойынша II-IV класының жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердің дене жаттығуларын қолданумен жүргізілген гемодинамикалық зерттеулерінің және бақыланатын клиникалық сынақтар нәтижесі амлодипин препаратының клиникалық нашарлауға алып келмейтінін көрсетті, бұны дене жүктемесін көтеру дәрежесін, сол жақ қарынша лықсыту функциясын өлшеудің, сондай-ақ клиникалық симптоматикасын талдау нәтижесі айғақтайды. Дигоксин, диуретиктер және АӨФ тежегіштерін қабылдаған NYHA жіктемесі бойынша II-IV класының жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердің ағзасына амлодипин әсеріне баға беру үшін плацебо-бақыланатын зерттеулер нәтижесі амлодипин препаратының өлім қаупінің артуына немесе жүрек жеткіліксіздігінен өлу және ауырулар артуына алып келмейтінін көрсетті.
АӨФ тежегіштерінің, оймақгүл, және диуретиктердің тұрақты дозасын қабылдап жүрген, бірінші себепті ишемиялық аурудың барын көрсететін клиникалық симптомдары немесе шынайы белгілері жоқ NYHA жіктемесі бойынша II-IV класының клиникалық жеткіліксіздігі бар емделушілердің ағзасына амлодипин әсерін ұзақ мерзімдік, плацебо-бақыланатын зерттеулердің нәтижесі амлодипин препаратының жүрек-қан тамыр аурулары салдарынан болатын өлімнің жалпы көрсеткіштеріне әсер етпейтінін көрсетті. Тұрғындардың осы тобында емделушілердің көрсетілімі бойынша амлодипин қабылдау өкпе ісінуі жағдайлары санының артуымен көбірек астасты.
Әсерінің басталу уақыты - 2-4 сағат; әсер ету ұзақтығы - 24 сағат.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда
- тұрақты стенокардияда және вазоспастикалық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, бір рет. Артериялық гипертензияда және стенокардиядағы бастапқы доза – тәулігіне 5 мг, оны қажет болғанда тәулігіне 10 мг дейін арттырады.
Дене салмағы төмен немесе бойы ұзын емес, сондай-ақ айқын бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге аздау доза талап етілуі мүмкін.
Артериялық гипертензиясы бар емделушілерде амлодипин препаратын тиазидті диуретиктермен, альфа-адреноблокаторларымен, бета-адреноблокаторлармен немесе ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерімен біріктірілімде қолдану мүмкіндігі бар.
Стенокардияда амлодипинді моноем ретінде немесе басқа антиангиналдық препараттармен біріктірілімде пайдалану мүмкіндігі бар.
Тиазидті диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен немесе ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда амлодипин дозасын түзету талап етілмейді.
Егделер. Препаратты әдеттегі дозада қолдану ұсынылады. Дозаны жоғарылатуды сақтықпен жүргізу керек. Амлодипиннің бірдей дозасы жас емделушілерде, сондай-ақ егде жастағы емделушілерде жақсы жағымды болды.
Бауыр жеткіліксіздігі. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін доза анықталмаған, сондықтан дозаны таңдауды сақтықпен жүргізу керек және қолдануды төмен дозадан бастау керек. Амлодипин фармакокинетикасы ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелмеген. Амлодипин қабылдауды төмен дозадан бастау керек және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде біртіндеп ұлғайтады.
Бүйрек жеткіліксіздігі. Амлодипиннің қан плазмасындағы концентрациясының өзгерістері бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне байланысты емес, препараттың әдеттегі дозасын қолдану ұсынылады. Амлодипин диализ кезінде шығарылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Амлодипиннің жиірек кездесетін жағымсыз әсерлері төмендегілер болып табылады: ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, пальпитация, қан құйылулар, абдоминалдық ауыру, жүрек айнуы, тобықтың ісінуі, шаршау.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан: жүрек қағуы, табан ісінуі, ентігу, сирек – ырғақ бұзылуы (брадикардия, қарыншалық тахикардия, жүрекше дірілі, жыпылықтағыш аритмия), кеуденің ауыруы, АҚ төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, естен тану; өте сирек – жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе тереңдеп өршуі, экстрасистолия, бас сақинасы, миокард инфарктісі, васкулит.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, шамадан тыс қажу, ұйқышылдық, көңіл-күй өзгерулері, құрысулар; сирек – естен тану, гипестезия, парестезиялар, тремор, астения, дімкәстік, ұйқысыздық, күйгелектік, депрессия, әдеттен тыс түстер көру, үрей; өте сирек - атаксия, апатия, ажитация, амнезия, шеткергі нейропатия, гипертонус.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, іштің ауыруы; гипербилирубинемия, сарғаю, "бауыр" трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, негізінен холестазға тән құбылыстар бақыланды; сирек – ауыз құрғауы, анорексия, құсу, іш қатуы немесе диарея, диспепсия, метеоризм, қызыл иек гиперплазиясы; өте сирек - гастрит, тәбет жоғарылауы, панкреатит.
Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: сирек - поллакиурия, несеп шығарудың ауырып басталуы, никтурия, сексуалдық функция бұзылуы (оның ішінде потенция төмендеуі); өте сирек - дизурия, полиурия.
Тірек-қимыл аппараты тарапынан: сирек - артралгия, артроз, миалгия (ұзақ қолданғанда), бұлшықет құрысулары; өте сирек – миастения.
Тері жабыны тарапынан: өте сирек - ксеродермия, алопеция, дерматит, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, Стивенс-Джонсон синдромы, фотосенсибилизация, мультиформалы эритема.
Аллергиялық реакциялар: тері қышынуы, бөртпе (оның ішінде эритематозды, макулопапулезді бөртпе, есекжем), Квинке ісінуі, экзантема, эксфолиативті дерматит.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: лейкоцитопения, тромбоцитопения.
Басқалары: сирек – көрудің бұзылуы, конъюнктивит, диплопия, көздің ауыруы, аккомодация бұзылуы, ксерофтальмия, құлақтағы шуыл, гинекомастия, арқаның ауыруы, ысыну сезіну, қалтырау, дене салмағының артуы/азаюы, диспноэ, мұрыннан қан кету, жоғары тершеңдік, шөлдеу; өте сирек – гепатит, суық жабысқақ тер, жөтел, ринит, паросмия, дәм сезу бұзылуы, гипергликемия, ісінулер, ауыру, дімкәстік. Экстрапирамидтік синдром дамуының жеке –дара жағдайлары туралы хабарланған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық (оның ішінде басқа дигидропиридиндерге, амлодипинге немесе кез келген басқа компоненттеріне)
- айқын артериялық гипотензия (САҚ 90 мм сын.бағ. төмен)
- шок (оның ішінде кардиогендік)
- сол жақ қарыншаның шығару жолының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежелі қолқа стенозы)
- жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақты емес жүрек жеткіліксіздігі
-жүктілік, лактация кезеңі
- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Микросомальді тотығу тежегіштері жағымсыз әсерлерінің даму қаупін күшейте отырып, плазмадағы амлодипин концентрациясын арттыруы, ал бауыр ферменттерінің микросомальді индукторлары –төмендетуі мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері. Егде жастағы емделушілерде (69-87 жас) дилтиазем препаратын 180 мг дозада және амлодипин препаратын 5 мг дозада бір уақытта қабылдау амлодипиннің жүйелік әсер етуінің 57%-ға артуына алып келді. Дені сау еріктілерде (18 жастан 43 жасқа дейінгі) эритромицинмен бір мезгілде қабылдау амлодипиннің жүйелік әсеріне елеулі өзгерістер болуына (AUC жоғарылауы 22%) алып келмеген. Бұл деректердің клиникалық мәні түсініксіз болуына қарамастан, егде жастағы адамдарда фармакокинетикалық өзгерістер анық білінуі мүмкін.
CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, ритонавир) дилтиазем препаратына қарағанда амлодипин концентрациясын үлкен дәрежеде арттыруы мүмкін. Амлодипин препаратын CYP3A4 тежегіштерімен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек.
CYP3A4 индукторлары. CYP3A4 индукторларының амлодипин препаратына әсері бойынша деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицин, шілтерлі шайқурай) бір мезгілде қабылдау қан плазмасында амлодипин концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Амлодипин препаратын CYP3A4 стимуляторлармен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек.
Басқа баяу кальций өзекшелерінің блокаторларынан айырмашылығы ҚҚСП, әсіресе индометацинмен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері анықталмаған. Тиазидті және "ілмекті" диуретиктер, бета-адреноблокаторлар, верапамил, АӨФ тежегіштері және нитраттар антиангиналдық немесе гипотензивтік әсерін күшейтеді. Дигоксин, варфарин, аторвастатин және циклоспориннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді. Циметидин амлодипин фармакокинетикасына әсер етпейді. Ca2+ препараттары баяу кальций өзекшелерінің блокаторларының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Вирусқа қарсы дәрілер (ритонавир) баяу кальций өзекшелерінің блокаторларының, оның ішінде амлодипиннің плазмалық концентрациясын арттырады. Нейролептиктер және изофлуран - дигидропиридин туындыларының гипотензивтік әсерін күшейтеді.
Амлодипин препаратын грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қабылдау ұсынылмайды, өйткені биожетімділігі ұлғаюы мүмкін, тиісінше амлодипиннің гипотензиялық әсері ұлғаюы мүмкін.
Дантролен (инфузиялары): верапамил қабылдағаннан кейін және дантролен препаратын көктамыр ішіне енгізуден кейін жануарларда қарынша фибрилляциясы және гиперкалиемиямен қатар жүретін өліммен аяқталатын жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі дамыған. Гиперкалиемия туындау қаупіне байланысты қатерлі гипертермия даму қаупі бар емделушілерге немесе қатерлі гипертермияны емдеу үшін амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларын бірге қабылдаудан аулақ болу ұсынылады.
Амлодипин препаратының артериялық қысымды төмендетуі антигипертензивтік қасиеттері бар басқа дәрілік препараттардың әсерін күшейтеді.
Симвастатин: амлодипин препаратын 10 мг дозада 80 мг симвастатин препаратымен бір мезгілде көп рет қолдану симвастатиннің өзімен жеке емдеуге қарағанда симвастатиннің әсерінің 77 %-ға артуына алып келген. Амлодипин препаратын тәулігіне 20 мг дейін қабылдайтын емделушілерде симвастатин дозасын шектеу ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Артериялық гипотензиясы, митральді стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиясы, синустық түйін әлсіздігі синдромы бар науқастарда қолданғанда сақ болу керек.
Емдеу кезінде дене салмағын бақылау керек және стоматологқа қаралу керек (қызыл иек ауыруын, қанағыштығын және гиперплазиясын болдырмау үшін). Амлодипин K+ плазмалық концентрациясына, глюкоза, ТГ, жалпы холестеринге, ТТЛП, несеп қышқылына, креатинин және мочевина азотына әсер етпейді. Стенокардия барысы нашарлау қаупінен препаратты күрт тоқтатудан аулақ болу керек. Амлодипин таблеткалары гипертониялық кризде ұсынылмайды. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер емдеу кезеңінде контрацепцияның сенімді әдісін пайдалануы тиіс.
Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер. Препаратты жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі (NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класс)
плацебо- бақыланатын ұзақ уақыттық зерттеулерде плацебо қабылдаған топпен салыстырғанда амлодипинмен ем қабылдаған топта өкпе ісінуінің даму жиілігі жоғары болды. Амлодипинді қоса, кальций өзекшелерінің блокаторлары іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс, өйткені олар болашақта жүрек-қантамыр асқынуларының және болашақта өлімге душар болу қаупі бар.
Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер. Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде амлодипин препаратының жартылай шығарылу кезеңі ұзарады және AUC мәні жоғарылау болып табылады. Бұл категориядағы емделушілерді дозалау бойынша ұсыныстар әзірленбеген, сондықтан амлодипин қабылдауды рұқсат етілетін диапазонның төменірек дозаларынан, емнің ең басында, сондай-ақ препарат дозасын арттыру барысында сақ бола отырып, бастау керек. Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны баяу титрлеу және мұқият бақылау талап етіледі.
Егделер. Егде жастағы емделушілерде препарат дозасын жоғарылатуды сақтықпен жүргізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде доза түзету талап етілмейді. Амлодипин препаратының қан плазмасындағы концентрациясының өзгерістері бүйрек функциясы бұзылуының дәрежесімен өзара байланысты емес. Амлодипин диализ өткізгенде шығарылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы .
Жүктілік. Жүктілік кезіндегі қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Амлодипин препаратының жоғары дозасын қабылдаған жануарлардағы зерттеулерде репродуктивтік уыттылық бақыланған.
Бала емізу. Лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Амлодипин препаратының емшек сүтіне экскрециялануы белгісіз. Бала емізуді жалғастыру/оқтату туралы немесе амлодипин препаратымен емдеуді жалғастыру/тоқтату туралы шешімді баланы емізудің бала үшін пайдасын және амлодипин препаратымен емдеудің анасы үшін пайдасын ескере отырып, қабылдау керек. Емдеу уақытында бала емізуді тоқтату керек.
Фертильділігі. Амлодипиннің фертилділікке потенциалды тиімділігіне қатысты клиникалық деректер жеткіліксіз. Егеуқұйрықтардағы зерттеулерде еркектердің фертильділігіне жағымсыз әсері анықталды.
Балалар. Амлодипин препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тәжірибесі жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Амлодипин қабылдайтын емделушілерде бас айналуы, бас ауруы, қажу симптомдары немесе жүрек айнуы дамуы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін көлік құралдарын басқарудан және қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: шамадан тыс шеткергі вазодилатация, рефлекторлық тахикардия. Өліммен аяқталатын шокты қоса, елеулі және ұзақ уақыт та болуы ықтимал жүйелік гипотензия дамығаны туралы хабарланған.
Емі: асқазан шаю, белсендірілген көмір тағайындау, аяқты биіктетіп қою, жүрек-қантамырлар жүйесінің функциясын демеу, жүрек және тыныс алу функциясының көрсеткіштерін жиі бақылау, АҚК және диурезді бақылау, симптоматикалық және демеуші ем, к/і кальций глюконатын енгізу. Гемодиализ тиімсіз. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, тамырлар тонусын және АҚ қалпына келтіру үшін тамыр тарылтатын препараттарды қолдану пайдалы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Үш пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Белмедпрепараттар» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекенжайы және шағым қабылдауға арналған мекенжай:
220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,
т./ф.: (+375 17) 220 37 16,
e-mail: medic@belmedpreparaty.com.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Белмедпрепараттар» РУК, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ҚазБелМедФарм» ЖШС, 050028, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Бейсебаев к-сі 151
+ 7 (727) 378-52-74, + 7 (727) 225-59-98
Электронды поштасы: saparova_zhanna@kmbf.kz
И.о. заместителя генерального директора по качеству |
Л.И. Воробьева |