Алкаин*
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Алкаин*
Халықаралық патенттелмеген атауы
Проксиметакаин
Дәрілік түрі
0,5 , 15 мл көз тамшысы
Құрамы
1 мл құрамында
белсенді зат: 5,0 мг проксиметакаин гидрохлориді;
қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН түзету үшін), тазартылған су
Сипаттамасы
Түссізден сәл сарғыш немесе сәл сарғыш-қоңыр түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жергілікті анестетиктер. Проксиметакаин.
АТХ коды: S01Н А04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Проксиметакаин жасуша жарғақшасына оңай енеді және жергілікті анестетик ретінде қолданылады. Жергілікті қолданғаннан кейін жүйелік қан ағысына өтеді және қан плазмасында тез таралады. Проксиметакаин
негізінен офтальмологияда қолданылады және тітіркенуді немесе мидриазды сирек тудырады.
Фармакодинамикасы
Алкаин* – офтальмологияда қолданылатын, күрделі эфир құрылымды жергілікті анестетик. Проксиметакаин натрий иондары үшін жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін басады, ол әсер ету потенциалы қалыптасуының бұзылуына жол бермейді және жүйке импульстары берілісінің бұзылуына әкеп соғады. Әсері әдетте тамызғаннан кейін 30 секундтан кейін дамиды және 15 минут бойы және одан да ұзақ сақталады.
Қолданылуы
Алкаин* көз тамшысы жылдам және қысқа мерзімдік жергілікті анестезияны талап ететін хирургиялық емшараларда қолданылады:
-
катарактаны алып тастауға дайындықта
-
мөлдір қабықтағы тігістерді алып тастау кезінде
-
тонометрияда
-
гониоскопиялық зерттеулерде
-
бөгде денені алып тастау кезінде
-
конъюнктивадан диагностикалық мақсатта қырынды алу үшін
Алкаин* көз тамшысы сондай-ақ, жергілікті анестезияны талап ететін басқа да хирургиялық емшараларда қолданылуы мүмкін.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Жергілікті тексеріп қарау үшін емшара алдында 1-2 тамшы тамызыңыз. Қажет болғанда бірнеше қосымша тамшы тамызуға болады.
Орташа анестезияны талап ететін емшара үшін (мысалы, бөгде денені немесе тігісті алып тастау үшін) әрбір 5-10 минут сайын 1-ден 3 ретке дейін 1-2 тамшыдан тамызу керек.
Ұзақ анестезия үшін (мысалы, катарактаны алып тастау үшін) әрбір 5-10 минут сайын 3-тен 5 ретке дейін 1-2 тамшыдан қолданылады.
Анестезия бірсәтте жергілікті енгізу кезінде әдетте 30 секунд ішінде басталатынын және 15 минутқа дейін созылу мүмкін екендігін ескеру керек.
Тамызғаннан кейін мұрын көзжасы өзегін қысу немесе қабақты абайлап жабу керек. Бұл дәрілік препараттың жүйелік сіңуін төмендетеді және жағымсыз жүйелік реакциялардың алдын алады.
Анестетиктің әсері кеткенше көзге тимеу керектігін емделушілерге ескертіп қою қажет.
Құтының ішіндегі дәрінің ластануына жол бермеу үшін тамызғыштың ұшын көзге немесе кез-келген басқа беткейге тигізбеу керек.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
Жиі:
-
көздегі ауыру
-
көздің тітіркенуі
-
көз гиперемиясы
Жиі емес:
-
ирит
-
десцеметит
-
мөлдір қабықтың ісінуі
-
кератиттер
Белгісіз жиілікпен:
-
мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы, көрудің тұмандануы, көз қарығу, жас ағуының артуы
Жүйелі
Сирек:
-
депрессия
Жергілікті анестетиктерді ұзақ уақыт бойы офтальмологиялық пайдалану мынадай жағымсыз реакциялармен көріністелетін мөлдір қабық эпителий уыттылығына әкелуі мүмкін:
-
мөлдір қабық эпителий эрозиясы, мөлдір қабық эрозиясы жазылуының баяулауы немесе кедергі болуы, кератиттер немесе көздің көрмей қалуымен қатар жүретін мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы.
Көрсетілген жағдайлар мөлдір қабықтың қайтымсыз зақымдануына дейін дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
8 жасқа дейінгі балалар
Осы препаратты емдеуші дәрігердің қарауынсыз пайдалануға болмайды және өздігінен емдеу үшін ұсынылмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Арнайы фармакодинамикалық дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Алкаин* көз тамшысы жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін ғана арналған.
Жергілікті көзге арналған анестетиктерді ұзақ уақыт бойы пайдалану әсер ету ұзақтығын азайтуға әкелуі мүмкін, осылайша қажетті анестезияны алу үшін препараттың көп мөлшерін пайдалану қажеттілігін шақыра отырып, ол нәтижесінде жара жазылуының баяулауына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол көз көруінің жоғалуымен және мөлдір қабықтың тесілуімен қатар жүретін мөлдір қабық жұқпасына және/немесе мөлдір қабықтың бұлыңғырлануына жалғасатын эпителий эрозиясына әкелуі мүмкін.
Жергілікті анестетиктер эпилепсиясы бар емделушілерге, жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге, гипертиреоидизмі бар емделушілерге немесе белгілі респираторлық жүйесінің проблемасы бар емделушілерге абайлап қолданылады. Миастениямен зардап шегетін емделушілер әсіресе анестетиктер әсеріне сезімтал. Плазмада ацетилхолинэстераза мөлшері төмен емделушілерде және холинэстераза тежегіштерімен емделіп жүрген емделушілерде эфир типті жергілікті анестетиктерді қолданғанда жүйелі жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі жоғары.
Анестезия әсер ету кезінде көзді химиялық заттардың, бөгде заттардың тітіркенуінен және тырналаудан қорғау керек.
Жергілікті анестетиктерді жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде жүйелі уыттылық жағдайының болу ықтималдығы аз.
Аса жоғары сезімталдық симптомдарының немесе көздің тітіркену, көру немесе нашарлау симптомдарының пайда болу жағдайында препаратты қолдануды тоқтату керек.
Жүктілік
Жүкті әйелдерге Алкаин* көз тамшысын қолдану жөнінде деректер жоқ немесе өте шектеулі. Жүктілік кезінде Алкаин* көз тамшысын пайдалану ұсынылмайды.
Лактация
Емшек сүтіне Алкаин* көз тамшысының және оның метаболиттерінің бөліну-бөлінбеуі жөнінде деректер жоқ. Емшек еметін бала үшін қауіптің болуы жоққа шығарылмайды. Осы препарат бала емізетін әйелдерге тек күтілетін пайда оны қолданудан емшек еметін бала үшін әлеуетті қауіптен едәуір басым болған жағдайда ғана тағайындау ұсынылады.
Жанаспалы линзалар
Алкаин* көз тамшысынің құрамында бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуіне және жұмсақ жанаспалы линзаның түссізденуіне әкелуі мүмкін. Препаратты қолданардың алдында көзден жанаспалы линзаны шешіп алу ұсынылады және оларды қайта енгізердің алдында кем дегенде 15 минуттық үзілістің болуын ұстану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Басқа да көз тамшылары сияқты, тамызғаннан кейін көрудің уақытша бұлыңғырлануы немесе басқа да көзбен шолуда жайсыздық болуы көлік құралын немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда көздің көруі қайта қалыпқа келгенге дейін көлік құралын немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару үшін біраз уақыт күте тұру керек.
Артық дозалануы
Жергілікті артық дозаланған кезде жылы судың мол мөлшерімен, көзді шайған жөн.
Жүйелік кез келген жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда тиісінше симптоматикалық ем ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 15 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, бұралатын ақ түсті полипропиленнен жасалған қақпақ және тамшылатқышпен тығындалған, тығыздығы төмен ақ түсті полиэтиленнен жасалған Drop-tainer жүйесінің құтысына құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Тоңазытқышта 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2.5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі – 4 апта.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
с. а. Алкон-Куврер н.в.
B-2870 Пуурс, Бельгия
Тіркеу куәлігінің иесі
с. а. Алкон-Куврер н.в., Бельгия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» өкілдігі
Тел.: +7 727 374 35 79 / +7 727 374 35 86 Факс: +7 727 374 35 81
Электронды пошта: phv.hotline@alcon.com