Алево (500 мг)

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019705
Информация о регистрации в РК: 27.03.2018 - 27.03.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 224.44 KZT
Предельная цена реализации в РК: 2 636.69 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Алево

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 250 мг және 500 мг левофлоксацин гемигидраты,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы,тальк, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, инстакоат Аква III (IA-III 40521)

Сипаттамасы

Пішіні бөшке тәріздес, бір жағында сызығы бар, ашық шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік пайдалануға арналған антибактериялық препараттар.

Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левофлоксацин ішу арқылы қабылдаған кезде жылдам және толықтай сіңеді. Плазмада концентрация шыңына қабылдағаннан кейін 1- 2 сағаттан соң жетеді. Левофлоксациннің абсолютті биожетімділігі 99%-ға жуықты құрайды. 250 мг және 500 мг қабылдағаннан соң Сmax тәулігіне сәйкесінше 2,8 и 5.7 мкг/мл құрайды.

Левофлоксацин бронхтардың шырышты қабығы мен эпителиальді қабатының сұйықтығында ең жоғары концентрациясына препаратты 500 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң жетеді және сәйкесінше 8,3 мкг/г және 10,8 мкг/мл құрайды. Левофлоксацин ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрациясына 4-6 сағаттан кейін жете отырып, өкпе тініне жақсы өтеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін левофлоксацин плазмадан салыстырмалы түрде баяу шығарылады. Левофлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 6-8 сағатты құрайды. Ішу арқылы қабылдағаннан және көктамыр ішіне енгізулерден кейін левофлоксациннің фармакокинетикасында айтарлықтай айырмашылықтар болмаған, енгізу түрінің екеуі өзара алмастырылымды.

Фармакодинамикасы

Левофлоксацин – фторхинолондар тобының әсер ету ауқымы кең антибактериялық, бактерицидтік дәрісі, белсенді зат – левофлоксацин –офлоксациннің солға айналдыратын изомері. Левофлоксациннің әсер ету механизмі бактериялық ДНК-гираза мен топоизомераза IV белсенділігін басуда болып табылады.

Левофлоксацин микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты белсенді:

Аэробты грамоң бактериялар

Метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus, Staphylococcus saprophyticus, C және G тобы стрептококктары, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes

Аэробты грамтеріс бактериялар

Burkholderia cepacia, Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae, Haemophilus para-influenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Pasteurella multocida, Proteius vulgaris, Providencia rettgeri

Анаэробты бактериялар

Peptostreptococcus

Басқалар

Chlamydophylia pneumoniae, Chlamydophylia psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella pneumophila, Mycoplasma pneumoniae, Mycoplasma hominis, Ureaplasma urealyticum

Төзімділігі жүре пайда болуы мүмкін микроорганизмдер

Аэробты грамоң бактериялар

Метициллинге төзімді Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus, Staphylococcus coagulase spp.

Аэробты грамтеріс бактериялар

Acinetobacter baumannii, Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Morganella morganii, Proteus mirabilis, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens

Анаэробты бактериялар

Bacteroides fragilis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotamicron, Bacteroides vulgatus, Clostridium difficile

Pseudomonas aeruginosa туындатқан ауруханалық жұқпалар кезінде біріктірілген ем қажет етілуі мүмкін.

Қолданылуы

левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден болған жеңіл және орташа дәрежелі ауырлықтағы жұқпалар:

  • жедел бактериялық синусит

  • өршу кезеңіндегі созылмалы бронхитте

  • ауруханаішілік пневмония

  • несеп шығару жолдарының асқынған жұқпаларында, оның ішінде жедел пиелонефритте

  • тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында

  • несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпаларында

  • простатитте

Қолдану тәсілі және дозалары

250 мг немесе 500 мг Алево таблеткаларын тәулігіне бір немесе екі рет қабылдайды. Дозасы жұқпаның сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына қарай анықталады. Препаратты тамақтың алдында немесе тамақтану арасында қабылдауға болады. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаған жөн, олай болмаған күнде Алево сәйкессіздік әсерін туындатуы мүмкін. Бүйрек қызметі қалыпты немесе орташа төмендіктегі (креатинин клиренсі >80 мл/мин.) науқастарға препараттың мынадай дозалар тәртібін ұсынуға болады:

- созылмалы бронхиттің өршуі: күніне 1 рет 250-500 мг-ден 7-10 күн бойы

- пневомония: күніне 1 рет 500 мг-ден 7-14 күн бойы

- синусит: күніне 500 мг-ден 1 рет 10-14 күн

- несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпалары: күніне 1 рет 250 мг-ден 3 күн бойы;

- несеп шығару жолдарының асқынған жұқпалары: күніне 1 рет 250 мг-ден 7-10 күн бойы;

- созылмалы бактериялық простатит: күніне 1 рет 500 мг-ден 28 күн бойы;

- жедел пиелонефрит күніне 1 рет 250 мг-ден 7-10 күн бойы;

- тері және жұмсақ тіндер жұқпалары кезінде ішке тәулігіне 1-2 рет 250-500 мг-ден 7-10 күн бойы;

Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан бүйрек қызметі бұзылған науқастарды емдеу кезінде препарат дозасын төмендету қажет етіледі.

Мына кестеде осыған қатысты тиісті ақпарат қамтылған.

Креатинин клиренсі

250 мг/24 сағ.

500 мг/24 час.

500 мг/12 час.

бірінші доза: 250 мг

бірінші доза: 500 мг

Бірінші доза: 500 мг

50–80 мл/мин.

кейін: 125 мг/24 сағ.

кейін: 250 мг/24 сағ.

кейін: 250 мг/12 сағ.

10–19 мл/мин.

кейін: 125 мг/48 сағ.

кейін: 125 мг/24 сағ.

кейін: 125 мг/12 сағ.

< 10мл/мин. (гемодиализ және ТАПД* қоса

кейін: 125 мг/48 сағ.

кейін: 125 мг/24 сағ.

кейін: 125 мг/24 сағ.

* гемодиализден немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализден (ТАПД) кейін қосымша дозаларды енгізу қажет етілмейді.

Таблеткаларды шайнамай және 1 стақан сумен іше отырып, қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- кандидоз

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, ашушаңдық

- ентігу, бронхтың түйілуі

- жүрек айну, диарея, іш қату, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, метеоризм

- бөртпе, қышыну

- вагинит

- кеуденің, арқа мен аяқ-қолдың ауыруы

Сирек

- анемия, тромбоцитопения, панцитопения, нейтропения

- гипергликемия, гипогликемия, гиперкалиемия

- қозу, сананың шатасуы, депрессия, елестеулер, ұйқының бұзылуы, анорексия, діріл, ажитация, психоздық ахуал

- діріл, құрысулар, парестезиялар, бас айналу, гипертония, ұйқышылдық, естен тану, жалпы әлсіздік

- жүректің қағуы, тахикардия, аритмия, QT аралығының ұзаруы, тамырлық коллапс

- гастрит, стоматит, панкреатит, эзофагит, гастроэнтерит, глоссит, жалған жарғақшалы колит, қан аралас диарея

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, өт фосфотазасының ұлғаюы, сарғаю

- тендинит, артралгия, миалгия, қаңқаның ауыруы, сіңірлердің үзілуі, рабдомиолиз

- бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, жалған жарғақшалы колит, васкулит, уытты эпидермальді некролиз, көп формалы эритема, гипергидроз

- экстрапирамидальді симптомдар және бұлшықет үйлесімінің басқа да бұзылулары

- агранулоцитоз

Өте сирек

- Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, анафилактоидты реакциялар бірінші дозаны қабылдаудан кейін-ақ дамуы мүмкін, фотосенсибилизация, аллергиялық пневмонит, қызба

- гипогликемия, соның ішінде диабетпен ауыратындарда

- көру мен естудің бұзылуы

- дәм сезбей қалу

- иісті сезінудің оны толық жоғалтқанға дейінгі бұзылуы

- гепатит, бауыр некрозы жағдайлары, жедел бауыр жеткіліксіздігі

- сенсорлық және сенсомоторлық шеткергі нейропатия

- аутоагрессиялы мінез-құлқы байқалатын психикалық реакциялар, оның ішінде суицидтік ойлар мен әрекеттер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, немесе қандай да бір препарат компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • алдында хинолондарды қабылдау кезінде байқалған сіңірлер зақымданулары

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тамақтанудың левофлоксациннің сіңуіне аздаған әсері бар. Көмір препараттары мен антацидтер левофлоксациннің биожетімділігін едәуір төмендетеді.

Сукральфатпен, құрамында магний және алюминий бар препараттармен бір мезгілде тағайындағанда левофлоксациннің әсері төмендейді. Оны сондықтан оларды қабылдардан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң тағайындаған жөн. QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттарды (I A және III класының аритмияға қарсы дәрілері, үшциклді антидепрессанттар, макролидтер) Алевомен бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн. Циметидин және пробеницид левофлоксациннің бүйрек клиренсін (сәйкесінше 24% және 34%) төмендетеді, өйткені екі препарат та бүйректе левофлоксациннің өзекшелік сөлінісін бөгеуі мүмкін. Өзекшелік сөліністі бөгейтін пробеницид және циметидин типті дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда, әсіресе бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде, Алевомен емдеуді сақтықпен жүргізу керек. Хинолондарды теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе церебральді құрысу шегін төмендететін басқа да препараттармен бір мезгілде қолдану церебральді құрысу шегінің айқын төмендеуіне әкеледі.

Айрықша нұсқаулар

Алевоны буын шеміршектерінің зақымдану ықтималдығын ескере отырып, балалар мен жасөспірімдерге тағайындамаған жөн. Қарттық жастағы науқастарды емдеген кезде бұл топтағы науқастардың бүйрек қызметінің бұзылуына жиі шалдығатындығын ескеру керек.

Пневмококктық пневмонияның ауыр жағдайларында Алево ең ұтымды ем болмай қалуы мүмкін.

Басқа хинолондарды қолдану тәжірибесі олардың сыртартқысында болған порфирияның (зат алмасудың өте сирек аурулары) өршуін туындатуға қабілеттілігін көрсеткен. Мұндай әсердің болуы Алево препаратын қолданғанда да жоққа шығарылмайды.

Бауыр қызметінің бұзылуы кезінде дозаны арнайы таңдау талап етілмейді, өйткені левофлоксацин бауырда аз ғана метаболизденеді.

Кез келген антибиотикотерапия адамның қалыпты микрофлорасы бұзылуын туындатуы мүмкін. Осы себептен қолданылатын антибиотикке (екіншілік жұқпалар және асқын жұқпа) төзімді бактериялар мен зеңдер көбеюінің күшеюі, сирек жағдайларда олардың қосымша ем қажет етуі мүмкін. Жалған жарғақшалы колитке күдіктенгенде Алево таблеткаларымен емдеуді дереу тоқтату керек, науқасқа шұғыл түрде демеуші және арнайы ем тағайындау қажет.

Алево препаратын сыртартқысында эпилепсиясы бар науқастарға қолдануға болмайды. Бұған қоса, басқа хинолондардағы сияқты, құрысуларға бейім науқастар, мысалы, орталық жүйке жүйесінің зақымданулары болған науқастар жағдайында фенбуфенмен және ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе теофиллин секілді, церебральді құрысу шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде емдеу кезінде сақ болу керек.

Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдаудан аулақ болған жөн.

Латентті немесе манифестациялы глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа белсенділігі жеткіліксіз науқастар хинолондармен емдеу кезінде гемолитикалық реакцияларға бейім болуы мүмкін, сондықтан Алево қолдану кезінде сақтық танытқан абзал.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір жағымсыз әсерлер (мысалы, бас айналу, ұйқышылдықтың артуы, көрудің бұзылулары) науқастың зейін шоғырландыру қабілетін және моторлық реакциялар жылдамдығын төмендетуі, мұның осы қабілеттердің аса маңызды жағдайларында қауіпті болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, бас айналу, құрысулар, жүрек айну, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының эрозиялық зақымданулары, QT аралығының ұзаруы.

Емі: симптоматикалық. Левофлоксацин гемодиализ немесе перитонеальді диализдің көмегімен шығарылмайды. Белсенділендірілген көмірді тағайындау левофлоксацин жүйелі әрекеттесуінің шамадан тыс ұлғаюын болдырмауы мүмкін. Сондай-ақ QT аралығының ұзаруына байланысты ЭКГ мониторингілеу қажет. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Alkem Laboratories Ltd»

Mumbai -400013, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Alkem Laboratories Ltd», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ., Маметова к-сі 67

Телефон нөмірі (727) 266-39-90

Факс нөмері (727) 266-39-90

Электронды поштасы dubeysand@yahoo.com

Прикрепленные файлы

016938851477976902_ru.doc 81.5 кб
272597141477978058_kz.doc 96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники