Акрицил

МНН: Бетаметазона дипропионат, Салициловая кислота
Производитель: "Акрихин" АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023557
Информация о регистрации в РК: 02.03.2018 - 02.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы:

Акрицил

 

Халықаралық патенттелмеген атауы:

Жоқ

 

Дәрілік түрі:

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

 

Құрамы

100 г жақпамай құрамында:

белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 100% затқа шаққанда - 0,064 г, бұл 0,05 г бетаметазонға баламалы; салицил қышқылы 100% затқа шаққанда – 3 г;

қосымша заттар: сұйық парафин (вазелин майы) – 10 г, вазелин – 100 г дейін

 

Сипаттамасы

Ақтан сары реңді ақ түске дейінгі жартылай мөлдір жақпамай. Аздаған спецификалық иісі болуы мүмкін.

 

Фармакотерапиялық тобы:

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген күшті кортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген бетаметазон

 

АТХ коды: D07ХС01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданудан кейін салицил қышқылы тек жергілікті әсер береді.

Кортикостероидты жергілікті қолданғанда тері арқылы сіңірілу дәрежесі препарат негізін, эпидермальді бөгеттің тұтастығын және окклюзиялық таңғышты қолдануды қоса көптеген факторлармен анықталады.

Жергілікті кортикостероидтар интактты, сау тері арқылы сіңірілуі мүмкін. Терінің қабынуы және/немесе басқа да патологиялық үдерістер тері арқылы сіңірілуді күшейтуі мүмкін.

Окклюзиялық таңғыш пайдалану жергілікті енгізгенде кортикостероидтардың тері арқылы сіңірілуін едәуір күшейтеді.

Тері арқылы сіңірілуден кейін жергілікті кортикостероидтар жүйелі әсер ететін кортикостероидтарды қолданғандағы осындайларға ұқсас фармакокинетикалық үдерістерге түседі. Кортикостероидтар түрлі дәрежеде қан плазмасының ақуыздарымен байланысады, көбінесе бауырда метаболизденеді және бүйрек арқылы шығарылады. Кейбір жергілікті кортикостероидтар және олардың метаболиттері де өтпен шығарылады.

 

Фармакодинамикасы

Акрицил препаратының құрамына бетаметазонның (кортикостероидтардың жалпы қасиеттеріне ие глюкокортикоид) дипропионатты эфирі және кератолитикалық қасиеттерге ие салицил қышқылы кіреді. Бетаметазон дипропионаты – бұл синтетикалық фторланған кортикостероид. Салицил қышқылы кератолитикалық әсер кортикостероидтың енуін жеңілдеткен кезде гиперкератозбен және қабыршықтанумен қатар жүретін жағдайларды емдегенде жергілікті қолданылады.

Фармакологиялық дозаларда кортикостероидтар бірінші кезекте қабынуға қарсы және/немесе иммунбасушы әсер алу үшін пайдаланылады.

Бетаметазон дипропионаты сияқты жергілікті кортикостероидтар олардың қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері салдарынан дерматоздарды емдеуде тиімді. Кортикостероидтардың физиологиялық, фармакологиялық және клиникалық әсерлері жақсы белгілі екеніне қарамастан әрбір ауру кезіндегі нақты әсер ету механизмі белгісіз.

 

Қолданылуы

- жергілікті кортикостероидтармен емдеуге сезімтал қабыну дерматоздары;

- бастың шашты бөлігі терісінің псориазы;

- білезіктің және табанның созылмалы түйін тәрізді псориазы (ескерту: жайылған түйін тәрізді псориаз);

- мүйізделген эпителийдің қабыршақтануын және эпидермистің десквамациясын талап ететін тері жағдайлары;

- кортикостероидтарға сезімтал гиперкератикалық, құрғақ дерматоздар.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Тәулігіне 1-2 рет. Көптеген жағдайларда препаратты тәулігіне 2 рет терінің зақымданған аумақтарына жұқа қабатпен жағу керек.

Кейбір пациенттерде адекватты демеуші емге препаратты аз жиілікте қолданғанда қол жетуі мүмкін.

Акрицил препаратын 2 апта бойы қолдану ұсынылған, сосын емді жалғастыру туралы мәселені қарастыру керек. Ең жоғарғы апталық доза 60 г аспауы тиіс.

Балалар

Балаларға арналған емдеу курсы 5 күннен аспайды.

 

Жағымсыз әсерлер

Теріге қолдануға арналған Акрицил препаратының дәрілік түрлері әдетте жақсы көтерімді, ал жағымсыз реакциялар сирек туындайды.

Ұзақ қолданғанда:

- терінің жергілікті атрофиясы;

- стриялар;

- беткейлік тамырлардың кеңеюі, әсіресе беттегі;

- дерматиттер.

Жергілікті қолданғанда:

- шымылдату сезімі;

- қышыну, тітіркену, құрғақтық;

- фолликулит;

- гипертрихоз;

- безеу тәрізді бөртпелер;

- гипопигментация;

- периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит.

Окклюзиялық таңғышпен пайдаланғанда:

- тері мацерациясы;

- салдарлы инфекция;

- тері атрофиясы, стриялар;

- желік.

Нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз реакциялар пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.

                                                                                                                                  

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық,

- терінің туберкулездік зақымдануы,

- периоральді дерматит,

- перианальді және генитальді қышыну, 

- қызғылт безеулер (розацеа) және кәдімгі безеулер,

- созылмалы вена жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойықжаралар,

- тері ісіктері (тері обыры, невус, атерома, эпителиома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома),

- мерездің терідегі көріністері,

- желшешек,

- қарапайым герпес,

- поствакциналық тері реакциялары,

- терінің зеңдік немесе вирустық инфекциялары, егер бір уақытта тиісті инфекцияға қарсы ем жүргізілмесе,

- жөргектік дерматит,

- ашық жаралар,

- лактация кезеңі,

- 1 жасқа дейінгі балалар.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

 

Айрықша нұсқаулар

Салицил қышқылы жергілікті қолданғанда кератолитикалық әсерге ие және кортикостероид абсорбциясының күшеюіне әкелуі мүмкін, сондықтан окклюзиялық таңғыш қолдануға болмайды.

Жергілікті және жүйелі уытты әсер, әсіресе зақымданған терінің ауқымды аумақтарында ұзақ қолданғаннан кейін тері қатпарларында немесе полиэтиленді окклюзиялық таңғыш астында жиі туындайды.

Балалар мен бет терісі зақымданған пациенттерде емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс.

Жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ үздіксіз емдеуден аулақ болу керек.

Жергілікті кортикостероидтар бірнеше себеп бойынша псориаз болғанда толеранттылық дамығаннан кейін өршудің қайталануын, жайылған пустулездік псориаздың даму қаупін және терінің бөгет функциясының нашарлауы себебінен жергілікті немесе жүйелі уыттылықты қоса, аса қауіпті болуы мүмкін. Пациенттің жағдайын мұқият қадағалау қажет.

Препараттың көзбен жанасуы қауіпті болып табылады. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға түсуінен аулақ болу керек.

Бетаметазон дипропионаты мен салицил қышқылының жүйелі абсорбциясы, егер препарат ұзақ уақыт бойы терінің ауқымды аумақтарында немесе тері қатпарларында қолданылса немесе кортикостероидтардың шамадан тыс мөлшерін қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, әсіресе препаратты нәрестелер мен балаларда қолданғанда тиісті сақтық шараларын сақтау керек.

Терінің құрғауы, тітіркенуі немесе гиперсенсибилизация туындаған кезде препарат қолдануды тоқтату керек.

Кортикостероидтарды жергілікті, әсіресе нәрестелер мен балаларда қолданғанда жүйелі кортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер дамуы, оның ішінде бүйрекүсті бездері қабығының функциясы бәсеңдеуі мүмкін.

Терінің шамадан тыс құрғақтығы туындағанда немесе тері тітіркенуі күшейгенде препаратпен емдеуді тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар, оларда дене және салмақ беткейінің ауданы арақатынасының үлкендігіне және тиісінше препарат абсорбциясының жоғарылығына байланысты ересектерге қарағанда жергілікті кортикостероидтарды қолдану салдарынан гипоталамус-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеу қаупіне және экзогенді кортикостероидтар әсерінің пайда болуына бейімірек. Гипоталамус-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі, гиперкортицизм синдромы, өсудің кідіруі, дене салмағына қосуда артта қалу, жергілікті қолданылатын кортикостероидтар қабылдаған балаларда бассүйекішілік қысымның жоғарылауы туралы хабарламалар бар. Гипоталамус-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі балаларда плазмадағы кортизолдың төмен деңгейімен және АКТГ стимуляциясына жауаптың жоқтығымен анықталады. Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы еңбектің дүрдүюмен, бас ауыруымен, көру жүйкесі дискісінің екі жақты ісуімен көрініс табады.

1 жастан бастап балаларға препаратты қатаң көрсетілімдер бойынша және дәрігердің бақылауымен ғана тағайындайды, өйткені бетаметазонмен байланысты жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жергілікті кортикостероидтарды жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмағанына байланысты, егер анаға келетін потенциалды пайда шаранаға төнетін потециалды қауіптен басым жағдайда ғана, дәрілік заттардың бұл класын тағайындау мақұлданады. Жүктілік кезінде бұл топтың препараттарын жоғарғы дозаларда немесе ұзақ уақыт қолданбаған жөн. Осы уақытқа дейін кортикостероидтардың жүйелі абсорбциясының деңгейі емшек сүтінде олардың анықталатын концентрациялары пайда болуы үшін жеткілікті ме, жоқ па анықталмағандықтан, бұл ана үшін қаншалықты қажетті екенін ескере отырып, уақытша емді немесе емшек емізуді немесе препарат қолдануды тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе күрделі техникалық құрылғыларын басқару қабілетіне ықпалы анықталмаған.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: Жергілікті қолданылатын глюкокортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ пайдалану Кушинг ауруын қоса, бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуіне және гиперкортицизм құбылыстарына әкелетін гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болса электролиттік дисбалансқа түзету жүргізіледі. Артық дозалану симптомдарының созылмалы көріністері болғанда кортикостероидтарды баяу тоқтату ұсынылған.

Құрамында салицил қышқылы бар препараттарды ұзақ кеңінен қолдану салицилизм симптомдарын туындатуы мүмкін. Емі симптоматикалық. Салицилизм симптомдары көрініс бергенде салицилаттарды организмнен жылдамырақ шығуы үшін шаралар қабылдайды. Несепті сілтілеу және диурезді күшейту үшін натрий гидрокарбонатын пероральді түрде қолданады.

Әрбір сықпадағы стероидтың мөлшері өте төмен, ал уытты әсері жоқ немесе үлкен емес, сондықтан ішке кездейсоқ қабылдаудағы артық дозалану ықтималдығы аз.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 0,05 %+3 %.

15 немесе 30 г алюминий сықпада. Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Сақтау шарттары

15-тен 250C-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші ұйымның атауы және мекенжайы

««АКРИХИН» химиялық-фармацевтикалық комбинаты» акционерлік қоғамы

(«АКРИХИН» АҚ), Ресей

142450, Мәскеу облысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ-сы, Киров к-сі, д. 29.

Телефон/факс: +7 (495) 702-95-03.

 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (610151)

Электрондық поштасы complaints@santo.kz

 

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Электрондық поштасы complaints@santo.kz

 

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық поштасы phv@santo.kz; infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

Акрицил_рус.doc 0.07 кб
Акрицил_каз.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту