Азитромицин (500 мг, ОАО БЗМП)

МНН: Азитромицин
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Azithromycin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022866
Информация о регистрации в РК: 27.03.2017 - 27.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Азитромицин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азитромицин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500 мг азитромицин;

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, гипромеллоза, жүгері крахмалы, крахмал 1500, ішінара желатинденген жүгері крахмалы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза;

қабығының құрамы: поливинил спирті, тальк, макрогол 3350, лецитин (соядан алынған), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), индигокармин негізінде алюминий лагы (Е 132).

Сипаттамасы

Қабықпен қапталған, дөңгелек, екі беті дөңес, көгілдір түсті, сызығы бар таблеткалар. Көлденең қиығынан екі қабаты көрініп тұрады.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы жүйелі қолданылатын дәрілер. Макролидтер. Азитромицин.

АТХ коды J01FA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі: азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, азалидтер деп аталатын макролидтік антибиотиктердің жаңа қосалқы тобының алғашқы өкілі болып табылады. Молекуласы эритромицин А лактондық сақинасына оттегі атомын қосу арқылы құрылған. Азитромициннің химиялық атауы: 9-деокси-9а-аза-9а-метил-9а-гомоэритромицин А. Молекулалық салмағы 749,0 құрайды.

Азитромициннің әсер ету механизмі - рибосоманың 50 S бірлігімен байланысу, бұл бактерицидтік ақуыздар синтезі мен пептидтердің транслокацииясына кедергі келтіреді.

Резистенттілік механизмі: азитромининге резистенттілік табиғи немесе жүре пайда болған болуы мүмкін. Бактериялардағы резистенттіліктің негізгі үш механизмі: нысана-беткейінің альтерациясы, антибиотик тасымалы альтерациясы және антибиотиктің модификациясы.

Келесі микроорганизмдердің арасында толық айқаспалы резистенттілік: Sreptococcus pneumoniae, A тобының бета-гемолиздік стрептококк Enterococcus faecalis және Staphylococcus aureus, метицилинді қоса, эритромицинге, азитромицинге, қалған макролидтер мен линкозамидтерге резистентті S aureus (MRSА).

Шектік концентрациялар (Breakpoints)

Типтік патогендер үшін азитромицинге сезімталдықтың шектік концентрациялары мыналар болып табылады:

EUCAST (European Committee on Antimicrobial Susceptibility Testing) ең төменгі бәсеңдеткіш концентрацияларының (ЕТБК) шектік мәндері:

Микроорганизмдердің атауы

Типіне байланысты шектік концентрациялары (S≤/R)

Сезімтал (S)

Резистентті (R)

Staphylococcus

≤ 1 мг/л

> 2 мг/л

Sreptococcus А, B, С, G

≤ 0,25 мг/л

> 0,5 мг/л

Sreptococcus pneumoniae

≤ 0,25 мг/л

> 0,5 мг/л

Haemophilus influenzae

≤ 0,12 мг/л

> 4 мг/л

Моraxella cotarrhalis

≤ 0,5 мг/л

> 0,5 мг/л

Neisseria gonorrhoeae

≤ 0,25 мг/л

> 0,5 мг/л

Бұл бактериялардың басқа макролидтерге (азитромицин, кларитромицин және рокситромицин) сезімталдығын анықтау үшін эритромицинді пайдалануға болады.

Вена ішіне енгізген кезде макролидтер Legionellu pneumophil әсер етеді (жабайы типті штаммдар үшін эритромициннің ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы < 1 мг/л).

Макролидтер Campylobacter jejuni туындатқан инфекцияларды емдеу үшін қолданылады (жабайы типті штаммдар үшін эритромициннің ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы < 1 мг/л). Азитромицин S.typhy (жабайы типті штаммдар үшін эритромициннің ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы ≤ 16 мг/л) мен Shigella spp туындатқан инфекцияларды емдеу үшін пайдаланылады.

Сезімталдығы: жүре пайда болған резистенттіліктің біліну жиілігі таңдап алынған үлгілер үшін географиялық жағынан да, уақыт параметрі жағынан да өзгеше болуы мүмкін, және әсіресе, инфекцияның ауыр түрлерін емдеу кезінде резистенттілігі туралы бөлек ақпараттың болғаны өте дұрыс болар еді. Жүре пайда болған резистенттіліктің біліну жиілігі инфекциялардың соңғы бірнеше типіне дәріні қолданудың өзі шешілмеген мәселе болған кезде, маманмен кеңесу керек.

Азитромициннің микробқа қарсы ауқымы:

ӘДЕТТЕ СЕЗІМТАЛ МИКРООРГАНИЗМДЕР:

- аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллин – сезімтал); Sreptococcus pneumoniae (пенициллин – сезімтал); Sreptococcus pyogenes;

- аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Haemuphilis influenzae; Haemophilus parainfluenzae; Legionella pneumophila; Moraxella calarrhalls;- Moraxella catarrhalis; Pasteurela multocida;

- анаэробты микроорганизмдер: Clostridium perfrmgens; Fusobacterium spp.; Prevotella spp.; Porphyriomonas spp.;

- басқа микроорганизмдер: Chlamydia trachomatis.

резистентТІЛІГІ ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН МикроорганизмДЕР

- аэробты грамоң микроорганизмдер: Sreptococcus pneumoniae (пенициллин - интермедиарлы резистентті, пенициллин – резистентті).

ТАБИҒИ РЕЗИСТЕНТТІ МИКРООРГАНИЗМДЕР

- аэробты грамоң микроорганизмдер: Enterococcus faecalis; Staphylococcus MRS A, MRSE (Метициллин-резистентті стафилококктар макролидтерге жүре пайда болған резистенттілікке ие, және сондықтан осында көрсетілген, өйткені олардың азитромицинге сезімталдығы сирек).

- анаэробты микроорганизмдер: Bacteriodis fragilis тобы

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі: ішке қабылдағаннан кейін азитромицин организмде жақсы сіңіріледі және жылдам таралады. 500 мг бір рет қабылдағаннан кейін биожетімділігі бауыр арқылы алғаш өтуі әсері есебінен 37% құрайды. Қан плазмасындағы Cmax 2-3 сағаттан соң жетеді және 0.4 мг/л құрайды.

Таралуы: ақуыздармен байланысуы қан плазмасына концентрациясына кері пропорциональді және 7-50% құрайды. Болжалды Vd 31.1 л/кг құрайды. Жасуша жарғақшалары арқылы өтеді (жасушаішілік қоздырғыштардан туындаған инфекциялар кезінде тиімді). Инфекция орнына фагоциттер арқылы тасымалданады, ол жерде бактериялардың қатысуымен босап шығады. Гистогематикалық бөгеттер арқылы оңай өтеді және тіндерге түседі. Тіндер мен жасушалардағы концентрациясы плазмадағыға қарағанда 10-50 есе жоғары, ал инфекция ошағында сау тіндердегіге қарағанда 24-34% көп.

Метаболизмі: бауырда белсенділігін жоғалта отырып, метилсізденеді.

Шығарылуы: ұзақ - 35-50 сағат. Тіндерден T1/2 айтарлықтай жоғары. Азитромициннің емдік концентрациясы соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 5-7 күнге дейін сақталады. Азитромицин негізінен, өзгеріссіз күйде - 50%-ы ішек арқылы, 6%-ы бүйрекпен шығарылады.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекциялық ауруларда:

- тыныс жолдарының жоғарғы бөліктері мен ЛОР-ағзалардың инфекцияларында – баспада, синуситте (мұрын маңы қойнауларының қабынуында), тонзиллитте (таңдай бадамша бездерінің/бездердің қабынуында), ортаңғы отитте (ортаңғы құлақ қуысының қабынуы);

- тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің инфекцияларында – бактериялық және атиптік пневмонияда (өкпенің қабынуында), бронхитте (бронхтардың қабынуында);

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында – тілмеде, импетигода (терінің іріңді қабықтардың түзілуімен жүретін беткейлік іріңді зақымдануында), салдарлы инфекциялық дерматоздарда (тері ауруларында);

- несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында – создық және создық емес уретрит (несеп шығару жолының қабынуында) және/немесе цервицит (жатыр мойнының қабынуында);

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тәулігіне бір рет, ас ішерден 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң, сумен ішіледі. Таблеткадағы сызық тең екі дозаға бөлуге арналмаған.

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тер мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (созылмалы көшпелі эритемадан басқа) кезінде: 3 күн бойы тәулігіне бір рет 500 мг; жиынтық дозасы 1500 мг құрайды.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар кезінде:

Асқынбаған уретритте/цервицитте бір рет 1 г.

Дене салмағы 45 кг аз балалар үшін басқа дәрілік түрлері ұсынылады.

Азитромицин мен антацидтік (асқазанның қышқылдылығын төмендететін) препараттар бір мезгілде тағайындалған жағдайда, оларды қабылдау арасында 2 сағат үзіліс жасау ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі > 40 мл/минут науқастарға дозасын түзету қажет емес. Креатин клиренсі < 40 мл/минут науқастарға зерттеулер жүргізілген жоқ. Ондай науқастарға азитромицинді сақтықпен қолдану керек.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауырдың айқын жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Азитромицин жағымсыз реакцияларды сирек туғызады.

Кестеде жағымсыз әсерлері аурулар мен біліну жиіліктеріне қарай көрсетілген. Жағымсыз әсерлері келесі жолмен жіктелген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1.000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 - <1/1 000 дейін); өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Бұзылулар мен аурулар

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Кандидоз, оральді кандидоз, қынап инфекциясы

Жалғанжарғақшалы колит

Жиі емес

Белгісіз

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Лейкопения, нейтропения

Тромбоцитопения, гемолиздік анемия

Жиі емес Белгісіз

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакциялар

Жиі емес

Белгісіз

Психика бұзылулары

Невроз

Мазасыздық

Озбырлық, үрейлену

Жиі емес Сирек

Белгісіз

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, дисгевзия

Гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

Синкопе, конвульсиялар, психомоторлық аса жоғары белсенділік. аносмия, агевзия, паросмия, гравис миастениясы

Жиі

Жиі емес

Белгісіз

Көру мүшелері тарапынан болатын бұзылулар

Көрудің бұзылуы

Жиі

Есту мүшесі мен лабиринттік бұзылулар

Кереңдік

Естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл

Бас айналуы

Жиі

Жиі емес

Сирек

Жүрек тарапынан тарапынан болатын бұзылулар

Жүрек қағуы

Torsade de pointes (пируэттік тахикардия), аритмия, соның ішінде вентрикулярлық тахикардия

Жиі емес

Белгісіз

Тамырлар тарапынан болатын бұзылулар

Гипотензия

Белгісіз

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

Диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм

Құсу, диспепсия

Гастрит, запор

Панкреатит, тілдің түссізденуі

Очень жиі

Жиі

Жиі емес Белгісіз

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Гепатит

Бауыр жұмысының бұзылулары

Бауыр жеткіліксіздігі, бауыр некрозы, холестаздық сарғаю

Жиі емес

Сирек

Белгісіз

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

Бөртпе, қышыну

Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық, есекжем

Уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

Жиі

Жиі емес

Белгісіз

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар

Артралгия

Жиі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Бүйректің жедел қабынуы, интерстициальді нефрит

Белгісіз

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Шаршау

Кеуденің ауыруы, ісіну, әлсіздік, астения

Жиі

Жиі емес

Зертханалық және аспаптық зерттеу деректері

Қандағы лимфоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының артуы, қан сарысуындағы бикарбонаттар мөлшерінің азаюы;

Аспартатаминотрансфераза, аланинаминострансфераза деңгейінің жоғарылауы, қан сарысуындағы билирубин мөлшерінің азаюы; қан сарысуындағы креатинин, мочевина деңгейінің артуы, қан сарысуындағы калий мөлшерінің өзгерістері.

ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

Жиі

Жиі емес

Белгісіз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- макролидтік антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Теориялық тұрғыдан эрготизм мүмкіндігі болғандықтан, азитромицин эрготамин туындыларымен бір мезгілде қолданылмауы тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ас ішу азитромициннің сіңірілуін төмендетеді.

Антацидтер: антацидтер азитромициннің сіңірілуін баяулатады. Препарат пен антацидтерді қабылдау арасындағы ұсынылатын аралық екі сағаттан кем емес.

Цетиризин: дені сау пациенттердің азитромицин мен 20 мг дозадағы цетиризинді 5 күн бойы бір мезгілде қабылдауы фармакокинетикасының өзгеруіне немесе QT аралығының елеулі өзгеруіне алып келген жоқ.

Диданозин: 6 сыналушыда бір күндік 1200 мг дозадағы азитромицин мен диданозинді бір мезгілде қолдану плацебомен салыстырғанда диданозиннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.

Дигоксин: макролидтік антибиотиктерді қабылдап жүрген науқастарда дигоксин метаболизмінің өзгергендігі туралы деректер бар болғандықтан, оларды бір мезгілде қабылдаған кезде сақтық керек.

Зидовудин: Азитромицин 1000 мг дозада бір рет қабылдағанда және 1200 мг-ден басталатын көп реттік дозаларында зидовудин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасына, сондай-ақ шығарылуына әсер еткен жоқ.

Эрготамин туындылары: теориялық тұрғыдан эрготизм көрініс беруі мүмкін болғандықтан, азитромицинді эрготамин туындыларымен бірге қолдануға болмайды.

Аторвастатин: аторвастатин (тәулігіне 10 мг) мен азитромицинді (тәулігіне 500 мг) бір мезгілде қолданғанда азитромицин аторвастатиннің плазмадағы концентрациясына әсер еткен жоқ.

Карбамазепин: дені сау еріктілерге жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулерде, азитромицин карбамазепиннің немесе оның белсенді метаболитінің плазмадағы деңгейіне елеулі әсер еткен жоқ.

Циметидин: циметидинді, азитромицинді қабылдағанға дейін екі сағат бұрын қабылдаған кезде азитромицин фармакокинетикасында өзгерістер байқалған жоқ.

Кумариннің пероральді антикоагулянттары: фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеу кезінде азитромицин дені сау пациенттер 15 мг дозада қабылдағанда варфарин антикоагулянттарының әсерін өзгерткен жоқ. Азитромицин мен кумарин антикоагулянттарын бірге қабылдағаннан кейін антикоагулянттық әсері күшейді. Себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, азитромицинді кумарин антикоагулянттарын қабылдап жүрген пациенттер қабылдаған кезде протромбиндік уақытты тексерудің жиілігін ескеру керек.

Циклоспорин: кейбір макролидтік антибиотиктер циклоспориннің метаболизміне әсер етеді. Азитромицин мен циклоспоринді бір мезгілде қабылдаған кезде циклоспориннің концентрациясын бақылауға алу қажет.

Эфавиренц: 600 мг азитромициннің бір дозасы мен тәулігіне 400 мг эфавиренцті 7 күн бойы бірге қабылдау клиникалық тұрғыдан елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге алып келмеген.

Флуконазол: Азитромициннің 1200 мг бір дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдың бір реттік 800 мг дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Флуконазолды бір мезгілде қолданғанда азитромициннің жалпы концентрациясы мен жартылай шығарылу кезеңі өзгерген жоқ. Дегенмен, азитромициннің Сmax клиникалық тұрғыдан елеулі төмендегені (18 %) білінді.

Индинавир: азитромициннің 1200 мг бір дозасын бір мезгілде қолдану, 5 күн бойы тәулігіне үш рет 800 мг дозада қабылдағандағы индинавирдің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Метилпреднизолон: дәрілермен өзара әрекеттесуінің фармакокинетикалық зерттеуі кезінде дені сау пациенттерде азитромициннің метилпреднизолон фармакокинетикасына елеулі әсері болған жоқ.

Мидазолам: дені сау пациенттерде 3 тәулік бойы күн сайын 500 мг азитромицинді бір мезгілде қабылдау, бір рет 15 мг қабылданған кезде мидазоламның фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерістерін туғызбайды.

Нелфинавир: азитромицин (1200 мг) мен нелфинавирдіәулігіне үш рет 750 мг) бір мезгілде қолдану азитромицин концентрациясының жоғарылауына алып келеді. Клиникалық тұрғыдан маңызды ешқандай жағымсыз әсерлері анықталған жоқ. Дозасын түзету қажет емес.

Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану екі препараттың кез келгенінің қан сарысуындағы концентрациясына әсер еткен жоқ. Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде нейтропения байқалды. Нейтропения рифабутинді қоданумен байланысты, азитромицинмен бірге қабылдаған кездегі себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.

Силденафил: азитромициннің (3 күн бойы күн сайын 500 мг қабылдағанда) қандағы силденафил немесе оның негізгі метаболиттерінің AUC және Сmах мәндеріне әсерінің ешқандай дәлелдері жоқ.

Терфенадин: терфенадин мен азитромициннің өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Кей жағдайларда ондай өзара әрекеттесулерді толығымен жоққа шығаруға болмайды. Әйтсе де, ондай реакцияға дәлелдер жоқ. Басқа макролидтерді қолданғандағы сияқты, азитромицин мен терфенадинді бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Теофилин: Азитромицин дені сау пациенттерде теофилиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Теофилин мен басқа макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қолдану кейде қан сарысуындағы теофилин концентрациясының жоғарылауына алып келеді.

Триазолам: дені сау 14 пациентте 1-ші күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг азитромицинді және 2-ші күні 0,125 мг триазоламды бір мезгілде қолдану, триазолам мен плацебоны бір мезгілде қабылдаумен салыстырғанда, триазоламның фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі әсерін тигізген жоқ.

Триметоприм/сулъфаметоксазол: триметопримді/ сульфаметоксазол DS (160 мг/800 мг) 7 күн бойы және 1200 мг азитромицинді 7-ші күні бір мезгілде қабылдау триметоприм мен сульфаметоксазолдың шыңдық концентрацияларына, жалпы әсеріне немесе шығарылуына елеулі әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар: сирек жағдайларда ауыр аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық ісіну мен анафилаксия тіркелген. Ол реакциялардың кейбіреулері қайталанып отыратын симптомдармен қатар жүреді және ұзағырақ қадағалау мен емдеуді қажет етеді.

Бауыр функциясының бұзылулары: Азитромицинді бауырдың ауыр аурулары бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек. Сарғаюмен, байланысты астенияның жылдам дамуы, несептің қараюы, қан кетулерге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты дисфункция симптомдары пайда болса, бауыр функциясына тексеру жүргізу қажет.

Эрготамин: қастауыш алколоидтарының туындыларын кейбір макролидтермен параллель қабылдап жүрген пациенттерде эргоуыттылықтың дамыған жағдайлары байқалған. Азитромицин қастауыш алколоидтарының туындыларымен бірге қабылдаған кезде эргоуыттылық туғызатыны дәлелденген жоқ, дегенмен, бұл дәрілік заттарды бірге тағайындамаған дұрыс.

Салдарлы инфекция: басқа антибиотиктермен жағдайдағы сияқты, зеңдерді қоса, сезімтал емес организмдерден туындайтын салдарлы инфекциялардың белгілеріне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Clostridium Difficile-мен астасқан диарея: Clostridium difficile организмдерімен байланысты диарея азитромицинді қоса, бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік қабылдаған кезде байқалды. Ауырлық дәрежесі жеңіл диареядан жедел колитке дейін ауытқып тұруы мүмкін. Бактерияға қарсы ем ішектің қалыпты микрофлорасын өзгертеді және С difficile организмінің шамадан тыс көбеюіне алып келеді.

Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл/мин) науқастарда азитромициинің жүйелі әсері 33%-ға артады.

Жүрек аритмиясы мен пируэттік тахикардияның даму қаупіне соқтыратын миокард реполяризациясы мен QT-аралығының ұзаруы, басқа макролидтермен емдеу кезінде тіркелген. Азитромицинді миокард реполяризациясы ұзаруының қаупі жоғары топтағы пациенттерде қолдану кезіндегі осыған ұқсас әсерін толығымен жоққа шығаруға болмайды, сондықтан мына жағдайлары бар пациенттерді емдеу кезінде ерекше сақтық таныту қажет:

  • тұқым қуалайтын немесе құжат жүзінде дәлелденген QT-аралығының ұзаруы бар;

  • QT-аралығын ұзартатыны белгілі басқа дәрілік препараттарды, мысалы, IA және III класты антиаритмиктерді, тизаприд пен терфенадинді бір мезгілде қабылдау;

  • электролиттік теңгерім бұзылулары бар пациенттерде, әсіресе, гипокалиемия мен гипомагниемия дамыған жағдайда;

  • клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардиясы, жүрек аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар.

Азитромицинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде миастения симптомдарының немесе жаңа миастениялық синдромның өршігені туралы хабарланды.

Стрептококктық инфекциялар: пенициллин, әдетте, Streptococcus pyogenes-тен туындаған фарингитті/тонзиллитті емдеу кезінде және жедел ревматизмдік қызбаның профилактикасы ретінде таңдау препараты болып табылады. Азитромицин, әдетте, жедел фарингитті емдеуде тиімді, бірақ жедел ревматизмдік қызбаның профилактикасы кезіндегі тиімділігі туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация

ДЗ қолданудың алдыңғы тәжірибесі азитромициннің шаранаға зиянды әсері барын көрсеткен жоқ. Осыған қарамастан, дәрілік затты тек аса қажеттілік жағдайларында ғана тағайындауға болады.

Автокөлікті басқару және механикалық құрылғылармен жұмыс жасау қабілетіне әсері

Препараттың автокөлікті басқару және механикалық құрылғылармен жұмыс жасау қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Азитромицинмен артық дозалану туралы деректер жоқ.

Микролидтік антибиотиктермен артық дозалану уақытша естімей қалумен, қатты жүрек айнуымен, құсумен және диареямен қатар жүреді. Артық дозалануына күдіктенген жағдайда құстыру және дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 таблеткадан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к-сі 64, тел/факс +375(177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы (“БМПЗ” ААҚ), Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

Прикрепленные файлы

Азитромицин_инструкция_рус.doc 0.11 кб
Азитромицин_инструкция_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники