Азилект
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Азилект
Халықаралық патенттелмеген атауы
Разагилин
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 1 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 1,56 мг разагилин мезилаты (1 мг разагилинге баламалы)
қосымша заттар: маннитол, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, стеарин қышқылы, тальк.
Сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында «GIL1» өрнегі, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Паркинсонға қарсы препараттар. Допаминэргиялық препараттар.
Моноаминоксидаза (В типі) тежегіштері. Разагилин.
АТХ коды N04BD02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Разагилин ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді; ол қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 0,5 сағаттан соң жетеді. Препараттың абсолютті биожетімділігі бір рет енгізгеннен кейін 36% жуық құрайды. Ас ішу қандағы разагилиннің ең жоғары концентрациясына жету уақытына ықпал етпейді, дегенмен, майлы тағам тұтынғанда препараттың Cmax және қисық астындағы концентрация ауданы (AUC), тиісінше, 60% және 20% төмендейді. Препарат фармакокинетикасы 0,5-2 мг дозалар ауқымында дозаға байланысты сипатта болады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 60-тан 70%
дейін төмендейді.
Разагилин бауырда толық дерлік метаболизденеді. Биотрансформациясы негізгі биологиялық аз белсенді метаболиті –1-аминоиндан, сондай-ақ басқа 2 метаболит – 3-гидрокси-N-пропаргил-l аминоиндан және 3-гидрокси-l-аминоинданның түзілуімен N-деалкилдену және/немесе гидроксилдену арқылы жүзеге асады. Препарат метаболизмі Р-450 цитохромы жүйесінің CYP 1A2 изоформасының қатысуымен жүзеге асады.
Разагилин көбінесе бүйрекпен (60%-дан аса) және аз дәрежеде ішек арқылы
(20%-дан аса) шығарылады. Препараттың енгізілген дозасының 1%-дан азы өзгеріссіз күйде бөлінеді. Жартылай шығарылу кезеңі 0,6-2 сағат құрайды.
Разагилин фармакокинетикасының параметрлері жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда мүлде өзгермейді. Жеңіл бауыр жеткіліксіздігінде AUC және Cmax параметрлері мәндерінің 80% және 38% жоғарылауын байқауға болады, ал бауыр функциясының осы параметрлеріне, тиісінше, 500% және 80%-дан аса жетеді.
Фармакодинамикасы
Разагилин мидағы моноаминооксидаза белсенділігін 80% айқындайтын фермент - В типті моноаминооксидазаның (МАО-В) және дофамин метаболизмінің таңдамалы қайтымды тежегіші болып табылады. Ол осы МАО-А ферментінің басқа типі - МАО-В қатысты 30-80 есе аса белсенді. Орталық жүйке жүйесіндегі препараттың МАО-В тежеу әсерінің нәтижесінде дофамин деңгейі жоғарылайды, Паркинсон ауруымен науқастарда шамадан тыс түзілуі байқалатын бос уытты радикалдардың түзілуі төмендейді. Разагилиннің нейропротекторлық әсері де бар.
МАО таңдамалы тежегіштерінен ерекшелігі, препарат емдік дозаларда тамақпен түсетін биогенді аминдердің (мысалы, тирамин) метаболизмін бөгемейді, осыған орай, тираминнен болатын гипертензиялық синдромды («ірімшік әсері») туғызбайды.
Қолданылуы
- Паркинсон ауруының монотерапиясы немесе біріктірілген емінде (леводопа препараттарымен).
Қолдану тәсілі және дозалары
Монотерапия ретінде де, леводопамен біріктіріліп те тәулігіне 1 рет 1 мг
дозада ас ішуге байланыссыз ішке қабылданады.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы емделушілерде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған емделушілер
Орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде разагилин қолдану қарсы көрсетілімді.
Разагилин жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылғанда сақ болу керек. Егер разагилинмен емделу аясында бауыр жеткіліксіздігінің орташа дәрежеге дейін үдеуі білінсе, препаратты қолдану тоқтатылу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер
Дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Тізбеленген жағымсыз әсерлер 1/100-ден көп жиілікте кездесті, 1/100-1/1000 жиілікте кездескен жағымсыз әсерлері сирек кездесетін болып көрсетілген.
Разагилинмен монотерапияда:
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, депрессия, бас айналу, анорексия, құрысулар, елестеулер; сирек – ми қан айналымының бұзылуы.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: тәбеттің төмендеуі, диспепсиялық құбылыстар.
Тірек-қимыл аппараты тарапынан: артралгия, артрит, мойын аумағындағы ауыру.
Тері жабындары тарапынан: везикулобуллезді бөртпе, жанаспалы дерматит; сирек – тері карциономасы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: стенокардия; сирек – миокард
инфарктісі.
Басқалары: тұмау тәрізді синдром, қызба, лейкопения, ринит, жалпы әлсіздік, конъюнктивит, несеп шығару жүйесінің жедел бұзылуы, аллергиялық реакциялар.
Леводопамен бірге қолданғанда:
Жүйке жүйесі тарапынан: дискинезия, бұлшықет дистониясы, анорексия, әдеттен тыс түстер көру, атаксия, елестеулер; сирек – ми қан айналымының бұзылуы, абыржу.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: іш қату, құсу, іштің ауыруы, ауыздың кеберсуі.
Тері жабындары тарапынан: артралгия, мойын аумағындағы ауыру, тендосиновиит.
Тері жабындары тарапынан: бөртпе; сирек – тері меланомасы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: постуральді гипотензия; сирек –
стенокардия.
Басқалары: кездейсоқ құлау, дене салмағының кемуі, аллергиялық реакциялар.
Паркинсон ауруында елестеулер мен сананың шатасуы пайда болады. Тіркеуден кейінгі тәжірибеге сай, аталған симптомдар разагилин алған Паркинсон ауруы бар емделушілерде білінді.
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (СКҚСТ), серотонин мен норадреналинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (СНКҚСТ), үш циклды/төрт циклды антидепрессанттар мен МАО тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда пайда болатын күрделі жағымсыз реакциялар жақсы белгілі. Тіркеуден кейінгі кезеңде антидепрессанттар/ СНКҚСТ және разагилинді бір мезгілде қабылдаған емделушілерде ажитация, сананың шатасуы, сіресу, қызба және миоклония түрінде көрініс берген серотонинді синдромның даму жағдайлары хабарланған.
Разагилиннің клиникалық зерттеулерінде оны флуоксетинмен немесе флувоксаминмен бір мезгілде қолдануға жол берілмеген. Алайда, көрсетілген дозалардағы мынадай антидепрессанттарға рұқсат етілген: тәулігіне 50 мг-ден көп емес амитриптилин, тәулігіне 100 мг-ден көп емес тразодон, тәулігіне 20 мг-ден көп емес циталопрам, тәулігіне 100 мг-ден көп емес сертралин және тәулігіне 30 мг-ден көп емес пароксетин. Разагилин СКҚСТ / СНКҚСТ (141 емделуші) және үш циклды антидепрессанттармен (115 емделуші) бір мезгілде қолданылған клиникалық зерттеулер бағдарламасында серотонинді синдром жағдайлары білінбеген.
Тіркеуден кейінгі кезеңде тамақтану рационында тирамині мол өнімдердің қандай да бір мөлшерін пайдаланған емделушілерде гипертониялық криздердің сирек жағдайларын қоса, артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі хабарланды.
МАО тежегіштерін симпатомиметикалық дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану кезіндегі дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгілі.
Тіркеуден кейінгі кезеңде тетрагидрозолин офтальмологиялық вазоконстрикторын қолданған және бір мезгілде разагилинмен ем алған емделушіде АҚ көтерілген жағдай хабарланған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- разагилинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық
- басқа MAO тежегіштерімен (соның ішінде құрамында шілтерленген шайқурай бар дәрілік препараттармен және тағам қоспаларымен), петидинмен бір мезгілде қолдану. Разагилин тоқтату мен осы дәрілік препараттармен емнің басталуы арасындағы үзіліс 14 күннен кем болмауы тиіс
- орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В және С кластары)
- деконгестанттармен, симпатомиметиктермен, декстрометорфанмен біріккен ем
- феохромоцитома
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен
Жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А класы); серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СКҚСТ) (соның ішінде флуоксетинмен, флувоксаминмен), серотонин мен норадреналинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СНКҚСТ), үш циклды/төрт циклды антидепрессанттармен және CYP1А2 изоферментінің қуатты тежегіштерімен бір мезгілде қолдану.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Разагилинді басқа МАО тежегіштерімен, соның ішінде құрамында шайқурай бар дәрілік препараттармен және тағам қоспаларымен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, селективті емес МАО тежелісі салдарынан ауыр гипертониялық криздің даму қаупі бар.
Петидин мен МАО тежегіштерін, соның ішінде селективті МАО-В тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы хабарланды. Разагилин мен петидинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Оларды бір мезгілде қолданғанда МАО тежегіштері мен симпатомиметикалық дәрілік препараттардың өзара әрекеттесетіні хабарланған. Разагилиннің МАО тежеу қасиетіне орай, разагилинді деконгестанттар сияқты симпатомиметиктермен немесе ішке қабылданатын суық тиюге қарсы немесе құрамында эфедрин немесе псевдоэфедрин бар мұрын ішіне қолданылатын кешенді препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Оларды бір мезгілде қолдану кезінде декстрометорфан мен таңдамалы емес МАО тежегіштерінің өзара әрекеттесуі хабарланған. Разагилиннің МАО тежеу қасиетіне орай, разагилинді декстрометорфанмен және құрамында сол бар біріктірілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Разагилинді флуоксетинмен немесе флувоксаминмен бір мезгілде қолданбау керек. Разагилинді тоқтату мен осы препараттармен емді бастау арасындағы үзіліс 14 күннен кем болмауы тиіс. Флуоксетинмен немесе флувоксаминмен емдеуді тоқтатқаннан кейін (ұзаққа созылатын жартылай шығарылу кезеңі) және разагилинмен емдеуді бастау арасында кемінде 5 апта өтуі тиіс.
СКҚСТ, СНКҚСТ, үш циклды және төрт циклды антидепрессанттарды МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы хабарланған.
Разагилиннің МАО тежеу қабілетіне орай, оны СКҚСТ, СНКҚСТ, үш циклды және төрт циклды антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.
Қосымша ем ретінде леводопаны ұзақ уақыт алатын Паркинсон ауруы бар емделушілерде леводопа разагилин клиренсіне елеулі ықпалын тигізбеген.
Іn vitro зерттеулерінде разагилин метаболизміне қатысатын негізгі фермент CYP1A2 изоферменті болып табылады. Бір мезгілде ципрофлоксацин мен разагилин қолдану соңғысының AUC мәнін 83% ұлғайтады. Бір мезгілде разагилин мен теофиллин (CYP1A2 изоферменті субстраты) қолдану олардың бірінің де фармакокинетикасына ықпал етпеген. Осылайша, CYP1A2 изоферментінің қуатты тежегіштері разагилиннің плазмалық концентрациясын өзгерте алады және бір мезгілде абайлап қолдануды талап етеді.
CYP1A2 изоферментінің индукциясымен байланысты, шылым шегетін емделушілерде қан плазмасындағы разагилин концентрациясы азаюы мүмкін деген қауіп бар.
Іn vitro зерттеулерінде разагилиннің 1 мкг/мл концентрациясында (Паркинсон ауруы бар емделушілерде 1 мг разагилин көп рет қабылданғаннан кейін орташа Cmax (5,9-8,5 нг/мл) мәнінен 160 есе асып түсетін концентрацияға
баламалы) CYP1A2, CYP2A6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1, CYP3A4 және CYP4A изоферменттерін тежемейтіні көрсетілген.
Энтакапон разагилинмен бір мезгілде қолданылғанда соңғысының клиренсі 28% жоғарылаған.
Айрықша нұсқаулар
Ұсынылған емдік дозасында Азилект қолдану «тирамин синдромын» («ірімшік әсері») туындатпайды, бұл емделушілерге тамақтанғанда құрамында тираминнің елеулі мөлшері бар (ірімшіктер, шоколад және т.б.) өнімдерді шектеусіз пайдалануға мүмкіндік береді.
Қандай да бір дәрілік затты, соның ішінде Азилект препаратын қолдану емес, Паркинсон ауруының, тері обырын, атап айтқанда, меланоманы дамытатын қауіп факторы екені жөнінде деректер бар. Емделушіге тері жабындарының қандай да бір патологиялық өзгерістері білінгенде дәрігерге қаралу қажет екенін ескерту қажет.
Азилект препаратымен емделу аясында пайда болатын елестеулер және абыржу сияқты симптомдарды Паркинсон ауруының көріністері ретінде де, Азилект препаратының жағымсыз әсерлері ретінде де қарастыруға болатынын ескеру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, орталық жүйке жүйесі тарапынан елеулі жағымсыз әсерлерінің пайда болуы мүмкін екенін ескеріп, Азилект препаратымен емделу кезеңінде автокөлік басқару және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: артериялық гипертензия, постуральді гипотензия
Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Асқазанды шаю, белсендірілген көмір
қабылдау, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3 немесе 10 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30 таблеткадан полипропиленді құтыларға салады. 1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон
қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Teva Pharmaceutical Industries Ltd, Израиль
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Teva Pharmaceutical Industries Ltd, Израиль
Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты
шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
050040 Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,
«Нұрлы тау» бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе
Телефон, факс (727) 311-09-15; 311-07-34
E-mail teva@teva.co.il