Агвистат (5/160 мг)

МНН: Амлодипин, Валсартан
Производитель: ВИВА ФАРМ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Валсартан в комбинации с амлодипином
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№122148
Информация о регистрации в РК: 09.10.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 176.6 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Агвистат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг/160 мг, 10 мг/160 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 160 мг валсартан, амлодипин бесилаты (5 мг немесе

10 мг амлодипинге баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 101 және МКЦ 102), кросповидон CL-M, повидон 30, аэросил, магний стеараты.

қабық құрамы: Opadry II Yellow 03B52246, Opadry II Yellow 03B62519.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, ойығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған күңгірт-сары таблеткалар (5 мг/160 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, ойығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған ашық-сары таблеткалар (10 мг/160 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Ангиотензин II антагонистері және кальций өзекшелерінің блокаторлары. Валсартан және амлодипин.

АТХ коды С09DB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Валсартан мен амлодипиннің фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатта болады. Валсартан мен амлодипин арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болмаса да, төменде бөлек алынған әр препараттың фармакокинетикасы берілген.

Амлодипин

Емдік дозалардағы амлодипинді ішке қабылдаудан кейін қан плазмасында амлодипин ең жоғары концентрациясына 6-12 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділік мәндері есептеулер бойынша 64% және 80% арасында болады. Ас ішу амлодипин биожетімділігіне ықпал етпейді. Таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. Айналымдағы препараттың 97.5% жуығы плазма ақуыздарымен байланысады. Амлодипин белсенді емес метаболиттер түзілуімен бауырда қарқынды (90%) метаболизденеді. Плазмадан амлодипиннің шығарылуы 30-дан 50 сағатқа дейінгі терминалдық жартылай шығарылу кезеңімен екі фазалы сипатта болады. Плазмада тепе-тең концентрацияларына 7-8 күн бойы үздіксіз қолданудан кейін жетеді. Өзгермеген 10% амлодипин және 60% амлодипин метаболиттері несеппен шығарылады.

Валсартан

Валсартанның бір өзін ішке қабылдаудан кейін валсартан ең жоғары концентрациясына 2-4 сағаттан соң жетеді. Орташа абсолютті биожетімділігі 25% құрайды. Валсартанның шығарылу параметрлері мультиэкспоненциальді сипатта болады (t 1/2α <1 сағат және t 1/2 ß 9 сағатқа жуық). Қабылдаудан кейін 8 сағаттан соң дерлік қан плазмасындағы валсартан концентрациялары ас ішу кезінде де, аш қарынға қабылдағанда да бірдей болса да, ас ішу валсартан биожетімділігін (AUC мәні бойынша) 40% және қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын (Cmax) 50% дерлік төмендетеді. Бұл AUC азаюы, дегенмен де, емдік әсерінің клиникалық мәнді кемуімен қатар жүреді; валсартанды, осылайша, ас ішумен немесе аш қарынға тағайындауға болады. Тепе-тең жағдайда көктамыр ішіне енгізуден кейінгі валсартанның таралу көлемі 17 л құрайды, бұл тінде валсартанның экстенсивті таралуы болмайтынын көрсетеді. Валсартан сарысу ақуыздарымен, ең алдымен, сарысу альбуминдерімен жоғары дәрежеде байланысады (94-97%). Валсартан айқын метаболизмге ұшырамайды, өйткені 20% жуық доза ғана метаболиттер түрінде айқындалады. Гидроксильді метаболит плазмада төмен концентрацияларда (валсартан AUC 10%-дан азы) айқындалады және фармакологиялық белсенді емес. Валсартан негізінен өзгеріссіз күйде нәжіспен (83% жуық доза) және көбінесе өзгеріссіз күйде несеппен (13% жуық доза) шығарылады. Көктамыр ішіне енгізуден кейін валсартанның плазмалық клиренсі сағатына 2 л жуық және оның бүйректік клиренсі 0.62 л/сағат (жалпы клиренстің 30% жуығы) құрайды. Валсартанның жартылай шығарылу кезеңі 6 сағат құрайды.

Агвистат

Агвистат препаратын ішке қабылдаудан кейін валсартан мен амлодипин ең жоғары концентрацияларына, тиісінше, 3 және 6-8 сағаттан соң жетеді. Агвистат препаратының сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесі олардың әрқайсысын бөлек таблеткалар түрінде қабылдағанда валсартан мен амлодипиннің биожетімділігіне баламалы.

Фармакодинамикасы

Агвистат артериялық қысымды (АҚ) бақылау механизмі бар бірін-бірі толықтыратын екі гипертензиялық компоненттің біріктірілімі болып табылады: амлодипин, дигидропиридин туындысы, «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары (БКӨБ) класына және валсартан ангиотензин рецепторлары антагонистерінің II класына жатады. Осы компоненттер біріктірілімінің, әр препаратпен монотерапия арасындағы осындаймен салыстырғанда, аса айқын АҚ төмендеуіне әкелетін өзара толықтырушы гипотензиялық әсері бар.

Амлодипин

Агвистат құрамына кіретін амлодипин кальций иондарының кардиомиоциттерге және тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жарғақша арқылы түсуін тежейді. Амлодипиннің гипертензияға қарсы механизмі шеткергі тамыр кедергісінің азаюын және АҚ төмендеуін туындататын тамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсыту әсерімен байланысты.

Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде емдік дозаларда қабылдаудан кейін амлодипин АҚ төмендеуіне әкелетін (науқастың жатқан және тік тұрған күйінде де) тамырлардың кеңеюін туындатады. АҚ төмендеуі жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) және ұзақ уақыт қолданғанда катехоламиндер деңгейінің елеулі өзгеруімен қатар жүрмейді.

Қан плазмасындағы препарат концентрациялары жас пациенттердегі де, егде пациенттердегі де клиникалық әсерімен өзара байланысты болады.

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі артериялық гипертензияда емдік дозалардағы амлодипин шеткергі тамырлар кедергісінің азаюына, сүзіліс фракциясының және протеинурия деңгейінің өзгеруінсіз шумақтық сүзілістің және плазмадағы тиімді бүйректік қан ағымы жылдамдығының жоғарылауына алып келеді.

Сонымен қатар, басқа БКӨБ қолдану кезіндегідей, амлодипин қабылдау сол жақ қарынша (СҚ) функциясы қалыпты пациенттерде тыныштық күйінде және дене жүктемесінде жүрек функциясының гемодинамикалық көрсеткіштерінің өзгерісін туындатты: СҚ қысымының (dP/dt) ең жоғары өсу жылдамдығына және соңғы-диастолалық қысымға және СҚ көлеміне елеулі ықпал етусіз жүрек индексінің аздап артуы білінді. Интактілі жануарларда және адамдарда жүргізілген гемодинамикалық зерттеулер емдік дозалар диапазонында амлодипиннің ықпал етуімен АҚ төмендеуінің тіпті бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қабылдау кезінде де теріс инотропты әсермен қатар жүрмейтінін көрсетті.

Амлодипин интактілі жануарларда және адамдарда синоатриальді түйін функциясын немесе атриовентрикулярлық өткізгіштікті өзгертпейді. Артериялық гипертензиясы немесе стенокардиясы бар пациенттерде бета-блокаторлармен біріктіріп амлодипин қолдану кезінде АҚ төмендеуі ЭКГ параметрлерінің қолайсыз өзгерістерімен қатар жүрмейді.

Созылмалы тұрақтанған стенокардиясы, вазоспазмдық стенокардиясы және ангиографиялық тұрғыда расталған коронарлық артериялар зақымдануы бар пациенттерде амлодипиннің клиникалық тиімділігі дәлелденген.

Валсартан

Валсартан – ішке қабылдауға арналған ангиотензин II рецепторларының белсенді және спецификалық антагонисі. Ол ангиотензин II белгілі әсерлеріне жауапты AT1 қосалқы тип рецепторларына таңдамалы әсер етеді. Валсартанның ықпал етуімен АТ1-рецепторлар бөгелуінің салдарынан бос ангиотензин II плазмалық концентрацияларының артуы АТ1-рецепторларын көтермелеу әсерлеріне қарсы әрекет ететін бөгеттелмеген АТ2-рецепторларын көтермелеуі мүмкін. Валсартанның AT1-рецепторларына қатысты айқын агонистік белсенділігі болмайды. Валсартанның AT1 қосалқы тип рецепторларына тектестігі АТ2 қосалқы тип рецепторларына қарағанда, шамамен 20 000 есе жоғары.

Валсартан ангиотензин I-ді ангиотензин II-ге айналдыратын кининаза II ретінде де белгілі ангиотензин өзгертуші ферментті (АӨФ) тежейді және брадикининнің ыдырауын туындатады.

Ангиотензин II антагонистерін қолдану кезінде АӨФ тежелісі мен брадикининнің немесе Р субстанциясының жиналуы жүретіндіктен, құрғақ жөтелдің даму ықтималдығы аз.

Артериялық гипертензиямен науқастарды валсартанмен емдеу кезінде ЖЖЖ өзгерісімен қатар жүретін АҚ төмендеуі білінеді.

Гипертензияға қарсы әсері науқастардың көпшілігінде препаратты бір рет қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде көрініс береді. АҚ барынша төмендеуі 4-6 сағаттан соң дамиды. Препаратты қабылдаудан кейін гипотензиялық әсер ұзақтығы 24 сағаттан артық сақталады. Қайталап қолданғанда АҚ барынша төмендеуі қабылданған дозаға байланыссыз, әдетте, 2-4 апта шегінде жетеді және ұзаққа созылатын ем барысында жеткен деңгейінде сақталады. Валсартанды қабылдауды кенеттен тоқтату АҚ күрт көтерілуімен немесе басқа да жағымсыз клиникалық зардаптармен қатар жүрмейді. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV кластары) бар пациенттерде валсартан қолдану ауруханаға жатқызу санының едәуір азаюына алып келеді. Бұл әсері АӨФ тежегіштерін немесе бета-адреноблокаторлар алмайтын науқастарда барынша айқын білінген. Миокард инфарктісін өткеруден кейін сол жақ қарынша жеткіліксіздігі (тұрақты клиникалық ағым) немесе СҚ функциясының бұзылуы бар пациенттерде валсартан қабылдау кезінде жүрек-қантамырлық өлімге ұшыраудың азаюы білінеді.

Қолданылуы

- монотерапия тиімсіз болғанда эссенциялық гипертензияны емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Монотерапия кезінде артериялық қысымы талапқа сай бақылауға келмейтін пациенттерді Агвистат препаратымен біріктірілген емге ауыстыруға болады. Ұсынылатын доза – тәулігіне 1 таблетка (5 мг амлодипин және 80 мг валсартан немесе 5 мг амлодипин және 160 мг валсартан немесе 10 мг амлодипин және 160 мг валсартан). Клиникалық сәйкессіздік кезінде монотерапиядан бекітілген дозамен біріктіріліміне тікелей ауысуды қарастыруға болады.

Бастапқы ем үшін әдеттегі старттық доза күніне 1 рет 5 мг/80 мг құрайды. Дозаны, артериялық қысымды бақылау қажеттілігіне қарай, 1-2 аптадан соң күніне 1 рет ең жоғары 10 мг/320 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Агвистат айналымдағы қан көлемінің тапшылығы бар пациенттерде бастапқы ем ретінде ұсынылмайды.

Амлодипин мен валсартаннің ең жоғары тәуліктік дозасы, тиісінше, 10 мг/320 мг құрайды.

Қолайлы болу үшін валсартан мен амлодипинді бөлек таблеткаларда алатын пациенттер құрамында осы компоненттер дәл сол дозаларда болатын Агвистатқа көшіруге болады.

Препаратты ас ішумен немесе тамақтануға байланыссыз аздаған су мөлшерімен қабылдауға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы немесе өт шығару жолдарының обструкциялық бұзылулары бар науқастарға Агвистат препаратын қабылдау кезінде сақ болу керек. Емдеуді амлодипиннің ең аз дозасынан бастау керек. Агвистат препаратының ең аз дозасында 5 мг амлодипин бар.

18 жасқа толмаған балалар

Агвистат препараты қауіпсіздігі мен тиімділік деректерінің болмауына орай 18 жасқа толмаған пациенттерге ұсынылмайды.

65 жастағы және одан асқан пациенттер

Егде (65 жастағы немесе одан асқан) немесе жас пациенттерде ұқсас дозаларда қолданғанда екі компонент те бірдей жақсы көтерімді болады, бастапқы дозаны түзету қажет емес. Емдеуді амлодипиннің ең аз дозасынан бастау керек. Агвистат препаратының ең аз дозасында 5 мг амлодипин бар.

Жағымсыз әсерлері

Қан және лимфа жүйесі тарапынан: лимфаденопатия

Жүрек тарапынан: жүрек қағу, тахикардия

Тамырлар тарапынан: қан кернеулер, ысыну сезімі

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан: құлақтың ауыруы

Ас қорыту тарапынан: диарея, жүрек айну, іш қату, диспепсия, іштің ауыруы, гастрит, құсу, іштің кебуі, ауыздың кеберсуі, колит

Жалпы бұзылулар: шаршау, кеуденің ауыруы, астения, гипертермия, ісіну

Иммундық жүйе тарапынан: маусымдық аллергия

Инфекциялар және инвазиялар: назофарингит, синусит, бронхит, фарингит, гастроэнтерит, фаринготонзилит, бронхит, жедел тонзиллит

Қаңқа-бұлшықет аппараты тарапынан: эпикондилит, созылу, аяқ-қол жарақаттары

Трофика және зат алмасу тарапынан: подагра, инсулинге тәуелсіз қант диабеті, гиперхолестеринемия

Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан: буындардың ауыруы, арқаның ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, миалгия, остеоартроз, буындардың ісіп кетуі, кеуденің ауыруы

Орталық және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, бел-сегізкөз радикулиті, парестезия, баспалдақты бұлшықет синдромы, білезік өзегі синдромы, гипестезия, бас ауыру, ұйқышылдық

Психика тарапынан: ұйқысыздық, мазасыздық, депрессия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: гематурия, бүйрек-тас ауруы, поллакиурия

Жыныс мүшелері тарапынан: эректильді дисфункция

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жөтел, тамақтың ауыруы, ентігу, жөтел, дисфония, мұрын бітелісі

Тері және оның туындылары тарапынан: қышыну, бөртпе, гипергидроз, экзема, эритема.

Келесі бірлі-жарым жағымсыз әсерлері клиникалық зерттеулер кезінде байқалды: экзантема, естен тану, көрудің нашарлауы, жоғары сезімталдық, құлақтың шуылдауы, гипотония.

Біріктірілімге қатысты қосымша ақпарат

Агвистат препараты, егер тіпті ондай реакциялар осы біріктірілімнің клиникалық сынақтарында байқалмаса да, бұрын жеке компоненттердің біреуінде ғана білінген жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін.

Амлодипин

Келесі қосымша жағымсыз реакциялар, зерттелген препаратпен себеп-салдарлы байланысқа тәуелсіз амлодипинмен монотерапия кезіндегі клиникалық сынақтарда білінген:

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: аритмия (қарыншалық тахикардияны және жүрекшелер фибрилляциясын қоса), брадикардиялар, кеуденің ауыруы, шеткергі ишемиялар, естен тану, постуральді гипотония, васкулит

Орталық және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: шеткергі нейропатия, ұйқысыздық, тремор

Асқазан-ішек бұзылыстары: анорексия, дисфагия, панкреатит, қызылиектер гиперплазиясы

Жалпы бұзылулар: қан кернеулер, дімкәстану, қалтырау, аллергиялық реакциялар, салмақтың артуы немесе төмендеуі

Тірек-қимыл аппараты тарапынан: артроз, бұлшықеттің түйілуі

Психика тарапынан: сексуалдық дисфункция, күйгелектік, өзін-өзі танымау

Тыныс алу жүйесі тарапынан: ентігу, ринит

Тері және оның туындылары тарапынан: ангионевроздық бөртпе, мультиформалы эритема, эритематозды және/немесе папулезді бөртпе, тершеңдік, есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы

Сезім мүшелері тарапынан: диплопия, конъюнктивит, көздің ауыруы, құлақтың шуылдауы

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: жиі несеп шығару, несеп шығару бұзылысы, никтурия

Зат алмасу тарапынан: гипергликемия, шөлдеу

Қанның түзілуі тарапынан: лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура

Басқалары (бірлі-жарым жағдай): жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, экстрасистолия, фотосенсибилизация, тері түсінің өзгеруі, есекжем, терінің құрғауы, алопеция, дерматит, бұлшықет әлсіздігі, тартылу, атаксия, гипертония, гинекомастия, бас сақинасы, суық және жабысқақ тер, апатия, ажитация, амнезия, гастрит, гепатит, тәбеттің артуы, сұйық нәжіс, дизурия, полиурия, парасомия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, дәм сезудің бұрмалануы, ксерофтальмия. Келесі оқиғалар зерттелген препаратпен себеп-салдарлы байланысына қарамастан клиникалық сынақтарда спорадиялық тұрғыда білінген: миокард инфарктісі және стенокардия.

Валсартан

Клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік бақылаулар нәтижесінде монотерапия ретінде валсартан қолданылғанда мынадай жағымсыз құбылыстар (олардың зерттелген препаратпен себептік байланысына қарамастан) аталған:

Қан түзілуі тарапынан: гемоглобин төмендеуі, гематокрит төмендеуі, нейтропения, тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық, сарысу құю ауруын қоса, ангионевроздық ісіну, буллезді дерматит

Қан тарапынан: қандағы калий концентрациясының жоғарылауы, қандағы креатининнің көтерілуі

Тамырлар тарапынан: васкулит

Бауыр тарапынан: бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі, қандағы билирубиннің жоғарылауын қоса

Бұлшықет тіні тарапынан: миалгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы

Клиникалық сынақтарда валсартанмен монотерапия кезінде, зерттелген препаратпен себеп-салдарлы байланысына қарамастан, мынадай қосымша жағымсыз құбылыстар аталды:

Психика тарапынан: ұйқысыздық, либидо төмендеуі

Тыныс алу жүйесі тарапынан: фарингит, ринит, синусит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары

Инфекциялар және инвазиялар: вирустық инфекциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • амлодипинге, дигидропирид қатарының басқа туындыларына, валсартанға, сондай-ақ препараттың басқа қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин), анурия

  • сыртартқыдағы АӨФ тежегіштерін қолдану салдарынан болатын ангионевроздық ісіну

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары, биллиарлы цирроз, холестаз

  • айқын артериялық гипотензия

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

  • ІІ типті қант диабеті бар пациенттерде Агвистатты алискиренмен бір мезгілде қолдану

  • сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (соның ішінде, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және қолқа стенозы)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амлодипин

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

Гипертониялық ауруы бар егде жастағы пациенттерде 180 мг дилтиазем мен 5 мг амлодипиннің тәуліктік дозасын қатарлас енгізу амлодипиннің жүйелі экспозициясының 1,6 есе ұлғаюына алып келді. Дегенмен де, CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир) қан плазмасындағы амлодипин концентрацияларын, дилтиаземге қарағанда, көп дәрежеде арттыруы мүмкін. Сондықтан амлодипинді CYP3A4 тежегіштерімен бірге қолданғанда сақтық таныту керек.

Грейпфрут шырыны

Амлодипиннің әсері грейпфрут шырынымен бір мезгілде қолданғанда CYP3A4 тежелісі есебінен артуы мүмкін. Дегенмен де, 240 мл грейпфрут шырынын амлодипиннің бір реттік 10 мг дозасымен бірге ішке қолдану дені сау 20 еріктіде амлодипин фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбеген.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары

Амлодипинді CYP3A4 изоферментінің индукторларымен (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, фосфенитоин, примидон, рифампицин, грейпфрут шырыны, құрамында Шілтерленген шайқурай бар өсімдік препараттары) бір мезгілде қолдану оның қан плазмасындағы концентрациясының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін; амлодипин CYP3A4 изоферментінің индукторларымен тағайындалғанда оның емдік әсерін бақылау керек.

Амлодипинмен монотерапия кезінде тиазидті диуретиктермен, (бета-адреноблокаторлармен, АӨФ тежегіштерімен, ұзақ әсер ететін нитраттармен, тіл астына қолданылатын нитроглицеринмен, дигоксинмен, варфаринмен, аторвастатинмен, силденафилмен, маалокспен (алюминий гидроксиді, магний гидроксиді гелі, симетикон), циметидинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен және ішке қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмайды.

Симвастатин

Бірнеше реттік 10 мг амлодипин мен 80 мг симвастатин дозаларын қатарлас енгізу, бір ғана симвастатин қолданумен салыстырғанда, симвастатин экспозициясының 77 пайыз ұлғаюына алып келді. Амлодипин қабылдайтын пациенттерде симвастатин дозасын тәулігіне 20 мг дейін шектеу ұсынылады.

Иммунодепрессанттар

Амлодипин бірге қолданылғанда циклоспориннің немесе такролимустың жүйелі әсерін арттыра алады. Осыған орай, циклоспорин және такролимус деңгейлерін анықтау үшін қанға жиі мониторинг жасау қажет болады, сондай-ақ қажет болса дозаны түзету ұсынылады.

Валсартан

Валсартанмен монотерапия кезінде мына дәрілік заттармен: циметидин, варфарин, фуросемид, дигоксин, атенолол, индометацин, гидрохлоротиазид, амлодипин, глибенкламидпен клиникалық мәнді өзара

әрекеттесуі болмайтыны анықталған.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерін (ЦОГ-2 тежегіштерін) қоса

Ангиотензин II антагонистерін ҚҚСД-мен бір мезгілде енгізгенде гипотензиялық әсерінің әлсіреуі орын алуы мүмкін. Бұдан басқа, сұйықтық көлемі азайған (соның ішінде диуретиктермен емделіп жүрген пациенттерде) немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бір мезгілде ангиотензин II антагонистерін және ҚҚСД қолдану бүйрек функциясының жоғары нашарлау қаупіне әкелуі мүмкін. Осылайша, бір мезгілде ҚҚСД қабылдайтын пациенттерді валсартанмен емдеудің басында немесе оны өзгерткенде бүйрек функциясын бақылап отыру ұсынылады.

Калий: Қан сарысуындағы калий мөлшеріне ықпал ететін препараттар мен заттар: құрамында калий бар биологиялық белсенді қоспалармен, калий сақтаушы диуретиктермен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен немесе қандағы калий мөлшерінің артуын туындататын басқа препараттармен (мысалы, гепаринмен) бір мезгілде тағайындағанда сақтық шарасын қадағалау және қандағы калий мөлшерін жүйелі бақылау керек.

Ангиотензин рецепторлары антагонистерімен, АӨФ тежегіштерімен немесе алискиренмен ренин-ангиотензин жүйесін (РАЖ) қосарлы бөгеу Ангиотензин рецепторларының антагонистерін, соның ішінде валсартанды РАЖ-ға әсер ететін басқа заттармен бір мезгілде қолдану, монотерапиямен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының өзгеру жағдайларының саны жағынан көбеюімен байланысты. Агвистат және РАЖ-ға әсер ететін басқа заттар қолданатын науқастарда артериялық қысымды, бүйрек функциясын және электролиттер деңгейін бақылау ұсынылады.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (ШСЖ <30 мл/мин) ангиотензин рецепторларының антагонистерін, соның ішінде валсартанды немесе АӨФ тежегіштерін алискиренмен бір мезгілде қолданбау керек.

Ангиотензин рецепторларының антагонистерін, соның ішінде валсартанды немесе АӨФ тежегіштерін алискиренмен бір мезгілде қолдану 2 типті қант диабетіне шалдыққан пациенттерде қарсы көрсетілімді.

Тасымалдаушы ақуыздар (тасымалдағыштар)

Валсартан OATP1B1 бауырлық қармау тасымалдағышының субстраты және MRP2 бауырлық ағыс тасымалдағышының субстраты болып табылады. Қармау тасымалдағышы (мысалы, рифампицин, циклоспорин) немесе ағыс тасымалдағышы (мысалы, ритонавир) тежегіштерін бір мезгілде тағайындау валсартанның жүйелі әсерін арттыруы мүмкін.

Литий препараттары

Литий препараттарын және АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бірге қолдану кезінде сарысулық литий концентрациясы мен уыттылығының қайтымды жоғарылауы тіркелген. Осыған орай, оларды бірге қолдану кезінде сарысулық литий деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Агвистат препараты мен диуретиктерді бірге қолданғанда литий препараттарының уыттылық қаупі артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Натрий тапшылығы және/немесе АҚК (айналымдағы қан көлемі) азаюы бар пациенттер

Ангиотензин рецепторлары блокаторларын алатын, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділенген пациенттерде (диуретиктерді жоғары дозаларда алатын пациенттерде АҚК және/немесе тұз тапшылығы сияқты жағдайларда) симптоматикалық артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Осы жағдайды препарат тағайындауға дейін түзету немесе емнің басында мұқият медициналық бақылау ұсынылады. Егер препаратты қабылдағанда гипотензия байқалса пациентті жатқызып, қажет болса, физиологиялық ерітіндінің көктамырішілік инфузиясын тағайындау керек. Емдеуді артериялық қысым тұрақтанатын сәтке дейін жалғастырған жөн.

Жүрек жеткіліксіздігі бар/миокард инфарктісін өткеруден кейінгі пациенттер

Жалпы, күрделі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класы) бар пациенттерде, амлодипинді қоса, кальций өзекшелерінің блокаторларын абайлап пайдалану керек. Бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты болатын пациенттерде (мысалы, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде) ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен немесе ангиотензин рецепторлары антагонистерімен емдеу олигуриямен және/немесе үдемелі азотемиямен, ал сирек жағдайларда, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен және/немесе өліммен байланысты болды. Жүрек жеткіліксіздігі бар немесе миокард инфарктісін өткеруден кейінгі пациенттерді бағалағанда үнемі бүйрек функциясын зерттеу қамтылуы тиіс.

Жедел миокард инфарктісі бар пациенттер

Амлодипиннің бастапқы дозасын қабылдаудан немесе оны арттырудан кейін, әсіресе, ауыр коронарлық артерияның обструкциялық ауруы бар пациенттерде стенокардия және жедел миокард инфарктісі дамуы мүмкін.

Қолқа және митральді клапандар стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия

Қолқа және митральді стеноздан немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегетін пациенттер үшін айрықша сақтандыру көрсетілімді.

Ренин-ангиотензин жүйесін (РАЖ) қосарлы бөгеу

Ангиотензин рецепторларының антагонистерін, соның ішінде валсартанды АӨФ тежегіштері немесе алискирен сияқты РАЖ бөгейтін басқа дәрілермен бір мезгілде қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде (ШСЖ <30 мл/мин) ангиотензин рецепторлары антагонистерін, соның ішінде валсартанды немесе АӨФ тежегіштерін алискиренмен бір мезгілде қолданбау керек.

Бүйрек трансплантациясы

Таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерде препаратты қауіпсіз қолдану тәжірибесі жоқ.

Бүйрек артериясының стенозы

Осындай пациенттерде препарат қан плазмасында мочевина және креатинин деңгейінің артуы мүмкін екеніне орай, бүйрек артериясының бір жақты немесе екі жақты стенозы, жалғыз бүйрек стенозы бар пациенттерде гипертензияны емдеуге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы

Валсартан, ең алдымен, осы тұста бауырда қарқынды метаболизденетін амлодипин сияқты ішек арқылы өтпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Агвистат препаратын бауыр функциясының бұзылуымен қатар жүретін бауыр аурулары бар пациенттерге (әсіресе, өт жолдарының обструкциялық ауруларында) тағайындағанда сақ болу керек.

Гиперкалиемия

Құрамында калий бар биологиялық белсенді қоспалармен, калий сақтаушы диуретиктермен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен немесе қандағы калий концентрациясының артуын туындататын басқа препараттармен (мысалы, гепаринмен) бір мезгілде қолданғанда сақтану және қандағы калий концентрациясын жиі анықтау қажет болады.

Ангионевроздық ісіну

Валсартан қабылдайтын пациенттерде тыныс жолдарының обструкциясына және/немесе бет, ерін, жұтқыншақ және/немесе тілдің ісінуіне алып келетін көмейдің және дауыс саңылауының ісінуін қамтитын ангионевроздық ісіну туралы хабарламалар бар. Осы пациенттердің кейбіреуінің сыртартқысында басқа препараттар, соның ішінде АӨФ тежегіштері туындататын ангионевроздық ісінудің дамуы жөнінде көрсетілім бар. Ангионевроздық ісіну дамитын пациенттер Агвистатты дереу тоқтату қажет және осы препаратты қайта тағайындауға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағыларда (65 жастағы және одан асқан) жас пациенттерге тағайындалатын дозаларда пайдаланғанда препараттың екі ингредиенті де жақсы көтерімді болатындықтан, бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүкті болуды жоспарлайтын әйелдерге тағайындалмауы тиіс. Дәрігер әйелді препарат жүктілік кезінде тағайындалғанда төнетін зор қауіптен сақтандырылуы тиіс.

Ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің әсер ету механизмін ескерсек, ұрыққа төнетін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. РААЖ ықпал ететін АӨФ тежегіштерін II және III триместрдегі жүкті әйелдерге тағайындаудың даму үстіндегі ұрықтың зақымдануына немесе өлуіне алып келетіні белгілі. Ретроспективтік талдау деректері бойынша жүктіліктің I триместрінде АӨФ тежегіштерін қолдану ұрық пен жаңа туған нәресте патологиясының дамуымен қатар жүрді. Жүкті әйелдерде валсартан алдын ала көздеусіз қабылданғанда өздігінен түсік тастау, су аздық және жаңа туған нәрестелерде бүйрек функциясының бұзылуы дамыған жағдайлар сипатталған. Жүкті әйелдерде амлодипин қолдану деректері оның ұрыққа әсер етуін болжауға жеткіліксіз. Егер жүктілік Агвистат препаратымен емдеу кезеңінде диагностикаланса, препаратты мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек.

Валсартанның және/немесе амлодипиннің емшек сүтіне өтуі белгісіз. Тәжірибелік зерттеулерде валсартанның емшек сүтімен бөлініп шығуы аталатындықтан, бала емізу кезеңінде Агвистат препаратын қолдану ұсынылмайды.

Фертильділік

Амлодипин мен валсартанның фертильділікке ықпал ету деректері жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ. Бас айналудың немесе қатты қажудың болуы мүмкін екеніне байланысты, автокөлікті жүргізу және механизмдермен жұмыс кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытта препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде деректер жоқ.

Симптомдары: бас айналуы болатын айқын гипотензия. Амлодипинмен артық дозалану арта түсетін шеткергі вазодилатацияны және ықтималды түрде рефлекторлы тахикардияны туындатуы мүмкін.

Шок және өліммен аяқталуға дейін ұзаққа созылатын елеулі және әлеуетті жүйелі гипотензия туралы хабарланған.

Емі: егер препарат қабылдау таяуда болса, құстыру және асқазанды шаю керек. Қабылдаудан кейін бірден немесе екі сағат бойы пайдаланғанда препараттың сіңуі едәуір төмендейді.

Препараттың артық дозалануынан туындайтын клиникалық мәнді артериялық гипотензия жүрек және тыныс алу функциясын тұрақты бақылауды, аяқ-қолды көтеріп қоюды және айналымдағы сұйықтық көлеміне және несеп шығаруға зейін қоюды қоса, жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайына белсенді қолдау көрсетуді талап етеді.

Тамыр тонусы мен қан қысымын қалыпқа келтіру үшін оны пайдалануға қарсы көрсетілімдер болмауының ескерілуімен вазоконстриктор пайдалы болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің бөгелісін жою үшін кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу мақсатқа сай болады.

Валсартан мен амлодипин гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 4 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген мерзімнен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: pv@vivapharm.kz

Дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына

жауапты ұйым

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

178643671477976219_ru.doc 126 кб
561810831477977459_kz.doc 173.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники