L-Тироксин 50 Берлин-Хеми

МНН: Левотироксин
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levothyroxine sodium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014570
Информация о регистрации в РК: 05.12.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 4.92 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

L-Тироксин 50 Берлин-Хеми

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левотироксин натрийі

Дәрілік түрі

50 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат левотироксин натрийі 0,05 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфат дигидраты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), декстрин, ұзын тізбекті парциальді глицеридтер.

Сипаттамасы

Ақ дерлік түстен аздап сарғыш түске дейінгі, бір жағында сызығы және екінші жағында «50» деген мөрі бар, екі беті сәл дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қалқанша без гормондары. Левотироксин.

АТХ коды H03AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Левотироксинді ішке аш қарынға қабылдаған жағдайда, препарат негізінен аш ішектің жоғарғы бөлігінде сіңеді, сіңу дәрежесі негізінен дәрілік түріне байланысты және 80%-ға дейінді құрауы мүмкін. Левотироксинді ас қабылдаумен бірге қабылдағанда сіңуі айтарлықтай төмендейді.

Плазмадағы ең жоғары концентрациясына шамамен, қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң жетеді.

Ішке бірінші рет қабылдағаннан кейін, әсері әдетте 3-5 күннен кейін басталады.

Таралуы

Таралу көлемі шамамен 10-12 л құрайды. Шамамен 99,97%-ға левотироксин спецификалық тасымалдайтын ақуыздармен байланысқан. Ақуыздардың гормонмен байланысы ковалентті емес, осыған байланысты бос және байланысқан гормондар арасында тұрақты және өте тез алмасу орын алады.

Шығарылуы

Левотироксиннің метаболизмдік клиренсі шамамен тәулігіне 1,2 л плазма құрайды. Ыдырауы негізінен бауырда, бүйректе, мида және бұлшықеттерде жүреді. Метаболиттері несеп және нәжіспен шығарылады.

Левотироксиннің жартылай шығарылу уақыты шамамен 7 тәулікті құрайды; гипотиреозда ол ұзаруы (шамамен, 9 - 10 тәулікке дейін), гипертиреозда - қысқаруы (3 - 4 тәулікке дейін) мүмкін.

Жүктілік және лактация

Левотироксин плацента арқылы тек аздаған мөлшерде өтеді. Препаратты әдеттегідей дозада қабылдаған кезде левотироксин емшек сүтіне тек аздаған мөлшерде түседі.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуы себебінен гемодиализ де, гемоперфузия да левотироксиннің деңгейіне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

L-Тироксиннің құрамына кіретін синтетикалық левотироксин өзінің әсерімен негізінен қалқанша безбен өндірілетін табиғи тиреоидты гормонға ұқсайды. Организм үшін эндогенді және экзогенді левотироксиннің арасында айырмашылық жоқ.

Фармакодинамикалық әсері

Негізінен, бауырда және бүйректе, және организмнің жасушаларына түскен соң ішінара лиотиронинге (T3) айналғаннан кейін, тиреоидты гормондар T3 – рецепторлардың белсенділенуі көмегімен даму, өсу және метаболизмге ықпал етіп, спецификалық әсерлер туындатады.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Тиреоидты гормондардың орнын басу метаболизм үдерісін қалпына келтіреді. Мысалы, левотироксинді қабылдау гипотиреозбен байланысты холестериннің жоғары деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Қолданылуы

- кез келген этиологиядағы гипотиреозда тиреоидты гормондардың орнын басу үшін

- эутиреоидты зобты алып тастағаннан кейін зобтың қайталануының алдын алуда

- эутиреоидты қатерсіз зобта

- эутиреоз жағдайына қол жеткізгеннен кейін гипертиреозды тиреостатиктермен емдеу аясында адъювантты емде

-қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімінде супрессивті және орын басу емі, негізінен - тиреоэктомиядан кейін

L-Тироксин 50 Берлин- Хеми препаратын барлық жас тобында қолдануға болады.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Дозалануы

Дозалануы жөніндегі нұсқаулық басшылыққа алу ережесі ретінде қарастырылады. Жекелей тәуліктік дозасын зертханалық және клиникалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде анықтау керек.

Егер қалқанша бездің қалдық функциясы сақталса, орын басу емі үшін төменірек дозасы жеткілікті болуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерде, жүректің ишемиялық ауруларымен және ауыр немесе созылмалы гипотиреозбен пациенттерде тиреоидты гормондармен емді айрықша сақтықпен бастау керек - мысалы, емді төменірек дозадан бастау және тиреоидты гормондар деңгейін жиі тексеріп, айтарлықтай аралықпен баяу жоғарылату ұсынылады. Тәжірибеге сәйкес дене салмағы төмен пациенттерде, сондай-ақ ірі түйінді зобпен пациенттерде, препараттың төменірек дозасы жеткілікті болады.

T4 немесе fT4 деңгейі кейбір пациенттерде жоғары болуы мүмкіндігіне байланысты, емдеу режимін бақылау үшін ең дұрысы қан сарысуында ТТГ концентрациясын анықтау керек.

Қолданылуы

Туа біткен және жүре пайда болған гипотиреозбен балалар мен жасөспірімдер

Демеуші доза, әдетте, тәулігіне дене беткейінің м2 ауданына 100 -150 мкг левотироксинді құрайды.

Жоқ гормонның орнын дереу левотироксинмен орын басу қажет болатын туа біткен гипотиреозбен жаңа туғандар мен нәрестелер үшін алғашқы 3 айда қолдануға арналған левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне дене салмағына 10 - 15 мкг құрайды. Кейіннен дозаны клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне қарай жекелей түзетуге болады.

Жүре пайда болған гипотиреозбен балалар үшін левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 12,5 - 50 мкг құрайды. Клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне сүйеніп, дозаны біртіндеп, 2 - 4 апта аралықпен, орын басу емі үшін қажет толық дозаға қол жеткенше жоғарылату керек.

Егде жастағы пациенттерде дозалануы

Кейбір жағдайларда егде жастағы пациенттерде, мысалы жүрек ауруларымен пациенттерде ТТГ деңгейін мезгіл мезгіл анықтаумен, левотироксин-натрий дозасын біртіндеп төмендетуді таңдау керек.

Қолдану тәсілі

Толық тәуліктік дозасын аш қарынға ішке, сұйықтықпен ішіп қабылдайды; препаратты кем дегенде таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын ертеңгісін қабылдайды.

Нәрестелерге толық тәуліктік дозаны сол күні бірінші рет ас қабылдауға дейін кем дегенде жарты сағат бұрын береді. Таблеткаларды алдын ала судың аздаған мөлшерінде (10 – 15 мл) еріту керек, ал тек жаңадан дайындалуы керек алынған суспензияны оған сұйықтықтың аздаған мөлшерін (5 – 10 мл) қосып, нәрестеге беру керек.

Қолдану ұзақтығы

Гипотиреозда және қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімі себебінен тиреоэктомиядан кейін - әдетте, өмір бойы; Эутиреоидты зобта және зобтың қайталануының профилактикасы үшін – бірнеше айдан немесе жылдан өмір бойы қолдануға дейін;

Гипертиреозда адъювантты емде – тиреостатикалық емнің ұзақтығына байланысты.

Эутиреоидты зобтың емдеу ұзақтығы 6 айдан екі жылға дейінді құрауы керек. Егер осы уақытта L-Тироксин препаратымен емдеу күтілген нәтижеге жеткізбесе, емнің басқа нұсқаларын қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Дұрыс қолданған кезде, сондай-ақ клиникалық және зертханалық көрсеткіштері бақылауда болған жағдайда, L-Тироксин препаратымен емдеу кезінде жағымсыз әсерлерінің пайда болу мүмкіндігі аз. Жекелеген жағдайларда белгілі бір дозада препараттың көтерімсіздігінде немесе артық дозаланған жағдайда, әсіресе емнің басында дозаны тым жылдам жоғарылатқанда, гипертиреоздың мынадай белгілері пайда болуы мүмкін:

- жүрек қағуы, аритмиялар, әсіресе тахикардия

-стенокардияға шағымдар

- бұлшықет әлсіздігі және бұлшықет құрысулары

- ыстықты сезіну, тершеңдік, тремор

- мазасыздық

- салмақты жоғалту, диарея

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- етеккір айналымының бұзылуы

- атипиялық симптомдар ретінде қызба, құсу, сондай-ақ идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия (әсіресе балаларда) байқалуы мүмкін. Осындай жағдайларда немесе препараттың тәуліктің дозасын азайту, немесе оны бірнеше күнге тоқтату керек. Жағымсыз әсерлері жоғалғаннан кейін дозаны абайлап таңдаумен ем дереу жаңғыртылуы керек.

- левотироксинге немесе L-Тироксин препаратының кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдықта тері беткейі және тыныс алу жолдары тарапынан аллергические реакциялар болуы мүмкін. Анафилаксиялық шоктың дамуы туралы жекелеген хабарлар бар. Осындай жағдайларда таблеткаларды қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- емделмеген гипертиреоз

- бүйрек үсті безінің емделмеген жеткіліксіздігі

- емделмеген гипофизарлық жеткіліксіздік (бұл емдеуді қажет ететін бүйрек үсті безі функциясының жеткіліксіздігіне әкеледі)

- жедел миокард инфарктісі

- жедел миокардит

- жедел панкардит

Жүктілік кезінде левотироксинді тиреостатикалық дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диабетке қарсы дәрілер

Левотироксин қандағы глюкоза деңгейін төмендетумен сипатталатын диабетке қарсы препараттардың әсерін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан қант диабетімен зардап шегетін тұлғаларда, негізінен, тиреоидты гормондармен емнің басында қандағы глюкоза деңгейін үнемі тексеру керек. Қажет болғанда қантты төмендететін дәрілік заттардың дозасын түзету керек.

Кумарин туындылары

Левотироксин оларды плазма ақуыздарымен байланысқан жерлерінен ығыстырып, кумарин туындыларының әсерін күшейтуі мүмкін. Осы себепті левотироксин мен кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдайтын тұлғаларда, үнемі қанның ұюын тексеру, және қажет болған жағдайда антикоагулянттың дозасын түзету (дозаны азайту) керек.

Йоналмастырғыш шайырлар

Колестирамин, колестипол, колесевелам немесе полистиренді сульфон қышқылының кальций және натрий тұзы секілді йоналмастырғыш шайырлар левотироксиннің сіңуін басады; сондықтан оларды L-Тироксинді қабылдағаннан кейін 4-5 сағаттан ерте қабылдауға болмайды.

Құрамында алюминий бар антацидті препараттар, сондай-ақ құрамында темір және құрамында кальций бар препараттар

Левотироксиннің сіңуі құрамында алюминий бар антацидті дәрілерді (антацидті препараттар, сукральфат), құрамында темір бар дәрілік заттарды және құрамында кальций бар дәрілік заттарды бір мезгілде

қолданғанда төмендеуі мүмкін. Сондықтан L-Тироксинді аталған дәрілік заттарды қабылдағанға дейін кем дегенде екі сағат бұрын қабылдау керек.

Севеламер мен лантан карбонаты

Севеламер мен лантан карбонаты, левотироксиннің биожетімділігін төмендетуі мүмкін деп болжамданады.

Тирозинкиназа тежегіштері

Тирозинкиназа тежегіштері (иматиниб пен сунитиниб) левотироксиннің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан қалқанша без функциясының біріктірілген емнің басында және соңында өзгеруіне қатысты пациенттерді бақылауға алу ұсынылады. Қажет болған жағдайда левотироксиннің дозасы түзетілуі керек.

Пропилтиоурацил, глюкокортикоидтар және бета-блокаторлар

Аталған заттар T4-тің T3-ке айналуын басады.

Амиодарон мен йодталған рентгенконтрастылы заттар йодтың жоғары құрамына байланысты гипертиреозды да, сондай-ақ гипотиреозды да туындатуы мүмкін. Болуы мүмкін бірақ диагностикаланбаған автономиясымен түйінді зобта ерекше сақтық талап етіледі. Амиодаронның қалқанша без функциясына әсер етуіне байланысты L-Тироксин препаратының дозасын түзетуге қажеттілік пайда болуы мүмкін.

Салицилаттар, дикумарол, фуросемид, клофибрат, фенитоин

Салицилаттар, дикумарол, фуросемидтің жоғары дозалары (250 мг), клофибрат, фенитоин және басқа заттар плазма ақуыздарымен байланысқан бөліктерінен левотироксинді ығыстыруы мүмкін. Бұл қан плазмасында бос тироксиннің (fT4) деңгейінің жоғарылауына алып келеді.

Құрамында эстроген бар контрацептивтер, постменопауза кезеңінде орын басатын гормонольді емге арналған дәрілік заттар

Құрамында эстроген бар контрацептивтерді немесе постменопаузада орын басатын гормональді емді қолдану аясында левотироксинге қажеттілік жоғарылауы мүмкін.

Сертралин, хлорокин/прогуанил

Аталған заттар левотироксиннің тиімділігін төмендетеді және қан плазмасында ТТГ деңгейін жоғарылатады.

Фермент-индукциялайтын дәрілік препараттар

Барбитураттар, рифампицин, карбамазепин және басқа да бауыр ферменттерін белсендіруге қабілетті дәрілік заттар бауыр арқылы левотироксиннің клиренсін жоғарылатуы мүмкін.

Протеаза тежегіштері

Лопинавир/ритонавирмен бір мезгілде қолданғанда левотироксиннің емдік әсерінің төмендеуі туралы хабарлар бар. Сондықтан бір мезгілде левотироксин және протеаза тежегіштерін қабылдайтын пациенттердің қалқанша без функциясына және клиникалық симптомдарына мұқият бақылау жүргізу керек.

Соя өнімдері левотироксиннің ішекте сіңуін азайтуы мүмкін. Соя өнімдерінен тұратын емдәмдегі және туа біткен гипотиреозға байланысты

левотироксин қабылдайтын балалардың қан плазмасында ТТГ деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды. Плазмада T4 пен ТТГ қалыптағы деңгейіне қол жеткізу үшін левотироксиннің өзгеше жоғары дозалары қажет болуы мүмкін. Соя өнімдерінен тұратын диета кезінде және оны тоқтатқаннан кейін плазмада T4 пен ТТГ деңгейіне мұқият бақылау жүргізу керек; левотироксин дозасын түзетуге қажеттік туындауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тиреоидты гормондармен емді бастамас бұрын келесі аурулар немесе жағдайлар жоққа шығарылуы немесе оларға ем жүргізілуі керек: жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, гипертония, гипофизарлық жеткіліксіздік және/немесе бүйрек үсті безі қыртысы функциясының жеткіліксіздігі, қалқанша бездің автономиясы.

Жүректің ишемиялық ауруында, жүрек жеткіліксіздігінде, тахиаритмияда, өршу фазасындағы емес миокардитте, созылмалы гипотиреозда немесе миокард инфарктісін өткерген пациенттерде тіпті жеңіл дәрежедегі фармакологиялық индукцияланған гипертиреоздан міндетті түрде сақ болу керек. Тиреоидты гормондармен ем жүргізгенде осы пациенттердің қалқанша без гормондарының көрсеткіштеріне жиі бақылау жүргізу керек.

Екіншілік гипотиреозда қатар жүретін адренокортикальді жеткіліксіздіктің бар-жоғын анықтау керек. Осы аурудың барында алдымен орын басатын емді жүргізу керек (гидрокортизон).

Қалқанша бездің автономиясына күдік туындағанда тиреотропин-рилизинг-гормонға талдау немесе оның супрессиясымен қалқанша бездің сцинтиграфиясын жүргізу ұсынылады.

Остеопороздың даму қаупі жоғары постменопаузадағы әйелдерде, левотироксинді қолдану аясында қандағы левотироксинннің концентрациясының физиологиялық деңгейден жоғарылауынан сақ болу үшін қалқанша без функциясын жиі тексеру керек.

Тиреоидты гормондарды дене салмағын төмендету үшін қолдануға болмайды. Эутиреоидты алмасумен пациенттерде қалыптағы дозалар дене салмағының төмендеуіне әкелмейді. Жоғарырақ дозалары елеулі немесе тіпті өмірге қауіп төндіретін жағымсыз құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, әсіресе дене салмағын төмендетуге арналған кейбір дәрілермен біріктірілімде.

Егер левотироксинмен емдеу режимі анықталған болса, құрамында тиреоидты гормондар бар басқа дәрілік препаратқа ауысу тек зертханалық талдаулар мен клиникалық деректерді бақылаумен жүргізілуі керек.

Өте сирек жағдайларда севеламер мен левотироксинді бір мезгілде қолдану аясында пайда болған гипотиреоз туралы хабарланды. Сондықтан екі препаратты да қабылдайтын пациенттерде ТТГ деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Жүктілік

Жүктілік кезінде тиреоидты гормондармен емді тоқтатуға болмайды. Жүктілік кезінде кеңінен қолдануға қарамастан, осы күнге дейін левотироксиннің жүктіліктің ағымына немесе ұрық/жаңа туған нәрестенің денсаулығына жағымсыз әсерлері туралы деректер жоқ.

Жүктілік кезінде эстрогенге байланысты левотироксинге қажеттілік жоғарылауы мүмкін. Осы себепті жүктілік кезінде қалқанша бездің функциясын бақылау керек, ал қажет болғанда - тиреоидты гормонның дозасын түзету керек.

Тиреостатиктермен жүктілік кезінде гипертиреозды емдеуде левотироксинді адъювантты ем ретінде қолдануға болмайды.

Левотироксинді қосымша қабылдағанда тиреостатиктердің дозасын жоғарлату қажет болуы мүмкін. Левотироксиннен басқаша, тиреостатиктер әсер ететін дозада плацентарлық бөгеттен өтуі мүмкін. Бұл ұрықта гипотиреозды туындатуы мүмкін. Осы себепті гипертиреозбен жүкті әйелдерде тиреостатикалық дәрілерді әрдайым төмен дозаларда монотерапия ретінде қолдану керек.

Жүктілік кезінде қалқанша бездің супрессиясымен тест жүргізуге болмайды.

Лактация

Лактация кезінде тиреоидты гормондармен емді тоқтатуға болмайды. Қазіргі таңда Левотироксиннің жаңа туғандардың денсаулығына жағымсыз әсерлері туралы деректер жоқ. Тіпті левотироксинді жоғары дозада қолданған жағдайда да тиреоидты гормондар емшек сүтіне емшектегі балаларда гипертиреоздың дамуы үшін немесе ТТГ секрециясын басу үшін жеткіліксіз мөлшерде түседі.

Жүктілік кезінде эстрогенге байланысты левотироксинге қажеттілік жоғарылауы мүмкін. Осы себепті жүктіліктен кейін қалқанша бездің функциясын бақылау керек, ал қажет болғанда - тиреоидты гормонның дозасын түзету керек.

Лактация кезінде қалқанша бездің супрессиясымен тест жүргізуге болмайды.

Фертильділігі

Ерлер мен әйелдерде бала туу функциясының бұзылуының ғылыми деректері жоқ. Осыған қатысты қандай-да болмасын күдіктер немесе нұсқаулар жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану көрсеткіші ретінде T4 немесе fT4 деңгейінің жоғарылауына қарағанда T3 деңгейінің жоғарылауы нақтырақ болады.

Артық дозаланған және уыттанған жағдайда метаболизмнің орташа немесе айтарлықтай жеделдетілуіне тән белгілер пайда болады. Артық дозалану дәрежесіне байланысты препарат қабылдауды тоқтату және бақылау тексерілуінен өту ұсынылады.

Адамда уыттану жағдайында (суицидке талпыну) 10 мг дозада левотироксин асқынусыз өтеді. Егер сыртартқысында жүректің ишемиялық ауруы болмаған жағдайда, өмірлік маңызды функцияларының (тыныс алу мен қанайналымы) бұзылуы секілді елеулі асқынулардың даму мүмкіндігі төмен. Осыған қарамастан, тиреоуытты криз, жүрек жеткіліксіздігі және команың дамуы туралы хабарлар бар.

Сыртартқысында левотироксинді бірнеше жыл шамадан тыс қабылдаған жағдайда пациенттерде кенеттен жүректен болған өлім жағдайы туралы жекелеген хабарламалар бар.

Жедел артық дозаланған жағдайда препараттың асқазан-ішек жолынан сіңірілуін белсендірілген көмірді қабылдау көмегімен азайтуға болады. Ем әдетте симптоматикалық және демеуші сипат иеленген. Ауыр бета-симпатомиметикалық симптомдарды, мысалы тахикардияны, үрейленуді, қозуды немесе гиперкинезияны бета-блокаторларды қолдану арқылы азайтуға болады. Тиреостатиктерді қолдануға болмайды, өйткені қалқанша бездің функциясы толығымен бәсеңдетілген.

Препаратты өте жоғары дозада (суицидке талпыну) қабылдаған жағдайда плазмаферез жүргізген жөн.

Левотироксин артық дозаланғанда ұзақ уақыт бақылауға алу керек. Левотироксиннің лиотиронинге біртіндеп айналуына байланысты симптомдардың дамуы 6 күнге дейін кідірумен жүруі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 таблеткадан ақ мөлдір емес ПВДХ/ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

25 таблеткадан ламинацияланған алюминий фольгадан (полиамид/алюминий/поли-винилхлорид) және қатты алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 немесе 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)

Глиникер Вег 125

12489 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі

Телефон нөмірі: +7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс нөмірі: +7 727 2446180

Электрондық поштасы Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

630434441477976635_ru.doc 97 кб
163039351477977782_kz.doc 35.48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники