Вода для инъекций (Карагандинский фармацевтический комплекс)

МНН: Вода для инъекций
Производитель: Карагандинский фармацевтический комплекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023385
Информация о регистрации в РК: 17.11.2017 - 17.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Инъекцияға арналған су

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін дәрілік түрлерді дайындауға арналған еріткіш

Құрамы

Бір құтыда 5 мл инъекцияға арналған су бар

Сипаттамасы

Иісі және дәмі жоқ, түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Еріткіштер. Басқа емдік емес заттар.

АТХ коды V07AB

Фармакологиялық қасиеттері

Инъекцияға арналған су парентеральді енгізуге арналған дәрілік препараттардың еріткіші ретінде қолданылады. Зат алмасу үдерістері үшін адам денесіне үнемі су қажет. Гидратацияның қанағаттандыратын жағдайын демеу ересектерде күніне 30-45 мл/кг, балаларда - 45-100 мл/кг, емшектегі балаларда - 100-165 мл/кг суды қажет етеді.

Қалыпты жағдайда су несеппен, нәжіспен, термен және тыныс алғанда шығарылады.

Қолданылуы

  • ұнтақтан, лиофилизаттардан және концентраттардан тасымалдаушы немесе сұйылтатын ерітінді ретінде стерильді инъекциялық (инфузиялық) ерітінділерді дайындау үшін

  • тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне енгізу үшін тiкелей қолданар алдында стерильді ерітінді дайындау үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Инъекцияға арналған су инъекциялық енгізу үшін дәрілік және диагностикалық заттардың стерильді ерітіндісін дайындауға арналған. Қолдану тәсілі және дозалары әрбір нақты жағдайда пайдаланылатын дәрілік заттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына сәйкес.

Жағымсыз әсерлері

Инъекцияға арналған суда ерітілген дәрілік затқа байланысты.

Тікелей инъецияланғанда немесе инфузия түрінде енгізілгенде төмен осмостық қысымына байланысты гемолиз қаупі бар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Инъекцияға арналған су, егер басқа еріткішті қолдану қарастырылса, дәрілік және диагностикалық препараттардың еріткіші ретінде қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен: инфузиялық ерітінділермен, инфузия дайындауға арналған концентраттармен, инъекциялық ерітінділермен, ұнтақтармен, инъекция дайындауға арналған құрғақ заттармен араластырғанда сыйымдылығын (химиялық немесе емдік үйлесімсіздік орын алуы мүмкін) көзбен қарап тексеру керек. Инъекцияға арналған майлы ерітінділермен, күйдіру үшін сыртқа қолданылатын дәрілермен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Инъекцияға арналған су еріткіш ретінде ғана қолданылады. Онда осмостық әсері бар заттардың болмауына байланысты оны жекелей енгізгенде гемолиз қаупі пайда болуы мүмкін.

Педиатриялық тәжірибеде қолданылуы

Инъекцияға арналған суды балаларда еріткіш ретінде қолдануға шек қойылмайды. Инъекцияға арналған суда ерітілген дәрілік заттарға байланысты.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға шек қойылмайды. Қолданылуы инъекцияға арналған суда ерітілген дәрілік заттарға байланысты.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инъекцияға арналған су, ерiткiш ретінде зейінді жоғары шоғырландыруды талап ететін көлікті жүргізу және қауіптілдігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Әсері инъекцияға арналған суда ерітілген дәрілік заттарға байланысты.

Артық дозалануы

Тікелей инъецияланғанда немесе инфузия түрінде енгізілгенде төмен осмостық қысымына байланысты гемолиз қаупі бар.

Инъекцияға арналған суда ерітілген дәрілік затқа байланысты.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл инъекцияға арналған су саңырауқұлақ тәрізді тығынмен және алғаш ашылуы бақыланатын алюминий-пластик қалпақшамен тығындалған I гидролитикалық класс түссіз шынысынан жасалған құтыда.

Әр құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

5 құтыдан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен жиынтықта тұтынушы ыдысына арналған аралығы бар картон қорапқа салынады.

Немесе 5 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен жиынтықта тұтынушы ыдысына арналған аралығы бар картон қорапқа салынады.

Қақпақтың жігі мен қорапшаның түбіне алдыңғы және артқы қырымен алғаш ашылуын бақылау үшін таңбаланбаған өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

Топтық қаптама МемСТ 17768-90 сәйкес.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қазақстан Республикасы

100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі, 16

Тел/факс (7212)908051, e-mail: kphk@kphk.kz

Сайт: www.kphk.kz

Прикрепленные файлы

Вода_для_инъекций_Каз.doc 0.06 кб
Вода_для_инъекций_рус.doc 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту