Энап® (2.5 мг) (Enalapril)

МНН: Эналаприл
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Enalapril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012003
Информация о регистрации в РК: 27.07.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 3814/99/04/09/14/20
Информация о регистрации в РБ: 22.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 4.38 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Энап®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эналаприл

Дәрілік түрі

2.5 мг таблеткалар

Құрамы:

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 2.50 мг эналаприл малеаты,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, шеттері қиғашталған ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Ангиотензин конвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштері. Эналаприл

АТХ коды С09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эналаприл асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі, қан сарысуындағы эналаприлдің ең жоғары концентрациясы қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң байқалады. Сіңірілу дәрежесі 60% құрайды және ас ішуге байланысты емес. Сіңгеннен кейін, эналаприл ангиотензин конвертирлеуші ферменттің (АКФ) қуатты тежегіші болып табылатын белсенді зат - эналаприлаттың түзілуімен гидролизге ұшырайды. Қан сарысуындағы эналаприлаттың ең жоғары концентрациясы эналаприл қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң байқалады. Препаратты ішке курстық қолданғанда, эналаприлаттың тиімді жартылай шығарылу кезеңі 11 сағат құрайды. Бүйрек қызметі қалыпты тұлғаларда эналаприлат тепе-тең концентрациясына эналаприл қабылдағаннан бастап 4 күнге қарай жетеді.

Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы емдік дозалар ауқымында - 60%. Көбінесе бүйрек арқылы шығарылады. Несепте анықталатын негізгі метаболиттері шамамен дозаның 40%-ын құрайтын эналаприлат және өзгермеген эналаприл (20% жуық) болып табылады.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

Эналаприл мен эналаприлаттың әсер етуі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде ұлғаяды. Жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (креатинин клиренсі 0,6-дан 1 мл/сек дейін), эналаприлаттың тепе-тең AUC жағдайы («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) күніне бір рет 5 мг дозасын қабылдағаннан кейін бүйрек қызметі қалыпты емделушілердегіден шамамен екі есе жоғары. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуларында (креатинин клиренсі ≤ 0,5 мл/сек) AUC шамамен 8 есе ұлғаяды.

Эналаприлаттың тиімді жартылай шығарылу кезеңі осы деңгейінде бүйрек жеткіліксіздігінен ұзарады.

Эналаприл жүйелі айналымнан гемодиализ көмегімен шығарылады. Диализбен шығарылатын эналаприлат клиренсі 1,03 мл/сек құрайды.

Фармакодинамикасы

Энап® малеин қышқылының және екі амин қышқылы - L-аланин мен L-пролиннің туындысы болып табылатын эналаприлдің тұзы түрінде болады. Ангиотензин конвертирлеуші фермент (АКФ) - ангиотензин I конверсиясын тамыр тарылтатын ангиотензин II түріне катализдейтін пептидил дипептидаза. Сіңірілгеннен кейін, эналаприл АКФ тежейтін эналаприлаттың түзілуімен гидролизденеді. АКФ тежеліcі ангиотензин II плазмалық деңгейінің азаюына апарады, ол қан плазмасындағы ренин белсенділігінің ұлғаюына (рениннің босап шығуының теріс кері байланысы механизмінің жойылуына орай) және альдостерон сөлінісінің төмендеуіне әкеледі. АКФ II киназамен сәйкес келеді. Осылайша, эналаприл вазодилатациялаушы әсер иеленетін пептид - брадикининнің ыдырауын да бөгей алады.

Энаптың® артериялық қысымды реттеуде маңызды рөл атқаратын ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін бәсеңдету арқылы артериялық қысымды төмендететініне қарамастан, препарат тіпті ренині төмен артериялық гипертензиясы бар емделушілерде де артериялық қысымды түсіреді. Артериялық гипертензиясы бар емделушілерге Энап® тағайындау «тұрған» қалыпта да, жатқан қалыпта да жүректің жиырылу жиілігінің елеулі артуынсыз артериялық қысымның түсіп кетуіне әкеледі.

Кейбір емделушілерде артериялық қысымды оңтайлы төмендетуге жету үшін бірнеше емдеу аптасы қажет болады. Энаппен® емдеуді кенет тоқтату артериялық қысымның күрт көтерілуіне әкелмейді.

АКФ белсенділігін тиімді тежеу, әдетте, эналаприлді бір рет ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң дамиды. Гипотензиялық әсер ете бастауы, әдетте, 1 сағат ішінде болады, артериялық қысымды төмендетудің ең жоғары тиімділігі препарат қабылдағаннан кейін 4-6 сағаттан соң байқалады. Әсер ету ұзақтығы дозасына байланысты, бірақ ұсынылған дозаларды пайдаланғанда, гипотензиялық әсері мен гемодинамикалық тиімділіктері 24 сағат бойы сақталады.

Алғашқы артериялық гипертензиясы бар науқастарда артериялық қысымның түсіп кетуі жүрек лықсытуының ұлғаюымен әрі, іс жүзінде, жүректің жиырылу жиілігінің өзгеруінсіз шеткергі артериялық қарсыласудың төмендеуімен қатар жүреді. Эналаприл енгізгеннен кейін бүйрек қан ағымы ұлғаяды, бірақ шумақтық сүзілу жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Натрийдің және судың іркілу белгілері байқалмайды. Дегенмен, егер емге дейін емделушілерде шумақтық сүзілудің төмен шамасы байқалса, онда ол әдетте ұлғаяды. Диабеті бар, сондай-ақ диабеттен зардап шекпеген, бүйрек аурулары бар емделушілерде эналаприл қабылдағаннан кейін альбуминурияның және несеппен IgG (иммуноглобулин) және несептің жалпы ақуызы шығарылуының төмендеуі байқалады.

Тиазидті диуретиктермен біріктіргенде эналаприлдің артериялық қысымды төмендету әсері айқын білінетін болады. Эналаприл диуретиктерден болатын гипокалиемияның дамуын азайтуы немесе болдырмауы мүмкін. Дигиталис препараттарымен және диуретиктермен ем алатын жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эналаприлмен емдеу шеткергі қарсыласуды және артериялық қысымды азайтады. Жүректің жиырылу жиілігі азайған уақытта (әдетте, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жоғары) жүрек лықсытуы артады. Өкпеде қылтамырлық қысым төмендейді. Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының нұсқаулары бойынша, эналаприлмен емдеу дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен ауырлық дәрежесін азайтады. Бұл әсерлер Энаппен® ұзақ емдеу уақыты бойына жалғасады. Жеңіл немесе орташа жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде, Энап® үдемелі жүрек дилатациясын/кеңеюі мен жеткіліксіздігін баяулатады (сол жақ қарынша лықсыту фракциясының, соңғы диастола және систола көлемдерінің азаюы және лықсыту фракциясының жақсаруы). Сол жақ қарынша қызметі бұзылған емделушілерде Энап® негізгі ишемиялық оқиғалар қаупін, миокард инфарктісі ауруын және тұрақсыз стенокардия салдарынан ауруханаға жатулар санын азайтады.

Энап® гипертензиясы және ми қан тамырларының созылмалы ауруы бар науқастарда да ми қан айналымына қолайлы әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- эссенциялық артериялық гипертензия

- бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық гипертензия (сонымен бірге, бүйрек жеткіліксіздігінде және қант диабетінен болатын бүйрек қызметінің бұзылуында)

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- сол жақ қарынша қызметінің белгісі білінбейтін бұзылуы бар емделушілерде (лықсыту фракциясы < 35%) миокард ишемиясының және симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу

Қолдану тәсілі және дозалары

ГипертензияБастапқы доза, емделушінің ахуалына және гипертензия дәрежесіне қарай, 5 мг-ден 20 мг-ге дейін құрайды. Энап® тәулігіне бір рет қабылдану керек. Жеңіл гипертензияда ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 5 мг-ден 10 мг-ге дейін құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі күшті белсенділенген емделушілерде (мысалы, реноваскулярлы гипертензия, тұз және сұйықтық тапшылығы, жүрек жеткіліксіздігі немесе гипертензияның ауыр түрі) емнің басында артериялық қысым шамадан тыс төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай емделушілерге бастапқы 5 мг немесе одан аз дозасы ұсынылады, ал емделуді дәрігердің мұқият қадағалауымен бастау қажет. Диуретиктердің жоғары дозаларымен алдын ала емделу эналаприлмен емдеу басталғанда сұйықтық тапшылығына және гипотензияның пайда болу қаупіне алып келеді. Мұндай емделушілерге бастапқы 5 мг немесе одан аз доза ұсынылады. Мүмкіндігінше, диуретиктермен емдеуді эналаприл емін бастағанша 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Емделу кезінде бүйрек қызметін және қан плазмасындағы калий деңгейін бақылаған жөн. Әдеттегі демеуші дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Ең жоғары доза тәулігіне 40 мг құрайды.

Жүрек жеткіліксіздігі / сол жақ қарынша қызметінің белгісі білінбейтін бұзылуы Бастапқы Энап® дозасы симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінде немесе сол жақ қарынша қызметінің белгісі білінбейтін бұзылуында тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Препараттың артериялық қысымға алғашқы әсер етуін мұқият қадағалау керек.

Жүрек жеткіліксіздігін емдегенде эналаприл малеатын, әдетте, диуретиктермен және бета-блокаторлармен, қажет болса, жүрек гликозидтерімен біріктіріп пайдаланады.

Әсері болмаған жағдайда немесе симптоматикалық гипотензияны тиісінше түзеткеннен кейін жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге ем басталған соң дозаны әдеттегі 20 мг демеуші дозаға дейін біртіндеп арттырған жөн, ол не бір рет тағайындалады, не екі қабылдауға бөлінеді (емделушінің препаратты көтере алуына қарай).

Дозаны осылай реттеуді 2-4 апта ішінде жүргізу ұсынылады. Ең жоғары дозасы тәулігіне екі қабылдауға тағайындалатын 40 мг құрайды.

Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі немесе сол жақ қарынша қызметінің белгісі білінбейтін бұзылуы бар емделушілерде ұсынылатын дозалануын реттеу

Апталар

Күніне мг дозасы

1 апта

1-3 күн аралығы: күніне 2.5 мг бір реттік дозада

4-7 күн аралығы: күніне екі қабылданатын 5 мг

2 апта

бір реттік дозадағы, немесе екі қабылданатын 10 мг

3 апта

бір реттік дозадағы, немесе екі қабылданатын 20 мг

♦Бүйрек қызметі бұзылған және диуретиктер қабылдайтын емделушілерде ерекше сақтану шараларын қадағалау керек.

Энаппен® емдеуге дейін де, емдеуді бастағаннан кейін де артериялық қысым мен бүйрек қызметін мұқият бақылап отырған дұрыс, өйткені препарат қабылдау нәтижесінде гипотензияның және (аса сирек) бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы жөнінде хабарламалар болды. Диуретиктермен ем алатын емделушілерде препарат дозасын, мүмкіндігінше, эналаприлмен емдеу басталғанша азайту керек. Бастапқы эналаприл дозасынан кейін гипотензияның дамуы гипотензияның эналаприлмен ұзақ уақыт емдегенде сақталатынын білдірмейді, әрі препарат қабылдауды тоқтату қажет екенін көрсетпейді. Емдеу кезінде қан плазмасындағы калий мөлшерін де бақылаған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозалануы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эналаприл қабылдаулар арасындағы аралық ұзартылуы және/немесе дозалау азайтылуы тиіс.

Креатинин клиренсі

Күніне бастапқы мг доза

Креатинин клиренсі 0.5 және 1.33 мл/с аралығында

5 мг-ден 10 мг-ге дейін

Креатинин клиренсі 0.16 және 0.5 мл/с аралығында

2.5 мг

Креатинин клиренсі 0.16 мл/с немесе одан аз

2.5 мг диализ жүргізілген күні*

• Эналаприл диализге ұшырайды, дозалануы диализ жүргізілмейтін күндері артериялық қысым деңгейіне қарай реттелуі тиіс.

Егде жастағы емделушілер

Егде емделушілерде доза бүйрек қызметіне сәйкес тағайындалады.

Препарат дозасы үнемі науқастың ахуалына қарай реттеледі.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (1/10)

- көрудің тұмандануы

- бас айналу

- жөтел

- жүрек айну

- астения

Жиі (1/100-ден <1/10-ға дейін):

- бас ауыру, депрессия

- гипотензия (ортостатикалық гипотензияны қоса), естен тану, кеуде тұсының ауыруы, ырғақтың бұзылуы, стенокардия, тахикардия

- ентігу

- диарея, іштің ауыруы, дәм сезудің өзгеруі

- бөрту, бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің аса жоғары сезімталдығы/ангионевротикалық ісінуі

- шаршау

- гиперкалиемия, қан плазмасында креатининнің көбеюі

Жиі емес (1/1,000-нан <1/100-ге дейін)

- анемия (соның ішінде апластикалық және гемолитикалық)

- гипогликемия

- сананың шатасуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, күйгелектік, парестезиялар, бас айналу

- жүрек қағу, миокард инфарктісі немесе церебральді-тамырлық асқынулар*, жоғары қауіп бар емделушілерде

- ринорея, тамақтың ауыруы, қарлығу, бронх түйілу/демікпе

- ішектің бітелуі, панкреатит, құсу, диспепсия, іш қату, анорексия, асқазанның тітіркенуі, ауыздың кеберсуі, пептикалық ойық жара

- терлеу, қышыну, есекжем, алопеция

- бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия

- импотенция

- құрысулар, қан кернеулер, құлақтың шуылдауы, жалпы дімкәстану, қызба

- плазмада мочевинаның ұлғаюы, гипонатриемия

Сирек (1/10,000-нан <1/1,000-ға дейін)

- нейтропения, гипогемоглобинемия, гематокрит санының азаюы,

тромбоцитопения, агранулоцитоз, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі,

панцитопения, лимфаденопатия, аутоиммундық аурулар

- ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы

- Рейно феномені

- өкпе инфильтраттары, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді

пневмония

- стоматит/афтозды ойық жаралар, глоссит

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатиттер, соның ішінде гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық гепатит, некрозды қоса, холестаз, сарғаю

- мультиформалы эритема, Стивен-Джонсон синдромы, эксфолиативті

дерматит, уытты эпидермалық некролиз, сулы бөртпе, эритродермия

- олигурия

- гинекомастия

- бауыр ферменттерінің ұлғаюы, қан плазмасында билирубин жоғарылауы

Өте сирек (<1/10,000)

- ішектік ангио-ісіну

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкіндігі жоқ)

- антидиуретиктік гормонның дұрыс сөл бөлмеу синдромы (АДГДС)

* Аурушаңдық коэффициенті плацебодағы және клиникалық сынақтарда белсенді бақыланатын плацебо топтарындағы осындай мәнмен салыстырмалы болды.

Белгілер кешені болды: қызба, серозит, васкулит, миалгия/миозит, артралгия/артрит, антинуклеарлы антиденелерге (ANA) оң тест, ЭШЖ жылдамдауы, эозинофилия және лейкоцитоз. Сонымен бірге бөрту, фотосенсибилизация және басқа дерматологиялық көріністер болуы мүмкін.

Күрделі жағымсыз әсерлер пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эналаприлге, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа АКФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық

- АКФ тежегіштерін алдыңғы қолданумен байланысты сыртартқыдағы ангионевротикалық ісіну

- тұқым қуалайтын және идиопатиялық ангионевротикалық ісіну

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Калий жинақтаушы диуретиктер, тағамдық калий қоспалары

АКФ тежегіштері диуретиктерден болатын калийдің кемуін азайтады. Калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), қан сарысуында калий деңгейін арттыратын басқа препараттар, (мысалы, гепарин), калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар қолдану гиперкалиемияға алып келеді. Сондықтан да осы сипаттағы бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Гипокалиемияға орай бір мезгілде қолдану қажет болса, оларды абайлап, әрі қан плазмасындағы калий деңгейін жиі бақылаумен пайдалану қажет.

Диуретиктер (тиазидті немесе ілмекті диуретиктер)

Диуретиктердің жоғары дозаларымен алдын ала емделу, эналаприл емі басталғанда, сұйықтық тапшылығына және гипотензияның пайда болу қаупіне алып келеді. Гипотензиялық әсері диуретиктер қабылдауды тоқтатуға, тұз және сұйықтықты көп тұтынуға немесе эналаприллің төмен дозасымен емдеудің басталуына орай төмендеуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы басқа препараттар

Осы препараттарды бір мезгілде қолдану эналаприлдің гипотензиялық әсерін арттырады. Нитроглицеринмен, басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көп түсіп кетуіне алып келеді.

Литий Литий мен АКФ тежегіштерін бірге қолданғанда қан плазмасындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылығы жөнінде хабарланды. Тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану литий деңгейінің одан да көп артуына және литиймен уыттану қаупіне әкеледі. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ, қажет болса, плазмадағы литий деңгейінің мұқият мониторингін жүргізген жөн.

Үш циклды антидепрессанттар және/немесе психозға қарсы препараттар және/немесе анестетиктер және/немесе есірткілер

Белгілі бір анестетиктер, үш циклды антидепрессанттар және нейролептиктерді АКФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның қосымша төмендеуіне әкеледі.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

Ұзақ уақыт ҚҚСП қабылдау АКФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді. ҚҚСП (ЦОГ-2 тежегіштерін қоса) және АКФ тежегіштері қан плазмасындағы калий деңгейінің артуына аддитивті әсерін көрсетеді, бұл бүйрек қызметін нашарлатады. Бұл әсер, әдетте, қайтымды. Сирек жағдайларда, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (егде жастағы емделушілер немесе ауыр түрдегі гиповолемиясы бар, соның ішінде диуретиктер қабылдайтын емделушілер) жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болады. Қатарлас емдеу басталғаннан кейін және емдеу кезінде әлсін-әлсін емделушілерді тиісінше гидратациялау және бүйрек қызметін бақылау қажет.

Алтын препараттары Эналаприл қамтылатын АКФ тежегіштерімен және алтын препараттарының инъекцияларымен (натрий ауротиомалаты) бір мезгілде емдегенде сирек жағдайларда нитритоидты реакциялар (беттің қызаруы, жүрек айну, құсу және артериялық гипотензия) жөнінде хабарланды.

Диабетке қарсы препараттар

Эпидемиологиялық зерттеулер АКФ тежегіштерін және диабетке қарсы препараттарды (инсулин, ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер) бір мезгілде қолдану гипогликемияның даму қаупімен қантты қатты төмендету әсерін туғызады. Бұл құбылыс біріктіріп емдеудің алғашқы апталары кезінде және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жиі байқалады.

Алкоголь

Алкоголь АКФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Симпатомиметиктер Симпатомиметиктер АКФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін азайтады.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер және ß-блокаторлар Эналаприлді ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитиктермен және бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолдану қауіпсіз.

Айрықша нұсқаулар

Симптоматикалық гипотензия

Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензияны емдегенде сирек кездеседі, бірақ сұйықтық тапшылығы бар емделушілерде дамуы мүмкін (диуретиктік ем, тұзы шектелген емдәм, гемодиализ, іш өту немесе құсу). Бүйрек жеткіліксіздігімен астасқан немесе онсыз жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде симптоматикалық гипотензия пайда болады. Ол жоғары дозаларда ілмекті диуретиктер қабылдайтын ауырлау дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі, гипонатриемиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде де пайда болады. Бұл емделушілерде эналаприл және/немесе диуретик дозасын өзгертуді және емделуді мұқият медициналық бақылаумен бастау қажет. Артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкелетін стенокардиясы немесе цереброваскулярлы ауруы бар емделушілерді емдегенде осындай қауіпсіздік шараларын жүргізген жөн.

Артериялық гипотензия пайда болғанда емделушіні жатқан қалыпқа көшіріп, қажет болса, 0,9% натрий хлориді ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу жолымен плазма көлемін ретке келтіру керек. Транзиторлы артериялық гипотензия әріқарай эналаприл қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды. АҚ қалыптанғаннан кейін, әдетте, қосымша көлем енгізу арқасында, препараттың кейінгі дозаларын емделушілер жақсы көтере алады.

Артериялық қысымы қалыпты немесе төмен, жүрек жеткіліксіздігі бар кейбір емделушілерде эналаприл қолданған кезде артериялық қысымның қосымша төмендеуі болады. Мұндай әсер күтіледі, әрі әдетте, емдеуді тоқтатуға негіз болып саналмайды. Егер гипотензия симптоматикалық сипатта болса, міндетті түрде, диуретиктер және/немесе эналаприл дозасы азайтылады және/немесе қолдану тоқтатылады.

Аортальді және митральді клапан стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатияБарлық вазодилататорлар сияқты, АКФ тежегіштерін сол жақ қарыншасының шығару жолы тарылған емделушілерді емдегенде абайлап қолданып, кардиогенді шок және сол жақ қарынша шығару жолының гемодинамикалық маңызды тарылу жағдайларын болдырмау қажет.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі <1,33 мл/с) бастапқы дозаны креатинин клиренсіне қарай, сосын емдеуге болатын реакцияға орай таңдаған дұрыс.

Плазмадағы креатинин деңгейін және калий деңгейін ұдайы бақылау қажет. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артериясының стенозын қоса, жасырын түрдегі бүйрек аурулары бар емделушілерде эналаприлмен емделу кезінде бүйрек жеткіліксіздігі пайда болады. Бұл операциялық және тиісінше емдеуде, әдетте, қайтымды.

Көрінбейтін бүйрек аурулары бар, бірақ олар бұрыннан келе жатқан кейбір емделушілерде эналаприлді диуретиктермен бір мезгілде қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы мочевина және креатинин деңгейлерінің мардымсыз әрі өткінші жоғарылауы туындады. Сондықтан АКФ тежегішінің дозасын азайту және/немесе диуретиктерді тоқтату қажет болуы мүмкін. Бұл жағдай жасырын түрдегі бүйрек артериясы стенозының туындауына түрткі болады.

Реноваскулярлы гипертензия

Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз қызмет атқаратын бүйрек артериясының стенозы бар емделушілер АКФ тежегіштерімен ем қабылдаған кезде артериялық гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі бар. Қан плазмасындағы креатинин деңгейінің орташа өзгерістерінде ғана бүйрек қызметін жоғалтып алуға болады. Мұндай емделушілерге емді төмен дозалардан әрі дәрігердің мұқият қадағалауымен бастаған дұрыс; емдеу кезінде дозаны сақтықпен титрлеп, бүйрек қызметін бақылау қажет.

Бүйрек трансплантациясы

Тәжірибенің болмауына орай, эналаприлмен емдеу таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған емделушілерге ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

АКФ тежегіштерімен емдеу кезінде сирек жағдайларда холестатикалық сарғаюдан басталып, артынан бауырдың фульминантты некрозына дейін үдейтін, ал (кейде) өліммен аяқталатын синдромның дамуы мүмкін. Бұл синдромның даму механизмі түсініксіз. Егер АКФ тежегішін қабылдау кезінде сарғаю немесе бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы болса, қабылданған препаратты дереу тоқтату керек, ал емделуші тиянақты қадағалауда болып, қажет болса, талапқа сай ем алуы тиіс.

Нейтропения және агранулоцитоз

АКФ тежегіштерін қабылдаған емделушілерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемияның даму жағдайлары болды. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде басқа асқынулар болмаған кезде нейтропения сирек дамиды.

Эналаприлді аллопуринол немесе прокаинамид, иммунодепрессанттармен бір мезгілде емделіп жүрген, сондай-ақ осы факторлар қосылған коллагеноздары (мысалы, жүйелі қызыл жегі, склеродермия) бар емделушілерде, әсіресе бүйрек қызметінің бұрыннан бар бұзылуларында өте үлкен сақтықпен қолдану қажет. Мұндай емделушілерде антибиотиктермен қарқынды ем қонбайтын ауыр жұқпалар дамуы мүмкін. Препарат тағайындалғанда қандағы лейкоциттер мөлшерін әлсін-әлсін бақылау ұсынылады. Емделушіге жұқпаның қандай да бір белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралуы қажет екені жөнінде ескертілуі тиіс.

Жоғары сезімталдық және ангионевротикалық ісіну

Эналаприл қамтылатын АКФ тежегіштерін қабылдаған емделушілер арасында бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуінің дамуы жөнінде сирек жағдайларда хабарланды. Ол емдеу барысындағы кез келген уақытта пайда болады. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатып, емделушіде белгілердің толық басылуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Тіпті, тыныс алудың бұзылуынсыз, тілдің ісінуі ғана пайда болатын жағдайлардың өзінде емнің тиімділігі үшін жеткіліксіз болуы мүмкін гистаминге қарсы препараттармен және кортикостероидтармен емдегеннен кейін емделушінің ахуалын ұзақ уақыт қадағалау қажет болады. Өте сирек жағдайларда тілдің және көмейдің ісінулері кезінде өліммен аяқталу болды. Тіл, дауыс саңылауы немесе көмей ісінулері бар емделушілер, әсіресе, тыныс жолдарына операция жасатқан емделушілер тыныс алу жолдарының тарылуын сезінуі ықтимал. Егер тіл, дауыс саңылауы немесе көмейдің ісінуі тыныс жолдары тарылуының даму қатерін төндірсе, ең қысқа мерзімдерде шұғыл ем жүргізу - адреналин 1:1000 (0.3-0.5 мл) ерітіндісін тері астына енгізу және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет.

АКФ тежегіштерін алған қара нәсілді емделушілерде Квинке ісінуі, хабарланғандай, қара нәсілді еместермен салыстырғанда, жиірек болды.

АКФ тежегіштерінің емімен байланыссыз Квинке ісінуін бұрын өткерген емделушілерде АКФ тежегіштерін қабылдау кезінде ангионевротикалық ісіну қаупі жоғары болады.

Жарғақты-қанатты десенсибилизация кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

АКФ тежегіштерін ара немесе аса уымен десенсибилизациялау курсы кезінде алатын емделушілерде сирек жағдайларда өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Бұл реакциялардың дамуын әр десенсибилизация шарасы алдында АКФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы болдырмауға болады.

ТТЛП аферезін жүргізу кезіндегі​​ анафилактоидтық реакциялар

АКФ тежегіштерін декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндерді (ТТЛП) аферездеу кезінде алатын емделушілерде сирек жағдайларда өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Бұл реакциялардың дамуын әр аферез шарасы алдында АКФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы болдырмауға болады.

Гемодиализде жүрген емделушілер

Жоғары сезімталдықтың, анафилактоидтық реакцияның дамуы жөнінде полиакрилнитрилді жарғақшалар (AN 69) пайдаланылатын гемодиализде жүрген және АКФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдаған емделушілер арасында хабарланды. Гемодиализ жүргізу қажет болғанда жарғақшалардың басқа типін пайдалану, әлде емделушіні гипертензияға қарсы агенттердің басқа класынан лайықты препарат қабылдауға көшіру керек.

Гипогликемия Ішуге арналған диабетке қарсы препараттар немесе инсулин алатын қант диабеті бар емделушілерде АКФ тежегіштерімен емделген алғашқы айда қандағы қант деңгейін мұқият бақылау қажет.

Жөтел АКФ тежегіштерімен емдеу кезінде тұрақтанған, құрғақ, өнімсіз жөтел болып, ол емді тоқтатқаннан кейін басылады. Мұны жөтелдің салыстырмалы диагностикасының бөлігі ретінде қарастыру керек.

Хирургиялық операция және анестезия

Гипотензиялық препараттар қабылдайтын емделушілерде жалпы жансыздандыру жасалған ауқымды хирургиялық операциялардан кейін эналаприл рениннің компенсаторлық босап шығуы салдарынан ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер дәрігер артериялық гипотензияның осы механизмін жорамалдаса, емдеуді айналымдағы қан көлемін молайтуға бағыттауға болады.

ГиперкалиемияЭналаприл қамтылатын АКФ тежегіштерін алған кейбір емделушілерде қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауы байқалды. Гиперкалиемияны дамытатын қауіп факторларына бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің нашарлауы, жас ерекшелігі (> 70 жас), қант диабеті, аралық оқиғалар, атап айтқанда, сусыздану, жедел жүрек жеткіліксіздігі, метаболикалық ацидоз және калий жинақтаушы диуретиктерді (спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), калий қоспаларын және құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде қолдану, сондай-ақ қан плазмасында калий деңгейін арттыратын басқа препараттар (мысалы, гепарин) қабылдау жатады. Калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар немесе калий жинақтаушы диуретиктер пайдалану, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде қан плазмасындағы калий деңгейінің едәуір артуына алып келеді. Гиперкалиемия күрделі, кейде өлім-жітімді аритмияның пайда болуына түрткі болады. Егер эналаприлді жоғарыда аталған агенттердің кез келгенімен бір мезгілде пайдалану мақсатқа сай болып есептелсе, онда оларды абайлап қолданып, қан плазмасындағы калий деңгейін жиірек тексеру керек.

ЛитийЛитий мен эналаприлді біріктіріп пайдалану ұсынылмайды.

Этникалық айырмашылықтар

Басқа да ангиотензин конвертирлеуші фермент тежегіштері сияқты, қалғандарына қарағанда, қара нәсілді адамдарда эналаприлдің артериялық қысымды төмендету тиімділігі аз, бұл төмен ренин статусының аса көп таралуынан болуы мүмкін.

Энап® құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмау, Лапп лактазаның тапшылық кінәраттары немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарған кезде бас айналу және қажу ықтималдығын ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат қабылдағаннан кейін шамамен 6 сағаттан соң басталатын айқын артериялық гипотензия. Артық дозаланумен байланысты белгілерге айналымдық шок, электролиттік бұзылулар, бүйрек жеткіліксіздігі, асқын желдетілу, тахикардия, жүрек қағуын сезіну, брадикардия, бас айналу, мазасыздық және жөтелу жатады.

Емі: көктамыр ішіне физиологиялық ерітінді құю. Мүмкіндігінше, ангиотензин ІІ инфузиясымен емдеуді және/немесе көктамыр ішіне катехоламиндер енгізуді қарастыруға да болады. Препарат сіңуін болдырмау шараларын қабылдау қажет (мысалы, құстыру, асқазанды шаю, абсорбенттер мен натрий сульфатын енгізу). Эналаприлатты жүйелі қан айналымынан гемодиализ көмегімен шығаруға болады (эналаприлаттың шығарылу жылдамдығы - 62 мл/мин).

Емдеуге төзімді брадикардия кезінде кардиостимуляция емі көрсетілген. Организм жай-күйінің негізгі көрсеткіштерін, электролиттер концентрацияларын және қан плазмасындағы креатининді үнемі бақылауда ұстау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан үш қабатты үлбірден (нысаналанған полиамид/алюминий/поливинилхлорид) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі

ҚР, 050059,

Алматы қ., Әл Фараби д-лы 19, 1б корпус, 2-ші қабат.

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

www.krka.si

 

Прикрепленные файлы

673763351477976856_ru.doc 149.5 кб
713755301477978016_kz.doc 178 кб
3814_99_04_09_14_20_p.pdf 0.97 кб
3814_99_04_09_14_20_s.pdf 1.74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ