Хондроксид® Плюс

МНН: Хондроитина сульфат
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020295
Информация о регистрации в РК: 24.12.2018 - 24.12.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Хондроксид® Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем, 30 г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді заттар – хондроитин натрий сульфаты 50 мг

мелоксикам 10 мг,

қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті [цетил және стеарил спирті қосындысы 90 % көп емес, стеарил спирті 40 % кем емес], сұйық парафин, вазелин, имидомочевина, натрий дисульфиті, су.

Сипаттамасы

Диметилсульфоксидтің иісі бар, жасылдау реңді ақшыл-сарыдан жасылдау реңді сары түске дейінгі крем

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды M02AХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сипатталмаған

Фармакодинамикасы

Хондроксид® Плюс кремнің біріктірілген әсері бар: остеоартроз бен остеохондроздың үдеуін баяулатады, ауыруды басатын әсер береді, буындар қозғалысы көлемінің ұлғаюына (крем жаққан тұста) ықпал етеді, қабынуға қарсы әсері бар, буындар домбығуын азайтады. Крем компоненттерінің ұтымды үйлесіміне орай олардың ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерлерінің өзара күшеюі байқалады.

Хондроитин сульфаты – шеміршек тінінің табиғи компоненті болып табылатын жоғары молекулалық мукополисахарид. Хондроитин сульфаты шеміршек тінінде фосфор-кальций алмасуын жақсартады, шеміршек тінінің зақымдануын туғызатын ферменттерді тежейді, шеміршек тіні дегенерациясы үдерістерін (бұзылулары) тежейді, гликозаминогликандар синтезін көтермелейді, буынның шеміршек беткейлері регенерациясына (қалпына келуіне) ықпал етеді, олардың репарация үдерістерін жылдамдатады, дәнекер тіндер коллапсына кедергі тудырады. Бұл зақымданған буындар ауыруының азаюы мен қозғалғыштығының артуына әкеледі.

Мелоксикам – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі, қабынуға қарсы, анальгетикалық әсерге ие. Мелоксикам циклооксигеназа 2 таңдамалы тежейді, арахидон қышқылы метаболизмін бұзады, қабыну ошағында простагландиндер санын (ауыру және қабыну медиаторларын) азайтады. Мелоксикам хондронейтралды препарат болып табылады, шеміршек тініне жағымсыз әсері жоқ, буын шеміршегі хондроциттерімен протеогликанның синтезделуіне әсер етпейді.

Қолданылуы

  • тірек-қимыл аппаратының дегенеративтік-дистрофиялық ауруларында (остеоартрозды, омыртқа остеоартрозы және ісіну мен ауыру синдромы қатар жүретін бұлшықет пен буынның өзге де ауруларын емдеу және алдын алу)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Кремнің ұзындығы 1-ден 5 см дейінгі жолағын жеңіл уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Препараттың қажет мөлшері ауыратын аймақтың өлшеміне байланысты. Препаратты жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет. Емдеу курсы көрсетілімдерге және байқалатын әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңескен жөн.

Жағымсыз әсерлері

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, қызару, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі)

  • жанаспалы дерматит, буллезді дерматит, пустулезді бөртулер

  • бронхоспастикалық реакциялар, демікпе (бейім емделушілерге мелоксикамді қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді тағайындағаннан кейін)

  • фотосенсибилизация реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне, сондай-ақ басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге аса жоғары сезімталдық

  • препарат жаққан аймақтағы тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ашық жараларға тигізіп алмай, тек зақымданбаған теріге ғана жағу керек. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға тиіп кетуін болдырмаған жөн.

Хондроксид® Плюс кремін басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданар алдында, сондай-ақ препаратты 2 аптадан артық пайдалану қажет болғанда дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тыныштандыру әсерін, психомоторлық бұзылуларды туындатпайды және автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Сыртқа қолданғанда препарат белсенді компоненттерінің жүйелі сіңірілуі өте төмен болуына байланысты іс жүзінде артық дозалануы мүмкін емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г-ден алюминий немесе ламинатты полиэтилен сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

20 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Хондроксид® Плюс 04.12.2013

Прикрепленные файлы

997275271477976789_ru.doc 53 кб
671730871477977944_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники