Фромилид® (250 мг)

МНН: Кларитромицин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009681
Информация о регистрации в РК: 05.08.2016 - 05.08.2021
Номер регистрации в РБ: 3225/98/03/08/13/14/17/18
Информация о регистрации в РБ: 27.08.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 40.23 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фромилид®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг және 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 250 мг немесе 500 мг кларитромицин,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза 101, микрокристалды целлюлоза 102, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, желатинденген крахмал, калий полакрилині, тальк, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 cps, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Екі жағы дөңес, сопақша пішінді, ашық қоңыр-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған микробтарға қарсы препараттар. Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01FА09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кларитромицин асқазан сөлінде тұрақты. Биожетімділігі ішу арқылы қабылданатын дозаның шамамен 55 % құрайды. Ас абсорбцияны баяулатуы мүмкін, бірақ кларитромициннің биожетімділігіне айтарлықтай әсер етпейді. Кларитромициннің 20 %-ға жуығы биологиялық әсері бойынша кларитримицин әсеріне ұқсас 14-гидроксикларитромицинде жылдам метаболизденеді. Дені сау еріктілерде кларитромицин сарысудағы концентрациясына ішу арқылы қабылданатын доза шамасына пропорционалды жетеді. Ішке қабылдағаннан кейін, кларитромицин сарысудағы ең жоғарғы концентрациясына 3 сағатта жетеді. Кларитромициннің 250 мг бір реттік ішу арқылы қабылданатын дозасын қабылдағаннан кейін орташа концентрация 0.62 мкг/мл-ден 0.84 мкг/мл дейінді құрайды; кларитромициннің 500 мг бір реттік дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін, ол 1.77 мкг/мл -ден 1.89 мкг/мл дейінді құрайды. 250 дозаны қабылдағаннан кейін 14-гидроксикларитромицинннің, яғни метаболиттің сәйкес концентрациялары 0.4 мкг/мл-ден 0.7 мкг/мл дейінді және 500 мг қабылдағаннан кейін 0.67 мкг/мл-ден 0.8 мкг/мл дейінді құрайды. 250 мг дозаны қабылдағаннан кейін «концентрация –уақыт» қисығының астындағы аудан 4 мкг/мл/ сағат және 500 мг дозаны қабылдағаннан кейін 11 мкг/мл/сағат құрайды.

250 мг кларитромицинді күніне екі рет қабылдағанда бесінші дозадан кейін тұрақты концентрациясына қол жетеді; бұл арада кларитромициннің ең жоғарғы концентрациясы 1 мкг/мл, және 14-гидроксикларитромициндікі - 0,6 мкг/мл құрайды.

Әр 12 сағат сайын дене салмағына қарай 7,5 мг/кг ішу арқылы қабылданатын кларитромицин қолданатын балаларда тұрақты жай-күйінің ең жоғары концентрациясы 3 мкг/мл-ден 7 мкг/мл дейінді, ал 14-гидроксиметаболиттің тиісінше концентрациясы - 1 мкг/мл-ден 2 мкг/мл дейінді құрайды.

Таралуы

Макролидтерде ионизациялану деңгейі төмен, олар майларда ериді, бұл олардың организмнің тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Жалпы, кларитромицин тіндерде сырсудағыға қарағанда 10 есе дерлік артық концентрацияға жетеді. Жоғарғы концентрациялары өкпеде, (8,8 мг/кг), бадамша бездерінде (1,6 мг/кг), мұрынның шырышты қабығында, теріде, сілекейде, альвеолярлы жасушаларда, қақырықта және ортаңғы құлақта табылады. Бір реттік 250 мг және/немесе 500 мг дозаны дені сау адамдар қабылдағанда кларитромициннің таралу көлемі 226 -дан 266 л дейінгіні немесе 2,5 л/кг құрайды. 14-гидроксикларитромициннің таралу көлемі 304-тен 309 л дейінді құрайды. Кларитромициннің сарысу ақуыздарымен байланысуы мардымсыз және кері қайтымды.

Метаболизмі және шығарылуы

Кларитромицин бауырда метаболизденеді. Ең аз дегенде 7 метаболиті табылған. Олардың ішінен ең маңыздысы биологиялық әсері бойынша кларитримициннің әсеріне ұқсас 14-гидроксикларитромицин болып саналады. Кларитромицин метаболит түрінде немесе өзгермеген түрде несеппен шығарылады, аз пайызы – нәжіспен (4 %). 250 мг дозаның, шамамен, 20 % және 500 мг дозаның 30 % өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Препараттың дозасының 10-нан 15 %-ға дейінгі несеппен 14-гидроксикларитромицин түрінде шығарылады.

Тәулігіне 2 рет 250 мг-ден қабылданған кларитромициннің жартылай шығарылу уақыты 3-тен 4 сағатқа дейінді, ал 500 мг-ден қабылданған болса – 5-тен 7 сағатқа дейінді құрайды.

Фармакокинетикасына жасының және ауруларының әсері

Балалар: зерттеулерге сәйкес, дене салмағынав 7,5 мг/кг дозадағы кларитромицин фармакокинетикасы күніне екі рет қабылдағандағы ересектердікіндей.

Егде жастағы пациенттер: нәтижелер егер оларда бүйрек функциясының ауыр бұзылулары болмаса, егде жастағы пациенттер үшін препарат дозасын түзету талап етілмейтінін көрсетеді.

Аурулар: 200 мг кларитромицинді қабылдағаннан кейін ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қисық астындағы (AUC) ең жоғарғы концентрациясы мен ауданының жоғарылауы және кларитромициннің шығарылуының төмендеуі байқалады. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дені сау ересектермен салыстырғанда кларитромициннің жалпы шығарылуы 26,5%-дан 3,3% дейін төмендеген. Сондықтан, ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың дозасын төмендету немесе дозаларды қабылдау аралығын ұзарту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қандағы кларитромициннің тұрақты концентрациясы дені сау адамдардағымен салыстырғанда айырмашылығы жоқ, бірақ 14-гидроксиметаболит концентрациясы бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда аз.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Кларитромицин эритромицин туындысы, жартылай синтетикалық макролидті антибиотик болып табылады. Макролидтер рибосоманың 50S -суббірліктерінің Р-бөлігімен кері қайтымды байланысады және ақуыз синтезін тежейді. Бұл бактериялық жасушалардың қалыпты функциясының бұзылуына әкеледі. Адам жасушаларының рибосома құрылымының әртүрлілігі жоғары болуынан макролид бұл рибосомалардың байланысуын болдырмайды, бұл адамдағы макролид уыттылығының төмендігінің себебі болуы ықтималы. Кейбір бактерияларда хлорамфеникол және линкозамидтер Р-бөліктерін байланыстыру үшін макролидтермен бәсекелеседі, бұл антагонистік әсерге әкеледі.

Кларитромициннен басқа, сондай-ақ оның белсенді метаболиті кларитромицин 14-гидроксикларитромицин де тиімді. Бұдан басқа, ол кларитромицинге қарағанда H.influenzae қатысты екі есе тиімді. Макролидтердің алғашқы әсері – бактериостатикалық. Дегенмен олардың әсері антибиотик тағайындалғанда макролид мөлшеріне, ішіндегі бактериялар мөлшеріне және бактериялардың өмір сүру циклы сатысына тәуелді. Кларитромицин, басқа да макролидтер сияқты, атап айтқанда Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae, Moraxella catarrhаlis қатысты бактерицидті әсер көрсетуі мүмкін.

Бүгінгі таңдағы макролидтермен зерттеулер макролидтердің тиімділігін болжау үшін ең жақсы көрсеткіш осы антибиотиктің сарысудағы концентрациясының ЕТБК (ең төмен бәсеңдететін концентрация) жоғары

мезгілі болып табылатындығын көрсетеді.

Бактерияға қарсы тиімділігі

Кларитромицин аэробтар, анаэробтар немесе факультативті анаэробтар, басқа бактериялар (микоплазмалар, уреаплазмалар, хламидиялар, легионеллалар) және атипиялық микобактериялар сияқты клиникалық маңызды көптеген грам-оң және грам-теріс бактерияларға бактериостатикалық және бактерицидті әсер етеді.

Кесте 1 Кларитромицинге сезімтал бактериялар

Аэробтар, грамм-оң бактериялар

Аэробтар, грамм-теріс бактериялар

Анаэробты бактериялар

Streptococcus pyogenes

Haemophilus influenzae

Грамм-теріс бактериялар

Streptococcus pneumoniae

Moraxella catarrhalis

Eubacterrium spp.

Staphylococcus aureus, метициллинге сезімтал

Legionella pneumophila

Clostridium perfringens

Streptococcus agalactiae

Neisseria gonorrhoeae

Peptococcus spp.

Streptococcus viridans

Helicobacter pylori

Peptostreptococcus spp.

Corynebacterium spp.

Campylobacter jejuni

Propionibacterium acnes

Listeria monocytogenes

Bordetella pertussis

 

Bacillus spp.

Pasteurella multocida

Грамм-теріс бактериялар

   

Bacteroides spp.

   

Bacteroides fragilis

   

Prevotella melaninogenica

Басқа микроорганизмдер

Chlamydia pneumoniae Mycobacterium avium complex

Chlamydia trachomatis Mycobacterium fortuitum

Mycoplasma pneumoniae Mycobacterium chelonae

Ureaplasma urealyticum Mycobacterium kansasii

Bоrrelia burgdorferi Mycobacterium xenopi

Toxoplasma gondii Mycobacterium leprae

Кларитромицинге бактерияның сезімталдығын анықтау үшін сұйылту әдісіне негізделген Клиникалық зертханалық стандарт бойынша Ұлттық комитетінің (NCCLS) стандарттық рәсімі пайдаланылады. Егер ЕТБК ≤ 2 мкг/мл және төзімді, егер ЕТБК ≥ 8 мкг/мл болса бактерия кларитромицинге сезімтал. Streptococcus pneumoniae қоса, стрептококктар үшін сезімталдық шегі ЕТБК ≤ 0,25 мкг/мл, және төзімділігінің шегі ЕТБК ≥1,0 мкг/мл. Егер ЕТБК ≤ 8 мкг/мл Haemophilus influenzae сезімтал және егер ЕТБК ≥ 32 мкг/мл болса тұрақты. Еуропалық микробқа қарсы препараттардың төзімділігін қадағалау жүйесіндегі 28 мүше-ел (EARSS) 2004 жылы 1999-2002 жылдар кезеңіндегі Streptococcus pneumoniae үшін инвазивті штаммдар төзімділігі бойынша деректерді жариялады. Пневмококктардың пенициллинге жалпы төзімділігі 10%, эритромицинге - 17% құрады, пневмококктардың 6% пенициллинге де, сондай-ақ эритромицинге де төзімді болды. Пенициллинге және эритромицинге төзімділігі Оңтүстік Еуропа елдерінде, әсіресе Испания және Францияда (25% астам) жоғары болды.

Қолданылуы

- ЛОР-мүшелерінің, жоғарғы және төменгі тыныс алу

жолдарының инфекцияларында (тонзиллофарингит, ортаңғы отит, жедел синусит,

жедел бактериялық бронхит, созылмалы бронхиттің

асқынуы, ауруханадан тыс пневмония, атипиялық пневмония)

-тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары

-микобактериялардан (М.avium complex, М.kansasii, М.marinum,

М.leprea) туындаған инфекциялар және олардың ЖИТС-ке шалдыққан

науқастардағы профилактикасында

-он екі елі ішектің немесе асқазанның ойық жарасы ауруы бар пациенттердегі Helicobacter pylori эрадикациясында біріктірілген емнің құрамында

  • препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған басқа инфекциялық-

қабынбалы ауруларды емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды сындырмау керек. Таблеткаларды тұтасымен, азырақ мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, жұтады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 250 мг-ден әр 12 сағат сайын тағайындайды.

Синусит, ауыр инфекциялар мен Haemophilus influenzae туындатқан инфекцияларды емдеу үшін 500 мг-ден әр 12 сағат сайын тағайындайды

Он екі елі ішекте немесе асқазанда ойық жарасы бар пациенттердің Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емнің құрамында, 500 мг-ден тәулігіне 2 рет, әдетте 7 күн бойына тағайындайды.

Мycobacterium avium complex туындатқан инфекцияларды емдеу және профилактикасы үшін әр 12 сағат сайын 500 мг-ден тағайындау керек. Ең жоғарғы тәуліктік доза 2 г құрайды. Mycobaterium avium туындатқан инфекцияларды емдеу ұзақ жүреді.

Әдетте ем ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейінді құрайды.

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларға ішке қабылдауға арналған суспензияны, әдетте екі рет қабылдауға бөлінген тәулігіне дене салмағына 15 мг/кг дозада тағайындайды.

6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромицин суспензиясын пайдалана отырып клиникалық сынақтар жүргізілді. Сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромицин, ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктерді тағайындау керек.

Mycobacterium avium complex диссеминацияланған инфекциясының балалардағы емі және профилактикасы үшін тәулігіне екі рет қабылдауға дене салмағына қарай 15 мг/кг тағайындайды. Балалар үшін ең жоғарғы тәуліктік доза 1 г құрайды.

Mycobacterium avium complex инфекциясының емі ұзағырақ болады. Mycobacterium avium complex инфекциясы бар 6 айға дейінгі балалардағы және 20 айға дейінгі балаларда кларитромициннің тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізілмеген.

Әдетте балалардағы емдеу ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейінді құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Әлсіз және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге егер бүйрек функциясы қалыпқа сай болса, препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге кларитромицин дозасын 2 есе азайту керек, яғни 250 мг тәулігіне бір рет немесе инфекциялардың ауырлау түрлерінде тәулігіне екі рет 250 мг. Бұндай пациенттерді емдеуді 14 күннен асырмау керек.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздігінің жиынтық бейіні

Кларитромицинмен емделгенде ересектердегі және балалардағы ең жиі және жалпы жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Әдетте бұл жағымсыз реакциялардың айқындығы елеусіз және макролидтер тобының антибиотиктерінің белгілі қауіпсіздік бейінімен сәйкес келеді (төмендегі «Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесін» қараңыз).

Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялар бақыланған немесе болмаған пациенттер тобының арасындағы бұл жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінде елеулі айырмашылықтар анықталмаған.

Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі

Келесі кестеде клиникалық зерттеулер кезінде және кларитромицинді дереу босап шығатын таблеткалар, ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, ұзақ әсер ететін таблеткалар түрінде маркетингтен кейін қолданылғанда туындаған жағымсыз әсерлері көрсетілген.

Кларитромицинге байланысты болуы мүмкін жағымсыз әсерлер ағзалар жүйесінің кластары бойынша және туындау жиілігі бойынша өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10, 000 - <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10, 000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес) ретінде берілген.

Пайда болу жиілігі бойынша әр топтың аясындағы жағымсыз әсерлер күрделілігі бойынша азаю тәртібінде берілген, бұл арада күрделілігі бағалануы мүмкін.

Жиі

  • ұйқысыздық

-дисгевзия, бастың ауыруы, дәм сезінудің өзгеруі

  • диарея8, жүрек айнуы, диспепсия, құсу, іш аумағының ауруы

  • бауырдың функциялық тесттерінің қалыптан ауытқуы

  • бөртпе, гипергидроз

Жиі емес

  • гастроэнтерит1 кандидозы, инфекция2, қынаптық инфекция

  • лейкопения, нейтропения3, тромбоцитопения2, эозинофилия3

  • аса жоғары сезімталдық

  • анорексия, тәбеттің төмендеуі

  • үрейлену, күйгелектік2, айқайлап жіберу2

  • бастың айналуы, ұйқысыздық 5, тремор

  • бастың айналуы, естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл

  • ЭКГ-де QT6 аралығының ұзаруы, жүрек қағуды сезіну

  • мұрыннан қан кету1

  • гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру1, гастрит, прокталгия1, стоматит,

глоссит, іштің кебуі3, іш қатуы, ауыз құрғауы, кекіру, метеоризм

  • холестаз3, гепатит3, АЛТ, АСТ, ГГТ3 белсенділігі жоғарылауы

  • қышыну, есекжем, макуло-папулезді бөртпе2

  • бұлшықет түйілуі2, миалгия1

  • дімкәстік3, қызба2, астения, кеуденің ауыруы3, қалтырау3, қажығыштық3

  • сілтілік фосфатаза белсенділігі жоғарылауы 3, лактатдегидрогеназа белсенділігі жоғарылауы 3

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкіндігі жоқ)

  • агранулоцитоз, тромбоцитопения

  • анафилаксиялық реакциялар, Квинке ісінуі

  • психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдардан жаңылу, елестеулер, қорқынышты түстер көру

  • құрысулар, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия

  • естімей қалу

  • "пируэт"7типті қарыншалық тахикардия, қарыншалық тахикардия

  • қан құйылуы8

  • жедел панкреатит, тіл түсінің өзгерістері, тіс түсінің өзгерістері

  • бауыр жеткіліксіздігі9, гепатоцеллюлярлық сарғаю

  • Стивенс-Джонсон4 синдромы, уытты эпидермалдық некролиз4, эозинофилиямен және жүйелік білінулерімен бірге жүретін (DRESS) дәрілік тері реакциялары, акне

  • рабдомиолиз1,10, миопатия

  • бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

  • ХҚҚ жоғарылауы7, протромбиндік уақыт ұлғаюы7, несеп түсінің өзгеруі

1Препаратты ұзақ әсер ететін таблетка түрінде қолданғаннан кейін ғана тіркелген жағымсыз әсерлер

2 Ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түріндегі препаратты қолданғаннан кейін ғана тіркелген жағымсыз әсерлер

3 Дереу босап шығатын таблетка түріндегі препаратты қолданғаннан кейін ғана тіркелген жағымсыз әсерлер

4,6,8,9Төмендегі «Қауіпсіздігінің жиынтық бейінін» қараңыз

5,7,10 Төмендегі «Бөліп алынған жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» қараңыз

Іріктелген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Кларитромицинді статиндермен, фибраттармен, колхицинмен немесе аллопуринолмен бірге қабылдағанда рабдомиолиз дамуы туралы бірқатар хабарламалар («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин және триазоламды бірге қолданғанда ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тарапынан маркетингтен кейінгі дәрілік өзара әрекеттесулері және жағымсыз құбылыстар дамуы туралы хабарламалар бар. Фармакологиялық әсерінің ОЖЖ әсері күшеюі мүмкіндігін ескере отырып, («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз) пациенттің жай-күйін бақылау керек. Сирек жағдайларда, көбіне органикалық (илеостомияны немесе колостомияны қоса) немесе ішек ішіндегісінің ішек арқылы өтуінің уақыты қысқарған асқазан-ішек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ұзақ әсер ететін кларитромицин таблеткаларының нәжіске әсері туралы хабарланды. Кейбір пациенттердің нәжісінде таблетка қалдығы анықталды, сондықтан бұндай жағдайларда кларитромицинді басқа дәрілік түрде (мысалы, суспензия) немесе басқа антибиотик қабылдауға ауыстыру ұсынылады.

Ерекше санаттағылар: иммун тапшылығы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар (төмендегі «Басқа ерекше популяцияларды» қараңыз).

Балалар

6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромицин суспензиясын пайдалана отырып клиникалық сынақтар жүргізілді. Сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромицинді ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түрінде тағайындау керек.

Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типтері және ауырлығы ересектердегідей деп болжанады.

Басқа ерекше популяциялар

Иммун жүйесінің бұзылуы бар пациенттер

Микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт бойы кларитромицинді жоғары дозаларда қабылдаған ЖИТС-тен немесе басқа да иммун тапшылығы ауруларынан зардап шегуші пациенттердегі кларитромицин қабылдауға байланысты жағымсыз әсерлерді адам иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) ауруының немесе интеркурренттік аурудың белгілерінен айыру қиын болды.

Кларитромицинді 1000-2000 мг жалпы тәуліктік дозада қолданғанда ересек пациенттерде жиірек жағымсыз реакциялары мыналар болды: жүрек айнуы, құсу, дәм сезу өзгерістері, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іштің қатуы, естудің бұзылуы, ACT және АЛТ сарысулық деңгейі жоғарылауы. Сирек бақыланғандар: ентігу, ұйқысыздық, ауыздың құрғауы. Күн сайын кларитромицинді 1000-2000 мг дозада қабылдайтын пациенттердегі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі салыстырарлық, алайда бұл көрсеткіш күн сайын кларитромицинді 4000 мг дозада қабылдаған пациенттердегіден 3-4 есе жоғары.

Иммун тапшылығы аурулары бар пациенттердегі зертханалық көрсеткіштерін, көрсетілген сынақ барысында қалып деңгейі (яғни жоғарырақ немесе төмен шегі) шегінен күрделі ауытқитын осы көрсеткіштердің талдауы негізінде, бағалау жүргізілген. Күніне 1000 мг немесе 2000 мг кларитромицин қабылдаған шамамен 2% -3% пациенттердегі осы критерийлер негізінде қалыптан ауқымды түрде ауытқыған ACT және АЛТ жоғары деңгейі және лейкоциттер мен тромбоциттердің қалыптан тыс төмен мөлшері болды. Дозалаудың осы екі тобындағы пациенттердің төменірек пайызында да қандағы мочевина азотының деңгейі жоғарылауы болды. Көрсеткіштердің қалыптан ауытқуының жоғарырақ жиілігі лейкоциттер бойынша көрсеткіштерден басқа, барлық көрсеткіштер бойынша күніне 4000 мг қабылдаған пациенттерде анықталды.

Күдік болған жағымсыз реакциялар туралы есеп

Дәрілік заттарды тіркеуден кейінгі күдік болған жағымсыз реакциялар туралы есептің маңызды мәні бар. Бұл дәрілік заттардың пайда/қаупі теңгерімінің мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер кез келген күдік болған жағымсыз реакциялар туралы ұлттық есептеу жүйесі арқылы хабарлауды сұрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • макролидтер тобындағы антибиотиктерге және препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

  • бір мезгілде қабылдау:

  • астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен, терфенадинмен (қарыншалық тахикардияны, қарыншалық фибрилляцияны және «пируэт» типті екі бағытты тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруы және жүрек аритмиясы қаупіне байланысты) («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)

  • тикагрелормен немесе ранолазинмен

  • эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен (қастауыш алколоидтары уыттылығы жоғарылауына байланысты)

  • рабдомиолизді қоса, миопатия дамуының қаупі жоғарылауына байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен: ловастатин немесе симвастатин)

  • колхицинмен

  • анамнезінде «пируэт» типті екі бағытты тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруы синдромы немесе жүректің қарыншалық аритмиясы болуы

  • гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі)

  • бүйрек жеткіліксіздігімен үйлесімдегі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуінің ауыр салдары дамуы мүмкіндігінен келесі препараттарды қолдану қатаң қарсы көрсетілімде

Цизаприд, пимозид, астемизол, терфенадин: кларитромицинмен бірге қолданғанда қан сарысуындағы цизаприд деңгейі жоғарылауы бақыланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалық фибрилляцияны және дірілдеу-жыпылықтауды қоса жүрек аритмиясының пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұған ұқсас әсерлер кларитромицин мен пимозидті бірге қолданғанда анықталды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Макролидтердің терфенадин метаболизмін өзгертетіндігі белгіленген, осының нәтижесінде оның қан сарысуындағы концентрациясы жоғарылайды, бұның сондай-ақ QT аралығының ұзаруына, және жүрек аритмиясы, оның ішінде қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция пайда болуына әкелуі де мүмкін және екі бағытты «пируэт» типті тахикардияны туындатуы мүмкін («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин және терфенадинді бір мезгілде қолданған бір зерттеудегі 14 дені сау еріктілердің қан сарысуындағы терфенадиннің қышқылдық метаболитінің деңгейінің 2-3 есе ұлғаюын және QT аралығының ұзаруын көрсетілді, бұл клиникалық маңызды емес. Бұндай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бірге қолданғанда да анықталды.

Эрготамин/дигидроэрготамин: маркетингтен кейінгі есептер кларитромицин және эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолданудың жедел эрготизм белгілерімен астасқандығын көрсетеді, ол орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қол және басқа да тіндердің тамырлары түйілуімен және ишемиясымен сипатталды. Кларитромицинді және осы дәрілік затты бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер): кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен біріктірілімде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), өйткені бұл статиндер негізінен CYP3A4 ферментімен метаболизденеді және кларитромицинмен қатарлас ем олардың қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады, бұл рабдомиолизді қоса, миопатия даму қаупін ұлғайтады. Кларитромицинді статиндермен бірге қолданғанда пациенттерде рабдомиолиз дамығаны туралы хабарланған. Кларитромицинмен ем қажет болғанда ловастатинмен немесе симвастатинмен емді ем курсы барысында тоқтату керек.

Кларитромицинді статиндермен тағайындағанда сақ болу керек. Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда статиндердің тіркелген ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады. Статиндердің метаболизмі CYP3A (мысалы, флувастатин) тәуелді болмайтындарын қолдану қарастырылуы мүмкін («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Пациенттерде миопатия белгілері мен симптомдары бар-жоғын бақылау керек.

Кларитромицин фармакокинетикасына басқа дәрілік заттардың әсері

CYP3A индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) кларитромицин метаболизмін индукциялауы мүмкін. Бұл

кларитромициннің субтерапиялық концентрацияларына және оның тиімділігі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, кларитромицинмен CYP3A тежелуінен жоғарылауы мүмкін CYP3A индукторының плазмалық концентрациясының мониторингі талап етілуі мүмкін (сондай-ақ сәйкес CYP3A4 индукторын медициналық қолдану бойынша нұсқаулығын қараңыз). Рифабутин және кларитромицинді бір мезгілде қолдану рифабутин концентрациясының жоғарылауына және бір мезгілде увеит даму қаупі жоғарылайтын плазмадағы кларитромицин концентрациясы төмендеуіне әкелді.

Келесі дәрілік заттардың қандағы кларитромицин концентрациясына әсері белгілі немесе болжамды, сондықтан доза өзгерту немесе баламалы ем қолдану талап етілуі мүмкін.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин: эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты Р450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің қуатты индукторлары оның қан плазмасындағы концентрациясын азайтумен, бірақ микробиологиялық белсенді метаболиті - 14-ОН-кларитромициннің концентрациясын ұлғайта отырып, кларитромицин метаболизмін жеделдете алады. Әртүрлі бактерияларға қатысты кларитромицин және 14-ОН-кларитромициннің микробиологиялық белсенділігі әртүрлі болғандықтан кларитромицинді және Р450 цитохромы изоферменттері жүйесінің индукторларын бірге қолданудан күтілетін емдік әсеріне қол жетпеуі мүмкін.

Этравирин: этравирин қолданғанда кларитромицин концентрациясы төмендейді, бірақ 14-ОН-кларитромицин белсенді метаболитінің концентрациясы артады.

14-ОН-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) инфекцияларына қатысты белсенділігі төмен болғандықтан, олардың қоздырғыштарына қатысты жалпы белсенділігі өзгеруі мүмкін, сондықтан МАС емдеу үшін баламалы ем қарастыру керек.

Флуконазол: флуконазолды 200 мг дозада күн сайын және кларитромицинді 500 мг дозада тәулігіне екі рет бірге қабылдау 21 дені сау еріктіде кларитромициннің (Cmin) және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның (AUC) ең аз тепе-тең концентрациясының орташа мәнінің тиісінше 33% және 18% артуына әкелді. Бұл арада бірге қабылдау 14-ОН-кларитромициннің белсенді метаболитінің орташа тепе-тең концентрациясына елеулі әсер етпеді. Флуконазолды қатарлас қабылдаған жағдайда кларитромицин дозасын түзету талап етілмеді.

Ритонавир: фармакокинетикалық зерттеулер әр 8 сағат сайын 200 мг дозада ритонавирді және әр 12 сағат сайын 500 мг дозада кларитромицинді бірге қабылдаудың кларитромицин метаболизмінің елеулі бәсеңдеуіне әкелгендін көрсетті. Ритонавирді бірге қабылдағанда кларитромицин Cmax 31%-ға ұлғайған, Cmin - 182% ұлғайған және AUC -77%-ға ұлғайған. 14-ОН-кларитромицин түзілуінің толық басылғаны анықталды. Кларитромициннің емдік диапазонының кеңдігіне орай оның дозасын бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде азайту талап етілмейді. Алайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзетудің келесі нұсқалары қарастырылғаны дұрыс: КК - 30-60 мл/мин болғанда кларитромицин дозасы 50%-ға азайтылуы тиіс; КК - 30 мл/мин аз болғанда кларитромицин дозасы 75%-ға азайтылуы тиіс. Ритонавирді кларитромицинмен тәулігіне 1 г асатын дозада бірге қабылдауға болмайды.

Ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде атазанавир және саквинавир қоса, басқа да АИТВ –протеаза тежегіштерімен бірге қолданғанда бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде осындай доза түзету жүргізу керек (төменде көрсетілген бөлімді қараңыз, екі бағыттағы дәрілік өзара әрекеттесулер).

Кларитромициннің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

CYP3A байланысты өзара әрекеттесулері: кларитромицинді, CYP3A изоферментінің белгілі тежегіштерін, және негізінен CYP3A қатысуымен метаболизденетін препаратты бірге қолдану қан плазмасындағы бұл препараттың концентрациясы жоғарылауына әкеледі, ал бұл өз кезегінде емдік әсерін, жағымсыз реакциялар туындау қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. CYP3A субстраттары болып табылатын, әсіресе егер бұл препараттардың қауіпсіздік бейіні тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы изоферментпен экстенсивті метаболизденетін дәрілік препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде кларитромицин қолданғанда сақ болу керек. Бір мезгілде кларитромицин қабылдайтын пациенттерде доза түзету және мүмкіндігінше CYP3A изоферментімен алғаш метаболизденетін дәрілік заттардың сарысулық концентрациясының мұқият мониторингі талап етілуі мүмкін.

Келесі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының сол бір ғана CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі (немесе болжанады): алпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар (мысалы, варфарин, «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, сиролимус, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин. Өзара әрекеттесулердің осыған ұқсас механизмдері P450 цитохром жүйесінің басқа изоферменттерімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроатты қолданғанда анықталды.

Аритмияға қарсы дәрілер: кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда туындайтын "пируэт"типті қарыншалық тахикардия дамығаны туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. Кларитромицинді осы препараттармен бірге қолдану уақытында QT аралығының ұзаруын мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Кларитромицинмен ем уақытында қан плазмасындағы хинидин және дизопирамид концентрациясын бақылау керек. Кларитромицинді дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда туындайтын гипогликемия дамуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар болды. Сондықтан кларитромицин мен дизопирамидті бірге қолдану уақытында қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер/инсулин: кларитромицинді және ішу арқылы қабылданатын натеглинид және репаглинид сияқты гипогликемиялық дәрілерді бірге қабылдағанда CYP3A изоферментінің кларитромицинмен тежелуі орын алуы мүмкін, соның нәтижесінде гипогликемия болуы мүмкін. Глюкоза концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады.

Омепразол: дені сау ересек еріктілерде кларитромицинді (500 мг-ден әрбір 8 сағат) омепразолмен біріктірілімде (40 мг-ден күн сайын) қолданылуы зерттелген. Кларитромицин және омепразол бірге қолданылғанда омепразолдың плазмалық тепе-теңдік концентрациясы ұлғайған (Cmax, AUC0-24, және T1/2 - 30%, 89% және 34% тиісінше ұлғайған). Асқазанның 24 сағат ішіндегі рН орташа мәні омепразолды жеке-дара қабылдағанда 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдағанда 5,7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил: бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы ең кемі ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді. Сонымен бірге CYP3A кларитромицин қатысуымен тежелуі мүмкін. Кларитромициннің силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бірге қолданылуы фосфодиэстеразаға тежегіш әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл препараттарды кларитромицинмен бірге қолданғанда силденафилдің, тадалафилдің және варденафилдің дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Теофиллин, карбамазепин: клиникалық зерттеулер нәтижелері оларды кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы теофиллин немесе карбамазепиннің концентрациясының елеусіз, бірақ стаистикалық елеулі (p < 0.05) ұлғаюы болатындығын көрсетті. Дозаны азайту талап етілуі мүмкін.

Толтеродин: толтеродиннің бастапқы метаболизмі Р450 (CYP2D6) цитохромының 2D6 изоформасы арқылы жүзеге асады. Алайда CYP2D6 жоқ популяцияның бір бөлігінде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Тұрғындардың бұл тобында CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің сарысудағы елеулі түрде жоғарырақ концентрацияларына әкеледі. CYP2D6 арқылы метаболизмінің деңгейі төмен популяцияда кларитромицин сияқты CYP3А тежегіштері болғанда толтеродин дозасының төмендеуі талап етілуі мүмкін.

Триазолбензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам): мидазолам және таблетка түріндегі кларитромицинді (500 мг тәулігіне екі рет) бірге қолданғанда мидазолам AUC: мидазоламды көктамырішілік енгізгеннен кейін 2.7 есе және ішу арқылы қабылдағаннан кейін 7 есе ұлғайғаны анықталды. Мидазолам мен кларитромицинді ішу арқылы бірге қабылдаудан аулақ болу керек. Егер кларитромицинмен бірге көктамырішілік түрдегі мидазолам қолданылса, пациенттің жай-күйін доза түзету ықтималдығына мұқият бақылау керек. Сақтықтың бұндай шараларын триазолам және алпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа да бензодиазепиндерге қолдану керек. Шығарылуы CYP3A (темазепам, нитразепам, лоразепам) байланыссыз бензодиазепиндер үшін

кларитромицинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулерінің ықтималдығы аз.

Кларитромицин және триазоламды бірге қолданғанда орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз әсерлер (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамығаны және дәрілік өзара әрекеттесулері туралы маркетингтен кейінгі мәлімдеулер болды. ОЖЖ фармакологиялық әсерлердің күшеюі мүмкіндігін ескере отырып, пациенттің жай-күйін бақылау керек.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесулері

Аминогликозидтер: кларитромицинді басқа отоуытты препараттармен, әсіресе аминогликозидтермен бір уақытқа сақтықпен тағайындау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Колхицин: колхицин CYP3A субстраты, сондай-ақ Р-гликопротеид (Pgp) ақуыз-тасымалдаушысының субстраты болып табылады. Кларитромицин және басқа да макролидтердің CYP3A және Pgp тежегіштері болып табылатыны белгілі. Кларитромицинді және колхицинді бірге қабылдағанда Pgp және/немесе CYP3A тежелуі колхицин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Колхицинмен уланудың клиникалық симптомдары дамуын бақылау керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Дигоксин: дигоксин Р-гликопротеидтің (Pgp) ақуыз-тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады деп болжанады. Кларитромициннің Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бірге қабылдағанда Pgp кларитромицинмен тежелуі дигоксин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі бақылауларда кларитромицинді дигоксинмен бірге қабылдайтын пациенттерде қан плазмасында дигоксин концентрациясы жоғарылағаны туралы хабарланды. Кейбір пациенттерде, потенциалды фатальді аритмияларды қоса, дигоксинмен уыттану белгілері дамыған. Оны кларитромицинмен қолданғанда пациенттердің қан плазмасында дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин: ересек АИТВ-жұқтырған пациенттердің кларитромицин және зидовудиннің ішу арқылы қабылданатын таблеткаларын бір мезгілде қабылдауы зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицинді ішу арқылы қабылдағанда зидовудиннің сіңуіне әсер ететіндіктен, кларитромицин мен зидовудинді 4 сағат аралықпен қабылдай отырып өзара әрекеттесулерін елеулі дәрежеде болдырмау мүмкіндігі бар. Бұндай өзара әрекеттесулері кларитромициннің балаларға арналған суспензиясын зидовудинмен немесе дидезоксиинозинмен қабылдаған АИТВ-жұқтырған балаларда бақыланбаған. Осыған ұқсас өзара әрекеттесулері кларитромицинді көктамырішілік пайдалануда болмауы ықтимал.

Фенитоин және вальпроат: CYP3A тежегіштерінің, кларитромицинді қоса, CYP3A изоферментімен метаболизденбейді деп саналатын (мысалы, фенитоин және вальпроат) дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері туралы өздігінен болған немесе жарияланған хабарламалары бар. Бұл дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясын оларды кларитромицинмен бір уақытқа тағайындағанда анықтау ұсынылады. Плазмадағы концентрацияларының жоғарылауы туралы хабарланған.

Дәрілердің екі бағыттағы өзара әрекеттесулері

Атазанавир: кларитромицин және атазанавир CYP3A әрі субстраты, сондай-ақ тежегіші де болып табылады. Бұл препараттардың екі бағыттағы өзара әрекеттесулерінің айғағы бар. Кларитромицинді (500 мг екі рет/тәулік) және атазанавирді (400 мг бір рет/тәулік) бірге қолдану атазанавирдің AUC 28%-ға ұлғайта отырып, кларитромициннің әсерінің екі есе артуына және 14-ОН-кларитромицин әсерінің 70%-ға азаюына әкелуі мүмкін. Кларитромициннің емдік диапазонының ауқымды болуына орай оның дозасын бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде азайту талап етілмейді. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК 30-60 мл/мин) кларитромицин дозасы 50%-ға азайтылуы тиіс. КК 30 мл/мин аз пациенттерде бұл үшін кларитромициннің сәйкес келетін дәрілік түрлерін пайдалана отырып, кларитромицин дозасын 75% ға азайту керек. Кларитромицинді 1000 мг/тәулік астам дозаларында протеаза тежегіштерімен бірге қолдануға болмайды.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: артериялық гипотензия туындау қаупі бар болғандықтан кларитромицинді және CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары сияқты кларитромициннің плазмалық концентрациясы бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін.

Кларитромицин және верапамилді бір мезгілде қабылдағанда артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз болуы мүмкін.

Итраконазол: кларитромицин және итраконазол CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, бұл препараттардың екі бағытта өзара әрекеттесулерін анықтайды. Кларитромицин қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде итраконазол кларитромициннің плазмалық концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Итраконазол және кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді бұл препараттардың фармакологиялық әсерінің күшею симптомдары болуына немесе ұзақтығы ұлғаюына мұқият тексеру керек.

Саквинавир: кларитромицин және саквинавир CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, бұл препараттардың екі бағытта өзара әрекеттесулерін анықтайды. 12 дені сау еріктіде кларитромицинді (500 мг тәулігіне екі рет) және саквинавирді (жұмсақ желатин капсулаларда, 1200 мг тәулігіне үш рет) бір мезгілде қолдану саквинавирді жеке-дара қолданумен салыстырғанда саквинавирдің AUC және Cmax тиісінше 177% және 187% ұлғаюын туындатты. Кларитромициннің AUC және Cmax мәні кларитромициннің монотерапиясына қарағанда 40%-дан астамға жуық болды. Бұл екі препаратты шектеулі уақыт бойына жоғарыда көрсетілген дозада/құрамда бірге қолданғанда доза түзету талап етілмейді. Дәрілік өзара әрекеттесулердің жұмсақ желатин капсулалардағы саквинавир пайдаланумен зерттеулерінің нәтижесі саквинавирді қатты желатин капсулаларда қолданғанда бақыланатын әсерге сәйкес келмеуі мүмкін. Дәрілік өзара әрекеттесулердің саквинавирмен монотерапиядағы зерттеулерінің нәтижесі саквинавирмен/ритонавирмен емдегі бақыланатын әсеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бірге қабылдағанда ритонавирдің кларитромицинге зор әсерін ескеру керек.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин, негізінен, бауырмен шығарылады. Сондықтан бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге антибиотик тағайындағанда сақ болу керек. Сондай-ақ кларитромицинді орташадан ауыр түрге дейінгі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық жасау керек.

Өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды ( «Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Кейбір пациенттерде бұрыннан бар бауыр ауруы болуы ықтимал немесе басқа гепатоуытты дәрілік заттар қабылдаған болуы мүмкін. Пациенттерге емді тоқтатуды және егер анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруларының белгілері мен симптомдары дамыса өз дәрігеріне қаралуды ұсыну керек. Макролидтерді қоса, іс жүзінде барлық бактерияларға қарсы препараттарды қолданғанда жалғанжарғақшалы колит дамығаны туралы хабарланды, аурудың ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретін түрге дейін өзгеруі мүмкін. Кларитромицинді қоса, іс жүзінде барлық бактерияларға қарсы препараттарды қолданғанда және ауырлығы жеңіл түрдегі диареядан фатальді колитке дейін өзгеруі мүмкін Clostridium difficile - астасқан диарея (CDAD) дамығаны туралы хабарланды. Бактерияларға қарсы препараттармен ем ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile көбеюінің артуына әкелуі мүмкін. CDAD болу ықтималдығы антибиотиктер пайдаланғаннан кейін диареямен дәрігерге қаралған барлық науқастарда қарастырылуы тиіс. CDAD дамуы туралы бактерияларға қарсы ем аяқталғаннан кейін 2 айдан кейін хабарланғандықтан анамнезіне толық талдау жасау керек. Сондықтан кларитромицинмен емді тоқтатуды қолданылуына тәуелсіз қарастыру керек. Микробтарды зерттеу керек және адекватты ем бастау керек. Перистальтиканы тежейтін дәрілік препараттарды қолданудан аулақ болу керек.

Маркетингтен кейінгі кезеңде кларитромицин мен колхицинді, әсіресе егде жастағы пациенттерде, оның ішінде бүйрек жеткіліксіздігі аясында бірге қолданғанда колхициндік уыттану дамығаны туралы хабарланды. Осындай бірнеше пациенттерде өліммен аяқталу тіркелді («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Кларитромицин мен колхицинді бірге қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин және триазолбензодиазепиндерді, мысалы триазолам, мидазолам бір мезгілде сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді басқа отоуытты препараттармен, әсіресе аминогликозидтермен сақтықпен тағайындау ұсынылады. Ем уақытында және одан кейін вестибулярлық және есту функциясына мониторинг жүргізу керек.

QT аралығының ұзаруы қаупінен кларитромицинді жүректің ишемиялық аурулары, ауыр жүрек жеткілдіксіздігі, гипомагниемиясы, брадикардиясы (< 50 қағу/мин) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, сондай-ақ

кларитромицинді QT аралығын ұзартуға ықпалы бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Кларитромицин анамнезінде туа біткен немесе жүре пайда болған құжатпен расталған QT аралығының ұзаруы немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Пневмония: макролидтерге Streptococcus pneumoniae резистенттілігі болу мүмкіндігіне орай ауруханадан тыс пневмонияны емдеу үшін кларитромицин тағайындағанда сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа сәйкес антибиотиктермен біріктірілімде қабылдау керек.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары: бұл инфекциялар бәрінен жиі Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes микроорганизмдерінен туындайды, олардың әрқайсысы макролидтерге резистентті болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа тест жүргізу маңызды

Бета-лактамды антибиотиктер (мысалы, аллергия) қолдану мүмкіндігі жоқ жағдайда бірінші таңдау препараттары ретінде басқа да антибиотиктер, мысалы клиндамицин қолдануға болады. Қазіргі уақытта макролидтер кейбір тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларын, мысалы Corynebacterium minutissimum, acne vulgaris және erysipelas туындаған инфекцияларды емдегенде және пенициллинмен ем қолдануға болмайтын жағдайларда ғана рөлі бар. Анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығанда кларитромицинмен емді дереу тоқтату керек және

дереу тиісінше ем бастау керек.

Кларитромицинді CYP3А4 изоферментінің индукторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен біріктірілімде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді басқа статиндермен тағайындағанда сақ болу керек.

Кларитромицинді статиндермен бірге қолданғанда пациенттерде рабдомиолиз дамитыны туралы хабарланды.

Пациенттерді миопатия белгілері мен симптомдарына бақылау керек.

Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда статиннің тіркелген ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады.

CYP3A метаболизміне тәуелсіз статиндер (мысалы, флувастатин) қабылдау қарастырылуы мүмкін.

Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер/инсулин: кларитромицинді және ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина сияқты) және/немесе инсулинді біріктірілімде қолдану айқын гипогликемия туындатуы мүмкін.

Қандағы глюкоза құрамының деңгейіне мұқит мониторинг ұсынылады

(«Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар: варфарин және кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда қатты қан кетулер дамуының және халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) пен протромбиндік уақыттың елеулі жоғарылауының қаупі бар («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Кларитромицин мен ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ХҚҚ және протромбиндік уақытты мұқият бақылау керек.

Кез келген микробқа қарсы емді, оның ішінде кларитромицинді

Helicobacter pylori туындаған инфекцияны емдеу үшін қолдану микробқа резистенттіліктің дамуына әкелуі мүмкін.

Басқа да антибиотиктер сияқты, ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс өсуін туындатуы мүмкін. Асқын инфекция туындағанда кларитромицинді қолдануды тоқтатып және тиісінше ем бастау керек.

Кларитромицин мен басқа макролидтердің, сондай-ақ линкомицин және клиндамициннің арасында айқаспалы резистенттілік болу мүмкіндігіне назар аудару керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік уақытында әйелдерге кларитромицин әсеріне зерттеу жүргізілмеген. Дәрігерлерге кларитромицинді жүкті әйелдерге пайдасы мен қаупіне мұқият бағалау жасамай, әсіресе жүктіліктің бірінші үш айы ішінде тағайындауға болмайды.

Емшектегі сәбилерге пайдалану үшін кларитромицин қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицин емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан аналарға осы препаратпен ем алып жүрген уақытта бала емізуге болмайды.

Балаларда қолданылуы

12 жастан кіші балалар препаратты ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 125 мг/5 мл түйіршіктер Фромилид® дәрілік затын медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес суспензия түрінде қолдану керек. Қазіргі уақытта 6 айдан кіші және Mycobaterium avium жұқпасын жұқтырған 20 айлық балаларды емдеу үшін Фромилид қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Кларитромициннің автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне қатысты деректер жоқ. Осы препаратты қабылдауда туындауы мүмкін бас айналуының, вертиго, сананың шатасуы және бағдардан адасудың зор мүмкіндігіне назар аудару керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар. Сегіз грамм кларитромицин қабылдағаннан кейін анамнезінде биполярлық бұзылыстары бар бір пациентте психикалық жай-күйінің өзгерістері, параноидалдық мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия сипатталған.

Емі: асқазан шаю, симптоматикалық ем. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 300С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ, Әл-Фараби 19,

1б корпусы, 2 қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

071288321477976172_ru.doc 181.5 кб
098507451477977476_kz.doc 217.5 кб
3225_98_03_08_13_14_17_18_p.pdf 0.93 кб
3225_98_03_08_13_14_17_18_s.pdf 2.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ