Фраксипарин (раствор для инъекций, 3800 МЕ анти-Ха/0.4мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фраксипарин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кальций надропарині
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 3800 ХБ анти-Ха/0,4 мл №10
Құрамы
1 еккіштің ішінде
белсенді зат - кальций надропарині 3800ХБ анти-Ха,
қосымша заттар: кальций гидроксидінің ерітіндісі немесе рН 5-7,5 дейін сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су 0,4 мл дейін
Сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе ашық-сары ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Антикоагулянттар. Тікелей антикоагулянттар (гепарин және оның туындылары). Надропарин.
АТХ коды В01АВ06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Надропариннің фармакокинетикалық қасиеттері биологиялық белсенділігіне, яғни анти-Ха фактор белсенділігінің өзгеруіне негізделеді.
Анти-Ха белсенділігінің ең жоғары деңгейіне (Смах) Фраксипарин тәулігіне 2 рет тері астына енгізгеннен кейін 3-4 сағаттан соң, тәулігіне 1 рет қолданғанда 4-6 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі толық дерлік (88% жуық).
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін плазмада анти-Ха белсенділігі ең жоғары деңгейге 10 минут ішінде жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуық құрайды. Метаболизмі, негізінен, бауырда жүреді (десульфаттану, деполимеризация). Көбінесе бүйрекпен шығарылады.
Анти-Ха белсенділігі препаратты енгізгеннен кейін 18 сағат бойы сақталады.
Емделушілердің ерекше топтары
Егде жастағылар
Бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін екеніне байланысты, егде жастағы емделушілерде надропариннің шығарылуы баяулайды. Препаратты тағайындар алдында бүйрек функциясын бағалап, тағайындалған дозаны тиісінше түзету қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі әртүрлі емделушілердегі надропарин фармакокинетикасының клиникалық зерттеулерінде надропарин клиренсі мен креатинин клиренсінің арасындағы өзара байланыс анықталған. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа дәрежелі емделушілерде (креатинин клиренсі 36-43 мл/мин) AUC және Т1/2 көрсеткіштері надропарин плазмалық клиренсінің 63% төмендеуіне сәйкес 52 және 39% жоғарылаған. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр дәрежелі емделушілерде (креатинин клиренсі 10-20 мл/мин) AUC және Т1/2 көрсеткіштері надропарин плазмалық клиренсінің 50% төмендеуіне сәйкес 95 және 112% жоғарылаған. Креатинин клиренсі 3-6 мл/мин және гемодиализде жүрген емделушілерде AUC және Т1/2 көрсеткіштері надропарин плазмалық клиренсінің 67% төмендеуіне сәйкес 62 және 65% жоғарылаған.
Фармакодинамикасы
Препараттың белсенді заты болып табылатын кальций надропарині – арнайы жағдайларда стандартты гепарин деполимеризациясы арқылы алынған төмен молекулалы гепарин. Ол орташа молекулалық cалмағы шамамен 4300 дальтон глюкозаминогликан түрінде болады. Фраксипарин плазма протеині антитромбинімен жоғары ұқсастық танытады. Бұл Фраксипариннің тромбозға қарсы жоғары потенциалын көтермелейтін Ха факторын жедел бәсеңдетеді.
Тромбозға қарсы белсенділігін күшейтудің басқа механизмдері өзінде тіндік фактор тежегішін көтермелеуді, эндотелий жасушаларынан тіндік плазмогенді белсендіргішті тікелей босатып шығару арқылы фибринолизді белсенділендіруді және гемореологиялық параметрлерді модификациялауды (қан тұтқырлығының азаюы және тромбоциттер санының көбеюі, гранулоциттер жарғақшасының өзгергіштігі) қамтиды.
Препарат, анти-ІІа фактор белсенділігімен салыстырғанда, едәуір айқын анти-Ха-фактор белсенділігімен сипатталады. Фраксипаринге тән екі белсенділік арасындағы қатынастар 2.5-4 шегінде болады. Оның тромбозға қарсы шұғыл да, ұзаққа созылатын да әсерге ие.
Фракциялық емес гепариндермен салыстырғанда, Фраксипарин тромбоциттер функциясы мен агрегациясына аз ықпалын тигізеді және жалпы гемостазға мардымсыз әсер етеді.
Қолданылуы
- тромбоэмболия асқынуларының алдын алуда (жалпы немесе ортопедиялық хирургиямен байланысты, хирургиялық емес науқастарда -қарқынды емдеу бөлімі жағдайларында жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, респираторлық жұқпа және/немесе жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде)
- гемодиализ кезінде қан ұюының алдын алуда
- тромбоэмболияны емдеуде
- тұрақсыз стенокардияны және Q тісінсіз миокард инфарктісін емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулық
Тері астына енгізу үшін. Бұлшықет ішіне қолданылмайды.
1. Қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен кептіріңіз.
Ыңғайланып отырыңыз немесе жатыңыз. Фраксипарин іштің кіндіктен 1,5-2 см төмен тұсынан тері астына енгізіледі. Суретте көрсетілгендей, сол жақ немесе оң жақ аумақты таңдаңыз. Балама ретінде препаратты санға енгізуге болады.