Фолиевая кислота №50 (1 мг, Борисовский завод медицинских препаратов) (Folic acid)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016577
Информация о регистрации в РК: 30.10.2015 - 30.10.2020
Номер регистрации в РБ: 21/01/269
Информация о регистрации в РБ: 28.01.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

1 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 1 мг фолий қышқылы;

қосымша заттар - қант ұнтағы, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түстен сары түске дейінгі ойығы мен сызығы бар жайпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Күңгірттеу және ақшылдау түсті теңбілдерінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы.

АТХ коды В03ВВ01.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолында, негізінен 12 елі ішектің жоғары бөлігінде (мальабсорбция синдромынды тағамдық фолаттардың нашар сіңуіне қарамастан, тропикалық спру аясында мальабсорбция синдромы болғанның өзінде) жақсы және толығымен сіңеді. Плазма ақуыздарымен қарқынды байланысады. Гематоэнцефалдық бөгет, плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді. TCmax - 30 - 60 минут.

Тетрагидрофолий қышқылын түзе отырып (дигидрофолатредуктазаның әсер етуімен аскорбин қышқылының болуында) бауырда жинақталады және метаболизденеді.

Бүйрекпен көбінесе метаболиттер түрінде шығарылады; егер қабылданған дозасы фолий қышқылының тәуліктік қажеттілігінен айтарлықтай асып кетсе, онда өзгермеген түрінде шығарылады.

Гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

В тобының витамині (В9 витамині) ішек микрофлорасымен синтезделуі мүмкін. Организмде фолий қышқылы түрлі метаболизмдік үдерістерге қатысатын коэнзим болып табылатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келеді. Мегалобластардың қалыпты жетілуі және нормобластардың түзілуі үшін қажет. Эритропоэзды стимуляциялайды, аминқышқылдары (соның ішінде глицин, метионин), нуклеин қышқылдары, пуриндер, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидиннің зат алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде ұрықтың жүйке жүйесінің қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеуде

- фолий қышқылының гипо- және авитаминозында, оның ішінде тропикалық және тропикалық емес спруда, толыққанды тамақтанбауда, жүктілікте, эпилепсияға қарсы дәрілерді қабылдайтын емделушілерде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке қабылдайды. Тамақтанудың алдында.

Макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеу үшін тағайындалады: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға бастапқы дозаны тәулігіне 1 мг дейін (1 таблетка).

Жоғары дозаларды қабылдағанда төзімділік дамуы мүмкін. Демеуші ем: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – 0,5 мг-ден (1/2 таблетка), жүктілік және лактацияда – тәулігіне 1 мг дейін.

Жүктілерге ұрықта жүйке түтігінің ақауының дамуының профилактикасы үшін – тәулігіне 0,5 мг-ден (1/2 таблетка) тәулігіне 2,5 мг дейін (2,5 таблетка) болжанған жүктілікке дейін 4 аптаның ішінде. Қабылдауды жүктіліктің I триместрі бойы жалғастырады.

Емдік мақсатта (авитаминоздың ауырлығына байланысты) ересектерге – тәулігіне 5 мг дейін (5 таблетка) 20-30 күн ішінде. Фолий қышқылының емдік дозасын дәрігер анықтайды.

Қатар жүретін алкоголизмде, гемолитикалық анемияда, созылмалы инфекциялық ауруларда, құрысуға қарсы ДЗ бір мезгілде қабылдағанда, гастрэктомиядан кейін, мальабсорбция синдромында, бауыр жеткіліксіздігінде, бауыр циррозында, стрессте препарат дозасы жоғарылатуы керек.

Жағымсыз әсерлері

- анорексия, жүрек айнуы, іштің кебуі, ауыздағы ащы дәм,

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, бронх түйілуі, эритема, гипертермия).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аса жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

-сақтықпен: пернициозды анемия және цианокобаламиннің тапшылығымен басқа да мегалобластты анемиялар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенитоиннің әсерін (оның дозасын арттыруды қажет етеді) төмендетеді.

Анальгетиктер (ұзақ емдеу), құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитоин мен карбамазепин), эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады. Антацидтер (оның ішінде Ca2+, Al3+ және Mg2+ препараттары), холестирамин, сульфонаминдер (оның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.

Цитостатиктерді (метотрексат) немесе эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын науқастарда мегалобластты анемияның дамуын болдырмау үшін, қатарластырып фолий қышқылын тағайындау ұсынылады.

Пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (оның орнына осы препараттарды қабылдайтын емделушілерге кальций фолинатын тағайындау керек).

Zn2+ препараттарына қатысты бірдей ақпарат жоқ: бір зерттеулер фолаттардың Zn2+ сіңуін тежейтінін көрсетеді, басқалары бұл деректерді жоққа шығарады.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік зат балаларда гипо- және авитаминоздың профилактикасына арналмаған (тәуліктік қажеттілік пен ДЗ дозалануының сәйкес келмеуіне байланысты).

В9 гиповитаминозының профилактикасына теңестірілген тамақтану дұрыс болады. В9 витаминіне бай өнімдер – көкөністер (салат, шпинат, қызанақ, сәбіз), жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.

Фолий қышқылын В12 тапшылығын (пернициозды), нормоцитарлық және апластикалық анемияны емдеу үшін, сондай-ақ емге рефрактерлік анемияны емдеуде қолданбайды. Пернициозды (В12 тапшылықты) анемия кезінде фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. Пернициозды анемия жоққа шығарылғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқада – жүктілік және лактация кезеңі).

Гемодиализ жүргізілетін емделушілер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететінін ескеру керек.

Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, холестираминді - фолий қышқылын қабылдаудан 4-6 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағат өткен соң қолданған жөн.

Антибиотиктердің плазма және эритроциттердің фолий қышқылы концентрациясына микробиологиялық баға беру нәтижелерін бұрмалауы (жалғандығы белгілі төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екендігін ескерген жөн.

Фолий қышқылының жоғары дозаларын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емделгенде қанда B12 витамині (цианокобаламин) концентрациясы төмендеуі мүмкін. Фолий қышқылын ұзақ уақыт қолдануды В12 витаминін қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Жүктілік кезінде қолданылуы

Дәрілік зат көрсетілімдеріне қарай жүктілік кезінде және лактация кезінде қолданылады. Жүктіліктің ерте кезеңінде күнделікті фолий қышқылын қабылдау ұрықтың жүйке түтігінің қалыптасуының ақауларының (анэнцефалия, омыртқа бағанының ыдырауы) алдын алуы мүмкін. Егер препаратты қабылдау жүктіліктің төртінші аптасынан кейін басталса, фолий қышқылы жүйке түтігінің ақауының даму мүмкіндігіне әсер етеді.

Автокөлік құралын жүргізу және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсері: әсер етпейді.

Аталған нұсқаулықта сипатталмаған қандай-да болмасын жағымсыз әсерлері пайда болғанда өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Артық дозалануы

Симптомдары: фолий қышқылының 4 - 5 мг жоғары дозалары орталық жүйке жүйесі (ашуланшақтық және ұйқысыздық) және асқазан-ішек жолдары (жүректің айнуы, абдоминальді ауыру, метеоризм) тарапынан бұзылыстарды туындатуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, қажет болғанда симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64,

тел/факс 8-(10375177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы

Қаптаушы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64,

тел/факс 8-(10375177) 734043, электронды поштасы market@borimed.com

 

 

Прикрепленные файлы

695796721477976377_ru.doc 63.5 кб
541062921477977588_kz.doc 75.5 кб
21_01_269_p.pdf 0.49 кб
21_01_269_s.pdf 0.54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ