Флустоп (Oseltamivir)

МНН: Осельтамивир
Производитель: Республиканское производственное унитарное предприятие "АКАДЕМФАРМ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oseltamivir
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022927
Информация о регистрации в РК: 19.04.2017 - 19.04.2022
Номер регистрации в РБ: 21/03/1696
Информация о регистрации в РБ: 02.12.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 435.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Флустоп

Халықаралық патенттелмеген атауы

Осельтамивир

Дәрілік түрі

Капсулалар, 75 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 98.50 мг осельтамивир фосфаты (75.00 мг осельтамивирге баламалы),

қосымша заттар: повидон, сусыз лактоза, натрий кроскармеллозасы, тальк, магний стеараты, картоп крахмалы.

капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), кармуазин бояғышы (Е 122), желатин.

Сипаттамасы

Корпусы ақ түсті, нөмірі 0, қатты желатин капсулалар, қақпақшасы - қызыл түсті. Капсуланың ішіндегісі - сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер қоспасы.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нейраминидаза тежегіштері.

Осельтамивир

АТХ коды J05AH02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пероральді қабылдағаннан кейін осельтамивир фосфаты асқазан-ішек жолында оңай сіңіріледі және бауыр эстеразалары әсерімен жоғары дәрежеде белсенді метаболитке айналады. Ішке қабылданған дозаның кемінде 75%-ы белсенді метаболит түрінде, 5%-дан азы бастапқы препарат түрінде жүйелік қан ағынымына түседі. Қосалқы дәрі және белсенді метаболит түрінде плазмалық концентрациялары дозаға пропорционалды және ас ішуе байланысты емес.

Таралуы

Адамда белсенді метаболиттің орташа таралу көлемі (Vss) шамамен 23 литрге тең. Белсенді метаболиттің адамның плазма ақуыздарымен байланысуы елеусіз (шамамен 3%).

Метаболизмі

Осельтамивир фосфаты негізінен бауырда болатын эстеразалар әсерімен жоғары дәрежеде белсенді метаболитке айналады. Осельтамивир фосфаты да, белсенді метаболит те Р450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің тежегіші немесе субстраттары емес.

Шығарылуы

Сіңірілген oсельтамивир негізінен (>90%) белсенді метаболитке айналу арқылы шығарылады. Белсенді метаболит әрі қарай трансформацияға ұшырамайды және несеппен шығарылады. Көптеген пациенттерде белсенді метаболиттің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 6-10 сағатты құрайды. Белсенді метаболит бүйректік секреция арқылы толық шығарылады.

Бүйректік клиренсі (18,8 л/сағат) шумақтық сүзіліс (7,5 л/сағат) жылдамдығынан артады, бұл препараттың өзекшелік секреция арқылы шығарылатынын да көрсетеді. Ішке қабылданған радиактивтік таңбаланған препараттың 20 %-дан азы нәжіспен шығарылады.

Ерекше топтағы фармакокинетикассы

Бүйрек зақымданулары бар науқастар

Түрлі дәрежедегі бүйрек зақымданулары бар науқастарға 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 100 мг осельтамивирден тағайындаған кезде «плазмадағы белсенді метаболиттің концентрациясы – уақыты» (AUC) қисық астындағы ауданы бүйрек функциясының төмендеуіне кері пропорционалды.

Бауыр зақымданулары бар науқастар

Іn vitro эксперименттер бауыр патологиясы бар науқастарда осельтамивир фосфаты AUC шамасы айтарлықтай жоғарыламағанын, ал белсенді метаболит AUC төмендемегенін көрсетті.

Қарт науқастар

Егде жастағыларда (65 жас және одан асқан) препараттың жартылай шығарылу кезеңі ересек жастағы жастау пациенттердегі осындайдан айтарлықтай ерекшеленбейді. Препараттың AUC және көтерімділігі бойынша деректерді ескере отырып, қарт науқастарда бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 60 мл/мин) болмағанда тұмауды емдеу және профилактикасында дозаны түзету қажет емес.

Балалар

12 жастан асқан балаларда осельтамивир фармакокинетикасы ересектердегідей.

Фармакодинамикасы

Осельтамивир фосфаты белсенді метаболиттің (осельтамивир карбоксилатының) қосымша дәрісі болып табылады. Белсенді метаболит вирион беткейінде орналасқан гликопротеин ферменттерінің - нейраминидаза вирусының селективтік тежегіші болып табылады. Нейраминидазаның вирустық ферментінің белсенділігі түзілген вирустық бөлшектерді инфекция жұқтырған жасушалардан және вирустың әрі қарай организмде таралуынан босату үшін маңызды.

А және В тұмауларына қатысты осельтамивирдің вирусқа қарсы белсенділігі дені сау еріктілерде түрткі болатын сынақтармен жүргізілген эксперименттік зерттеулерде расталған. Клиникалық оқшауланған А тұмауы үшін нейраминидаза ферментіне қатысты осельтамивирдің тежегіш концентрациясының медиана мәні (IC50) 0,1 нМ-ден 1,3 нМ-ге дейін құбылып отырды, В тұмауы үшін 2,6 нМ болды. Жарияланған зерттеу нәтижелерінде В тұмауы үшін IC50 жоғарырақ - 8,5 нМ дейінгі мәндері туралы хабарланған.

Қолданылуы

Тұрғындар арасында тұмау вирусының жаппай таралуы кезінде әдеттегі тұмау симптомдары бар ересектер мен 12 жастан асқан балаларда (дене салмағы 40 кг-ден жоғары болғанда) тұмауды емдеу. Симптомдары алғаш көрініс берген сәттен бастап 2 күн ішінде ем басталған жағдайлардағы анықтау тиімділігі. Бұл нұсқау негізінен А тұмауының табиғи жолмен туындаған клиникалық зерттеулеріне негізделген.

Тұмау профилактикасы:

- тұрғындар арасында тұмау вирусының жаппай таралуы кезінде клиникалық диагностикаланған тұмаумен жанасудан кейін ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы (дене салмағы 40 кг-ден жоғары болғанда) жанасудан кейінгі профилактика.

- Флустопты тұмау профилактикасы үшін тиісінше пайдалануды популяцияны қорғау қажеттіліктері мен жағдайларына сәйкес әр нақты жағдайда анықтау керек. Ерекше жағдайларда (мысалы, айналымдағы вирус штаммы мен вакцина арасында сәйкессіздік болғанда, сондай-ақ пандемия кезеңінде) 12 жастағы (дене салмағы 40 кг-ден жоғары болғанда) және одан үлкен адамдарда маусымдық профилактика мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Флустоп тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.

Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми нұсқаулар негізінде анықталуы тиіс. Емдеу және профилактика үшін осельтамивирді пайдалануға қатысты шешім айналымдағы тұмау вирусы туралы деректерді, жылдың әр мезгілі үшін дәрілік сезімталдық модельдері туралы қолжетімді ақпаратты және түрлі географиялық аймақтарда және пациенттердің популяциясында аурудың әсерін ескере отырып қабылдануы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Осельтамивир ішке қабылданады.

13-17 жастағы жасөспірімдер мен ересектер.

Емдеу

Ішу арқылы қолдануға арналған ұсынылған доза жасөспірімдер (13-17 жас) және ересектер үшін 5 күн бойы күніне екі рет 75 мг осельтамивирді құрайды.

Емді мүмкіндігінше ертерек, бірақ тұмау симптомдары дамыған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс.

Жанасудан кейінгі профилактика

Тұмаумен ауырған науқаспен тығыз байланыстан кейін тұмау профилактикасы үшін ұсынылған доза жасөспірімдер (13-17 жас) және ересектер үшін 10 күн бойы күніне бір рет 75 мг осельтамивирді құрайды. Емді мүмкіндігінше ертерек, бірақ науқаспен жанасудан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс.

Қоғамда эпидемия барысындағы профилактика

Эпидемия өршіп тұрғанда тұмау профилактикасы үшін 6 аптаға дейінгі мерзімде күніне бір рет 75 мг осельтамивирді қолдану ұсынылған.

Ерекше топтар:

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тұмауды емдегенде және профилактикасында дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациент балаларға зерттеу жүргізілген жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 60 мл/мин артық пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 10 мл/мин аз болғанда осельтамивирді қолдануға болмайды. Креатинин клиренсі 60 мл/мин аз болғанда дәрілік заттың бұл дәрілік түрін қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді қоспағанда, дозаны түзету қажет емес.

Иммун тапшылығы бар пациенттер

Иммун тапшылығы бар пациенттер үшін 12 аптаға дейін маусымдық профилактиканы ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда.

Жағымсыз әсерлері

Жалпы қауіпсіздік бейіні

Осельтамивирдің жалпы қауіпсіздік бейіні тұмауды емдеу үшін осельтамивир немесе плацебо қабылдаған 6049 ересек/жасөспірім және 1473 пациент балалардың, сондай-ақ тұмау профилактикасы үшін осельтамивир немесе плацебо қабылдаған (немесе емделмей) 3990 ересек/жасөспірім және 253 балалардың клиникалық зерттеу деректеріне негізделген. Қосымша, иммун тапшылығы бар 475 пациент (соның ішінде 18 бала, олардың 10-ы осельтамивирде және 8-і плацебода) тұмау профилактикасы үшін осельтамивир немесе плацебо қабылдаған.

Тұмауды емдеу зерттеулерінде ересектерде/жасөспірімдерде жүрек айнуы және құсу сияқты жағымсыз әсерлер, профилактика зерттеулерінде жүрек айнуы жиі сипатталған. Осы жағымсыз әсерлердің көпшілігі туралы емнің бірінші немесе екінші күні бір рет хабарланған және олар 1-2 күн ішінде өздігінен қайтқан. Балаларда жағымсыз әсерлер ретінде көбінесе құсу сипатталған. Көп жағдайда бұл жағымсыз әсерлер емді тоқтатуға әкелмеген. Сатылған сәтінен бастап осельтамивирдің төмендегі күрделі жағымсыз реакциялары туралы сирек хабарланған: анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар, бауыр аурулары (фульминантты гепатит, бауыр функциясының бұзылуы және сарғаю), ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, асқазан-ішектен қан кету және нейропсихиатриялық бұзылыстар. (Нейропсихиатриялық бұзылыстар туралы толық ақпаратты «Сақтық шаралары» бөлімінен қараңыз).

Жағымсыз әсерлердің кесте түріндегі тізімі

Төменде келтірілген кестеде атап көрсетілген жағымсыз реакциялар мына санаттарға жатады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 және < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 және < 1/100); сирек (≥ 1/10000 және < 1/1000); өте сирек (< 1/10000). Жағымсыз әсерлері клиникалық зерттеулердің біріктірілген талдауы негізінде кестенің тиісті санатына қосылған.

Ересектер мен жасөспірімдердегі емдеу және профилактикасы

Ересектер мен жасөспірімдердегі емдеу және профилактикасы зерттеулерінде ұсынылған дозаны (5 күн бойы күніне екі рет 75 мг және 6 аптаға дейін күніне бір рет 75 мг) қабылдаған кезде жиі кездесетін жағымсыз реакциялар профилактика зерттеулерінде дозалаудың өте ұзақтығына қарамастан, емдеу зерттеулеріндегі осындайға сандық жағынан ұқсас болды.

Өте жиі (>10%)

  • жүрек айнуы, құсу

  • бас ауыруы

Жиі (1-10%)

  • арқаның ауыруы

  • жөтел, мұрыннан қан кету, мұрынның бітелуі, назофарингит, бронхит, ортаңғы отит, синусит, бронх түйілуі, ринорея

  • диарея, диспепсия, іштің ауыруы (құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруын қоса)

  • герпес

  • ашушаңдық, қажу

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

  • ұйқысыздық

  • бас айналуы (вестибулярлықты қоса), шаршау, гипертермия

  • аяқ-қолдың ауыруы

Жиі емес (1-0,1%)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (экзема, дерматит, бөртпе, есекжем)

  • сананың бұлыңғырлануы

  • құрысулар

  • конъюнктивит

  • лифмоаденопатия

  • жүрек аритмиясы

Сирек (<0,1%)

  • анафилаксиялық реакциялар, анафилактоидты реакциялар,

  • асқазан-ішектен қан кету

  • геморрагиялық ринит

  • фульминантты гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің артуы

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • гепатит

  • Стивенс-Джонсон синдромы

  • мультиморфалы эритема

  • уытты эпидермальді некролиз

  • тромбоцитопения

  • делирий тәрізді жай-күйлер, қатты қозу

  • көру бұзылыстары

Жекелеген жағымсыз реакциялар туралы қосымша ақпарат:

Психиканың бұзылуы және жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Тұмау түрлі неврологиялық және мінез-құлық симптомдарымен астасуы мүмкін, олар елестеулер, делирий және әдеттен тыс мінез-құлық, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын сияқты жағдайларды қамтуы мүмкін. Бұл бұзылыстар энцефалит немесе энцефалопатия аясында, сондай-ақ айқын ауыр аурулар болмағанда көрініс беруі мүмкін.

Осельтамивир қабылдаған, тұмаумен ауыратын пациенттерде постмаркетингтік кезеңде құрысулар мен делирий (сананың бұлыңғырлануы, сананың шатасуы, әдеттен тыс мінез-құлық, мания, елестеулер, қозу, үрей, қорқынышты түстер сияқты симптомдарды қоса) туралы хабарланған, олар өте сирек жағдайларда мүшелерге зиян келтіру немесе өліммен аяқталуға әкелген. Бұл жағдайлар туралы негізінен балалар мен жасөспірімдерде хабарланған; олар үнемі кенеттен басталып, тез басылған. Бұл бұзылулардың туындауындағы осельтамивирдің рөлі белгісіз. Мұндай нейропсихиатриялық көріністер туралы осельтамивир қабылдамаған тұмаумен ауыратын науқастарда да хабарланған.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Тұмау тәрізді аурулары бар пациенттердегі бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар, соның ішінде гепатит және бауыр энзимдері белсенділігінің артуы. Олар фульминантты гепатит жағдайларын/өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қамтиды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- осельтамивир фосфатына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (тұрақты гемодиализ, созылмалы перитонеальді диализ, креатинин клиренсі ≤10 мл/мин)

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Плазма ақуыздарымен төмен байланысуы және CYP450 мен глюкуронидаза жүйесіне байланысты емес метаболизмі сияқты осельтамивирдің фармакокинетикалық қасиеттері осы механизмдер арқылы клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер ықтималдығы аздығын болжайды.

Пробенецид

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде осельтамивир мен пробенецидті бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету қажет емес. Бүйректік тубулярлық аниондық секрецияның күшті тежегіші пробенецидті бір мезгілде қолдану осельтамивирдің белсенді метаболиті концентрациясының шамамен екі есе жоғарылауына әкеледі.

Амоксициллин

Осельтамивир бір жолмен шығарылатын амоксициллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейді және осы шығарылу жолы үшін осельтамивирдің әлсіз бәсекелестігі болжанады.

Бүйректік элиминациясы

Бүйректік тубулярлық секреция үшін бәсекелестікті жұмылдыратын клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер осы заттардың көпшілігінің белгілі қауіпсіздік бейіні, белсенді метаболиттің элиминациясы ерекшеліктері (гломерулярлық сүзіліс және тубулярлық аниондық секреция) себебімен және олардың экскреция механизмдеріне байланысты ықтималдығы аз. Емдік аралығы аз, сол бір жолмен шығарылатын дәрілерді (мысалы, хлорпропамид, метотрексат, фенилбутазон) қолданатын пациенттерге осельтамивирді тағайындағанда сақ болу керек.

Қосымша ақпарат

Осельтамивирді парацетамолмен, ацетилсалицил қышқылымен, циметидинмен немесе антацидтермен (магний және алюминий гидроксидімен, сондай-ақ кальций карбонатымен), ремантадинмен немесе варфаринмен (варфаринге тұрақты, тұмаумен ауырмайтын) қолданғанда осельтамивирмен немесе оның негізгі метаболиті арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Осельтамивир тек тұмау вирустарынан туындаған ауруларда ғана тиімді. Тұмау вирусынан ерекшеленетін агенттер туғызған ауруларға қатысты осельтамивирдің тиімділігін дәлелдейтін деректер жоқ. А және В вирустарынан басқа басқа қоздырғыштар туғызған кез келген ауруларда Осельтамивирдің тиімділігі бойынша деректер жоқ.

Флустоп тұмауға қарсы вакцинаны алмастырушы емес.

Флустопты қолдану тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинация үшін адамдарды анықтауға әсер етпеуі тиіс. Тұмаудан қорғану тек Флустопты қабылдаған кезде жалғасады. Флустопты популяцияда тұмаудың айналымдағы фактісін растайтын сенімді эпидемиологиялық деректер барысында ғана тұмауды емдеу және профилактикасы үшін қолдану керек. Тұмаудың айналымдағы штаммдарының осельтамивирге сезімталдығы өте құбылмалы. Демек, рецептуралық препараттарды тағайындайтын медицина қызметкерлері Флустопты пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде қазіргі уақытта айналымдағы вирустардың осельтамивирге сезімталдық сипаты туралы тың ақпараттарды ескерулері тиіс.

Қатар жүретін ауыр жай-күйлер

Аурухана жату қаупі міндетті болып саналатын жеткілікті дәрежедегі кез келген ауыр немесе тұрақсыз медициналық жай-күйлердегі пациенттерде осельтамивирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.

Иммун тапшылығы бар пациенттер

Иммун тапшылығы бар пациенттерде тұмауды емдеу және профилактикасы үшін осельтамивирдің тиімділігі нақты анықталмаған.

Жүрек/респираторлық аурулар

Созылмалы жүрек ауруларынан және/немесе тыныс алу жолдары ауруларынан зардап шегетін пациенттерде осельтамивирдің тиімділігі анықталмаған. Мұндай пациенттерде дәрі мен плацебо қабылдаған топтар арасында асқынулар туындау жиілігінде ерекшеліктер байқалмаған.

Нейропсихиатриялық жағдайлар

Осельтамивирді қабылдау кезінде тұмаумен ауырған пациенттерде, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде нейропсихиатриялық жағдайлар байқалды. Мұндай жағдайлар осельтамивир қабылдамаған, тұмаумен ауырған пациенттерде де байқалды. Пациенттердің мінез-құлық өзгерістерін мұқият бақылап, әр пациент үшін емді жалғастырудың пайдасы мен қаупін мұқият бағалау қажет («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Жүктілік

Жүкті әйелдерде осельтамивирді пайдаланумен бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмегендіктен, постмаркетингтік есептер мен ретроспективті бақыланатын зерттеулерден алынған шектеулі деректер ғана бар. Жүкті әйелдер айналымдағы тұмау вирусы штаммының патогенділігі, қауіпсіздігі мен жүкті әйелдің жай-күйі бойынша қолда бар деректерді ескере отырып Флустопты қабылдай алады.

Лактация кезеңі

Осельтамивир қабылдаған емшек еметін сәбилер, аналар туралы және осельтамивирдің емшек сүтімен бөлініп шығуы туралы шектеулі деректер осельтамивир мен оның белсенді метаболитінің сәбилер үшін емдік дозадан да өте төмен дозада емшек сүтінде табылғанын көрсетті. Осы ақпаратты назарға ала отырып, егер бұл бала емізетін анаға әлеуетті пайда әкелсе, айналымдағы тұмау вирусы штаммының патогенділігі және ананың жай-күйі, осельтамивирді тағайындау қарастырылуы тиіс.

Фертильділігі

Клиника алдындағы деректер негізінде Флустоптың ерлердің немесе әйелдердің фертильділігіне әсері дәлелденбеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмаған, бірақ бұл қабілеттердің бұзылуы тұмау вирусының орталық жүйке жүйесіне әсерінен туындаған болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Осельтамивирдің артық дозалануы туралы хабарлама клиникалық зерттеулерден және постмаркетингтік мониторинг барысында алынған. Көп жағдайда артық дозалануы, жағымсыз құбылыстары туралы хабарламалар болған жоқ.

Артық дозалануы туралы хабарланған жағымсыз құбылыстар осельтамивирді емдік дозада қолданғанда байқалған құбылыстардың шығу тегі мен жиілігі бойынша ұқсас болды және "Жағымсыз әсерлері" бөлімінде сипатталған.

Арнайы антидот жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

Бір пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

«АКАДЕМФАРМ» Республикалық өндірістік біртұтас кәсіпорны

Мекенжайы: Академик В.Ф. Купревич ат. көш, 5 үй, 3 к, Минск, 220141, Беларусь Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«АКАДЕМФАРМ» Республикалық өндірістік біртұтас кәсіпорны

(Беларусь Республикасы)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланысу деректері (телефон, факс, электронды поштасы):

«Утегенова Б.А.» ЖК

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Мауленов к-сі, 123 “А”, 7 пәтер

Тел.: + 77017076181

е-mail: b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

298178581498795309_ru.doc 91 кб
834991911498795839_kz.doc 110.5 кб
21_03_1696_p.pdf 0.58 кб
21_03_1696_s.pdf 0.73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ