Ферсинол

МНН: Железа (III) гидроксид полимальтозат
Производитель: Идол Илач Долум Сан. ве Тидж. А.Ш. по лицензии Билим Илач Санайи ве Тиджарет А.Ш., Турция
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты железа (трехвалентного) для парентерального применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019772
Информация о регистрации в РК: 04.09.2018 - 04.09.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 795.5 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ферсинол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 100 мг/2 мл ерітінді

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 333,33 мг темір (III) гидроксиді полимальтозды

кешені (100 мг темірге шаққанда),

қосымша заттаринъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қошқыл қызғылт-қоңыр гомогенді сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. Парентеральді қолдануға арналған Fe +++ препараттары.

АТХ коды В03АС

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Темір (III) гидроксиді полимальтозды кешені белсенді зат ретінде 100 мг элементарлық темірге тең болатын үшвалентті темірдің гидроксид-полимальтозды кешенінің негізінде темірдің ионды емес қосылысынан тұрады. Мұндай комбинация сарысуда ферритинмен темірдiң табиғи қосылыстарының құрылымына барынша жақын және темiр тапшылығы жағдайларын алдын алу және емдеу үшiн әзірленген.

Бұлшықетішілік инъекция кезінде темір қан ағымына тез барады: дозаның 15%-ы – 15 минуттан соң, 44%-ы – 40 минуттан соң. Қан плазмасында Сmax инъекциядан кейін 24 сағаттан соң жетеді. Плазманың ақуыздарымен байланысуы – 90 %. Қан ағымында трансферринмен байланысады, тіндерде ферритиннiң құрамында жинақталады, эритропоэз үдерісiнде қолданылады.

Ретикулоэндотелиальді жүйеде кешен темір гидроксидіне және полимальтозаға ыдырайды (тотығу жолымен метаболизденеді).

Өзгермеген кешен аз мөлшерде плацентарлық бөгет арқылы өтуі мүмкін және оның болмашы мөлшері емшек сүтіне түседі. Ферритинмен немесе трансферринмен байланысқан темір плацентарлық бөгет арқылы өтуі мүмкін, ал лактоферриннің құрамында азғантай мөлшері емшек сүтіне түседі.

Бұлшықетішілік енгізгеннен кейін темір (III) гидроксидінің полимальтозды кешені белсенді ингредиент түрінде ең алдымен бауырда сіңіріледі. Онда ол гемоглобин, миоглобин және басқа құрамында темір бар ферменттер құрамына кіреді, сондай-ақ организмде ферритин түрінде болады.

Жартылай шығарылу кезеңі 22,4 сағатты құрайды, таралу көлемі 2,93 литр. Препараттың жалпы дозасынан кемінде 1%-ы бүйректер арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ферсинол темiр тапшылығы жағдайларын алдын алу және емдеу үшiн әзірленген.

Темiр организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті маңызды микроэлемент болып табылады: эритроциттер гемоглобинінің, миоглобиннің және тіндік тыныс алу және қан түзілу үдерістеріне қатысатын көптеген ферменттердің құрамына кіреді, иммунитетті реттейді.

Препаратта темір, темір (III) гидроксидінің полимальтозамен кешенді қосылысы түрінде болады. Бұл кешен тұрақты және одан бос иондар түрінде темір бөлінбейді.

Бұлшықетішілік енгізгеннен кейін темір гемоглобиннің және миоглобиннің синтезінде тез қолданылады немесе темірден тұратын депоға ауысады, нәтижесінде темір тапшылығының клиникалық және лабораториялық симптомдарының регрессиясына жетеді.

Қолданылуы

Ферсинол темір тапшылықты қаназдықты және әртүрлі генезді темір тапшылығының барлық түрлерін емдеуге және алдын алуға, тез және тиімді орын басатын терапияға арналған

  • күрделі темір тапшылығы (мысалы, қан кетуден кейін)

  • асқазан-ішек жолынан сіңірілудің бұзылуы салдарынан ішке қабылданатын темірдің тиімсіздігі, постгеморрагияға әкелетін әртүрлі қан кету түрлері

  • ішке қабылданатын темірден тұратын препараттарды көтере алмаушылық

  • басқа препараттармен емдеуге тұрақты темір тапшылығы

Ферсинол тиісті лабораториялық зерттеулермен расталған темір тапшылықты жағдайлар кезінде ғана енгізіледі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек бұлшықетішілік және тек тереңдетіп енгізу кезінде ғана қолданылады!

Ампуланы ашқаннан кейін ерітіндіні дереу енгізу керек.

Инъекция алдында сезімталдыққа тест жүргізу керек (0,5 мл I/M).

Ересектерге тәуліктік доза 100 мг (1 ампула) құрайды.

Балаларға доза баланың жасына және дене массасына қарай есептеледі.

Парентеральді емдеу курсы гемоглобиннің деңгейі есебінен емдеуші дәрігермен анықталады, қажет болған кезде емді темірдің ішке қабылданатын препараттарымен жалғастырады.

Ең жоғары тәуліктік дозалар:

Дене массасы 5 кг-ға дейінгі балаларға

ампуланың ¼-і (0,5 мл = 25 мг темір)

Дене массасы 5 кг-нан 10 кг-ға дейінгі балаларға

ампуланың ½-і (1 мл = 50 мг темір)

Ересектерге

2 ампула (4 мл = 200 мг темір)

Темір тапшылығының клиникалық және лабораториялық симптомдарын қалыптандыру кезінде организмде темірдің қорын толтыру үшін бір ай бойы препаратты пайдалану керек.

Ампулада шөгінді түзілуі кезінде ерітінді қолдануға жарамсыз. Басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- енгізу техникасы дұрыс жасалмаса – терінің боялуы, ауыруы, инъекция орнының қабынуы, инфильтраттар, абсцесстер

Сирек

- артралгиялар, миалгиялар, лимфалық түйіндердің үлкеюі, қызба, дімкәстік

- артериялық қысымның төмендеуі

- бас ауыруы, бас айналуы

- ентігу

- ауызда металл дәмінің шығуы, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, нәжістің қошқыл түске боялуы

Өте сирек

- есекжем, тері бөртпесі, қышыма немесе анафилактикалық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- темірге немесе препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдық

- ағзада темірдің артық болуы (гемохроматоз, гемосидероз)

- анемия, темір тапшылығына байланысты емес (В12 витаминінің тапшылығы туындатқан гемолитикалық, мегалобласттық)

- эритропоэздің бұзылуы, сүйек кемігінің гипоплазиясы

- темірдің утилизациясы механизмінің бұзылуы (сидероахрестикалық анемия, қорғасын анемиясы)

- Ослер – Рандю – Вебер синдромы

- бронхтық демікпе

- Крон ауруы

- жүктілік (I триместр)

- қалпына келмеген сатыдағы бауыр циррозы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

АӨФ тежегіштері жүйелік әсерлерді күшейтеді. Ішке қабылданатын құрамында темір бар препараттармен бірмезгілде қолдануға болмайды (асқазан-ішек жолынан темірдің сіңірілуі азаяды), сондықтан ішке қабылданатын темірден тұратын препараттармен емдеуді соңғы инъекциядан кейін кемінде 1 аптадан соң бастау керек.

Ферсинол препаратын бұлшықетішілік енгізу кезінде кейбір азық-түлік өнімдерімен және дәрілік заттармен (мысалы, тетрациклиндермен) екі валентті темір препараттарын бірмезгілде қабылдау кезінде дамитын өзара әсерлер байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Бұлшықетішілік енгізу кезінде емделушіде асқын сезімталдықпен туындаған анафилактикалық реакциялар дамуы мүмкін. Сөйтіп парентеральді енгізумен темірмен емдеу ішке қабылдау кезінде ем жеткіліксіз және/немесе мүмкін емес болып табылатын емделушілерге ғана қолданылуы керек. Қолданар алдында сезімталдыққа тест жүргізген жөн (тест дозасы: бұлшықетішілік 0,5 мл). Аллергиялық реакция кезінде эпинефринді және глюкокортикоидтарды қолдануға болады.

Зақымданбаған ампулаларды ғана пайдалануға болады. Шөгінді түзілуі кезінде ерітінді қолдануға жарамсыз. Ампуланы ашқаннан кейін ерітіндіні дереу енгізу керек.

Қатерлі ісіктер немесе жұқпалық аурулар аясында туындаған анемия кезінде темір РЭЖ-нде (ретикуло-эндотелиальді жүйесінде) жинақталады, одан негізгі аурудан жазылғаннан кейін ғана оңтайлануы және пайдаланылуы мүмкін. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігімен, жүрек-тамыр және аллергиялық аурулармен емделушілерге сақтықпен тағайындалады. Балаларда

Прикрепленные файлы

366548501477976900_ru.doc 62.5 кб
821736801477978069_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники