Тутукон Нео

Производитель: Мигуэль И Гаррига А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023570
Информация о регистрации в РК: 07.03.2018 - 07.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Тутукон Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді, 250 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

дала қырықбуыны сабақтары ** 4737.8 мг

қызыл іргешөп гүлдері** 2742.9 мг

болдо (пеумус) жапырақтары** 2327.3 мг

үнді опунциясы гүлдері ** 1413.0 мг

жіңішке жапырақты сарышолақ гүлдері ** 1413.0 мг

дәрілік розмарин жапырақтары ** 1413.0 мг

салалы қарашағыр тамырсабақтары ** 1413.0 мг

дәрілік сермене жапырақтары** 1413.0 мг

**100 мл ерітіндінің құрамына дәрілік шөптерден алынған 94663,0 мг сулы дистиллят кіреді

қосымша заттар: макрогол (полиэтиленгликоль 400), полисорбат 20, натрий бензоаты, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, сукралоза, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жартылай мөлдір, түссізден ашық сары түске дейін немесе сәл бозаңданатын сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген препарат, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Тутукон Нео – өсімдік тектес біріктірілген препарат.

Дәрілік заттардың белсенді қоспалары: эфир майлары, флавоноидты қосылыстар, фенолкарбон қышқылдары жіне олардың туындылары, фенилпропаноидтар, розмарин қышқылы және оның этил эфирі, кофе, хлороген, n-кумар, феруло және синап қышқылдары; урсол, кремний, аконит, қымыздық, алма қышқылдары; алколоидтар, гликозидтер, таниндер, пектин, сапониндер, стериндер, кумариндер, концентрацияланған дәрумендік кешендер, минералды заттар, микроэлементтер, шайырлар.

Жоғарыда аталған белсенді заттар бүйрек капиллярларының өткізгіштігін азайтады, бүйрек тамырларын және несепағарларды кеңейтеді, бүйрек өзекшелерінің эпителий функциясын қалпына келтіреді, осмостық әсерге ие (иондық теңгерімді бұзбайды - калий-жинақтаушы әсер), қабыну медиаторларының синтезін және белсенділенуін басады; несеп қышқылы тұздарының шығарылуын стимуляциялайды және сол арқылы кристалдардың түзілуінің, тастардың қалыптасуы мен өсуінің алдын алады; несептің рН қалыпқа келтіреді, лейкотриендер синтезін және бос радикалдық реакцияларды тежейді, бактериялардың жарғақшаларын бұзады және бактериялық гиалуронидазаны тежейді, ақуыздың бөлініп шығуын азайтады және тубулярлық аппараттың қызметін қорғайды, бактерияға қарсы емнің әсерін көтермелейді.

Дәрілік шөптердің белсенді қоспалары – препарат компоненттерінің диурездік, түйілуді басатын, литолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы, өт айдайтын және антиоксидантты әсерлері бар. Тутукон Нео организмнен несеп қышқылы тұздарының, токсиндердің, ауыр металл тұздарының шығарылуын күшейтеді, бұл несеп жолдарына кристалдардың түсуін, түзілген тастардың өсуі мен жаңаларының қалыптасуын болдырмайды; несепті сілтілендіреді және оның рН-ын 6,2-6,8 шегінде ұстап тұрады, бұл да тастар түзілуіне бөгет болады. Несеп шығару жолдары инфекциялары кезінде препарат антибиотиктермен емдеудің тиімділігін арттырады, ауырудың азаюына ықпал етеді, несеп шығаруды қалыпқа келтіреді, қайталап өршу қаупін төмендетеді. Препараттың көтерімділігі жақсы және антибактериялық препараттармен үйлесімде ұзақ қолдану мүмкіндігі бар.

Қолданылуы:

Кешенді ем құрамында

- бүйректе тұздың шамадан тыс түзілуінде (ураттар, оксалаттар, фосфаттар, карбонаттар)

- ұсақ уролитиаз

- тастарды алып тастағаннан кейін қайталап тас түзілудің профилактикасында

- подаграда

- несеп шығару жолдарының инфекцияларында: цистит, уретрит, пиелонефрит

- дизуриялық құбылыстарда

- несеп- және өт шығару жолдарының түйілуінде

- спастикалық колитте

- уыттанудың әрқилы түрлерінде (дәрілік, алкогольдік, есірткілік, тағамдық улану)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын ішке қабылданады.

Ересектер

Препарат 7 мл-ден күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын ішке қабылданады.

Жүкті әйелдер

Емдеу дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Ұсынылатын доза тамақтанудан 30 минут бұрын 3,11 мл-ден, күніне 3 рет.

Балалар

Балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану ұсынылады.

Дәрігердің дозаны түзетуі мүмкін.

Ұсынылатын дозалар:

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: 0,77 - 1,55 мл, күніне 3 рет, тамақтанудан 30 минут бұрын.

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар: 2,33 мл, күніне 3 рет, тамақтанудан 30 минут бұрын.

Препаратты қабылдау ұзақтығы 2-4 апта.

Дәрігердің дозаны түзетуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Болжамды жағымсыз реакциялар жөнінде хабарлау

Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы мәліметтер ұсыну дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін аса маңызды сәт болып табылады. Медицина қызметкерлері нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыс деректері бойынша және ұлттық ақпарат жинау жүйесі арқылы кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпарат ұсынуы керек. 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдау уақыты өтіп кетсе, келесі қабылдауда дозаны екі еселеуге болмайды.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек қана дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік, лактация кезеңі

Тутукон Неоны жүктілік кезінде және лактация кезеңінде дәрігердің қатаң бақылауымен қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мл препараттан алюминий қалпақшамен тығындалған янтарь түстес поливинилхлоридті құтыда.

1 құтыдан пластик өлшеуіш шприцпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 30 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Мигуэль И Гаррига А.О.,

Жоаким Коста, 181а08390 Монтгат (Барселона), Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Корнмаркт, 10, Люцерн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы:

«Гранд Медикал Груп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 17 үй, 211/3 кеңсе

Тел/факс: +7(727) 244-58-03

info.kz@grandmedical.eu

Прикрепленные файлы

Тутукон_Нео.docx 0.03 кб
Тутукон_нео_каз.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту