Трамадол таблетки (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Трамадол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Трамадол
Дәрілік түрі, дозалануы
Қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Апиындар. Басқа апиындар. Трамадол.
АТХ коды N02AX02
Қолданылуы
Қарқындылығы орташа және жоғары ауыру синдромын емдеу
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші зат трамадол гидрохлоридіне немесе басқа апиындарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
тыныс алудың бәсеңдеуімен немесе орталық жүйке жүйесінің айқын бәсеңдеуімен (алкогольден, седативті препараттардан, есірткілік анальгетиктерден, психотропты препараттардан улану) қатар жүретін жағдайлар
моноаминооксидаза тежегіштерін бір уақытта қолдану және оларды тоқтатқаннан кейінгі екі апталық кезең
бақыланбайтын эпилепсия
есірткілік заттарды алмастырғыш ретінде
ауыр дәрежедегі бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
жүктілік және лактация
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Апиынға тәуелділігі, бас жарақаты, шогы бар пациенттерде, этиологиясы түсініксіз сананың бұзылуы бар, тыныс алуы бұзылған немесе тыныс алу орталығы зақымданған, бассүйекішілік қысымы жоғары пациенттерде трамадол тек аса сақтықпен қолданылуы тиіс.
Трамадолды апиынға сезімтал пациенттерде ерекше сақтықпен қолдану керек.
Седативті препараттарды бір мезгілде қолдану қаупі
Трамадол препаратын және бензодиазепиндер немесе ұқсас препараттар сияқты седативті препараттарды бір мезгілде қабылдау седативті әсер, тыныс алу бәсеңдетуін, команы және өлімді тудыруы мүмкін. Демек, бұл препараттарды бір уақытта тағайындау емдеудің басқа нұсқалары болмаған кезде ғана мүмкін болады.
Егер трамадолды седативті дәрілік заттармен бірге тағайындау туралы шешім қабылданса, ең төмен тиімді дозаны қолдану ұсынылады және емдеу мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Пациенттер тыныс алу бәсеңдеуінің және седацияның белгілері мен симптомдарын мұқият қадағалап отыруы керек.
Тыныс алуды бәсеңдету
Тыныс алуы бәсеңдеген немесе препаратты ОЖЖ депрессанттарымен біріктіріп қолданған немесе оны ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозадан едәуір асырып пациенттерде сақтықпен тағайындау керек, өйткені тыныс алуының бәсеңдеуі туындауы мүмкін.
CYP2D6 изоферменті арқылы метаболизмі
Трамадол CYP2D6 изоферментімен метаболизденеді. Белсенділігі жеткіліксіз (метаболизмі «баяу» пациенттер) немесе осы изоферменті жоқ пациенттерде ауыруды басатын адекватты әсерге қол жетпеуі мүмкін. Бағалаулар бойынша 7%-ға дейін еуропеоидтарда осы изоферменттің белсенділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал метаболизмі «аса жылдам» пациенттерде трамадолды тіпті ұсынылған дозаларда қабылдағанда да апиындық уыттылықтың жағымсыз әсерлерінің даму қаупі бар.
Апиындық уыттылықтың жалпы симптомдары сананың шатасуын, ұйқышылдықты, беткейлік тыныс алуды, қарашықтың күрт тарылуын, жүрек айнуын, құсуды, іштің қатуын және тәбеттің жоғалуын қамтиды. Ауыр жағдайларда өмірге қауіпті жүрек-қантамыр бұзылуы және сирек жағдайларда өліммен аяқталатын тыныс алудың бәсеңдеуі туындауы мүмкін.
Операциядан кейін балаларда қолдану
Жарияланған әдебиетте балаларда обструктивті ұйқыдағы апноэ кезіндегі тонзиллэктомиядан және / немесе аденоидэктомиядан кейін трамадолды қолдану сирек, бірақ өмірге қауіп төндіретін жағымсыз реакцияларға әкелгені туралы хабарламалар бар. Балаларға трамадолды операциядан кейін жансыздандыру үшін тағайындағанда ерекше сақ болу керек және апиындық уыттылық симптомдарына, оның ішінде тыныс алудың бәсеңдеуіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Тыныс алу функциясы бұзылған балалар
Тыныс алу функциясы бұзылған балаларда, оның ішінде жүйке-бұлшықет аурулары, жүрек немесе тыныс алу жолдарының күрделі аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының немесе өкпенің инфекциялары, көптеген жарақаттар немесе ауқымды хирургиялық араласулар кезінде трамадолды қолданбаған жөн. Бұл факторлар апиындық уыттылық симптомдарының шиеленісуіне әкелуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық
Препаратты аллергиялық және аллергиялық емес генездегі апиындарды көтере алмаудың ауыр белгілі жағдайлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Құрысу дамуының қаупі
Трамадолды ұсынылған дозаларда қабылдаған пациенттерде құрысу оқиғалары тіркелді. Құрысудың даму қаупі препараттың барынша ұсынылған тәуліктік дозасын (400 мг) асырған кезде ұлғаюы мүмкін. Трамадолды қабылдау құрысу шегін төмендететін препараттарды қабылдайтын пациенттерде құрысудың даму қаупін арттыруы мүмкін. Эпилепсиясы бар пациенттер және құрысудың дамуына бейім пациенттер трамадолды тек өмірлік көрсетілімдер бойынша қабылдауы тиіс.
Тәуелділік дамуы
Дағдылану, дене және психикалық тәуелділік, әсіресе ұзақ қолданғанда дамуы мүмкін. Дәрілік препараттарды шамадан тыс пайдалануға немесе дәрілік тәуелділіктің дамуына бейім пациенттерде Трамадол препаратымен емдеу тек қысқа курстармен және медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс.
Трамадол апиындарға тәуелді пациенттер үшін орын басушы ем дәрісі ретінде қолданылмайды. Трамадол апиындық рецепторлардың агонисті екеніне қарамастан, ол морфиннің «тоқтату» симптомдарын баса алмайды.
Егер пациентке трамадолмен емдеу енді қажет болмаса, «тоқтату» симптомдарының алдын алу үшін дозаны біртіндеп төмендету орынды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Трамадолды моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде тағайындауға болмайды. Петидин апиындық анальгетигін қолдану басталғанға дейін 14 күн ішінде МАО тежегіштерімен ем алған пациенттерде орталық жүйке жүйесі, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелері тарапынан симптомдармен көрініс табатын, өмірге қауіп төндіретін дәрілерлік өзара әрекеттесуі байқалды. МАО тежегіштерімен осындай өзара әрекеттесулер трамадолды тағайындағанда да болуы мүмкін.
Апиындарды бензодиазепиндермен немесе алкогольді қоса, ОЖЖ қызметін бәсеңдететін басқа заттармен бір мезгілде қолдану комаға және өлімге дейін седативті әсерді, тыныс алудың бәсеңдеуін күшейте алады. Осыған байланысты дозалар мен емдеу ұзақтығы шектеулі болуы тиіс.
Циметидинді (бауырдың микросомальді ферменттерінің тежегіші) бірлесіп немесе бұрын қолданған кезде клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі екіталай екендігі белгіленді. Карбамазепинді (бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторы) бір мезгілде немесе бұрын қолдану трамадолдың анальгетикалық әсерін төмендетуі және оның әсер ету уақытын қысқартуы мүмкін.
Трамадол құрысу тудыруы мүмкін және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерінің (СКҚСТ), серотонин-норадреналинді кері қармау тежегіштерінің (СНКҚТ), трициклдік антидепрессанттардың, нейролептиктер мен құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да препараттардың (мысалы, бупропион, миртазапин, тетрагидроканнабинол) әсерін күшейтуі мүмкін, осылайша, құрысулардың дамуына әкеледі.
Трамадолды серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, серотонин-норадреналинді кері қармау тежегіштері, МАО тежегіштері, трициклдік антидепрессанттар және миртазапин сияқты басқа да серотонинергиялық дәрілермен бір мезгілде қолдану серотониндік синдромның дамуына әкелуі мүмкін. Төмендегі симптомдардың/синдромдардың бірі байқалған кезде серотониндік синдромның даму ықималдығы бар:
спонтанды бұлшықет клонусы;
индукцияланған немесе қозумен немесе қатты терлеумен жүретін көз миоклонусы;
тремор және гиперрефлексия;
гипертония, дене температурасының көтерілуі >38°C және индукцияланған немесе көз миоклонусы.
Серотонинергиялық препараттарды қабылдауды тоқтату симптомдардың жылдам жоғалуын туындатады. Қажетті ем клиникалық көрініспен және симптомдардың айқындығымен анықталады.
Трамадол мен кумарин туындыларын (мысалы, варфарин) бір мезгілде қолданғанда пациенттерді мұқият қадағалау қажет, себебі олардың кейбірінде қан кетудің және экхимоздардың дамуымен халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы байқалды.
CYP3A4 изоферментінің басқа тежегіштері, мысалы, кетоконазол және эритромицин, трамадолдың (N-деметилдеу) және белсенді О-деметил-трамадолдың метаболизмін баяулатуы мүмкін. Аталған өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерттелмеді.
5-НT3-рецепторлардың блокаторы – ондансетронды операция алдында немесе одан кейін қолдану операциядан кейінгі ауыру синдромы бар пациенттерде трамадолға қажеттілікті ұлғайтты деген шектеулі деректер бар.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Трамадол таблеткалары 12 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Өте жоғары дозаларда трамадол ішкі ағзалардың дамуына, оссификацияға және неонатальді өлім жағдайына әсер етеді. Трамадол плаценталық бөгет арқылы өтеді. Трамадолдын қолданудың қауіпсіздігіне сенімді дәлелдер алынбады, сондықтан трамадолды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүктілік кезінде трамадолды ұзақ қолдану нәрестеде «тоқтату» симптомдарының дамуына әкелуі мүмкін.
Босанғанға дейін және босану кезінде қолданылатын Трамадол босану кезінде жатырдың жиырылуына әсер етпейді. Нәрестелерде трамадол тыныс алу жиілігінің өзгеруін тудыруы мүмкін, бұл әдетте клиникалық тұрғыдан маңызды емес.
Анаға енгізілген трамадолдың шамамен 0,1 % дозасы емшек емізу кезінде сүтпен шығарылады. Трамадолды босанудан кейін бірден 400 мг-ға дейінгі тәуліктік дозада ішке қабылдаған кезде емшектегі баланың организміне түсетін трамадолдың орташа мөлшері анадағы дозасының 3%-ын құрайды. Трамадолды емшек емізу кезінде қолданбаған жөн. Трамадолмен емдеу қажет болғанда емшек емізуді тоқтата тұру керек. Трамадолды бір рет қабылдағаннан кейін әдетте емшек емізуді тоқтатудың қажеті жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тіпті ұсынылған дозаларда трамадол ұйқышылдық пен бас айналу сияқты әсерлерді тудыруы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізушілері мен механизмдердің операторларында реакцияны бұзуы мүмкін. Трамадол препаратын қолданған кезде, әсіресе басқа психотропты препараттармен немесе алкогольмен бірге қолданғанда, автокөлік басқарудан және аса көңіл бөлуді және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Ересектер
Дозаны ауыру синдромының қарқындылығына және пациенттің жеке сезімталдығына байланысты жекелей таңдау керек. Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады, препаратты терапиялық тұрғыдан мақұлданған мерзімінен артық тағайындамаған жөн. Ерекше жағдайларды (мысалы, онкологиялық ауру немесе операциядан кейінгі күрделі ауру) қоспағанда, трамадолдың тәуліктік 400 мг дозасын арттырмаған жөн.
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Дозалар |
Бір реттік доза |
Ең жоғары тәуліктік доза |
Трамадол (қабықпен қапталған 50 мг таблеткалар) |
50–100 мг әрбір 4–6 сағат сайын (1–2 таблетка) |
400 мг (8 таблеткаға дейін) |
Ауырсынуды бәсеңдету әсері жеткіліксіз болған жағдайда 30-60 минуттан кейін 50 мг трамадол қайтадан қабылданады. Қарқынды ауырсыну кезінде ұсынылатын бір реттік доза-100 мг трамадол.
Әсері ауырсынудың сипаты мен қарқындылығына байланысты орта есеппен 4-8 сағатқа созылады. Ісіктер болған кезде немесе операциялық араласу кезінде дозаны едәуір жоғарылату қажет болуы мүмкін. Ауырсынуды бәсеңдету әсерін 24 сағаттан артық сақтау үшін, әдетте, доза әдеттегі дозадан жоғары емес.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Трамадол таблеткалары 12 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық тұрғыдан айқын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі жоқ егде пациенттерде (75 жасқа дейін) әдетте дозаны түзету талап етілмейді. 75 жастан асқан пациенттерде препараттың шығарылуы баяулауы мүмкін. Сондықтан, қажет болса, пациенттің ерекшеліктеріне сәйкес препаратты тағайындаудағы аралықты арттырады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе диализдегі пациенттер және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылған кезде трамадолдың организмнен шығарылуы баяулайды. Қажет болса препаратты қабылдау арасындағы аралық ұлғайтылуы тиіс. Ауыр дәрежедегі күрделі (креатинин клиренсі 10 мл/мин) бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге трамадолды қабылдау ұсынылмайды
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен бөлмей және шайнамай тұтастай жұтады.
Емдеу ұзақтығы
Трамадол ешқандай жағдайда, қажетінен артық қолданылмауы тиіс. Ауыру синдромының қарқындылығына немесе этиологиясына байланысты трамадолды ұзақ қолданған кезде әрі қарай емдеу қажеттілігін анықтау және дозаны оңтайландыру үшін мезгіл-мезгіл бақылау (егер препаратты қабылдау кезінде үзілістермен қажет болса) қажет. Созылмалы ауырсыну синдромын ұзақ уақыт емдеу кезінде препаратты қабылдаудың таңдалған кестесін ұстануыңыз керек. Трамадол үйренісу туғызуы мүмкін. Ұзақ уақыт пайдаланылуының артықшылықтарын мұқият салыстыру қажет.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары
Трамадолмен артық дозаланғанда есірткілік анальгетиктерге тән симптомдарды күту керек: миоз, құсу, коллапс, тіпті комаға дейін сананың бұзылыстары, құрысу, тыныс алу орталығының тыныс алу салдануына дейін бәсеңдеуі.
Емі
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Симптоматикасына қарай тыныс алуды және жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін ұстап тұру.
Тыныс алу бұзылғанда налоксон енгізіледі. Құрысулар кезінде вена ішіне диазепам енгізу керек. Препараттың ішке қабылдауға арналған дәрілік түрлерімен артық дозаланған кезде асқазанды шайып, артық дозаланудан кейін алғашқы екі сағат ішінде белсендірілген көмір тағайындау қажет. Препараттың әсіресе үлкен дозаларын капсула түрінде қабылдағаннан кейін, асқазанның ішіндегісін жою кешірек мерзімдерде де тиімді болуы мүмкін. Артық дозаланғанда гемодиализдің және гемофильтрацияның тиімділігі аз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Егер пациентке трамадолмен емдеу енді қажет болмаса, «тоқтату» симптомдарының алдын алу үшін дозаны біртіндеп төмендету орынды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Өте жиі
- бас айналуы
- жүрек айнуы
Жиі
- бас ауыруы, ұйқышылдық
- ауыздың құрғауы, құсу, іш қату
- тершеңдік, қажығыштық
Жиі емес
- жүрек-қантамыр регуляциясына әсері (жүрек қағу, тахикардия). Бұл жағымсыз реакциялар негізінен препаратты вена ішіне енгізгенде немесе елеулі физикалық жүктемеде байқалады
- жүрек-қантамыр регуляциясына әсері (ортостаздық гипотензия немесе коллапс). Бұл жағымсыз реакциялар негізінен препаратты вена ішіне енгізгенде немесе елеулі физикалық жүктемеде байқалады
- құсық келуі, эпигастриядағы ауырлық сезімі, метеоризм, диарея
- тері реакциялары (мысалы, қышыну, эритема, есекжем).
Сирек
- брадикардия
- артериялық қысымның жоғарылауы
- тәбеттің өзгеруі
- тыныс алудың бәсеңдеуі, ентігу. Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) бәсеңдететін басқа препараттарды бір мезгілде қолдана отырып, ұсынылатын дозалардан едәуір асып кеткенде тыныс алудың бәсеңдеуі ықтимал.
- бронх демікпесінде жағдайдың нашарлауы байқалды (алайда препаратты қолданумен себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ)
- сөйлеудің бұзылуы, парестезия, тремор, эпилепсия тәрізді ұстамалар, еріктен тыс бұлшықет жиырылуы, координацияның бұзылуы, естен тану
- эпилепсия тәрізді ұстамалар (трамадолдың жоғары дозасын қолданғаннан кейін немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде қолданғанда мүмкін болады).
- елестеу, сананың шатасуы, ұйқының бұзылуы, сандырақ, үрей, делирий және қорқынышты түстер көру.
- көңіл-күйдің өзгерту (әдетте эйфория, кейде дисфория), белсенділіктің өзгерту (әдетте төмендеу, кейде жоғарылау), когнитивті функциялардың және түйсіктің бұзылуы (мысалы, шешім қабылдау процесі, түйсік бұзылыстары)
- дәріге тәуелділік дамуы; ықтимал «тоқтату» симптомдары апиындарды«тоқтату» симптомдарына ұқсас: ажитация, үрей, күйгелектік, ұйқының бұзылуы, гиперкинезия, тремор және асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдар
- миоз, мидриаз, бұлыңғыр көру
- бұлшықет әлсіздігі
- несеп шығарудың бұзылуы (несеп шығарудың қиындауы, дизурия және несеп шығарудың кідіруі).
- аллергиялық реакциялар (ентігу, бронх түйілуі, ысқырып дем алу, ангионевроздық ісіну) және анафилаксия
Өте сирек
- паникалық шабуылдар, үрей, елестеу, парестезия
- құлақтың шулауы
- деперсонализация, дереaлизация, паранойя
Белгісіз
- гипогликемия
Кейбір жағдайларда уақыт жағынан трамадолмен емге сай келетін бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - трамадол гидрохлориді 50.0 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон (поливинилпир-
ролидон), кросповидон (Полипласдон)XL-10, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты
қабықтың құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, полисорбат 80 (твин 80), вазелин майы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қабықпен қапталған, ақ немесе ақ дерлік түсті, екі беті дөңес, беткейі аздап бұдырлы таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықтан қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты қорапшаға жазуға жол беріледі.
Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Медициналық қолдану бойынша бекітілген қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге пішінді ұяшықты қаптамаларды (қорапшаға салмай) картон қораптарға салуға жол беріледі. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына тең.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)
Электронды пошта complaints@santo.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)
Электронды пошта complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610150)
Электронды пошта phv@santo.kz; infomed@santo.kz