Тирозол® (10 мг)

МНН: Тиамазол
Производитель: Мерк КГаА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Thiamazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020724
Информация о регистрации в РК: 07.08.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 55.57 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тирозол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиамазол (Thiamazolе)

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар

белсенді зат: 5 мг тиамазол бар

қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (С типі), магний стеараты, гипромеллоза 2910/15, тальк, ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты

үлбірлі қабық құрамы: темірдің сары тотығы (Е 172), диметикон 100, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910/15.

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

белсенді зат: 10 мг тиамазол бар

қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (С типі), магний стеараты, гипромеллоза 2910/15, тальк, ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты

үлбірлі қабық құрамы: темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), диметикон 100, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910/15.

Сипаттамасы

Екі жақ бетінде сындыруға арналған кертігі бар, сары түсті қабықпен қапталған, диаметрі – 9.1 мм-ге жуық, қалыңдығы - 3.7 мм-ге жуық (5 мг доза үшін) дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар;

Екі жақ бетінде сындыруға арналған кертігі бар, сұр-қызыл сары түсті қабықпен қапталған, диаметрі – 9.1 мм-ге жуық, қалыңдығы - 3.7 мм-ге жуық (10 мг доза үшін) дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антитиреоидтық препараттар. Құрамында күкірт бар имидазол туындылары. Тиамазол.

АТХ коды Н03ВВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамазол ішке қабылдағанда тез және толықтай дерлік сіңіріледі. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына 0,4-1,2 сағат ішінде жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен іс жүзінде байланыспайды. Тиамазол қалқанша безде жинақталады, сол жерде баяу метаболизденеді. Сарысу концентрациясының өзгеруіне қарамастан, тиамазолдың қалқанша безде жинақталуы бәрібір тұрақты концентрацияға әкеледі. Бұл бір реттік дозаны қолданғаннан кейін шамамен 24 сағат ішінде ұзаққа созылатын әсерге әкеледі. Қалқанша бездің функционалды жай-күйінен кинетика тәуелділігі анықталған жоқ. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3-6 сағатты құрайды, бауыр жеткіліксіздігі кезінде ол ұзарады. Тиамазол метаболизмі бүйрек пен бауырда жүзеге асырылады; нәжіспен төмен экскрециясы байқалады, бұл энтерогепатиттік айналымды көрсетеді. Дәрінің 70%-ы 24 сағат ішінде бүйрек арқылы шығарылады. Тек азғантай мөлшері өзгермеген күйде шығарылады. Қазіргі уақытта метаболиттердің фармакологиялық белсенділігі жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Тирозол® дозаға тәуелді түрде йодтың тирозинге қосылуын, осылайша, қалқанша без гормондарының неосинтезін тежейді. Бұл қасиет оның себебіне байланыссыз гипертиреоздың симптоматикалық емін жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тиамазолдың иммунологиялық түрде туындаған гипертиреоздың (Грейвс (Graves) аурулары) «табиғи ағымына» ары қарай әсер ету мүмкіндігі, яғни ол негізгі иммунопатогенді үдерісті баса алатындығы туралы нақты деректер жоқ. Ол қалқанша безден бұрын синтезделген гормондардың бөлінуіне әсер етпейді. Бұл неліктен түрлі жағдайларда тироксин мен трийодтирониннің сарысу концентрацияларының қалпына келу сәтіне дейін, осылайша, клиникалық жақсарғанға дейін латенттік кезеңнің әртүрлі ұзақтығы байқалатынын түсіндіреді. Қалқанша без жасушалары ыдырағаннан кейін гормондар бөлінуінің нәтижесі болып табылатын гипертиреозға, мысалы, радиоактивті йодпен емдегеннен кейін немесе тиреоидитте әсер етуі болмайды.

Қолданылуы

Төмендегілерді қоса гипертиреозды емдеуде:

  • әсіресе шағын немесе зоб болмағанда гипертиреозды консервативті емдеуде;

  • гипертиреоздың барлық түрлерінде хирургиялық операцияға дайындауда;

  • жекелей алғанда гипертиреоздың ауыр түрлері бар емделушілерде радиоактивті йодпен жоспарлы емдеуге дайындауда;

  • радиоактивті йодпен емдегеннен кейінгі кезеңдік емдеуде

  • йодпен емдеу (мысалы, құрамында йод бар рентгеноконтрастылы орталарды пайдалану арқылы тексергенде) міндетті болып саналатын, жасырын (латенттік) гипертиреозы, автономды аденомасы немесе сыртартқысында гипертиреозы бар емделушілерді профилактикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде дозалануы

Аурудың ауырлығына және йодты қолдануына байланысты емдеу әдетте Тирозолдың® 10-нан 40 мг-ге дейінгі тәуліктік дозасынан басталады. Көп жағдайларда қалқанша без гормондарының өндірілуін басу әдетте Тирозолдың® тәулігіне 20-30 мг бастапқы дозаларын қолданғанда жетуі мүмкін. Ауырлығы төмен жағдайларда толық бөгегіш дозаны қолдану қажет болмауы да мүмкін және төмендеу бастапқы дозаны қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Гипертиреоз дамуының ауыр жағдайларында Тирозолдың® 40 мг бастапқы дозасы қажет етілуі мүмкін.

Доза емделушінің зат алмасу жағдайына, осылайша, қалқанша без гормондары статусының дамуымен қалай көрсетілетініне байланысты әр адамға жекелей түзетіледі.

  • Тәуліктік демеуші доза гипотиреозды болдырмас үшін левотироксинмен біріктірілімде 5 - 20 мг Тирозолды® құрайды.

  • Тәуліктік дозадағы монотерапия - 2,5 - 10 мг Тирозол®.

    Йодтан туындаған гипертиреозда жоғарылау дозалар қажет болуы мүмкін.

    Балаларда дозалануы

    Балалар мен жасөспірімдерде қолданылуы (3-тен 17жасқа дейін)

    Балалар мен жасөспірімдерді емдеудің бастапқы дозасы (3-тен 17 жасқа дейін) емделушілердің дене салмағын есепке ала отырып есептелуі тиіс. Әдетте, емді екі немесе үш бірдей бөлікке бөлінген 0,5 мг/кг дозадан бастайды. Демеуші ем үшін тәуліктік доза азайтылуы және емделушінің емге реакциясына байланысты күніне бір рет берілуі мүмкін. Левотироксинмен қосымша емдеу гипотиреоздың алдын алу үшін қажет болуы мүмкін.

    Тирозолдың жалпы тәуліктік дозасы тәулігіне 40 мг-ден аспауы тиіс.

    Гипертиреозды консервативтік емдеу

    Емнің мақсаты зат алмасудың эутиреоидті жай-күйіне жетуге және ұзақтығы бойынша шектелген емнен кейін ұзақ мерзімдік ремиссияға негізделген. Ем қабылдаған емделушілерді жекелей алғанда ремиссияға бір жыл өткенде ең көбі 50% емделушіде қол жеткізілуі мүмкін. Ремиссия жиілігі елеулі шектерде құбылып отырды. Өз әсерін тигізген ықтималды факторлар гипертиреоз типі (иммуногенді немесе иммуногенді емес), емдеу ұзақтығы, тиамазол дозасы, сондай-ақ, йодтың аспен түсуі немесе оның ятрогенді түсуі болып табылады.

    Гипертиреозды консервативтік емдегенде ем әдетте 6 айдан 2 жылға дейінгі уақытқа созылады (орта есеппен – 1 жыл). Статистикалық тұрғыдан алғанда ремиссия ықтималдығы емдеу ұзақтығы артуымен бірге жоғарылап отырады.

    Белгілі бір емдеу шараларымен ауру ремиссиясына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда Тирозолды® мүмкіндігінше төмендеу дозада ұзақ мерзімдік антитиреоидтік ем түрінде левотироксинді қоспай немесе төмен дозада біріктірілімде қолдануға болады.

    Зобы ұлғайған және трахеясы тарылған емделушілер қажетіне қарай Тирозолмен® тек қысқа мерзімдік ем қабылдауы тиіс, себебі оны ұзақ уақыт қолдану зобтың ұлғаюына әкелуі мүмкін. Емді мұқият бақылау қажет болуы мүмкін ((ТТГ (тиреотроптық гормон) мөлшері, трахея саңылауы). Емді қалқанша без гормондарын қосымша қолданумен біріктірілімде жүргізген дұрыс.

    Операция алдындағы ем

    Алдын ала емдеу хирургиялық операциямен байланысты қауіптерді төмендету мақсатында зат алмасудың эутиреоидты жағдайына қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін. Жеке қажеттіліктерге байланысты емдеу ұзақтығы шамамен 3-4 аптаны немесе одан көп уақытты құрауы мүмкін.

    Емделуші эутиреоидты жай-күйге жеткеннен кейін хирургиялық операция бірден жасалуы тиіс, себебі олай болмаған жағдайда қалқанша без гормондарын толықтыру қажет болуы мүмкін. Емді хирургиялық операцияға дейін бір күн бұрын аяқтауға болады.

    Тирозол® қалқанша без тіндерінің зақымдану және одан қан кету қаупін арттырады, бұл операцияға дейін он күн бойы операция алдындағы емдеуге йодтың жоғары дозаларын қосумен (Пламмер (Plummer) йодотерапиясы) орнын толтыруы мүмкін.

    Радиоактивті йодпен емдеу алдындағы ем

    Радиоактивті йодпен емдеуді бастар алдында эутиреоидті зат алмасу жай-күйіне жету, әсіресе, ауыр гипертиреозда маңызды фактор болып табылады, себебі жекелеген жағдайларда мұндай емнен кейін алдын ала ем жүргізілмегенде емнен кейінгі тиреоуытты дағдарыс байқалды.

    Ескертпе: Тионамид туындылары қалқанша без тіндерінің радиосезімталдығын төмендетуі мүмкін. Радиоактивті йодпен жоспарлы емдеуде, автономды аденома кезінде алдын ала емдеу арқылы паранодулярлық тіндер активациясын болдырмау керек.

    Радиоактивті йодпен емдегеннен кейінгі кезеңдік антитиреоидты емдеу

    Емдеу ұзақтығын және қолданылатын дозаны радиоактивті йиодпен емдеу тиімділігі көріне бастағанға дейін болжамды уақыт кезеңінде клиникалық көрініс ауырлығына байланысты жеке анықтау қажет (шамамен 4-6 ай).

    Диагностикалық мақсатта құрамында йод бар субстанцияларды қолдану нәтижесінде гипертиреоз даму қаупі бар емделушілерде профилактикалық емдеу

    Жалпы, шамамен 10 күн бойы 10 - 20 мг тиамазол және/немесе 1 г перхлораттың тәуліктік дозалары қолданылады (мысалы, бүйрек арқылы шығарылатын контрастылы орталар үшін). Емдеу ұзақтығы құрамында йод бар субстанцияның организмде болатын уақыт кезеңіне байланысты.

    Емделушілердің ерекше тобы

    Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде тиамазолдың төмен плазмалық клиренсі байқалады. Сондықтан препараттың мүмкіндігінше төмендеу дозасын қолдану және емделушілерді мұқият бақылау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Тирозолды® қолдану жөніндегі фармакокинетикалық деректердің мөлшері жеткіліксіз болуы салдарынан жекелей дозалауды түзетуді сақтықпен жүзеге асыру қажет және мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. Доза мүмкіндігінше төмен болуы тиіс. Егде жастағы емделушілерде препараттың жинақталуы болмаса да, жекелей дозалауды түзетуді сақтықпен жүзеге асыру керек және мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

    Қолдану тәсілі

    Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сұйықтықты іше отырып, тұтастай жұту қажет.

    Гипертиреозға қатысты жоғары дозаларды пайдалану арқылы бастапқы емдеу кезінде жоғарыда көрсетілген бір реттік дозаларды бірнеше қабылдауларға бөлуге болады және оларды тең уақыт аралығымен күні бойы қабылдау керек.

    Демеуші дозаны 1 рет таңертең - таңғы ас кезінде немесе одан кейін қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлерді бағалау келесі жиілік классификациясына негізделеді:

Өте жиі: ≥ 1/10

Жиі: ≥ 1/100, < 1/10

Жиі емес: ≥ 1/1000, < 1/100

Сирек: ≥ 1/10000, < 1/1000

Өте сирек: < 1/10000

Қан және лимфа жүйелері

Жиі емес: агранулоцитоз 0,3% - 0,6 % жағдайларда байқалды. Симптомдары ем басталғаннан кейін апта және айлар өткен соң пайда болуы және препаратты тоқтату қажеттілігіне әкелуі мүмкін;

Өте сирек: жайылған лимфаденопатия, тромбоцитопения, панцитопения.

Эндокриндік жүйе

Өте сирек: гипогликемиясы бар инсулиндік аутоиммундық синдром (қандағы глюкоза құрамының айқын төмендеуімен).

Жүйке жүйесі

Сирек: дәм сезу сезімдерінің қайтымды өзгеруі;

Өте сирек: неврит, полинейропатия.

Асқазан-ішек бұзылулары

Өте сирек: сілекей бездерінің ұлғаюы, құсу.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болған бұзылулар

Өте сирек: холестаздық сарғаю және уытты гепатит. Симптомдар әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін басылған. Емдеу кезеңінде клиникалық айқын емес холестаз симтомдары мен ГГТ (гамма-глутамилтрансфераза) және сілтілік фосфатаза немесе сүйектер үшін спецификалы оның изоферментінің жоғарылауы сияқты гипертиреоздан туындаған бұзылулар арасында дифференциалды диагноз жүргізілуі тиіс.

Тері және теріастылық тіндер тарапынан болған бұзылулар

Өте жиі: аллергиялық тері реакциялары (қышыну, қызару, бөртулер). Олар әдетте ауырлықтың жеңіл түріне ие және емді жалғастырғанда қайтып кетеді;

Өте сирек: терідегі жайылған бөртулер, шаштың түсуі, жегіге ұқсас синдром.

Қаңқа бұлшықет және дәнекер тін тарапынан болған бұзылулар

Жиі: бірнеше айлар бойы жүргізілген емнен кейінгі артралгияның біртіндеп дамуы

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізілген жердегі реакциялар

Сирек: температураның жоғарылауы, әлсіздік, дене салмағының артуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тиамазолға, тионамидтің басқа туындыларына немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;

  • агранулоцитоз, гранулоцитопения;

  • емді бастар алдындағы холестаз

  • тиамазолмен немесе карбимазолмен емдегеннен кейін сүйек кемігінің бұрын белгіленген зақымдануы

  • жүктілік және лактация кезеңінде тиамазолмен және қалқанша без гормондарымен біріктіріп емдеу

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен

  • трахеяның тарылуымен ауқымды мөлшердегі зоб

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йод тапшылығы қалқанша бездің тиамазолға реакциясын арттырады және керісінше йод мөлшерінің жоғарылауы осы реакцияны төмендетеді. Басқа дәрілік заттармен тікелей өзара әрекеттесуінің басқа түрлері белгісіз. Алайда, гипертиреоз кезінде метаболизм мен басқа дәрілік заттардың элиминациясы жылдамдайтынын ескеру қажет. Қалқанша без функциясының қалыпқа келуіне қол жеткізілгенде олар қалпына келеді. Егер қажет болса, дозаны түзету қажет.

Сонымен қатар, гипертиреоз жағдайын жақсартуды көрсететін белгілердің пайда болуы гипертиреозы бар емделушілерде антикоагулянттардың жоғары белсенділігінің қалыпқа келуін білдіруі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тирозолды® сыртартқысында жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, аллергиялық бөртпе, қышыну) бар емделушілерде қолдану ұсынылмайды.

Тирозолды® тек қысқа мерзімдік ем түрінде және зобы ұлғайған және зобтың өсуі салдарынан трахеяның тарылу қаупі бар емделушілерді мұқият бақылаған жағдайда ғана қолдану керек.

Агранулоцитоз шамамен 0,3 - 0,6% жағдайда байқалды. Сондықтан ем басталар алдында емделушілерге қатар жүретін симптомдар (стоматит, фарингит, қызба) туралы хабарлау қажет. Ол әдетте емнің алғашқы апталарында дамиды, бірақ ем басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін де, сондай-ақ, емді қайта жандандырғанда білінуі мүмкін. Ем басталғанға дейін және одан кейін қан талдауы көрсеткіштерін мұқият бақылау ұсынылады, әсіресе, осының алдында болған гранулоцитопениясы бар емделушілерде. Әсіресе емнің алғашқы апталарында осы симптомдардың кез келгені көрінген жағдайда қан талдауын тағайындау үшін емделушілерге бұл туралы өзінің емдеуші дәрігеріне бірден хабарлау керектігі ұсынылады. Агранулоцитоз расталған жағдайда дәрілік затты қолдануды тоқтату керек. Препаратты ұсынылған доза ауқымында қолданғанда басқа да миелоуытты жағымсыз әсерлер сирек байқалды. Олар тиамазолды өте жоғары дозаларда (шамамен тәулігіне 120 мг) қолданғанда жиі байқалды. Бұл дозаларды айрықша көрсетілімдерін (аурудың ауыр ағымы, тиреоуытты дағдарыс) ескере отырып қайта қарау керек. Сүйек кемігі үшін уыттылығы дамыған кезде тиамазолмен емдеу кезеңінде бұл препаратты қолдануды тоқтата тұру қажет және егер қажет болса, дәрілік заттардың басқа тобына жататын антитиреоидты препаратты қолдануға көшу керек. Жоғары дозалар субклиникалық немесе клиникалық гипотиреозға және ТТГ мөлшерінің жоғарылауы салдарынан зобтың өсуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан зат алмасудың эутиреоидті жай-күйіне жеткеннен кейін тиамазол дозасын бірден азайту қажет және егер қажет болса, қосымша левотироксинді тағайындау керек. Тиамазолды қолдануды толық тоқтатып, тек бір ғана левотироксинмен емді жалғастыруға болмайды. ТТГ өндірілуін басуға қарамастан, тиамазолмен емдеу барысында зобтың өсуі негізгі аурудың нәтижесі болып табылады және левотироксинмен қосымша емдеу арқылы бұл әсердің алдын алуға болмайды. ТТГ қалыпты мөлшеріне қол жеткізу эндокринді орбитопатияның нашарлауы немесе даму қаупін азайту үшін өте маңызды болып табылады. Алайда бұл жағдай көбінесе қалқанша без ауруларының ағымына байланысты емес. Мұндай асқыну жеткілікті емдеу режиміне өзгертулер енгізу үшін өздігінен себеп болып табылмайды және оны жүргізілген тиісті емге жағымсыз реакция ретінде қарастыруға болмайды. Сирек жағдайларда қандай да бір қосымша абляциялық шараларсыз антитиреоидты емдеуден кейін гипотиреоздың кешеуілдеген көрінісі дамуы мүмкін. Ол препаратпен байланысты жағымсыз реакция болып табылуы мүмкін, бірақ бұл ретте негізгі ауру салдарынан қалқанша без паренхимасындағы қабыну және деструктивтік үдеріс ретінде қарастырылады. Гипертиреоз кезінде энергияны патологиялық жоғары тұтынудың төмендеуі тиамазолмен емдеу кезеңінде дене салмағының ықтималды артуына әкелуі мүмкін. Энергияны тұтыну жалпы жай-күй жақсаруымен қалыпқа келетінін емделушілерге хабарлап қою керек. Тирозол құрамында лактоза бар; сондықтан бұл препаратты галактоза көтере алмаушылығымен немесе лактаза тапшылығымен, не болмаса глюкоза-галактоза сіңірілуі бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын бұзылыстармен зардап шегетін емделушілерде қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жалпы алғанда, жүктілік гипертиреозға оң әсер етеді. Соған қарамастан, әсіресе, жүктіліктің алғашқы айларында гипертиреозды емдеу қажет болуы мүмкін. Жүктілік кезінде емделмеген гипертиреоз мерзімінен бұрын босану және даму ақаулары сияқты күрделі асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда тиамазолдың тиісті дозаларымен емдемеуден туындаған гипотиреоз түсік тастаумен астасуы мүмкін.

Тирозол® плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ұрық қанында анасының сарысуында байқалатын сияқты концентрацияға жетеді. Препараттың дұрыс емес дозасын қолдану ұрықта зобтың және гипертиреоздың пайда болуына, сондай-ақ, туған кезде жаңа туған нәрестенің дене салмағының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Тиамазол қабылдаған аналардан туған жаңа туған нәрестелерде ішінара тері аплазиясы жағдайлары көптеп анықталды. Бұл кемістік бірнеше апта бойы өздігінен емделеді.

Бұған қосымша, түрлі даму ақауларының белгілі бір көрінісі жүктіліктің алғашқы апталарында тиамазолдың жоғары дозаларымен емдеумен астасқан, мысалы, хоаналатрезия, өңеш атрезиясы, емшек ұштарының гипоплазиясы, ақыл-ой және қимыл-қозғалыс дамуының іркілуі. Бұған қарама-қайшы ретінде тиамазолдың пренатальді әсерінің жекелеген жағдайларының бірнеше зерттеулері балалардың ешқандай морфологиялық даму бұзылыстарын, қалқанша без дамуына немесе дене және ақыл-ой дамуына әсерін анықтай алмады. Эмбриоуытты әсерін толық жоққа шығаруға болмайтындықтан, Тирозолды® жүктілік кезінде пайда мен қауіпті мұқият бағалағаннан кейін және қалқанша без гормондарын қосымша қолданусыз өте төмен тиімді дозада ғана қолдануға болады.

Тирозол® емшек сүтіне өтеді, онда ана сарысуындағы концентрацияға сәйкес концентрацияға жетуі мүмкін; сондықтан жаңа туған нәрестеде гипотиреоз даму қаупі бар.

Тиамазолмен емдеу кезеңінде бала емізуге болады; алайда, бұл жағдайда тәулігіне 10 мг-ге дейін тек төмен дозаларды және қалқанша без гормондарын қосымша қолданусыз пайдалануға болады.

Жаңа туған нәрестенің қалқанша без функциясын ұдайы мониторингілеуді жүзеге асыру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ. Жағымсыз әсерлерінің (бас ауыруы, бас айналу, әлсіздік және т.б.) даму мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану төмендетілген метаболизм симптомдары бар гипотиреозға әкеледі. Кері байланыс әсері бойынша кейіннен зобтың өсуімен гипофиздің алдыңғы бөлігінің активациясы жүреді.

Емі: зат алмасудың эутиреоидті жай-күйіне жеткеннен кейін дозаны мүмкіндігінше тезірек төмендету және егер қажет болса, емге левотироксинді қолдануды қосу керек.

Тиамазолдың жоғары дозаларын кездейсоқ қолданудың теріс салдарлары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 25 таблеткадан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк КГаА, Дармштадт, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі:

Мерк Сероно ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілі

Алматы қ., Бегалин к-сі, 136а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы: DSO-KZ@takeda.com

 

10

 

Прикрепленные файлы

428632731477976717_ru.doc 90.5 кб
293278541477977875_kz.doc 113.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники