Тетрациклин-АКОС

МНН: Тетрациклин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetracycline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015886
Информация о регистрации в РК: 16.03.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 102.05 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ТЕТРАЦИКЛИН-АКОС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетрациклин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3 % жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: тетрациклин гидрохлориді (тетрациклинге шаққанда) – 3 г,

қосымша заттар: сусыз ланолин, қатты мұнай парафині, церезин, натрий дисульфиті, вазелин

Сипаттамасы

Сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Тетрациклин және оның туындылары. Тетрациклин.

АТХ коды D06АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге жаққанда іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

ТЕТРАЦИКЛИН-АКОС - тетрациклиндер тобының әсер ету ауқымы кең бактериостатикалық антибиотигі. Тасымалдағыш РНҚ мен рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, бұл ақуыз синтезінің бәсеңдеуіне әкеледі.

Staphylococcus spp. грамоң микроорганизмдеріне (оның ішінде Staphylococcus aureus, пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae); Listeria spp., Bacillus anthracis және грамтеріс микроорганизмдерге (Haemophilus influenzae, Haemophilus ducreyi, Bordetella pertussis, Escherichia coli, Enterobacter spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Shigella spp.), сондай-ақ Ricketsia spp. қатысты белсенді; пенициллиндер тағайындауға қатысты қарсы көрсетілімдер кезінде – Clostridium spp., Neisseria gonorrhoeae, Actinomyces spp., венерологиялық және шаптың лимфогранулемасының қоздырғыштарына, Treponema spp. қатысты белсенді. Төзімді: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., көптеген Bacteroides spp штаммдары және зеңдер, вирустар, А тобы бета-гемолитикалық стрептококктары (44 % Streptococcus pyogenes штаммдары мен 74 % Streptococcus faecalis штаммдары).

Қолданылуы

- кәдімгі безеулерде

- жұмсақ тіндердің іріңді жұқпаларында

- фурункулезде

- жұқпаланған экземаларда

- бөртпеде

- фолликулитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағады (дәке таңғышты салуға болады). Емдеу ұзақтығы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • шымылдатып ашыту, тері гипермиясы, ісіну немесе тітіркенудің басқа да белгілері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері туберкулезі

- тері ісіктері

- микоз

- терінің вирустық аурулары (герпес, желшешек)

- 11 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Терең немесе шаншылған жараларда, ауыр түрдегі күйіктерде, офтальмологияда (1 % көз жақпамайын пайдаланады) қолдану ұсынылмайды. Сыртқа қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану жоғары сезімталдық реакциялар дамуымен қатар жүретін организмнің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Егер 2 апта аралығында жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек.

Препаратты жағымсыз әсерлерінің пайда болуы мүмкіндігіне байланысты бет терісіне қолдану қажет болғанда емдеу қысқа болуы тиіс.

Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы емделушілер үшін дозасы анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

ТЕТРАЦИКЛИН-АКОС жүктілік кезінде және лактация кезеңінде сақтықпен қолданған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден алюминий сықпада.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ,

Ресей Федерациясы, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7.

Тел./факс (3522) 48-16-89

Е -mail: real@ kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14, тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

977412811477976539_ru.doc 45.5 кб
009713291477977700_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники