Тержинан

МНН: Неомицин, Нистатин, Преднизолон, Тернидазол
Производитель: Софартекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антибиотики в комбинации с кортикостероидами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011833
Информация о регистрации в РК: 09.11.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Тержинан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: тернидазол 200 мг,

неомицин сульфаты 100 мг немесе 65000 ХБ,

нистатин 100000 ХБ,

преднизолон натрий метасульфобензоаты (преднизолонға баламалы) 4.7 мг (3 мг),

қосымша заттар: крахмал, кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы, натрий крахмалының гликоляты (А түрі), магний стеараты, лактоза моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі жағында "Т" таңбасы бар, крем түстес таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар.

Кортикостероидтармен біріктірілген антибиотиктер және микробтарға қарсы препараттар.

Бактерияға қарсы препараттар және глюкокортикостероидтар.

АТХ коды G01BA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелі сіңірілуі төмен болғандықтан, зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Гинекологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат. Микробтарға қарсы, қабынуға қарсы, протозойға қарсы, зеңге қарсы әсер береді.

Тернидазол – имидазол туындылары тобына жататын зеңге қарсы дәрі, скваленэпоксидаза ферменттері мен эргостерол (жасуша жарғақшасының құрамдас бөлігінің) синтезін тежейді, скваленнің зеңдердің жасуша жарғақшасының ішінде жинақталуына алып келеді, жасуша жарғақшасының құрылымы мен қасиеттерін өзгертеді. Трихомонацидтік әсер береді, анаэробты бактерияларға, атап айтқанда гарднереллаларға қатысты белсенді.

Неомицин сульфаты – аминогликозидтер тобының кең ауқымды әсері бар антибиотигі. Грамоң (Staphylococcus spp., Streptococcus pneumoniae) және грамтеріс (Escherichia coli, Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei spp., Proteus spp.) микроорганизмтерге қатысты бактерицидті әсер етеді. Неомициннің бактерицидті әсерінің механизмі рибосомаларға ықпалымен және бактериялық жасуша ақуызының синтезін бәсеңдетуімен байланысты. Streptococcus spp-ге қатысты тиімділігі аз. Микроорганизмдердің неомицинге төзімділігі баяу және азғантай дәрежеде дамиды.

Нистатин – полиендер тобының зеңге қарсы антибиотигі, Candida текті ашытқы тәрізді зеңдерге қатысты тиімді. Нистатиннің зеңге қарсы әсері оның зеңдердің жасуша жарғақшасындағы стеролдармен байланысуына, оның өткізгіштігін бұзуына және жасушаның өсуін баяулатуына негізделеді.

Преднизолон – гидрокортизонның дегидратацияланған аналогы, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, эксудатқа қарсы әсер етеді. Преднизолон лейкоциттердің функциясын бәсеңдетеді, олардың қабыну аймағына жылжуын шектейді. Макрофагтардың фагоцитозға және интерлейкин-1 түзуге қабілеттілігін бұзады. Қылтамырлардың гистаминнің босап шығуы түрткі болатын өткізгіштігін азайтады. Фибробласттардың белсенділігін және коллаген түзілуін бәсеңдетеді. Фосфолипаза А2 белсенділігін тежейді, бұл простагландиндер мен лейкотриендер синтезінің бәсеңдеуіне алып келеді.

Қолданылуы

- препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған вагиниттерді емдеуде:

  • бактериялық, соның ішінде Trichomonas vaginalis туғызған

  • Candida текті ашытқы тәрізді зеңдер туғызған зеңдік

  • аралас

- вагиниттердің профилактикасында:

- гинекологиялық операциялар алдында

- босанулар мен жасанды түсік алдында

- жатырішілік заттарды орнатқанға дейін және кейін

- жатыр мойнының диатермокоагуляциясына дейін және кейін

- гистерография алдында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір таблеткасын ұйықтар алдында, жатқан қалыпта қынапқа терең енгізеді. Қынапқа енгізер алдында таблетканы суға шылап алу керек (20-30 секунд бойы). Препаратты енгізгеннен кейін 10-15 минут бойы жатқан қалыпта қалу керек.

Емдеудің орташа ұзақтығы 10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру сезімі, қынаптың қышынуы және тітіркенуі (әсіресе емдеудің басында)

- жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (тері бөртпесі, қышыну).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Вагиниттерді, трихомониазды емдеу жағдайында жыныстық серіктестерді бір мезгілде емдеу ұсынылады.

Етеккір кезінде емдеуді тоқтатпау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балалар тәжірибесінде қолданылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде тек анасы үшін үшін ықтимал пайдасы ұрық немесе нәресте үшін қауіптен асатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жүйелі қан ағымына сіңірілу дәрежесінің төмендігіне байланысты, артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 немесе 10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«СОФАРТЕКС»

21 рю дю Прессо, 28500 Вернуйе, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ»

Immeuble Le Wilson, 70 avenue du General de Gaulle

– 92800 Puteaux, France/ Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«FIC Medical» (ФИК Медикаль) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

 

Прикрепленные файлы

672566891477976838_ru.doc 64 кб
582913471477977995_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники