Тамифлю (капсулы, 75 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тамифлю
Халықаралық патенттелмеген атауы
Осельтамивир
Дәрілік түрі
75 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - осельтамивир фосфаты 98,50 осельтамивирге баламалы) (75.00,
қосымша заттар: желатинделген крахмал, повидон К30, натрий кроскармеллозасы, тальк, натрий стеарилфумараты.
капсула құрамы: корпусы – темірдің (ІІІ) қара тотығы Е172, титанның қостотығы Е171, желатин; қақпағы- темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е 172, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172, титанның қостотығы Е171, желатин; баcпа сиясы.
Сипаттамасы
Сұр түсті мөлдір емес корпусы және ашық-сары түсті мөлдір емес қақпағы, корпусында көкшіл түсті «ROCHE» және қақпағында «75 mg» таңбасы бар, өлшемі №2, қатты желатинді капсулалар,.
Капсула ішіндегісі – ақтан және сарғыш-ақшыл түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Тікелей әсер ететін вирустарға қарсы препарат. Нейраминидаза тежегіштері.
АТХ коды J05AH02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Осельтамивир фосфатты ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді және жоғары дәрежеде бауыр эстеразаларының әсерінен белсенді метаболитке айналады. Плазмадағы белсенді метаболиттің концентрациясы 30 минут ішінде анықталады, қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң ең жоғары деңгейге жетеді және ізашар дәрі концентрациясынан едәуір 20 еседен астамға асып түседі. Ішке қабылданған дозаның 75-дан көбі белсенді метаболит түрінде жүйелік қан ағымына, 5-дан кемі бастапқы препарат түрінде түседі. Ізашар дәрінің плазмадағы концентрациясы да, белсенді метаболит те дозаға пропорционал және тамақтануға байланысты емес.
Белсенді метаболиттің таралуының орташа көлемі (Vss) шамамен 23 литрге теңеседі. Белсенді метаболиттің адам плазмасы ақуызымен байланысуы мардымсыз 3-ға жуық. Ізашар дәрінің адамның плазма ақуыздарымен байланысуы 42 құрайды, ол едәуір дәрілік өзара әрекеттесулердің себепшісі болуы үшін жеткіліксіз.
Осельтамивир фосфаты жоғары дәрежеде көбінесе бауырда және ішекте болатын эстеразаның әсерінен белсенді метаболитке айналады. Осельтамивир фосфаты да, белсенді метаболит те Р450 цитохром жүйесі изоферменттерінің тежегіштері немесе субстраттары болып есептелмейді.
Сіңілген осельтамивир негізінен 90 белсенді метаболитке айналу арқылы шығарылады. Белсенді метаболит әрі қарай трансформацияға ұшырамайды және несеппен бірге 99 шығарылады. Көптеген пациенттерде белсенді метаболиттің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 6-10 сағатты құрайды. Белсенді метаболит бүйрек экскрециясы жолымен толық 90 шығарылады. Бүйрек клиренсі 18.8 л/сағат шумақты сүзгінің жылдамдығынан асып түседі 7,5 л/сағат, бұл препараттың тағы да өзекшелік секреция жолымен де шығарылатынын көрсетеді. Ішке қабылданған радиобелсенді таңбаланған препараттың 20-нан кемі нәжіспен бірге шығарылады.
Ерекше топтардағы фармакокинетикасы
Бүйректері зақымданған науқастар
Бүйректерінің зақымдану дәрежесі әр түрлі науқастарға Тамифлюді 100 мг тәулігіне 2 рет 5 күн бойы тағайындаған кезде «плазмадағы белсенді метаболит концентрациясы-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) бүйрек функциясының төмендеуіне кері пропорционал болады. Терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі ≤10 мл/мин) диализ жүргізілмейтін пациенттерде осельтамивирдің фармакокинетикасы зерттелмеген.
Бауыры зақымданған науқастар
Іn vіtro жағдайындағы тәжірибелер бауыр патологиясы бар пациенттерде осельтамивир фосфатының AUC шамасы елеулі артпағанын, ал белсенді метаболиттің AUC төмендемегенін көрсетті.
Қарт жастағы науқастар
Қарт жастағы науқастарда 65-78 жас теңбе-тең жағдайында белсенді метаболиттің AUC, Тамифлюдің осыған ұқсас дозаларын одан жас пациенттерге тағайындаған кездегімен салыстырғанда 25-35-ға жоғары болды. Егде жастағы науқастарда препараттың жартылай шығарылу кезеңі ересек жастағы жасырақ пациенттердікінен елеулі айырмашылығы жоқ. Препараттың AUC және жақпаушылығы бойынша деректерін ескеріп, қарт жастағы науқастарға тұмауды емдеген және профилактика кезінде дозаны түзету қажет етілмейді.
Балалар
Тамифлюдің фармакокинетикасы препаратты бір рет қабылдаған 1 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер мен 3-12 жастағы аздаған балаларға клиникалық тексерулерде зерттелді. Жасы кіші балаларда ізашар дәрі мен белсенді метаболиттің шығарылуы ересектерге қарағанда тезірек жүрген, әрі нақты дозаға қатысты алғанда AUC анағұрлым төмендеуіне әкелген. Препаратты 2 мг/кг дозада қабылдау осельтамивир карбоксилаттың, ересектерде 75 мг препараттың капсуласын бір рет қабылдағаннан кейін жететін осындай AUC береді ол шамамен 1мг/кг баламалы. 12 жастан асқан балаларда осельтамивирдің фармакокинетикасы ересектердегімен бірдей.
6-12 айлық балаларға осельтамивирді дене салмағының әр кг шаққанда 3 мг дозада тәулігіне екі реттен тағайындау ересек жастағы балалар мен ересектерде клиникалық тиімділікті көрсететін деңгейіне ұқсас белсенді метаболиттердің плазмалық деңгейін қамтиды.
Фармакодинамикасы
Вирустарға қарсы препарат. Осельтамивир фосфаты дәрілік ізашары болып табылады, оның белсенді метаболиті осельтамивир карбоксилаты А және В түріндегі тұмау вирустарының нейраминидазасын - қайтадан түзілген вирустық бөлшектердің жұқпа жұқтырған жасушалардан босап шығуын, олардың тыныс жолдары эпителийінің жасушаларына ену және вирустың организмге одан әрі қарай таралу үдерісін катализдейтін ферментті бәсекелі және таңдап тежейді.
Осельтамивир карбоксилаты жасушадан тыс әсер етеді. Тұмау вирусының өсуін іn vіtro бәсеңдетеді және вирустың репликациясын және оның іn vіvo патогендігін басады, А және В тұмау вирустарының организмнен бөлініп шығуын азайтады. Ферменттің белсенділігін 50-ға ІС50 басу үшін оның қажетті концентрациялары наномолярлы диапазонның төменгі шекарасында болады.
Тұмаудың қарым-қатынастан кейінгі (7 күн) және маусымдық (42 күн) түрінің профилактикасы мақсатында Тамифлюді қабылдаған кезде препаратқа төзімділік білінбеген.
Тұмауға шалдыққан ересек науқастарда осельтамивир карбоксилатқа нейраминидазаның сезімталдығы төмен тұмау вирусын транзиторлы бөліп шығару жиілігі 0,4 құрайды. Тамифлю қабылдап жүрген пациенттердің организмінен төзімді вирустардың шығарылуы науқастың клиникалық жағдайының нашарлауынсыз жүреді.
Қолданылуы
- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде ересектерде және тұмау симптомдары байқалатын күні жетпей туған нәрестелерді қоса, балаларда тұмауды емдеуде. Тұмау симптомдары алғаш байқалғаннан кейін 2 күн ішінде емдеуді бастағанда тиімділігі байқалған.
- ересектер мен балаларда тұмаудың профилактикасы үшін:
- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде тұмауы клиникалық расталған адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайлардан кейін ересектер мен 1 жастан асқан балаларда тұмау профилактикасында
- тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамифлю ішке, тамақтану кезінде немесе тамақтануға қарамай-ақ қабылданады. Оны тамақтану кезінде қабылдаған кейбір пациенттерде препараттың көтерілімділігі жақсарады. Емдеуді тұмау симптомдары пайда болған бірінші немесе екінші күні бастау керек.
Ересектер, 12 жастан кіші жасөспірімдер және дене салмағы > 40 кг немесе ≥8 балалар капсулаларды жұта алмайтын жағдайларда, капсуланы ашып оның ішіндегісінің ащы дәмін білдірмеу үшін жарамды тәтті тағамдардың (шоколад шәрбаты (қант құрамы қалыпты немесе қантсыз), суда ерітілген бал, тәтті десерт, қан қосылып қойылтылған сүт, алма пюресі немесе йогурт) аз мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосу қажет. Қоспаны әбден араластырып пациентке түгелдей беру қажет. Қоспаны дайындағаннан кейін бірден жұту қажет.
Дозалаудың стандартты режимі
Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер (дене салмағы 40 кг асатын).
Тұмауды емдеу:
Тамифлюді дозалаудың ұсынылған режимі – 75 мг бір капсуладан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке немесе 75 мг суспензиядан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке қабылдайды.
Тұмау профилактикасы
Тұмау жұққан адаммен қарым-қатынастан соң оның профилактикасына арналған Тамифлюдің ұсынылған дозасы – 75 мг тәулігіне 1 рет 10 күн бойы ішке қабылдайды.
Препаратты қабылдауды қарым-қатынастан соң алғашқы 2 күннен кешіктірмей бастау керек.
Тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезінде профилактика үшін ұсынылған доза – 75 мг тәулігіне 1 рет; препаратты 6 апта бойы қабылдау оның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Профилактикалық әсері препаратты неғұрлым ұзақ қабылдаса, соғұрлым ұзаққа жалғасады.
1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
Тұмауды емдеу:
Дене салмағы |
5 күн бойы ұсынылатын дозасы: |
10 – 15 кг |
30 мг күніне екі рет |
15 – 23 кг |
45 мг күніне екі рет |
23 – 40 кг |
60 мг күніне екі рет |
> 40 кг |
75 мг күніне екі рет |
Тұмаудың профилактикасы:
Дене салмағы |
10 күн бойы ұсынылатын дозасы: |
10 – 15 кг |
30 мг күніне бір рет |
15 – 23 кг |
45 мг күніне бір рет |
23 – 40 кг |
60 мг күніне бір рет |
> 40 кг |
75 мг күніне бір рет |
12 жастан кіші балаларда тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю тиімділігі зерттелмеген.
1 жасқа дейінгі балалар
Тұмауды емдеу:
1 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза күніне екі рет кг дене салмағына 3 мг құрайды.
Дене салмағы |
5 күн бойы ұсынылатын дозасы: |
3 кг |
9 мг күніне екі рет |
4 кг |
12 мг күніне екі рет |
5 кг |
15 мг күніне екі рет |
6 кг |
18 мг күніне екі рет |
7 кг |
21 мг күніне екі рет |
8 кг |
24 мг күніне екі рет |
9 кг |
27 мг күніне екі рет |
10 кг |
30 мг күніне екі рет |
Бұл дозалау режимін шала туған нәрестелерге (яғни 36 аптаға дейінгі мерзімде туған) қолдануға болмайды. Пациенттердің осы тобындағы дозалау бойынша деректер мөлшері жеткіліксіз.
Тұмаудың профилактикасы:
Тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасы үшін ұсынылатын Тамифлю дозасы емдік дозаның жартысын құрайды – 3 мг/кг күніне бір рет 10 күн бойы. 1 жастан кіші балаларда тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю тиімділігі зерттелмеген.
Айрықша жағдайлардағы дозалау
Бүйректері зақымданған науқастар
Тұмауды емдеу. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан асатын науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейінгі науқастарға Тамифлю дозасын 5 күн бойы тәулігіне бір рет 75 мг-ға дейін азайтқан жөн.
Созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада тағайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің әрбір сеансынан кейін тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ сеансының алдында, одан кейін 5 күн бойы тәулігіне 30 мг тағайындалады. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем), гемодиализде жүрмеген пациенттерде осельтамивирдің фармакокинетикасы зерттелмеген.
Тұмаудың профилактикасы. Креатинин клиренсі 30 мл/мин науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейін болатын науқастарда Тамифлюдің дозасын 75 мг-ге дейін күнара немесе 30 мг-ге дейін күнделікті азайту керек. Созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада тағайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің бір сеансынан кейін емшара соңында тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ сеансының алдында, одан кейін әр 7 күн сайын 30 мг-ден тағайындалады.
Бауыры зақымданған науқастар
Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Егде жастағы науқастар
Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Тамифлюді экстемпоральді дайындау
Ересектер, жасөспірімдер мен балаларда капсуланы жұтумен қиындықтар болған, ал Тамифлюдің «ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ» дәрілік түрі болмаған жағдайда немесе капсуланың «тозу» белгілері болғанда, капсуланы ашып, оның ішіндегісін ащылау дәмін білдірмеу үшін сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосады. Қоспаны мұқият араластырып, пациентке түгелдей беру қажет.
Қоспаны даярланғаннан кейін бірден жұтып жіберген жөн.
Егер пациенттерге 75 мг доза қажет болса, онда төмендегі нұсқауларды ұстану қажет:
-
Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.
-
Сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып (ащы дәмін білдірмеу үшін), жақсылып араластыру керек.
-
Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.
Егер пациенттерге 30-60 мг доза қажет болса, онда дұрыс дозалау үшін төмендегі нұсқауларды ұстану қажет::
-
Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.
-
Ұнтаққа жинап алынған сұйықтықтың мөлшерін көрсететін белгілері бар шприцтің көмегімен 5 мл су қосу керек. 2 минут бойы мұқият араластырады.
-
Ыдыстан қоспаның қажетті мөлшерін төменде келтірілген кестеге сәйкес шприцке жинап алу қажет:
Дене салмағы
Ұсынылатын доза
Тамифлю® қоспасының мөлшері бір қабылдауға
15 кг
30 мг
2 мл
>15-23 кг
45 мг
3 мл
>23-40 кг
60 мг
4 мл
Ерітілмеген ақ ұнтақты жинап алудың қажеті жоқ, өйткені ол белсенді емес толықтырғыш болып табылады. Шприц поршенін басып, оның ішіндегінің бәрін екінші ыдысқа енгізеді. Қалған пайдаланылмаған қоспаны тастау қажет.
-
Екінші ыдысқа ащы дәмін білдірмеу үшін сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып, жақсылып араластыру керек.
-
Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (>10%)
-
жүрек айну, құсу
-
бас ауыру
Жиі (1-10%)
-
арқаның ауыруы
-
жөтел, мұрыннан қан кетулер, мұрынның бітелуі, назофарингит, бронхит, ортаңғы отит, синусит, бронх түйілуі,
-
диарея, эпигастрий маңының ауыруы
-
герпес
-
ашушаңдық, қажығыштық
Жиі емес (1-0,1%)
-
ұйқысыздық
-
аллергиялық реакциялар (дерматит)
-
конъюнктивит
-
лифоаденопатия
Сирек (<0,1%)
-
аса жоғары сезімталдық реакциясы (оның ішінде дерматит, бөртпе, экзема, мультиморфты эритема, анафилаксиялық реакция), Стивенс-Джонсон синдромы
-
асқазан-ішектен қан кетуі
-
гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің артуы
-
құрысулар, делириозды жағдай, қозу.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- осельтамивир фосфатқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде ұдайы гемодиализ, созылмалы перитонеальді диализ, креатинин клиренсі 10 мл/мин
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осельтамивир фосфатын фармакологиялық және фармакокинетикалық зерттеулерде алынған ақпарат клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттестігінің ықтималдығы төмен деп санауға мүмкіндік береді.
Осельтамивир фосфатын белсенді затқа айналдыратын эстеразалардың белсенді орталықтарымен бәсекелесу және байланысуға қатысты дәрілік өзара әрекеттесулер әдебиетте толық баяндалмаған. Осельтамивир мен белсенді метаболиттің ақуыздармен байланысу дәрежесінің төмен болуы ақуыздармен байланыстан дәрілік заттардың ығыстырылуына қатысты өзара әрекеттесулер болуын болжамдауға негіз бола алмайды.
Осельтамивир фосфаты да, белсенді метаболит те Р450 цитохромасы жүйесінің көп функциялық глюкуронилтрансферазалар үшін қолайлы субстрат болып табылмайды. Пероральды контрацептивтермен өзара әрекеттесу үшін ресми негіз жоқ.
Циметидин, Р450 цитохромасы жүйесі изоферменттерінің спецификалық емес тежегіші осельтамивирдің плазмалық концентарциясына және оның белсенді метаболитіне әсер етпейді.
Осындай препараттардың көпшілігі үшін қауіпсіздік резервін, осельтамивирдің белсенді метаболитінің шығарылу жолдарын (шумақтық сүзіліс және анионды өзекшелік сөлініс), сондай-ақ әрбір жолдардың шығарылу қабілетін назарға алатын болсақ, өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесумен байланысты клиникалық маңызды дәріаралық өзара әрекеттестіктері күмәнді.
Пробенецидті бір мезгілде тағайындау белсенді метаболиттің AUC-ін шамамен 2 есе ұлғайтуға әкеледі. Алайда, пробенецидпен бір мезгілде қабылдағанда, дозаны түзету қажет емес.
Амоксициллинмен бір мезгілде қабылдау қос препараттың да плазмалық концентрациясына әсер етпейді. Парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, циметидин немесе антацидті дәрілермен (магний және алюминий гидроксиді, кальций карбонаты) бір мезгілде қабылдағанда, осельтамивир, оның негізгі метаболиті арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттестіктері табылған жоқ.
АӨФ тежегіштері (эналаприл, каптоприл), тиазидті диуретиктер, антибиотиктер (пенициллин, цефалоспорин, азитромицин, эритромицин және доксициклин), гистаминге Н2-рецепторларының бөгегіштері (ранитидин, циметидин) сияқты жиі қабылданатын препараттармен, бета-бөгегіштер (пропранолол), ксантиндер (теофиллин), симпатомиметиктер (псевдоэфедрин), апиындар (кодеин), кортикостероидтар, ингаляциялық бронхолитиктер және анальгетиктермен (аспирин, ибупрофен және парацетамол) бірге тағайындалған жағымсыз сипатының немесе жиілігінің өзгеруі байқалған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
А және В тұмауының вирустарынан басқа, өзге қоздырғыштардан туындаған кез келген ауруларда Тамифлюдің тиімділігі жөнінде деректер жоқ.
Балалар жасы
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған Тамифлю ұнтағын 13 жастан кіші, дене салмағы 40 кг-дан аз балаларға пайдалану ұсынылады.
6-12 айлық балалар: 1 жастан кіші балаларда Тамифлюдің тиімділігі анықталмаған. Алайда осельтамивирді дене салмағының әр кг шаққанда 3 мг дозада тәулігіне екі реттен тағайындау ересек жастағы балалар мен ересектерде клиникалық тиімділіктері көрсетілуінің деңгейіне ұқсас белсенді метаболиттердің плазмалық деңгейін қамтуға байланысты 6-12 айлық балаларда фармакокинетика бойынша шектеулі деректер бар.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілерде Тамифлюдің қауіпсіздігін бағалау бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Егер тамифлюді қабылдаудың мүмкін болған артықшылықтары шарана немесе емізулі сәби үшін зор қауіптен асып түсетін болса және қауіпсіздікке, тұмау вирусының нақты штаммының патогендігіне және жүкті әйелдің денсаулық жағдайына бағалау жүргізілгенде ғана, оны жүктілік немесе лактация кезеңінде тағайындауға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Қазіргі таңда артық дозалау жағдайлары сипатталмаған, алайда жедел артық дозалаудың болжамды симптомдары құсумен немесе онсыз жүрек айнуы болуы мүмкін. Тамифлюдің 1000 мг дейінгі бір реттік дозалары, жүрек айнуы мен құсуды қоспағанда, жақсы көтерімді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден/поливинилдихлоридті және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
7 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Сенекси САС, Франция
Өндірушінің заңды мекенжайы
52 Rue M. et J. Gaucher, 94120 Fontenay-sous-Bois, France
Тіркеу куәлігінің иесі
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Швейцария
Қаптаушы
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауардың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және фармакологиялық қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Рош Қазақстан» ЖШС
050000, Алматы қ., Қонаев к-сі, 77,
«Park View Office Tower» бизнес орталығы 15 қабат
Тел.: +7 (727) 321 24 24, факс: + 7 (727) 321 24 25
e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com
10