Тайлол® 6 Плюс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тайлол® 6 - Плюс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Парацетамол
Дәрілік түрі
Суспензия, 250 мг/5 мл
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 250.00 мг парацетамол,
қосымша заттар: авицел RС 591, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7 HOF, рафинадталған қант, глицерин, сорбитол 70%, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, натрий цитраты, апельсин хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Апельсиннің хош иісі бар ақтан ашық-сұр түске дейінгі гомогенді суспензия
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол
АТХ коды N02BE01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қолданғанда әсер етуші зат асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 10 – 60 минуттан соң байқалады. Парацетамол, майлы тін мен жұлын сұйықтығын қоспағанда, тіндерде және негізінен организмнің сұйық орталарында кеңінен таралады. Ақуыздармен байланысуы 10%-дан аздау құрайды және артық дозаланғанда мардымсыз артады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,25-3 сағат құрайды, бауыр циррозына шалдыққан пациенттердегі шығарылу кезеңі біршама ұзақ. Микросомалық-ферменттік жүйе арқылы бауырда метаболизденеді. Парацетамолдың ішуге тағайындалған дозасының 85%-ға жуығы 24 сағаттан соң бос және байланысқан түрде несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Парацетамол анальгетик-антипиретик болып табылады. Ол ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер етеді, әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеумен, гипоталамустағы жылуды реттеу орталығына басымдықпен ықпал етуіне байланысты.
Қолданылуы
- тұмау және суық тию аурулары кезіндегі және вакцинациядан кейінгі қызба
- бас ауыруы
- тістің ауыруы
- жеңіл және қалыпты ауыру синдромында ауыруды басатын зат ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ішке қабылдайды.
Қолданар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек. Қаптаманың ішіне салынған өлшегіш қасық препаратты дұрыс және ұтымды дозалауға мүмкіндік береді.
Препарат дозасы баланың жасы мен дене салмағына байланысты.
Балалар үшін бір реттік дозасы дене салмағына 10-15 мг/кг тәулігіне 3-4 рет құрайды, ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағына 60 мг/кг-ден аспайды. Қажет болғанда балаға ұсынылған дозаны әр 4-6 сағат сайын бірақ 24 сағат ішінде 4 дозадан асырмай беріңіз.
Дене салмағы (кг) |
Жасы |
Дозасы |
|||
Бір реттік |
Ең жоғары тәуліктік |
||||
мл |
мг |
мл |
мг |
||
21-19 |
6-9 жас |
6.5 |
325 |
26 |
1300 |
29-42 |
9-12 жас |
9.5 |
475 |
38 |
1900 |
Дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы
- температураны түсіру үшін - 3 күннен асырмай.
- ауыруды басу үшін - 5 күннен асырмай
Ұсынылған дозаны жоғарылатуға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айну, іштің ауыруы
- тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы
Сирек
- бауыр функциясының бұзылуы
- бүйрек функциясының бұзылуы
- анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- парацетамолға және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
- қан аурулары
- глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы
- қант диабеті
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты бір мезгілде қолданғанда:
- барбитураттармен, құрысуға қарсы дәрілермен, рифампицинмен,
алкогольмен гепатоуытты әсер ету қаупі едәуір артады
- метоклопрамидпен, левомицитинмен парацетамол сіңірілуінің артуы мүмкін
- пробенецидпен – қан плазмасындағы парацетамол экскрециясы мен концентрациясы өзгеруі мүмкін
- кумарин туындыларымен – аздаған гипопротромбинемия дамуы мүмкін
Колестираминді қолданғанда парацетамолды қабылдаудан кейін 1 сағаттан аз кезең ішінде соңғысының сіңірілуі азаюы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Бауыр, бүйрек, жүрек және өкпе патологиясы бар пациенттер препаратты қолданған жағдайда дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.
Парацетамолды ауыруды басу үшін балалар мен ересектерге 5 күннен аса тағайындауға, сондай-ақ 3 күннен астам жалғасқан гипертермияда дәрігермен кеңеспей қолдануға жол беруге болмайды. Препаратты құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Парацетамол несептегі 5-гидроксииндолацетил қышқылының жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындағанда ана үшін күтілетін пайдасын және шарана мен балаға төнетін әлеуетті қаупін мұқият таразылау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, метгемоглобинемия, терінің және тырнақ пластиналарының цианозы; ауыр жағдайларда - қозу, ал одан кейін орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, мелшию, гипотермия, тахипное; жүрек соғуының жиілеуі, төмен артериялық қысым, қан айналу жеткіліксіздігі, кома, гепатит, сарғаю, өтпелі азотемия, бүйректің өзекшелік некрозы, гипогликемия, метаболизмдік ацидоз және мидың ісінуі.
Емі: артық дозалануына күдіктенгенде науқас дереу ауруханаға жатқызылуы тиіс. Симптоматикалық ем.
Егер дәрі таяуда қабылданса, құсқызу, асқазанды шаю қажет. У қайтарғы ретінде 16 сағаттан кешіктірмей ацетилцистеин қолдану ұсынылады. Белсенділендірілген көмір және іш жүргізгіш дәрілер қолдануға болмайды, өйткені олар ішке қабылданған ацетилцистеиннің сіңірілуін төмендетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препарат алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақшасы бар күңгірт шыны құтыға салынады. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңбаны жабыстырады.
1 құты дозалау қасығы немесе өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасы ашылғаннан кейін сақтау мерзімі 3 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ, Қазақстан
Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды пошта мекенжайы nobel@nobel.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды пошта мекенжайы nobel@nobel.kz