Супрастин® (20 мг/мл) (Chloropyramine)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
СупрастинÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоропирамин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 20 мг хлоропирамин гидрохлориді,
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз өзіне тән әлсіз иісі бар сулы ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелік әсері бар антигистаминдік препараттар. Орын басқан этилендиаминдер. Хлоропирамин.
АТХ коды R06А С03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Орталық жүйке жүйесін қоса алғанда организмде жақсы таралады. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 7,9%. Ең жоғарғы байланысу шыңы рН 7,4 кезінде байқалған. Көбінесе метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Балаларда препараттың шығарылуы, ересек емделушілерге қарағанда тезірек жүреді.
Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде хлорпираминнің метаболизмі төмендейді, сондықтан дозаны төмендетуге қажеттілік пайда болуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Хлоропирамин – трипеленаминнің (пирибензаминнің) хлорлы аналогы, этилендиаминдік антигистаминдік препараттар тобына жататын бірінші буынның антигистаминдік препараты. Аллергиялық реакция дамуының алдын алады және оның ағымын жеңілдетеді. Хлоропираминнің әсері Н1-рецепторларды бөгеуге негізделген. Препарат сонымен бірге тегіс бұлшықеттерге, қылтамырлар өткізгіштігіне және орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді. Шеткергі антихолинергиялық белсенділікке, орташа спазмолитикалық қасиеттерге ие.
Қолданылуы
- аллергиялық ауруларда , оның ішінде есекжем, маусымдық аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивит, тамаққа және дәрілерге аллергия
- жәндіктер шаққан кездегі аллергиялық реакцияда
- жанаспалы дерматитте, дерматографизмде
- жүйелі анафилактикалық реакциялар мен ангионевротикалық ісінудің адъюванттық емінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған.
Ересектерге: ұсынылатын тәуліктік доза – бұлшықет ішіне 20-40мг (1- 2мл).
Балаларға:
Жасы |
Ұсынылатын бастапқы дозалары |
1-12 айдағыларға: |
бұлшықет ішіне 5 мг (¼ ампула - 0,25 мл ерітінді) |
1-6 жастағыларға: |
бұлшықет ішіне 10 мг (½ ампула - 0,5 мл ерітінді) |
6-14 жастағыларға: |
бұлшықет ішіне 10-20 мг (½ ампула - 0,5-1 мл ерітінді) |
Бұдан әрі емдеу және/немесе дозаны арттыру негізінен жағымсыз әсерлерінің болуына байланысты анықталады.
Ең жоғарғы тәуліктік доза дене салмағына 2 мг/кг аспауы тиіс. Анафилактикалық шок немесе жедел ауыр аллергиялық реакция кезінде емді баяу көктамырішілік инъекциямен сақтықпен бастайды, одан кейін бұлшықет ішіне инъекция немесе препаратты ішке қабылдау арқылы жалғастыру ұсынылады.
Егде жастағы және жүдеген науқастарға СупрастинÒ препаратын қолдану ерекше сақтықты талап етеді, өйткені бұл емделушілерде антигистаминдік препараттар жағымсыз әсерлерді (бас айналуын, ұйқышылдықты, артериялық қысымның төмендеуін) жиі туындатады.
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде: препараттың белсенді компоненті метаболизмінің төмендеуімен байланысты бауыр аурулары кезінде дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылулары кезінде: белсенді компоненті негізінен бүйрек арқылы шығарылуына байланысты препаратты қабылдау режиміне өзгерістер енгізу және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы:
Емдеу ұзақтығы симптомдарының сипатына, олардың пайда болу уақытына байланысты.
Ампуланы ашу (оң қолмен жазатындарға):
Ампуланың корпусын бас бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына сол қолыңызға алыңыз. Сындыру нүктесі жоғарғы жағында болуы керек.
Ампуланың басын оң қолыңыздың бас бармағы мен бүгілген сұқ саусағының арасында бас бармақ сындыру нүктесінде болатындай, оны жауып ұстаңыз. Сол қолыңыздың сұқ саусағын баса отырып, оң қолыңыздың бас бармағымен ампулаға басыңыз, осылайша, орташа күштің тұрақты қысымын көрсетіңіз. Оң және сол қолыңызды бір бірінен алшақтатпаңыз және жақындатпаңыз. Ампуланың мойны басқан жағдайда сынып кетуі мүмкін, оны сіз сезбей де қалуыңыз мүмкін.