Спайзеф (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Спайзеф
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цефуроксим
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг және 500 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - цефуроксим аксетилі DC түйіршіктері* 458.70 917.40 (цефуроксимге баламалы) (250.0) (500.0),
қабығының құрамы: Опадрай Y-1-7000 ақ **
* – Цефуроксим аксетилі түйіршіктерінің мөлшері 54.5 % цефуроксимге баламалы (1.2 мг цефуроксим аксетилі 1.0 мг цефуроксимге баламалы).
Цефуроксим аксетилі DC түйіршіктерінің құрамы: цефуроксим аксетилі, прежелатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремний қостотығы.
** – Опадрай ақ (Y-1-7000) үлбірлі қабығының мөлшері өндірістегі шығын ескеріле отырып 10 % артық алынды. Опадрай ақ (Y-1-7000) үлбірлі қабығының құрамы: гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), макрогол.
Сипаттамасы
Капсула түріндегі, бір жағында «250» (250 мг доза үшін) немесе «500» (500 мг доза үшін) таңбасы ойылып жазылған және келесі жағы тегіс, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы бета-лактамды басқа да препараттар.
Екінші буын цефалоспориндері.
АТЖ коды J01DС02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін цефуроксим аксетил асқазан-ішек жолынан (АІЖ) сіңеді және цефуроксимді қан ағымы жүйесіне босата отырып, ішектің шырышты қабығында және қанда жылдам гидролизденеді. Спайзеф таблеткасын қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясы 2-4 сағаттан кейін анықталады. Цефуроксимнің ақуыздармен байланысу дәрежесі 33%-дан 50%-ға дейінді құрайды. Цефуроксимнің терапиялық концентрациясы плевра сұйықтығында, өтте, қақырықта, теріде және жұмсақ тіндерде байқалады. Спайзеф ағзада биоөзгеріске ұшырамайды, өзгермеген түрде бүйректер арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,2-1,6 сағат. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда жартылай шығарылу кезеңі артады және 1.9 – 16,1 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Спайзеф – әсер ету ауқымы кең ІІ буынды цефалоспоринді антибиотик. Бактерицидті әсер етеді, бактериялар жасушалық қабырғаларының синтезін бұзады. Спайзеф көптеген бета-лактамаза әсеріне төзімді, мыналарға қатысты жоғары белсенділікте:
аэробты грамоң бактериялар: Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis (пенициллинге төзімді штаммдарды қоса және сирек метициллин-төзімді штаммдарды қоспағанда), Streptococcus pyogenes (және басқа бета-гемолитикалық стрептококктар), Streptococcus pneumoniae, В тобындағы Streptococcus, (Streptococcus agalactiae), Streptococcus mitis (viridans тобындағы), Bordetella pertusis.
аэробты грамтеріс бактериялар: Escherichia coli, Klebsiella spp., Proteus mirabilis, Providencia spp., Proteus rettgeri, Haemophilus influenzae (ампициллин-төзімді штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (ампициллин-төзімді штаммдарды қоса), Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса), Neisseria meningitidis, Salmonella spp.
анаэробты грамоң бактериялар: Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Clostridium spp, Propionibacterium spp.
анаэробты грамтеріс бактериялар: Bacteroides spp, Fusobacterium spp., Borrelia burgdorferi.
Спайзефке Clostridium difficile, Pseudomonas spp., Campylobacter spp., Acinetobacter calcoaceticus, Listeria monocytogenes, Staphylococcus aureus метициллин-төзімді штаммдары, Staphylococcus epidermidi, Citobacter spp., Serratia spp., Legionella spp. метициллин-төзімді штаммдары тұрақты.
Қолданылуы
- пневмонияда, бронхитте, фарингитте, тонзиллитте, синуситте
- несеп шығару жолдарының жұқпаларында
- жұмсақ тіндер мен терілердің жұқпаларында
- сүйектер мен буын жұқпаларында
- сепсисте
- менингитте
- соз, еркектерде де, әйелдерде де кездесетін асқынбаған және диссеминирленген гонококктық жұқпаларда
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларда алғашқы сатыдағы Лайм ауруы және кештетіп пайда болатын белгілерінің алдын алуда
- кеуде қуысы ағзалары, құрсақ қуысы, кіші жамбас ағзалары, буындар операциялары кезінде асқынған жұқпалардың алдын алуда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты тамақтан кейін қолдану ұсынылады.
Спайзеф таблеткаларын қолдану ұзақтығы мен дозасы аурудың ауырлығына және науқастың жағдайына байланысты болады.
Көптеген жұқпаларда ересектер үшін бір реттік доза орта есеппен тәулігіне 2 рет 250 мг құрайды. Ересектер мен балалардың әртүрлі аурулары кезіндегі емдеу ұзақтығы мен ұсынылатын дозалары кестеде көрсетілген.
Көптеген жұқпаларда |
Күніне екі рет 250 мг |
Несепжыныс жолдарының жұқпалары |
тәулігіне 2 рет 125 мг |
Пиелонефрит |
тәулігіне 2 рет 250 мг |
Төменгі тыныс жолдарының жеңіл және орташа дәрежедегі жұқпалары, мысалы бронхитте |
тәулігіне 2 рет 250 мг |
Төменгі тыныс жолдарының ауыр жұқпалары және пневмонияға күдіктенгенде |
тәулігіне 2 рет 500 мг |
Асқынбаған соз |
Бір реттік доза 1 г |
Ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы Лайм ауруы |
20 күн бойы 500 мг |
6 жастан асқан балалардағы жедел ортаңғы отит |
10 күн тәулігіне 2 рет 250 мг |
6 жастан асқан балалардағы жедел бактериялық синусит |
10 күн тәулігіне 2 рет 250 мг |
Қабылдау ұзақтығы орташа алғанда 7 күнді (5-10 күн) құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- Candida тұқымдас төзімді микроорганизмдер өсуінің күшеюі
- эозинофилия
- бас ауыру, бас айналу
- асқазан-ішек бұзылулары, диареяны, жүректің айнуын, асқазанның ауырын қосқанда
- бауыр ферменттері белсенділігінің уақытша артуы (АЛТ, АСТ, ЛДГ),
Жиі емес
- Кумбстың оң реакциясы, тромбоцитопения, лейкопения (кейде кенеттен айқындалған)
- тері бөртпесі
- құсу
Сирек
- есекжем, қышу
- жалғанжарғақшалы колит
Өте сирек
- гемолитикалық анемия
-қызба, сарысу құю ауруы, анафилаксия
- сарғаю (әсіресе холестатикалық), гепатит
- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (экзантемальді некролиз)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- цефалоспориндер тобындағы антибиотиктерге, пенициллиндер мен карбапендерге жоғары сезімталдықта
- жүктіліктің I триместрінде
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
«Ілмекті» диуретиктерді бір мезгілде ішу арқылы тағайындағанда өзекшелік сөліністі бәсеңдетеді, бүйрек клиренсін төмендетеді, плазмадағы концентрацияны арттырады және цефуроксимнің Т 1/2 арттырады. Спайзефті жоғары дозадағы аминогликозидтармен және диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсерлердің пайда болу қаупі артады. Спайзеф пен пробенецидті бір мезгілде енгізу Спайзефтің сыртқа шығарылуын бұзуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Пенициллиндік қатардағы антибиотиктерге және басқа бета-лактамазаларға жоғары сезімталдығы бар емделушілерге Спайзеф сақтықпен тағайындалады.
Ұзақ емдегенде төзімді микроорганизмдердің (Candida, Enterococci, Clostridium difficile) өсуі күшеюі, ал бұл емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін.
Антибиотиктерді, оның ішінде Спайзефті қолдану аясында диарея пайда болған кезде, жалғанжарғақшалы колиттің дамуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Спайзеф препаратымен Лайм ауруын емдегенде кейде Яриш-Герсгеймер реакциясы білінеді. Бұл реакция ауру қоздырғышы – Borrelia burgdorferi спирохетіне Спайзефтің тікелей бактерицидті әсерінің жиі болатын және әдетте өздігінен өтетін салдары болып табылады. Емделушілер бұл симптомдардың осы ауру кезінде антибиотиктерді қолданғанда болатын әдеттегі салдары екендігінен хабардар болуы тиіс.
Сатылы емдеуде ішу арқылы емге көшу жұқпаның ауырлығына, емделушінің клиникалық жай-күйі мен қоздырғыштың сезімталдығына қарай анықталады. Егер емдеуді бастағаннан бастап 72 сағат шегінде клиникалық әсері болмаса, парентеральді емдеу курсы жалғастырылуы тиіс.
Спайзефті қолдану аясында спирт ішімдіктерін қолдану қауіпті, өйткені антабус тәрізді әсерлері пайда болуы мүмкін (диарея, жүрек айну, тахикардия, беттің қызаруы және т.б.)
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктіліктің II - III триместрлері және лактация кезеңінде анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қатерден артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдағанда бас айналу жағдайы туындауы мүмкін болғандықтан көлік құралдары мен басқа да механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: бас айналуы, бас ауыруы, парестезиялар.
Емдеу - симптоматикалық. Препарат гемодиализ немесе перитонеальді диализ кезінде шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға (стрип) салады.
1 пішінді қаптама (стрип) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Орхид Хелскэр, Орхид Кемикалс Энд Фармасьютикалс Лтд бөлімшесі», Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Орхид Хелскэр, Орхид Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд бөлімшесі, Үндістан