Слеза Натуральная II

МНН: Гипромеллоза, Декстран
Производитель: с.а.Алкон-Куврер н.в.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Искусственные слезы и прочие индифферентные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008410
Информация о регистрации в РК: 16.07.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 579.21 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Табиғи көз жасы II

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

15мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді заттар: 1,0 мг декстран 70, 3,0 мг гидроксипропилметилцеллюлоза;

қосымша заттар: поликватерниум-1, динатрий тетраборат декагидраты, натрий хлориді, калий хлориді, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН түзету үшін), тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап бозаңданатын ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар

АТХ коды S01ХА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Поликватерниум-1 және гидроксипропилметилцеллюлоза сіңуіне байланысты деректер өте шектеулі.

Гидроксипропилметилцеллюлозаның молекулярлық салмағы ауыр болғандықтан (86 000 Дальтон) оның сіңуі өте қиын. Гидроксипропилметилцеллюлоза метаболикалық инертті материал болып табылады.

Поликватерниум-1 – молекулярлық салмағы жоғары (4 600 – 11 000 Дальтон) тығыздығы жоғары полимерлі материал болғандықтан ол сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Табиғи көз жасы II көз тамшы препаратының құрамында декстран 70 және гидроксипропилметилцеллюлоза - суда еритін полимерлі жүйе ДУАСОРБ бар, олар көз жасы компоненттерімен араласа отырып, мөлдір қабықтың ылғалдануын қамтамасыз етеді.

Табиғи көз жасы II көз тамшы препараты физиологиялық араласу жолымен жас үлбірі тұрақтылығын арттырады, ол мөлдір қабықтың табиғи сулануын қамтамасыз етеді. Табиғи көз жасы II көз тамшы препараты жоғары тұтқырлыққа ие болмаған жағдайда да, ол мөлдір қабықтың көз жасы үлбірін көзде ұзақ уақыт ұстап тұрады.

Қолданылуы

Көздің құрғауы салдарынан оның шымылдауын және тітіркенуін уақытша басу үшін қолданылады, сондай-ақ әрі қарай тітіркенуден қорғаушы дәрі ретінде пайдаланылады. Желдің, күннің әсерінен немесе компьютерде ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде көздің аздап тітіркенуінен туындаған жайсыздықты уақытша жеңілдету үшін.

Көздің құрғауынан болған бұзылуларды, сондай-ақ мынадай жағдайлармен байланысты симптомдарды жеңілдету және емдеу үшін:

  • қарапайым кератоконъюнктивит

  • Sjögren синдромы

Қолдану тәсілдері және дозалары

Қажетіне қарай зақымданған көзге (дерге) 1 немесе 2 тамшыдан тамызу керек. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттарды біріктіріп қолданған кезде, препараттарды қолдануда 10-15 минутқа жуық аралықты сақтау керек.

Құты ішіндегісін ластап алмау үшін, көзге немесе кез келген басқа да беттерге тамшуырдың ұшын тигізбеу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті

Жиі:

- көрудің бұлыңғырлануы

- көздегі жайсыздық

- астенопия

- көзде бөгде денені сезіну

- көздің қышынуы

- көз гиперемиясы

Жиі емес

  • көздің тітіркенуі

Келесі жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі деректердің жеткіліксіз болуына байланысты анықтау мүмкін емес:

Жергілікті: қабақ эритемасы, көздің ісінуі, көздің ауыруы, көздегі бөліністер, қабақ шеттері бойынша қабыршақтардың түзілуі, жас бөлінуінің артуы.

Жүйелі: жоғары сезімталдық, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Табиғи көз жасы II көз тамшы препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы бағалау жүргізілген жоқ. Препараттың құрамын назарға ала отырып, дәрілік өзара әрекеттесуінің пайда болу ықтималдығы аз.

Жергілікті офтальмологиялық препараттың бірнешеуін қолданғанда, препараттардың қолданылу аралығы 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Инъекция немесе ішке қабылдау үшін емес.

Препаратты пайдалану кезінде бас ауыруы, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, көздің тітіркенуі, тұрақты қызару пайда болса немесе аталған жағдайлар нашарлағанда, сондай-ақ олардың пайда болуы 3 күннен астам тұрақты болса, препаратты пайдалануды тоқтату және дәрігерге көріну керек.

Препаратты балаларға және жасөспірімдерге, сондай-ақ бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге пайдаланғанда дозаны түзету қажет етілмейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Декстран 70 және гипромеллоза препараттарының компоненттері көз беткейін қорғайтын қасиетке ықпал етеді және фармакологиялық белсенділігі жоқ. Бұл компоненттер жүйелі қан ағымына ісжүзінде өтпейді. Табиғи көз жасы II көз тамшы препараты егер ұрық/емшектегі бала үшін емдеу тиімділігі әлеуетті қауіптен жоғары болған жағдайда жүктілік/лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Басқа да көз тамшылары сияқты, тамызғаннан кейін көрудің уақытша бұлыңғырлануы немесе басқа да визуальді жайсыздық болуы мүмкін, ол автомобиль немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда көздің көруі қайта қалыпқа келгенге дейін біраз уақыт күте тұру керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану туралы хабарлар болған жоқ.

Жергілікті қолданған кезде артық дозлану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 15 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, бұралатын ақ түсті қақпағы бар және тамшылатқышпен тығындалған, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған “Дроп-тейнер” жүйесінің құтысына салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

с.а. Алкон-Куврер н.в.

B-2870 Puurs, Бельгия

Тіркеу куәлігін ұстаушы

с.а. Алкон-Куврер н.в., Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Алкон Фармасьютикалс Лтд.» өкілдігі

Тел.: +7 (727) 256 02 05; Факс: +7 (727) 256 06 81

Электронды поштасы: phv.hotline@alcon.com

Прикрепленные файлы

149766261477976893_ru.doc 54 кб
488313251477978061_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники