Сиспрес® 750

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-3№019666
Информация о регистрации в РК: 29.01.2016 - 29.01.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 103.68 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 547.48 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

СИСПРЕС® 750

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 750 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың қрамында

белсенді зат – 874,500 мг ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты

(750 мг ципрофлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, жүгері крахмалы, повидон К30, кремнийдің коллоидты қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, қабықшаға арналған материал № 1 (Sepifilm LP 770)

үлбірлі қабықтың құрамы: метилгидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді және бір жағында сызығы бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар хинолон туындылары. Фторхинолондар. Ципрофлоксацин.

АТХ коды J01MA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат ішке қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам және жақсы сіңіріледі. Биожетімділігі 50-85 %, құрайды, препараттың қандағы ең жоғарғы концентрациясына 0,5-2,5 сағаттың ішінде жетеді. Ципрофлоксацин қан плазмасының ақуыздарымен 16-43% байланысады.

Қабылдаудан кейін ципрофлоксацин организмнің тіндері мен сұйықтығында кеңінен таралады. Препараттың жоғары концентрациялары бадамша бездерде, өкпеде, бүйректе, бауырда, өтте және өт қабында, ұрық сұйықтығында, қуық түбі безінің тіндерінде және оның сөлінісінде, эндометрияда, фалоппии түтіктерінде және анабездерде байқалады. Бүйрек функциясы қалыпты ересектер плазмасынан ципрофлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағатты құрайды. Препарат 4 метаболитті: диэтилципрофлоксацинді, сульфоципрофлоксацинді, оксоципрофлоксацинді, N формилципрофлоксацинді түзе отырып ішінара бауырда метаболизденеді. Ципрофлоксацин мен оның метаболиттері организмнен несеппен (50-70 %) және нәжіспен (15-30 %) шығарылады. Өзгермеген ципрофлоксацин шумақтық сүзіліспен өзекшелік сөлініс арқылы несеппен бөлініп шығады. Емдік дозаны ішке қабылдаған кезде дозаның 15 % - 50 % 5 күннің ішінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

СИСПРЕС® бактерицидті дәрі болып табылады. Бактерияға қарсы фторхинолонды басқа да заттар сияқты ципрофлоксацин препаратқа сезімтал микроорганизмнің ДНҚ-топоизомеразасын (ДНҚ-гиразасын) тежейді. ДНҚ-гираза репродукция мен транскрипцияның кейбір сәттері, бактериялық ДНҚ-ны қалпына келтіру, рекомбинациялау және транспозициялау үшін қажет. Ферменттің А-суббірлігі ципрофлоксациннің нысанасы болып табылады. Ципрофлоксацин сондай-ақ ферменттердің Б-суббірлігімен де өзара әрекеттесе алады.

СИСПРЕС® Enterobacteriaceae және Pseudomonas aeruginosa; Escherichia coli, Shigella, Salmonella, Citrobacter, Klebsiella, Enterobacter, Serratia, Hafnia, Edwardsiella, Proteus, Providencia, Моrganella, Yersinia, Vibrio, Aeromonas, Plesiomonas, Pasteurella, Haemophilus, Gardnerella, Campylobacter, Pseudomonas, Logionella, Neisseria, Moraxella, Acinebacter, Flavobacterium, Alcaligenes, Brucella-ны қоса грамтеріс аэробты бактериялардың көпшілігіне қарсы кең ауқымды әсер мен жоғары белсенділікке ие .

Сиспрес® сондай-ақ Staphylococcus aureus-ті қоса көптеген грамоң аэробты бактерияларға, стафилококктың коагулозо-негативті штаммдарына, Steptococcus pyogenes, Streprococcus pneumoniae, Listeria, Corynebacterium-ге қарсы белсенді.

СИСПРЕС® бета-лактамаза өндіретін бактерияларға қарсы белсенді.

СИСПРЕС® Bacteroides, Fusobacterium Peptococcus, Clostridium, Eubacterium, Actinomyces veilonella сияқты облигатты анаэробты бактерияларға қатысты біршама әсер етеді.

СИСПРЕС®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар сондай-ақ Chlamydia, Mycoplasma, Micobacterium-ге қарсы белсенді. Препараттың Ureaplasma сияқты анарэобты бактериялар мен микобактериялардың кейбір штаммдарына қарсы белсенділігі аздау.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялық қабыну ауыруларында

- ЛОР-мүшелердің

- тыныс алу жолдары ағзаларының

  • ішек инфекциясында (сальмонеллез, шигеллез, тырысқақта)

  • іш сүзегінде

- несеп жыныс органдарының

- тері мен жұмсақ тіндердің

- сүйек-буын жүйесінің

- жыныстық жолмен берілетін инфекцияларының

  • септицемияда

  • операциядан кейінгі асқынуда

  • иммунитеті төмендеген адамдардағы инфекцияның алуда және емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып ашқарынға қабылдау керек. Дозалары аурудың ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты жекелей белгіленеді.

Ересектерге

- жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықтағы инфекцияларда: әр 12 сағат сайын 250-500 мг

- ауыр және асқынған түрінде: әр 12 сағат сайын 750 мг

Көптеген инфекциялық қабыну ауырулары үшін симптомдар жойылғаннан кейін де емдеу кем дегенде 48 сағатқа жалғасуы тиіс. Орташа алғанда емдеу курсы 10 күнді құрайды.

Бүйрек клиренсі 30 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігінде ең жоғарғы тәуліктік доза 500 мг құрады.

Егер креатинин клиренсі минутына 20 мл немесе одан аз құраған жағдайда пациенттер ұсынылатын дозаның жартысын ғана алулары мүмкін.

Препараттың ең жоғарғы бір реттік дозасы - 750 мг; тәуліктік дозасы - 1500 мг.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1-9% жағдайда)

  • жүрек айнуы, құсу, тәбетті жоғалту, диспепсия, диарея, іштің ауыруы, метеоризм

  • бас ауыруы, бас айналуы, қажу, діріл

  • тері реакциялары (бөртпе, тері қышымасы)

- дәрілік қызба

Жиі емес

- тахикардия

- артралгиялар (буындардың ауыруы), буынның ісінуі

- эозинофилия, лейкопения, гранулоцитопения, анемия, тромбоцитопения

Сирек

- сананың шатасуы, бағдардан жаңылу

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы, диспноэ, өкпе ісінуі, мұрыннан қан кету, өкпеден қан кету (қан түкіру)

- аяқ-қолдардың ауыруы, арқаның және кеуденің ауыруы

- тахикардия, гипотензия

- гломерулонефрит, дизурия, полиурия, гематурия, кристаллурия, бүйректің азот бөліп шығару функциясының төмендеуі

Өте сирек (0,01% жағдайда)

- өліммен аяқталуы ықтимал жалған жарғақшалық колит

- ұйқысыздық, сезімталдықтың бұзылуы, депрессия, діріл, тершеңдік, жүрістің орнықсыздығы, құрысулар (қатар жүретін эпилепсия кезіндегі), бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы, мазасыздану, шым-шытырық түс көру, көңіл-күйдің жабырқауы, ашушаңдық, елестеулер

- дәм сезінудің бұзылуы, көрудің бұзылуы (көру өткірлігінің төмендеуі, диплопия, түрлі-түсті көрудің бұзылулары), естудің өтпелі бұзылуы, құлақтағы шуыл

- петехиялар, терідегі түйіндер (папулалар), васкулит, есекжем, мультиформалы экссудативті эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), Лайел синдромы

- интерстициальді нефрит

- гепатоцеллюлярлы некроз, Квинке ісінуі, анафилактикалық шоктың дамуына дейінгі анафилактикалық/анафилактоидты реакциялар

- перинефральді ісіну, қан кернеулері, бас сақинасының ұстамалары, естен тану (талу), миалгиялар, сіңірлер мен байламдардың ауыруы мен қабынулары (тендинит), Ахилл сіңірінің үзілуі (тенденитке күмән туындағанда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек)

- лейкоцитоз, тромбоцитоз, гемолитикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, протромбиндік уақыттың ұзаруы

- миокарда инфарктісі, стенокардия, жүрекшенің дірілдеуі

- панкреатит

- өтек сирек жағдайларда сүйек кемігінің өмірге қауіп төндіретін бәсеңдеуі

- миастения симптомдарының өршуі

- церебральді артериялардың тромбозы, психопатиялық жай-күйлер, өзіне-өзі қол салу ойлары

Өте сирек

- миастения синдромы

Зертханалық тесттердің өзгеруі

Бауыр зақымдануы бар пациенттерге СИСПРЕС® қолданылғанда трансамиазалар мен сілтілік фосфатаза деңгейінің холестатикалық сары аурудың дамуына дейін көтерілуі байқалуы мүмкін. Қанда мочевина, креатинин және билирубин деңгейінің жоғарылуы мүмкін.

Айрықша жағдайларда мыналар: гипергликемия, кристаллурия, гематурия байқалуы мүмкін.

Басқалары

- жалпы астения

- бүйрек функциясының өмірге қауіп төндіретін бүйрек жеткіліксіздігіне дейінгі өтпелі бұзылулары

- фотосезімталдық реакциялары (фотосезімталдық реакциялары пайда болғанда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек)

- ұзақ қолданғанда аса жоғары инфекцияның немесе зеңдік инфекцияның (кандидоздың) дамуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Ципрофлоксацинге немесе фторхинолондар тобындағы басқа да препараттарға жоғары сезімталдық

  • эпилепсия

  • люкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • тизанидинмен бірге қолдану

  • жүктілік пен лактация кезеңі

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жас өспірімдер

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ципрофлоксацин

Алгедратпен және магний гидроксидімен. Алгедрат+магний гидроксидімен біріктіру ципрофлоксациннің сіңірілуін баяулатады (қабылдаулар аралағы 2 сағаттан кем болмауы тиіс).

Белладонна жапырақтары сығындысының, кофеиннің, парацетамолдың, теофиллиннің, фенобарбиталдың, цитизиннің және эфедриннің қоспасымен. Ципрофлоксацин (белладонна жапырақтары сығындысы +кофеин+парацетамол+теофиллин + фенобарбитал+цитизин+ эфедрин қоспасы құрамында) теофиллиннің қандағы концентрациясын жоғарылатады және сондықтан оның жағымсыз әсерлерінің қаупін күшейтуі мүмкін.

Ванкомицинмен. Ванкомицин бактерияға қарсы белсенділікті (өзара) арттырады.

Варфаринмен. Ципрофлоксациннің аясында әсері күшейеді. Ципрофлоксацин шығарылуын баяулатады, Сmax жоғарылатады, Т1/2 ұзартады.

Гидроталцитпен. Гидроталцит ципрофлоксациннің сіңірілуін төмендетеді (қабылдау аралықтары 1-2 сағаттан кем болмауы тиіс).

Диданозинмен.Диданозин сіңірілуін төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдау аралықтары 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Темір глюконатымен, марганец глюкнатымен және мыс глюконатымен біріктіргенде.

Темір глюконатымен +марганец глюконатымен+мыс глюконатымен біріктіру ципрофлоксациннің сіңірілуін төмендетеді.

Темір сульфатымен. Темір сульфаты сіңірілуін елеулі азайтады (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Темір сульфаты мен аскорбин қышқылын біріктіргенде. Темір сульфаты+аскорбин қышқылын біріктіргенде ципрофлоксацинмен қатар тағайындауға болмайды.

Темір фумаратымен Темір фумараты сіңірілуін елеулі азайтады (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Кальций карбонатымен. Кальций карбонаты сіңірілуін елеулі азайтады (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Кальций хлоридімен. Кальций хлориді сіңірілуін елеулі азайтады (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Клиндамицинмен. Клиндамицин бактерияға қарсы әсерін (өзара) арттырады.

Клозапинмен. Ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолданғанда клозапиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Кофеинді, теофеллинді және ҚСД біріктіргенде. Ципрофлоксациннің аясында клиренс азаяды, плазмадағы деңгейі мен Т1/2 жоғарылайды, жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығы (құрысулардың қауіптілігі) артады.

Магалдратпен. Магалдрат сіңірілуін баяулатады және тіндік деңгейді төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Магний гидроксидімен. Магний гидроксиді сіңірілуін елеулі төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Магний тотығымен. Магний тотығы сіңірілуін елеулі төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Метронидазолмен. Метронидазол бактерияға қарсы белсенділігін (өзара) арттырады.

Микофенолат мофетилімен. Бүйрегі ауыстырылып салынған пациенттерде ципрофлоксацинді тікелей ішке қабылдаудан кейінгі күндері мофетил микофенолаттың Сmin 54%-ға төмендеуі байқалады. Бактерияға қарсы емді жалғастырғанда аталған әсер төмендейді, ал емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады. Бұл құбылыстың клиникалық мәні белгісіз.

Морфин, апиындар, премедикациялауға арналған (атропин тәрізді) препараттарды біріктіргенде. Морфиннің аясында ципрофлоксациннің плазмалық конценрациясы азаяды.

Натрий гидрокарбонатымен. Натрий гидрокарбонаты (несепті сілтілендіреді) ерігіштікті төмендетеді және кристаллурияның ықтималдығын арттырады.

Ранитидинмен. Ранитидин сіңірілуін төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Рифампицинмен. Микросомальді ферменттерді индукциялайды, биотрансформацияны жеделдетеді, тіндік концентрацияларды төмендетеді.

Сукральфатпен. Сукральфат сіңірілуін төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Теофиллинмен. Ципрофлоксациннің аясында (CYP1A2 тежейді) биотрансформация баяулайды, клиренс азаяды, плазмадағы деңгейі жоғарылайды және жағымсыз әсерлері дамуының ықтималдығы артады.

Фенитоинды, мексилетин, ропипиролды біріктіргенде. Ципрофлоксациннің аясында плазмалық деңгейі өзгеруі мүмкін; бір мезгілде қолдану абай болуды қажет етеді.

Циклоспоринмен. Ципрофлоксацин нефроуыттылығының көрініс беру қаупін (өзара) жоғарылатады.

Циметидинмен. Циметидин сіңірілуін төмендетеді (біріктіріп тағайындағанда қабылдаулар аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс).

Мырыш сульфатымен. Мырыш сульфаты сіңірілуін елеулі төмендетеді

Этамбутолмен. Этамбутол нефроуыттылығының көрініс беру қаупін (өзара) күшейтеді.

Этанолмен. Этанол нейроуыттылығының көрініс беру қаупін (өзара) күшейтеді.

Пробенецидпен. Пробенецид бір мезгілде қабылдағанда ципрофлоксациннің шығарылуын баяулатады, бірақ биожетімділігіне әсер етпейді.

Глибенкламидпен. Ципрофлоксацинмен бірмезгілде қабылдағанда әсері көтермеленеді.

Құрамында алюминий, кальций немесе магний бар антацидтермен және құрамында темір немесе мырыш бар препараттармен

Ципрофлоксациннің сіңірілуін баяулатады. Қабылдаулар аралығындағы үзілістер 1,5-2 сағат немесе қабылдауға дейін немесе одан кейін 4 сағат.

К витаминінің антагонистері: ципрофлоксацинді К витамнінің антагонистерімен бір мезгілде қолдану оның антикоагулянттық әсерін күшейтуі мүмкін.

Лидокаин: құрамында Р450 1А2 цитохромы изоферментінің қуаты орташа тежегіші болып табылатын лидокаин бар дәрілік препараттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану денсаулығы жақсы адамдарда көктамырішілік енгізілген лидокаинның клиренсін 22%-ға төмендететінін көрсетті. Бір мезгілде қолдану барысында лидокаинмен емдеуді жақсы көтере алғанмен де, ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесуінен жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

Силденафил: силденафилді ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану 500 мг ципрофлоксацинмен бір мезгілде 50 мг ішке қабылданған дозасынан кейін силденафилдің несептегі орташа концентрациясының және плазмадағы ең жоғары концентрациясының шамамен екі есе артуын туындатқан. Осыған орай қаупі мен ықтимал пайдасы ескеріле отырып біріктірілген ем тағайындағанда сақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеу кезінде кристаллурияның алдын алу үшін жеткілікті мөлшердегі сұйықтықты қабылдау керек.

Тамырының атеросклерозы, мидағы қан айналымының бұзылуы, құрысу синдромы, психикалық аурулары бар пациенттерге, инсульт кезінде, егде жастағыларға, бұрын фторхинолондармен жүргізілген ем кезінде сіңірдің зақымдануында, бүйректің немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек.

Тендинитке күдік болған кезде препартты қабылдауды дереу тоқтату керек.

СИСПРЕС® препаратымен емдеу кезінде фотосезімталдық реакцияларының болу мүмкіндігі салдарынан УФ-сәулеленуге ұшырауға болмайды. Теріде қандай да бір өзгерістер пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.

Жалған жарғақшалық колит Clostridium difficile туындатқан энтероколиттің айрықша түрі болып табылады. Егер емдеу кезеңінде бірнеше рет сұйық нәжіс болса және Clostridium difficile бар екені болжамданса - СИСПРЕС® препаратымен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. Перистальтиканы тежейтін дәрілерді (мысалы, лоперамидті) қолдану ұсынылмайды.

Эпилепсиядан зардап шегетін пациенттерді және ОЖЖ ауруларын өткерген (мысалы, сыртартқысында құрысуға дайындық шегі төмендеуі, құрысу ұстамаларын өткерген, мидағы қан айналымының бұзылуы бар, миының органикалық зақымдануы немесе инсульті бар) пациенттерді емдеу кезінде ципрофлоксацинді тек күтілетін клиникалық тиімділігі препараттың орталық жүйке жүйесіне ықтимал жағымсыз әсерінен асып түсетін жағдайларда ғана қолдану керек.

Pneumococcus текті бактериялар туындатқан пневмониясы бар пациенттерді амбулаториялық емдеу кезінде ципрофлоксацинді бірінші таңдау препараты ретінде пайдалануға болмайды.

Кейбір жағдайларда ОЖЖ тарапынан болатын жағымсыз әсерлері препаратты бірінші пайдаланудан кейін пайда болуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда психоз өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенуімен көрініс беруі мүмкін. Бұл жағдайларда ципрофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату керек.

Ципрофлоксацин алған пациенттерде полинейропатияның (ауырулар, күйдіріп ашыту, сезімталдықтың бұзылуы немесе жекелей және кешенді бұлшықет әлсіздігі сияқты неврологиялық симптомдардың негізіндегі) жағдайлары кездескен. Ауыруды, күйдіріп ашытуды, шаншуды, жансыздану және/немесе әлсіздікті қоса нейропатия сиптомдары бар пациенттерде қайтымсыз бұзылуларды болғызбау мақсатында препаратты тоқтату керек.

Әсіресе бауыр ауруларын өткерген пациенттерде холестатикалық сары ауыру, сондай-ақ бауыр трансаминазалары мен сілтілік фосфатазаның уақытша жоғарылауы байқалуы мүмкін.

Препаратты бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда дозалаудың тиісті режимін сақтау қажет.

Кейде ципрофлоксациннің бірінші дозасын қабылдаудан кейін аллергиялық реакциялар, өте сирек жағдайларда - анафилактикалық шок байқалуы мүмкін. Ципрофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтау және тиісті ем жүргізу қажет.

Ципрофлоксацин CYP1A2 изоферментінің орташа тежегіші болып табылатыны белгілі. Ципрофлоксацин мен осы изоферментпен метаболизденетін теофиллин, метилксантин, кофеин сияқты препаратарды бір мезгілде қолданған сақ болу керек, өйткені осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының артуы спецификалық жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін.

Микробқа қарсы әсер ету ауқымы кең басқа да дәрілермен болатын жағдайлардағы сияқты препаратты ұзақ қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуі мен суперинфекцияға әкеп соғуы мүмкін. Басқа да күшті әсер ететін препараттармен болатын жағдайлардағы сияқты ұзақ емдеу аясында бүйрек, бауыр және гемопоэздық функцияларды қоса ағзалар мен жүйелердің функциясын ауық-ауық бағалап отыру керек.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі. Тұтастай алғанда сыртартқысында ципрофлоксацинді қолданумен байланысты сіңір тінінің аурулары/бұзылулары бар пациентерге ципрофлоксацинді қолданбау керек. Ципрофлокцинді қолдану жағдайларында тендиниттер дамуы және кейде екі жақты нұсқада және тіпті емдеу басталғаннан кейінгі бастапқы 48 сағаттың ішінде де сіңірдің (әсіресе Ахилл сіңірі) үзілуі мүмкін. Ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай өткенде де қабынулар мен сіңірдің үзілуі болуы мүмкін.

Гравис миастениясының асқынуы. Ципрофлакцинді қоса фторхинолондар нейробұлшықет белсенділігін бөгейді және Гравис миастениясы бар пациенттердің бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Ауыр жалған салдану миастениясы бар пациенттерге ципрофлоксацинді абайлап қолдану керек.

Жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулар.

- QT-аралығы ұзаруының тұқым қуалайтын синдромы

QT-аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия) бір мезгілде қолдану;

- жүрек патологиялары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия) секілді QT-аралығының ұзаруына қатысты

белгілі қауіп факторлары бар пациенттерге хинолондарды сақтықпен қолдану керек.

Егде пациенттер мен әйелдер QT-аралығын ұзартатын препараттарға едәуір сезімтал болуы мүмкін. Осыған орай, ципрофлоксацинды қоса фторхинолондарды науқастардың бұл поуляциларында қолдану кезінде сақ болу керек.

Резистенттілігі. Ципрофлоксацин тек расталған немесе болжамды бактериялық инфекцияға сенімділік зор болғанда немесе профилактикалық көрсетілімдердің болуында ғана тағайындалуы мүмкін, керісінше жағдайда емдеуден пациентке пайда болмайды, керісінше бактериялардың дәріге төзімді штаммдарының пайда болу қаупін жоғарылатады.

Ципрофлоксацинмен емдеу кезінде немесе оны аяқтағаннан кейін пациентте суперинфекция болуының клиникалық көріністеріне қарамастан ципрофлоксацинге резистенттілік байқататын бактериялар штаммдары пайда болуы мүмкін. Әсіресе емдеудің ұзақ курстарында және аурухана ішілік инфекцияларды немесе Staphylococcus пен Pseudomonas штаммдары туығзған инфекцияларды емдеу кезінде ципрофлоксацинге резистентті штаммдар бөлініп шығуының жоғары қаупі байқалады.

Грамоң және анаэробты патогендер туғызған ауыр инфекциялар мен аралас инфекциялар. Ципрофлоксацинмен моноем болжамды түрде грамоң немесе грамтеріс анаэробтар туғызған ауыр инфекциялары бар пациентерге тағайындауға келмейді. Мұндай жағдайларда ципрофлоксацин тиісінше бактерияға қарсы басқа препараттармен үйлестіріліп тағайындалуы тиіс.

Стрептококкты инфекциялар (Streptococcus pneumonia туғызған инфекцияларды қоса). Тиімділігі жеткіліксіз болуына байланысты ципрофлоксацин стрептококкты инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.

Жыныс жолдарының инфекциялары. Фторхинолондарға резистентті Neisseria gonorrhoeae штаммдары туғызуы мүмкін гонококкты уретрит, цервицит, эпидидимоорхит және кіші жамбас ағзаларының қабынбалы аурулары.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Escherichia coli болып табылатын ең кең тараған уропатогеннің фторхинолондарға резистенттілігінің деңгейі Еуропалық Одақтың әртүрлі елдерінде ауытқып отырады. Препаратты тағайындайтын дәрігерлерге фторхинолондарға резистентті Escherichia coli штаммдарының жергілікті таралуын назарға алу ұсынылады.

Бауырының зақымдануы ауыр науқастар үшін дозаны зақымдану дәрежесіне пропорционалды түзеу қажет.

Емдеу кезінде спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті жүргізгенде және зейінді жоғары жұмылдыру мен психомотарлы реакция жылдамдығын талап ететін басқа әлеуетті қаупі бар қызмет түрлерімен айналысқанда абай болу керек.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жөніндегі деректер жоқ. Емі: спецификалық у қайтарысы белгісіз. Науқастың жай-күйін мұқият бақылау, асқазанды шаю, кезек күттірмес жәрдемнің әдеттегі шараларын жүргізу, сұйықтықтың жеткілікті түсуін қамтамасыз ету қажет. Гемо- немесе перитонеальді диализдің көмегімен препараттың тек болымсыз (10 %-дан аз) мөлшері ғана шығарылуы мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Поливинилхлорид үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 немесе 7 таблеткадан салады.

Өндіруші-фирманың голограммасы бар картон қорапшаға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 2 пішінді ұяшықты қаптамадан орналастырады.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шартары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е..

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды пошта: nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

СИСПРЕС_750.doc 0.09 кб
Сиспрес_каз.doc 0.11 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту