Роваста
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Роваста
Халықаралық патенттелмеген атауы
Розувастатин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг, 10 мг және 20 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - кальций розувастатині 5.210 мг, 10.419 мг немесе 20.838 мг (тиісінше 5 мг, 10 мг немесе 20 мг розувастатинге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН-101, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, А типті кросповидон, микрокристалды целлюлоза РН-102, лактоза моногидраты, магний стеараты;
үлбірлі қабық: гипромеллоза 6 cP, титанның қостотығы (Е 171), лактоза моногидраты, триацетин, темірдің (III) сары тотығы (Е172) (5 мг доза үшін), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172) (10 мг және 20 мг доза үшін).
Сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді, сары түсті қабықпен қапталған, бір жағында «5» санының үстінде «ROS» өрнегі бар, диаметрі 7 мм (5 мг доза үшін) таблеткалар.
Екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді, қызғылт түсті қабықпен қапталған, бір жағында «10» санының үстінде «ROS» өрнегі бар, диаметрі 7 мм (10 мг доза үшін) таблеткалар.
Екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді, қызғылт түсті қабықпен қапталған, бір жағында «20» санының үстінде «ROS» өрнегі бар, диаметрі 9 мм (20 мг доза үшін) таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модификациялайтын препараттар. Липид-модификациялайтын препараттар, қарапайымдар. HMG-CoA-редуктаза тежегіштері. Розувастатин
АТХ коды С10АА07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Қан плазмасындағы розувастатиннің ең жоғары концентрациясы ішке қабылданғаннан кейін шамамен 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20 %-ды құрайды.
Таралуы
Розувастатин, көбінесе холестерин синтезінің және ТТЛП-ХС метаболизмінің орны болып табылатын бауырмен сіңіріледі. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатиннің 90 %-ы плазма ақуыздарымен, көбінесе альбуминмен байланысады.
Метаболизмі
Аз дәрежеде бауырда биотрансформацияланады (10 %-ға жуығы). Розувастатин Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттері үшін бағдарлық емес субстрат болып табылады. Розувастатин метаболизміне қатысатын негізгі изофермент CYP2C9 болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 изоферменттері метаболизмге аз дәрежеде тартылған.
Розувастатиннің негізгі метаболиттері N-десметил және лактонды метаболиттер болып табылады. N- десметил белсенділігі розувастатиннен шамамен 50 % аз, лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыда белсенді емес. Айналымдағы ГМГ-КоА редуктазаны тежеу бойынша фармакологиялық белсенділігінің 90 %-дан астамы розувастатинмен қамтамасыз етіледі.
Шығарылуы
Розувастатин көбіне өзгермеген күйде ішек арқылы (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) шығарылады. Қалған бөлігі бүйрекпен шығарылады. Шамамен 5%-ы өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т½) шамамен 19 сағатты құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препарат дозасын арттырған кезде өзгермейді. Плазмалық клиренсінің орташа мәні сағатына шамамен 50 литрді құрайды (ауытқу коэффициенті 21,7%). ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерінің жағдайындағы сияқты, розувастатиннің «бауырда» қармалу процессінде розувастатиннің бауырмен элиминациясында маңызды роль атқаратын холестериннің жарғақшалық тасымалдаушысы қамтылған.
Розувастатиннің жүйелік экспозициясы дозаға пропорционал ұлғаяды. Фармакокинетикалық параметрлері препаратты күнделікті қабылдау кезінде өзгермейді.
Пациенттердің ерекше популяциялары:
Жасы және жынысы
Жасы және жынысы ересектердегі розувастатин фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпейді.
Генетикалық полиморфизм
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, соның ішінде розувастатин ОАТР1В1 (гепатоциттермен статиндердің қармалуына қатысатын органикалық аниондарының полипептид тасымалдаушысы) және ВСRP (эффлюкстік транспортер) тасымалдаушы ақуыздарымен байланысады. SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерін тасымалдаушылармен салыстырғанда, SLCO1B1 (ОАТР1В1) c.521CC және ABCG2 (ВСRP) с.421АА генотиптерін тасымалдаушыларда розувастатинге экспозицияның (AUC) ұлғаюы анықталды. Осындай генотиптердің тасымалдаушы пациенттері үшін препараттың төменірек тәуліктік дозасы ұсынылады.
Фармакодинамикасы
Әсет ету механизмі
Розувастатин 3-гидрокси-3-метилглутарил КоА-ны холестериннің ізашары – мевалонатқа айналдыратын, реакция жылдамдығын шектеуші, фермент – ГМГ-КоА редуктазаның cелективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің негізгі әсер ету нысанасы – холестерин төмендеуін қамтамасыз ететін негізгі орган –бауыр болып табылады.
Розувастатин жасушалар беткейінде ТТЛП бауыр рецепторларының санын арттырып, ТТЛП қармалуы мен катаболизмін жоғарылатады, бұл тығыздығы ТӨТЛП синтезінің тежелуіне, сол арқылы ТТЛП және ТӨТЛП жалпы санының азаюына алып келеді.
Фармакодинамикалық тиімділігі
Роваста ТТЛП-холестериннің (ТТЛП-ХС), жалпы холестериннің, триглицеридтердің жоғары мөлшерін азайтады, тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині (ТЖЛП-ХС) мөлшерін ұлғайтады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес-ХС, ТӨТЛП-ХС, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін төмендетеді және аполипопротеин А-І (АпоА-І) деңгейін арттырады, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС арақатынасын және АпoВ/АпoA-І арақатынасын төмендетеді.
Қолданылуы
Гиперхолестеринемиясы бар ересектер және 6 жастан үлкен балалар
- алғашқы гиперхолестеринемияда (отбасылық гетерозиготалы және отбасылық емес гиперхолестеринемия) және аралас дислипидемияда (IIa және IIb типі) диета және басқа да дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болған жағдайда диетаға қосымша ретінде
- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және липидті төмендететін басқа да емдерге (мысалы, ТТЛП-аферез) немесе осындай ем пациентке жарамаған жағдайларда қосымша ретінде
- алғашқы жүрек-қантамырлық ауруларының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-тамырлық асқынулардың профилактикасында қосымша ем ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Роваста таблеткалары ас ішуге байланыссыз тәуліктің кез келген уақытында ішке қабылдауға арналған. Ем бастар алдында пациент стандартты гиполипидемиялық диетаға ауыстырылуы тиіс, бұл ем уақытында сақталуы тиіс. Дозалау режимі емнің мақсатына байланысты және пациенттің емге жауабына қарай жеке анықталады.
Гиперхолестеринемияны емдеу
Препаратты қабылдай бастаған пациенттер үшін немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаудан көшірілген пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг Роваста препаратын құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдағанда холестерин мөлшерінің деңгейін басшылыққа және жүрек-қантамырлық асқынулардың болжамды қаупін назарға алып, сонымен қатар жағымсыз әсерлердің потенциалды даму қаупін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда дозаны препаратты 4 апта қабылдағаннан кейін арттыруға болады.
40 мг дозаны қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екеніне байланысты, дозаны ең жоғары 40 мг дейін арттыру гиперхолестеринемиясы ауыр және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары (әсіресе, отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде), 20 мг доза қабылдағанда қалаулы емдік нәтижеге жетпеген пациенттерде ғана қарастыруға болады. Препаратты 40 мг дозада алатын пациенттерді бақылау ұсынылады.
Жүрек - қан тамырлық асқынулардың профилактикасы
Педиатриялық популяция
Педиатрияда қолдану мамандар бақылауымен жүзеге асыруы тиіс.
6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер бойынша <II-V сатысы)
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдер үшін бастапқы тәуліктік доза 5 мг құрайды.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 6-дан 9 жасқа дейінгі балалар үшін стандартты доза диапазоны күніне 1 рет ішу арқылы 5-10 мг құрайды.
10 мг-ден асатын дозалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл бұл топтың пациенттерінде зерттелген жоқ.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 10-нан 17 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер үшін стандартты доза диапазоны күніне 1 рет ішу арқылы 5-20 мг құрайды.
20 мг-ден асатын дозалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл топтың пациенттерінде популяцияда зерттелген жоқ.
Педиатриялық пациенттер үшін титрлеу педиатрияда қолдану бойынша нұсқауларға сәйкес жеке емдік әсеріне және жағымдылығына қарай жүргізілуі тиіс. Балалар және жасөспірімдер розувастатинмен ем басталғанға дейін стандартты гиполипидемиялық емге ауыстырылуы тиіс; бұл диета розувастатинмен ем кезінде сақталуы тиіс.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиялы 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда ең жоғары доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды.
Стандартты бастапқы доза – жасына, дене салмағына және статиндерді бұрын қолдануына қарай тәулігіне 1 рет 5-тен 10 мг дейінді құрайды. Ең жоғары дозасын 20 мг дейін ұлғайтуды педиатрияда қолдану бойынша нұсқауларға сәйкес балалардағы жеке реакциясы мен жағымдылығына қарай жүргізу керек.
6 жасқа дейінгі балалар
Қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Сондықтан, Роваста препаратын осы топтағы пациенттер үшін қолдану ұсынылмайды.
Егде пациенттер
Дозаны реттеу қажет емес. 70 жастан асқан пациенттерге препараттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны реттеу қажет емес. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (КК<60мл/мин) бар пациенттерде препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды, препараттың 40 мг дозасын қолдануға болмайды. Ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (КК<30мл/мин) бар пациенттерде Роваста препаратын қолдану қарсы көрсетілімде.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан астам пациенттерде препарат қолдану тәжірибесі жоқ. Роваста белсенді сатыдағы бауыр аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.
Этникалық топтар
Тегі азиялық пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды. Бұл топта 40 мг доза қарсы көрсетілімде.
Генетикалық полиморфизмдер
Генотипі c.521CC немесе c.421AA пациенттерде ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза 20 мг құрайды.
Миопатияға бейім болып келетін пациенттер
Миопатияның дамуына әкеп соқтыратын факторлары бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада тағайындауға болмайды. Осы топ пациенттеріне ұсынылатын бастапқы доза - 5 мг.
Қатар жүретін ем
Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздармен (мысалы ОАТР1В1 мен ВСRР-мен) байланысады. Плазмада розувастатин концентрациясын жоғарылататын дәрілік препараттармен (мысалы циклоспоринмен, атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен ритонавирдің біріктірімін қоса, протеазаның тежегіштерімен) Роваста препаратын бірлесе қолдану кезінде тасымалдаушы ақуыздармен өзара әрекеттесу есебінен миопатия қаупі (рабдомиолизді қоса) жоғарылауы мүмкін. Мұндай жағдайларда баламалы емді тағайындау немесе Роваста препаратын қабылдауды уақытша тоқтату мүмкіндігі бағалануы тиіс. Егер осы препараттарды қолдану қажет болса, онда қатар жүретін емнің пайдасы мен қаупінің арақатынасы бағалануы және Роваста препаратының дозасын сәйкесінше түзету мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Төменде көрсетілген жағымсыз құбылыстар олардың туындауының ДДҰ жіктемесі бойынша келесі жиілік аралықтарына сәйкес берілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1000); өте сирек (<1/10 000, жеке мәліметтерді қоса); жиілігі белгісіз (жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігін қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі (> 1/100, < 1/10)
- бас ауыру, бас айналу
- жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату
- миалгиялар
- астениялық синдром
- ІІ типті қант диабеті
Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)
- қышыну, бөртпе, есекжем
Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)
-тромбоцитопения
-жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса
- миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз
- «бауыр» трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, панкреатит
Өте сирек (< 1/10 000)
сарғаю, гепатит
полинейропатия
есте сақтай алмау
гематурия
гинекомастия
артралгия
жыныстық дисфункция
Жиілігі белгісіз
депрессия
шеткері ісінулер
ұйқы бұзылыстары (ұйқысыздықты және түнгі шым-шытырықтарды қоса)
жөтел, ентігу
диарея
иммунитетке байланысты болатын некроздаушы миопатия
Стивенс-Джонсон синдромы
сіңір аурулары, үзілумен асқынған
Розувастатинмен ем алған пациенттерде протеинурия анықталуы мүмкін. Көптеген жағдайларда протеинурия ем барысында азаяды немесе жоғалады және бұл бұрыннан бар жедел немесе үдемелі бүйрек ауруының пайда болуын білдірмейді. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегідей, жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- белсенді фазадағы бауыр аурулары, трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын қоса (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен көп)
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі (КК<30 мл/мин)
- миопатия
- циклоспоринді қатарлас қолдану
- жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістерінің болмауы
-6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза -галактоза мальабсорбциясы
40 мг дозасын миопатияға/ қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозына бейімі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бұндай бейімділіктерге мыналар жатады:
ауырлығы орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (КК <60 мл/мин).
гипотиреоз
анамнездегі бұлшықет аурулары (жеке немесе отбасылық)
анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясындағы миоуыттылық
алкоголизм
розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін жай-күйлер
азия текті пациенттер
фибраттарды бір мезгілде қабылдау.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері
Розувастатин тасымалдағыш ақуыздармен ОАТР1В1 (гепатоциттердің статаиндерді қармауына қатысатын органикалық аниондар тасымалдағыш полипептид) және BCRP (эффлюксті транспортер) байланысады.
Розувастатинді осы тасымалдаушы ақуыздарды тежейтін дәрілік препараттармен қатарлас қабылдау розувастатиннің плазмадағы концентрациясының ұлғаюымен және миопатия дамуының жоғары қаупімен бірге жүруі мүмкін.
Циклоспорин
Розувастатин және циклоспоринді бір мезгілде қолдануда розувастатиннің AUC елеулі артуына байланысты Роваста препараты циклоспорин қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілімде. Бірге қолдану циклоспориннің плазмалық концентрациясына әсер етпейді.
Протеаза тежегіштері
Өзара әрекеттесудің нақты механизмінің белгісіз екеніне қарамастан, протеаза тежегіштерін бірге қабылдау розувастатин экспозициясының едәуір ұлғаюына әкелуі мүмкін. Розувастатинді және протеаза тежегіштерінің біріктірілімін бір мезгілде қолдану розувастатин экспозициясының күтілетін ұлғаюын ескерумен, доза түзетуден кейін қарастырылуы мүмкін.
Гемфиброзил және басқа гиполипидемиялық препараттар: Роваста және гемфиброзилді бірлесе қолдану розувастатиннің Cmax және AUC жоғарылатады.
Гемфиброзил, фенофибрат және басқа фибрат қышқылдары, сондай-ақ никотин қышқылының липидті төмендететін дозалары (≥1г/тәулік) розувастатинмен бірмезгілде пайдалану кезінде миопатияның туындау қаупін арттырды. Фибраттармен бірлесе тағайындау кезінде розувастатинді 40 мг дозада қабылдауға болмайды. Бұндай пациенттерге
препараттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.
Эзетимиб
Роваста препаратын және эзетимибті бірге қолдану AUC немесе Сmах елеулі өзгерісіне әкелмейді. Дегенмен, жағымсыз реакциялар көрсеткіштерінде розувастатин мен эзетимибтің арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.
Антацид
Роваста препаратын және құрамында алюминий мен магний гидроксиді бар антацидтер суспензияларын бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмалық концентрациясының шамамен 50 %-ға төмендеуіне әкеледі. Аталған әсер, егер антацидтер розувастатинді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, әлсіз болады. Ұқсас өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерделенбеді.
Эритромицин
Роваста мен эритромицинді бірмезгілде қолдану розувастатиннің AUC 20 %-ға және розувастатиннің Сmax 30 %-ға азаюына әкеледі. Ұқсас өзара әрекеттесу эритромицинді қабылдаудан болатын ішек моторикасының күшеюі нәтижесінде туындауы мүмкін.
P450 цитохромы изоферменттері
Розувастатин Р450 цитохромы ферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес. Бұдан басқа, розувастатин осы ферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Сондықтан Р450 цитохромы метаболизміне байланысты өзара әрекеттесуі күтілмейді. Розувастатинмен, флуконазолмен (CYP2C9 және CYP3А4 тежегіштерімен) және кетоконазолмен (CYP2А6 және CYP3А4 тежегіштерімен) клиникалық елеулі өзара әрекеттесу байқалмады.
Розувастатиннің дозасын түзетуді талап ететін өзара әрекеттесулері (1 кестені қараңыз)
Роваста препаратының дозасын розувастатинге экспозицияны арттыратын дәрілік заттармен бірлесе қолдану қажеттігі кезінде түзету керек. Егер экспозицияны (AUC) 2 есе және одан артық арттыру күтілсе, Роваста препаратының алғашқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 мг-ні құруы тиіс. Сондай-ақ, Роваста препаратының ең жоғары тәуліктік дозасын күтілетін розувастатин экспозициясы розувастатинмен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындамай қабылдайтын 40 мг дозасы үшін эксозициясынан аспайтындай етіп, түзету керек. Мысалы, гемфиброзилмен бір мезгілде қолдану кезінде Роваста препаратының тәуліктік дозасы 20 мг-ні (өйткені экспозициясының артуы 1.9 есе), ритонавирмен/атазанавирмен – 10 мг (өйткені экспозициясының артуы 3.1 есе) құрайды.
Қатар жүретін емнің дозалау режимі |
Розувастатиннің дозалау режимі |
Розувастатиннің AUC өзгеруі* |
Циклоспорин 75–200 мг тәулігіне 2 рет, 6 ай. |
10 мг тәулігіне 1 рет, 10 күн |
7,1 есе ↑ |
Атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет, 8 күн |
10 мг бір рет |
3,1 есе ↑ |
Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 17 күн |
20 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
2,1 есе ↑ |
Гемфиброзил 600 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
80 мг бір рет |
1,9 есе ↑ |
Элтромбопаг 75 мг тәулігіне 1 рет, 10 күн |
10 мг бір рет |
1,6 есе ↑ |
Дарунавир 600 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
10 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
1,5 есе ↑ |
Типранавир 500 мг/ритонавир 200 мг тәулігіне 2 рет, 11 күн |
10 мг бір рет |
1,4 есе ↑ |
Дронедарон 400 мг тәулігіне 2 рет |
Деректер жоқ |
1,4 есе ↑ |
Итраконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн |
10 мг бір рет |
** 1,4 есе ↑ |
Эзетимиб 10 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн |
Тәулігіне 1рет 10 мг, 14 күн |
** 1,2 есе ↑ |
Фосампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 8 күн |
10 мг бір рет |
↔ |
Алеглитазар 0,3 мг, 7 күн |
40 мг, 7 күн |
↔ |
Силимарин 140 мг тәулігіне 3 рет, 5 күн |
10 мг бір рет |
↔ |
Фенофибрат 67 мг тәулігіне 3 рет, 7 күн |
10 мг, 7 күн |
↔ |
Рифампин 450 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
20 мг, бір рет |
↔ |
Кетоконазол 200 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
80 мг, бір рет |
↔ |
Флуконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 11 күн |
80 мг, бір рет |
↔ |
Эритромицин 500 мг тәулігіне 4 рет, 7 күн |
80 мг, бір рет |
28% ↓ |
Байкалин 50 мг тәулігіне 3 рет, 14 күн |
20 мг, бір рет |
47% ↓ |
*өзгеріс ретінде ұсынылған деректер, розувастатиннің біріккен емі және жеке қолдану арасындағы арақатынасты білдіреді. % өзгерістер ретінде ұсынылған деректер, розувастатинді жеке қолданумен салыстырғанға қатысты % айырмашылық болып табылады. Ұлғаю «↑» түрінде, өзгерістердің жоқтығы «↔» түрінде, төмендеу «↓» түрінде белгіленген. ** Розувастатиннің әртүрлі дозаларындағы өзара әрекеттесуінің бірнеше зерттеуі жүргізілген, кестеде ең маңызды арақатынасы ұсынылған. |
Басқа препараттарға розувастатинді қолдану әсері
K дәруменінің антагонистері
К дәруменінің антагонистерін бір мезгілде алып жүрген (мысалы варфарин немесе басқа кумаринді антикоагулянт) пациенттерде розувастатинмен ем жүргізудің басталуы немесе препараттың дозасын арттыру басқа да ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері сияқты протромбинді уақыттың ұлғаюына әкелуі мүмкін. Ровастаны тоқтату немесе препараттың дозасын азайту ХҚҚ төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ХҚҚ мониторингтеу ұсынылады.
Пероральді контрацептивтер/ гормон орын басу емі (ГОБЕ): Розувастатинді және пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиолдың AUC және норгестрелдың AUC тиісінше 26% және 34% ұлғайтады. Пероральді контрацептивтердің дозасын таңдаған кезде плазмадағы концентрацияның осылай ұлғаюы ескерілуі тиіс. Розувастатинді және гормон орын басу емін бір мезгілде қолдану бойынша фармакокинетикасының деректері жоқ, сондықтан осыған ұқсас әсердің мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Алайда осыған ұқсас біріктірілім клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде кеңінен қолданылды және пациенттерде жағымды болды.
Басқа дәрілік препараттар
Дигоксин
Розувастатиннің дигоксинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді.
Фузидий қышқылы
Фузидий қышқылын статиндермен бір мезгілде қабылдағанда рабдомиолизді қоса, миопатия қаупі артуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулер (фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық) әзірге белгісіз.
Егер фузидий қышқылын жүйелі қолдану қажет болса, розувастатин қабылдауды фузидий қышқылының барлық емдеу уақыты бойына тоқтату керек.
Балалар жасындағы пациенттер
Дәрілік өзара әрекеттесулеріне тек ересектерде ғана зерттеулер жүргізілген. Балалар жасындағы пациенттерде дәрілік өзара әрекеттесулерінің дәрежесі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек функциясының бұзылуы
Роваста препаратын жоғары дозаларда (негізінен 40 мг) алатын пациенттерде, көп жағдайда өтпелі болатын өзекшелік протеинурия бақылануы мүмкін. Бұндай протеинурия бүйректің жедел ауруларын немесе бүйректің үдемелі ауруы бар екенін білдірмеген. Препаратты 40 мг дозада қабылдаған пациенттерде ем кезінде бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау керек.
Қаңқа-бұлшықет функциясының бұзылуы
Розувастатинді барлық дозаларында, әсіресе 20 мг асатын дозада қабылдағанда тірек-қимыл аппаратына келесі әсері болғаны туралы хабарланды: миалгия, миопатия, сирек жағдайларда – рабдомиолиз (эзетимибпен біріктірілімде қолданғанда). Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерін жоққа шығаруға болмайтындықтан, эзетимиб және розувастатинді бірге қолданғанда сақ болу керек.
КФК белсенділігін анықтау
КФК белсенділігін анықтау қарқынды дене жүктемелерінен кейін немесе КФК белсенділігі артуының басқа болжамды себептері болған кезде жүргізуге болмайды, бұл алынған нәтижелердің дұрыс түсіндірілмеуіне әкелуі мүмкін. Егер бастапқы КФК белсенділігі едәуір жоғарылаған жағдайда (ҚЖШ 5 есе артық) 5-7 күннен соң қайтадан өлшеуді жүргізген жөн. Егер қайта жасалған тест бастапқы КФК белсенділігін растаса (ҚЖШ салыстырғанда 5 еседен артық жоғары), емдеуді бастамау керек.
Емді бастағанға дейін
Розувастатинді, ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштері сияқты миопатияға/ рабдомиолизге бейімі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бұндай бейімділіктерге мыналар жатады:
бүйрек функциясының бұзылуы
гипотиреоз
анамнездегі бұлшықет аурулары (жеке немесе отбасылық)
анамнезіндегі ГМГ–КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясындағы миоуыттылық
алкоголизм
70 жастан үлкен жас
розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелетін жай-күй
фибраттармен бір мезгілде қабылдау.
Бұндай пациенттерде емнен болатын болжамды пайдаға қатысты қауіпке бағалау жүргізу керек, сондай-ақ клиникалық бақылау жүргізу керек.
Емдеу кезінде
Бұлшықет ауруларының кенеттен біліну жағдайлары, бұлшықет әлсіздігі немесе әсіресе сырқаттық күймен және қызбамен біріккен түйілулер туралы дәрігерге дереу хабарлау қажеттілігімен пациентті хабардар ету керек. Мұндай пациенттерде КФК белсенділігін анықтау керек. Егер КФК белсенділігі едәуір жоғарыласа (ҚЖШ салыстырғанда 5 есе артық) немесе бұлшықет тарапынан симптомдар анық білінген және күнделікті жайсыздық туғызатын (тіпті, егер КФК белсенділігі ҚЖШ салыстырғанда 5 еседен аспай ұлғайса) болса, ем тоқтатылуы тиіс.
Егер симптомдар жоғалса, КК көрсеткіштері қалыпқа қайта түссе, пациентті мұқият бақылауға алып, розувастатинді немесе ГМГ-КоА-редуктазаның баламалы тежегіштерін аз дозаларда қайта тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Симптомдар болмаған кезде пациенттерде КК көрсеткіштеріне ұдайы мониторинг жүргізу мақсатқа сай келмейді.
Емделу кезінде немесе статиндерді, соның ішінде розувастатинді қабылдауды тоқтатқан кезде сарысуда КФК деңгейінің жоғарылауы және проксимальді бұлшықеттердің тұрақты әлсіздігі түрінде клиникалық белгілермен иммунитетке байланысты некроздаушы миопатияның өте сирек жағдайлары байқалған. Розувастатин және қатар жүретін ем қабылдау кезінде қаңқа бұлшықетіне әсерінің ұлғаю белгілері білінбеген. Дегенмен ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін гемфиброзил, циклоспорин, липид төмендететін дозадағы (тәулігіне 1 г астам) никотин қышқылы, зеңге қарсы азольді дәрілер, АИТВ протеаза тежегіштері және макролидті антибиотиктер қамтылатын фибрин қышқылының туындыларымен үйлестіріп қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайлары санының көбеюі туралы хабарланған. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен үйлестіре тағайындаған кезде миопатияның туындау қаупін арттырады. Сондықтан Роваста препаратын және гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Роваста препаратын және фибраттарды немесе никотин қышқылының липидті төмендететін дозаларын бірге қолданған кезде қаупі мен болжамды пайдасының арақатынасы мұқият таразылануы тиіс. 40 мг дозада розувастатинді фибраттармен бірге қабылдауға болмайды.
Розувастатинді фузидий қышқылының жүйелі препараттарымен бірге немесе фузидий қышқылымен емді тоқтатқаннан кейін 7 күн бойына қабылдауға болмайды. Фузидий қышқылын жүйелі қабыладу қажет пациенттерге фузидий қышқылының барлық емдеу кезеңі бойына статиндермен емді тоқтату керек. Фузидий қышқылын және статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз (оның ішінде кейбір өліммен аяқталған жағдайлар туралы) туралы хабарланған. Пациенттер қандай да бір бұлшықет әлсіздігі, ауырсынулары немесе жоғары сезімталдық симптомдары туындағанда дереу дәрігерге қаралуы керек.
Статиндермен емді фузидий қышқылының соңғы дозасын қабылдағаннан соң жеті күннен кейін қайталап тағайындауға болады.
Фузидий қышқылын ұзақ жүйелі қолдану керек болатын, мысалы ауыр инфекцияларды емдеу үшін, жеке дара жағдайларда розувастатин және фузидий қышқылын бірге қабылдау қажеттігін әр нақты жағдайда жеке және мұқият медициналық бақылаумен қарастыру керек
Розувастатинді миопатияны көрсететін жедел, ауыр жай-күйдегі немесе рабдомиолиз кезінде бүйрек жеткіліксіздігі дамуына бейімі бар (мысалы, сепсис, гипотония, ауқымды хирургиялық араласулар, жарақат, зат алмасуының ауыр бұзылулары, эндокриндік және электролиттік бұзылыстар немесе бақыланбайтын құрысулар) пациенттерге тағайындауға болмайды.
Бауыр функциясының бұзылуы
ГМГ-КоА редуктазаның басқа да тежегіштері сияқты, Роваста препаратын
алкогольді шамадан тыс мөлшерде пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясын ем басталғанға дейін және ем басталған соң 3 айдан кейін бағалау керек. Егер қан сарысуында трансаминазалар жоғарылауы (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен астам) бақыланса Роваста препаратын қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету керек.
Гипотиреоздан немесе нефроздық синдромнан туындаған салдарлы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде негізгі ауруды розувастатинмен ем басталғанға дейін емдеу керек.
Этникалық топтары
Фармакокинетикалық зерттеулер еуропалықтармен салыстырғанда азиат текті пациенттерде розувастатиннің жүйелік концентрациясының ұлғаюын көрсетті.
Протеаза тежегіштері
Препаратты АИТВ протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.
Лактоза
Бұл медициналық препарат құрамында лактоза бар. Туа біткен фруктоза, галактоза жағымсыздығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Кейбір статиндерді, әсіресе ұзақ уақыт бойына қолданғанда өкпенің интерстициальді ауыруының бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарланған. Аурудың белгілері ентiгу, құрғақ жөтел және жалпы жағдайдың нашарлауы (қажу, дене салмағының төмендеуi және қызба) болуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруына күдік болса, статиндермен емдеуді тоқтату керек.
2 типті қант диабеті
Глюкоза концентрациясы 5.6-дан 6.9 ммоль/л дейін, ДСИ ˃30кг/м2, триглицеридтер деңгейі жоғары, гипертониясы бар пациенттерде розувастатинмен ем 2 типті қант диабеті дамуының жоғары қаупімен астасқан.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің симптомдарының айқын болуы.
Емі: симптоматикалық және демеуші. Бауыр функциясына және КФК деңгейіне бақылау керек. Гемодиализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші және қаптаушы
«Медокеми Лтд», Лимасол, КИПР
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Медокеми Лтд», Лимасол, КИПР
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстан Республикасындағы «Медокеми Лтд» өкілдігі
050008 Алматы қ., Қазыбек би к-сі 41, 1 кеңсе
телефон/факс: 8(727) 321-05-05
e-mail: kazakhstan@medochemie.com