Пентаса (суспензия ректальная, 1 г)

МНН: Месалазин
Производитель: Ферринг-Лечива, а.с.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mesalazine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023334
Информация о регистрации в РК: 26.10.2017 - 26.10.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Пентаса

Халықаралық патенттелмеген атауы

Месалазин

Дәрілік түрі

Ректальді cуспензия 1 г/100 мл

Құрамы

белсенді зат: месалазин;

100 мл суспензияда 1 г месалазин бар;

қосымша заттар: динатрий эдетаты (Трилон Б); натрий метабисульфиті (Е 223); натрий ацетаты, хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақтан ашық сары түске дейінгі cуспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы ішек препараттары. Аминосалицил қышқылы және ұқсас препараттар. Месалазин.

АТХ коды А07Е С02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.

Месалазиннің емдік әсері негізінен оның ішек шырышты қабығының қабынған бөлігімен жергілікті жанасуымен белгілі болады.

Ректальді суспензияны қолдану асқазан-ішек жолының дистальді бөлімінде месалазиннің жоғары концентрациясын және төмен жүйелі сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ректальді суспензияның төмен өрлемелі жиекті ішекте жетіп, оның шырышты қабықтарында таралуы анықталған.

Биотрансформациясы. Месалазин ішек шырышты қабығында жүйенің алдында, бауырда жүйелі жолмен N-ацетил-месалазинге (ацетил-месалазин) айналады. Аздап ацетилденуі жуан ішек бактерияларының қатысуымен жүзеге асады. Месалазиннің ацетилденуі, ықтималды түрде, пациенттің ацетилдену фенотипімен байланысты емес. Ацетил-месалазин клиникалық және токсикологиялық тұрғыда белсенді емес болып та саналады.

Сіңірілуі. Ректальді қолданғанда препарат баяу сіңеді, алайда қарқындылығы препараттың дозасына, құрамына және таралу дәрежесіне байланысты. Тұрақты күйде дені сау еріктілерде несепте ректальді cуспензияны енгізуден кейін 15-20 % жуық сіңеді.

Таралуы. Плазма ақуыздарымен месалазин байланысуы 50 % жуық, ал ацетил-месалазин 80 % жуық құрайды. Ректальді cуспензияны енгізуден кейін жүйелі сіңірілуі, ремиссия сатысындағы пациенттермен салыстырғанда, белсенді ойық жаралы колиті бар пациенттерде едәуір төмен.

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың шығарылу жылдамдығының азаюы салдарынан бүйректің зақымдалу қаупі артуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Месалазин - ойық жаралы колит пен Крон ауруын емдеу үшін қолданылатын сульфасалазиннің белсенді компоненті.

Клиникалық зерттеулер ішу арқылы және ректальді қолдану кезінде месалазиннің емдік қасиеттеріне ішектің қабынған бөліктеріне оның жергілікті әсер етуінің, жүйелі әсеріне қарағанда, көп дәрежеде себеп болатынын көрсетеді.

Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерде лейкоциттер көшуі, цитокиндердің аномальді өнімі, арахидон қышқылы метаболиттерінің (әсіресе, В4 лейкотриендердің) көп өндірілуі, ішектің қабынған тіндерінде бос радикалдар концентрациясының артуы байқалады.

Іn vitro және in vivo зерттеулері барысында месалазиннің фармакологиялық әсері лейкоциттер хемотаксисін бәсеңдетуден, цитокиндер мен лейкотриендер өнімін азайтудан және бос радикалдарды бейтараптандырудан тұрады. Месалазиннің әсер ету механизмі анықталмаған.

Қолданылуы

- ойық жаралы проктосигмоидит және сол жақтағы колит

Қолдану тәсілі

Ұйықтар алдында 1 клизма.

Клизманы қолданар алдында ішекті босату ұсынылады.

Клизма алюминий фольгадан жасалған пакетке салынады.

Балалар

Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

1. Тура қолданар алдында алюминий фольгадан жасалған пакеттен құтыны шығарып, жақсылап сілку керек.

2. Тығындалған затты сындыру үшін ұштықты бір толық айналымға бұрау керек (бұраудан кейін ұштық айналдыру алдындағы күйінде болуы тиіс).

3. Қаптамада болатын полиэтилен пакеттердің біреуіне қолыңызды салыңыз.

4. Контейнерді пакеттегі суретте көрсетілгендей етіп ұстаңыз.

5. Клизманы енгізу үшін тепе-теңдік мақсатында сол аяғыңызды тіке, ал оң аяғыңызды алға қарай бүгіп ұстап, сол жақ бүйіріңізге жатыңыз. Аппликатор ұшын тік ішекке абайлап енгізіңіз. Клизма ішіндегі заттың таралуына қарай қолыңызбен барынша тұрақты басып тұрыңыз. Құтының ішіндегісін көп дегенде 30-40 секунд ішінде пайдалану керек.

6. Құты босаған бойда оны қысып тұрған күйі құтысымен бірге ұштығын суырып алыңыз.

7. Суспензия ішекте қалуы тиіс. Пациент тағы 5-10 минут немесе қысылу басылғанша жоғарыда айтылған қалыпта босаңсыған күйде қалуы тиіс.

8. Полиэтилен пакетті бос құтының үстіне қарай сыпырып шешіңіз. Оны тастап, қолыңызды жуыңыз.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер барысында бәрінен жиірек байқалған жағымсыз реакциялар: диарея, жүрек айну, іштің ауыруы, бас ауыру, құсу және бөртпе. Дәрілік затты қолданғанда кейде аса жоғары сезімталдық реакциялары және дәрі-дәрмектен болатын қызба байқалады.

Ректальді енгізуден кейін қышыну, ректальді жайсыздық және нәжіске қысылу сияқты жергілікті реакциялар болуы мүмкін.

Ағзалар жүйесі бойынша жіктеу

Жиі

(≥1/100,

≤ 1/10)

Сирек

(≥ 1/10 000,

< 1/1000)

Өте сирек

(< 1/10 000, бірлі-жарым хабарламаларды қоса)

Белгісіз

Қан және лимфа жүйесі тарапынан

Эозинофилия (аллергиялық реакция көрінісі ретінде), қан құрамының өзгеруі (анемия, аплазиялық анемия, лейкопения (гранулоцитопения мен нейтропенияны қоса)), тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения

Иммундық жүйе тарапынан

Панколит

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жүйке жүйесі тарапынан

Бас ауыру

Бас айналу

Шеткері нейропатия

Жүрек тарапынан

Миокардит, перикардит

Тыныс алу жүйесі тарапынан

Өкпенің аллергиялық және фиброздық реакциялары (соның ішінде, тұншығу, жөтел, бронх түйілуі, аллергиялық альвеолит, өкпе эозинофилиясы, интерстициальді өкпе ауруы, өкпе ісінуі, пневмонит)

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу

Амилазаның жоғары деңгейі, жедел панкреатит*, метеоризм

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан

Бауыр ферменттерінің, холестаз параметрлерінің және билирубиннің жоғары деңгейі, гепатоуыттылық (соның ішінде гепатит*, холестаздық гепатит, цирроз, бауыр жеткіліксіздігі)

Тері және тері асты тіндері тарапынан

Бөрту (соның ішінде есекжем, эритемато-зды бөртпе)

Шаштың түсуі

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан

Миалгия, артралгия, эритематоздық жегі тәрізді реакциялар

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан

Бүйрек функциясының бұзылуы (соның ішінде жедел және созылмалы интерстициальдінефрит*, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі), несептің түссізденуі

Жыныс ағзалары тарапынан

Олигоспермия (қайтымды)

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

Дәрі-дәрмектен болатын қызба

* Месалазин қолданудан туындайтын мио- және перикардит, панкреатит, нефрит және гепатиттің даму механизмі белгісіз, бірақ шығу тегі аллергиялық болуы мүмкін.

Осы бұзылыстардың кейбірін ішек қабынуымен түсіндіруге болатынын атап өту керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- салицилаттарға, белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ҚҚСП мен азатиоприн сияқты басқа белгілі нефроуытты дәрілерді бір мезгілде пайдалану бүйрек тарапынан болатын жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы мүмкін.

Кейбір зерттеулерде Пентаса препаратымен және азатиопринмен, 6-меркаптопуринмен немесе тиогуанинмен кешенді емдеу кезінде өзара әрекеттесудің болатынын айғақтарлық миелосупрессия әсерлерінің үлкен жиілігі орын алған, алайда өзара әрекеттесу механизмі толық анықталмаған. Лейкоциттер деңгейін жүйелі бақылау және тиопуриндерді дозалау режимін тиісінше анықтау ұсынылған. Месалазиннің варфариннің антикоагуляциялық әсерін төмендету мүмкіндігінің дәлелдері мардымсыз.

Айрықша нұсқаулар

Салицилаттарға аллергияның даму қаупіне байланысты, препаратты сульфасалазинге аллергиялық реакцияларға бейімділігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Жедел жақпаушылық реакцияларында, мысалы, іштің шаншуында, жедел іштің ауыруында, қызба, қатты бас ауыруы мен бөртпеде емдеуді дереу тоқтату керек.

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарға абайлап қолдану керек.

Дәрігердің шешімімен емделуге дейін және ем кезінде АлАТ және АсАТ сияқты бауырдың функционалдық көрсеткіштерін бақылап отыру керек.

Препарат бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға ұсынылмайды. Бүйректің функционалдық жай-күйін (қан сарысуы креатининінің деңгейі бойынша), әсіресе, емдеудің бастапқы сатысында жүйелі бақылау керек. Ем кезінде бүйрек дисфункциясы дамыған пациенттерде месалазиннен болатын бүйректік уыттылықтан күдіктену керек. Басқа белгілі нефроуытты заттармен бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясын тексеру жиілігін арттыру керек.

Емделу кезінде өкпе аурулары, атап айтқанда, демікпесі бар пациенттерді мұқият тексеру керек.

Месалазин туғызған жүректік аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы (мио- және перикардит) сирек хабарланды. Ондай симптомдар анықталғанда емдеуді дереу тоқтату керек.

Месалазин қабылдаумен байланысты күрделі қан дискразиясы туралы өте сирек хабарланды. Дәрігердің шешімімен емдеуді бастар алдында және ем кезінде толық қан талдауын жасау ұсынылады. Емдеу басталған соң 14 күн өткенде бақылау тестілерін өткізу, артынан 4 аптада бір рет мерзімділікпен тағы екі немесе үш тест өткізу ұсынылады. Егер нәтижелер қалып шегіне сәйкес болса, бақылау тестілерін әр үш ай сайын өткізу керек. Қосымша симптомдар білінгенде осы тестілер дереу өткізілу керек. Месалазинмен емделу аясында организм сусызданған жағдайда электролиттердің қалыпты деңгейі және сұйықтық теңгерімі мүмкіндігінше тезірек қалпына келтірілуі тиіс.

Балалар

Балаларды емдеу тиімділігі туралы шектеулі клиникалық деректер бар.

Жүктілік.

Месалазиннің плаценталық бөгет арқылы өтетіні белгілі. Месалазинді жүкті әйелдерге қолдану жөніндегі шектеулі деректер болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді бағалауға мүмкіндік бермейді.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер немесе дені сау еріктілердің қатысуымен бақыланатын зерттеулер барысында бір де бір тератогенді әсері байқалмаған.

Аналары Пентаса препаратымен емделген жаңа туған нәрестелерде қан жүйесі тарапынан бұзылулар (панцитопения, лейкопения, тромбоцитопения, анемия) туралы хабарламалар болды.

Жүктілік кезеңінде месалазинді ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен асып түссе ғана қолдануға болады.

Бала емізу кезеңі

Месалазин емшек сүтіне өтеді. Емшек сүтінде месалазин концентрациясы ана қанындағыдан төмен, ал ацетил-месалазин метаболиті емшек сүтінен дәл сондай немесе одан көп концентрацияда анықталады.

Бала емізу кезінде Пентаса препаратын қолданумен бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Қазіргі уақытта бала емізетін әйелдерге месалазинді ішу арқылы қолданудың шектеулі ғана деректері бар. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының, мысалы, жаңа туған нәрестелерде диареяның даму мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Бала емізу кезеңінде месалазин ана үшін күтілетін пайдасы сәбиге төнетін зор қауіптен артық болса ғана қолданылады.

Автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция шапшаңдығына әсер ету қабілеті

Пентаса препаратымен емдеу көлік құралдарын басқару және/немесе басқа механизмдермен істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Месалазиннің артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарламалар шектеулі.

Артық дозалануды емдеу: стационар жағдайларында симптоматикалық. Бүйрек функциясына мұқият мониторинг қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

По 100 мл суспензии во флаконе из полиэтилена с наконечником и внутренним клапаном. По 1 флакону в пакете из алюминиевой фольги. По 5 или 7 пакетов из алюминиевой фольги и 5 или 7 полиэтиленовых пакетов в коробке из картона.

Ұштығы және ішкі клапаны бар полиэтилен құтыда 100 мл суспензиядан. Алюминий фольгадан жасалған пакетте 1 құтыдан. Алюминий фольгадан жасалған 5 немесе 7 пакеттен және 5 немесе 7 полиэтилен пакеттен картон қорапта.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ferring- Leciva, a.s.», Чех Республикасы

K Rybniku 475, 252 42 Jesenice u Prahу, Czech Republic.

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Ферринг Фармацевтикалс С.А.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Алмалы ауданы, Наурызбай батыр к-сі, 99/1 үй, 41б кеңсе.

Тел.\факс: +7(727) 311-54-47

Прикрепленные файлы

Пентаса_сусп._рект_._инстр_рус_.doc 0.57 кб
Пентаса_инструкция_каз.doc 0.59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту