Панзинорм® форте 20000
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ПАНЗИНОРМ®ФОРТЕ 20000
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - липазаның 20000 ӘБ*, амилазаның 12000 ӘБ*, протеазаның 900 ӘБ* ферментативтік белсенділіктеріне ие 269.12 -279.44 мг панкреатин
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, гипромеллоза, метакрил қышқылы - этилакрилат сополимері, титанның қостотығы (Е171), тальк, симетикон-эмульсия, ванилин 501345С хош иістендіргіші, бергамот 501356Т хош иістендіргіші, макрогол 6000, натрий кармеллозасы, полисорбат 80.
* - ӘБ ЕФ*бойынша берілген
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес хош иісті ақтан ашық сұр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабат көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорытуға ықпал ететін препараттар (ферменттік препараттарды қоса). Ас қорытуға арналған ферменттік препараттар. Панкреатин.
АТХ коды А09АА02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ұйқы безінің ферменттері қоректік заттардың қорытылуына ықпал ететін табиғи заттар болып табылады.
Қышқылға төзімді қабығы белсенді ферменттерді асқазан сөлінен қорғайды. Ферменттер протеиндер болып саналады және адам денесінде өндірілетін ферменттер секілді олар ішекте басымдылықпен аутолиз бен протеолиз үдерістері арқылы белсенділігінен айырылады және бұзылады.
Ферменттердің ішке қабылданған аздаған бөлігі нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 таблеткалары ұйқы безі ферменттері жеткіліксіздігін толықтырады, катаболиялық метаболизмді жеделдетіп, ас қорыту бұзылыстарының клиникалық көрінісін жақсартады. Белсенді ферменттер өздерінің әсерін туындататын ащы ішекте босап шығады. Ұйқы безінің ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіздігі нәтижесінде туындаған ас қорыту бұзылыстарын емдеуде липазаның жоғары белсенділігі маңызды. Липаза майларды май қышқылдарына және глицеролға дейін гидролиздейді, осылайша олардың сіңуін және майда еритін витаминдерінің сіңуін қамтамасыз етеді. Амилаза көмірсуларды декстриндерге және қантқа гидролиздейді, ал протеаза ақуыздардың бұзылуын қамтамасыз етеді. ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 тағамның барлық түрлерінің сіңірілуін ұлғайтып, емделушінің ас қорытуын жақсартады. Ол стеатореяның алдын алады немесе төмендетеді және ас қорыту бұзылыстары салдарынан туындайтын симптомдарды жояды.
ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 созылмалы панкреатит кезіндегі ауыруды азайтады. Бұл ұйқы безі ферменттері сөлінісін тежейтін протеаза әсерінің нәтижесі.
Қолданылуы
- ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметінің жеткіліксіздігінде, созылмалы
панкреатит, муковисцидозда
- асқазанның созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруларында
- тағам қорытылуының бұзылыстарымен, метеоризммен, диареямен қатар жүретін асқазан резекциясынан кейінгі жағдайда (кешенді ем құрамында)
- дұрыс тамақтанбау нәтижесінде болатын ас қорыту бұзылыстарында
- ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы қабыну-дистрофиялық
ауруларында
- іш қуысы органдарын рентгенологиялық және ультрадыбыстық
зерттеулерге дайындауда
Қолдану тәсілдері мен дозалары
Доза жеке тағайындалуы тиіс.
Емді аз дозадан бастаған жөн: негізгі тамақтану уақытында күніне 3 рет 1 таблеткадан. Егер ұйқы безінің ферменттік жеткіліксіздігі симптомдары сақталып қалса, дозаны біртіндеп жоғарылатуға болады. Әдетте негізгі тамақтану уақыттарында 1-ден 2 таблеткаға дейін қабылдаса жеткілікті (күнделікті 3 рет). Қажет болған жағдайда емделуші жеңіл тамақтанған уақытта 1 таблеткадан қабылдауына да болады.
Дозаның жоғары болуы да мүмкін, алайда емделушінің симптомдарды жоюға қажетті ең төменгі дозаны қабылдағаны дұрыс, мұның муковисцидозы бар емделушілер үшін маңызы ерекше.
Құтыдағы ылғалжұтқышты жұтуға болмайды!
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
диарея
-
гиперурикозурия, қан плазмасында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
-
муковисцидоз кезінде қажетті панкреатин дозасынан асып кету жағдайында илеоцекальді бөлімде және тоқ ішектің жоғарылаған бөлігінде стриктуралардың (фиброзды колонопатияның) дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- шошқа текті ақуыздарға немесе препарат заттарына жоғары сезімталдылық
- жедел панкреатит
- созылмалы панкреатиттің асқынуы
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ұйқы безі ферменттері фолий қышқылының сіңуін тежейді.
Әсері ұқсас препараттармен (гидрокарбонат және циметидин), сондай-ақ ұзақ уақыт бойы ұйқы безі ферменттерімен жоғары дозада емдегенде фолаттың сарысу концентрациясы және/немесе фолий қышқылы енгізілуін үнемі тексеріп отыру ұсынылады.
Ұйқы безі ферменттері темірдің темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін, бірақ бұл өзара әсердің клиникалық мәні анықталмаған.
ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 таблеткаларының төзімді қабығы он екі елі ішекте бұзылады. Егер он екі елі ішектегі заттардың құрамында қышқыл мөлшері жоғары болса, ферменттер дер кезінде босатылмайды. Н2 рецепторлар антагонисі немесе протандық сорғы тежегіштерін қабылдаудың көмегімен қол жеткізген асқазан қышқылы сөлінісінің азаюы кейбір емделушілерде ішке қабылдаған ұйқы бездері ферменттерінің тиімділігін арттырып, аз дозада ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 қабылдау мүмкіндігін береді.
Айрықша нұсқаулар
Таблетканың қабығы ауыз шырышты қабығының ұйқы безі ферменттерімен зақымдануына кедергі келтіріп, ферменттерді асқазан сөлінің әсер етуінен қорғайды. Емделушілердің таблетканы шайнамай, тұтас жұтқаны жөн. Ұйқы безі ферменттерін жоғары дозада (1 кг дене салмағына күніне липазаның 10000 ӘБ ЕФ артық) қабылдаған муковисцидозы бар кейбір емделушілерде тоқ ішек немесе ішектің мықын-тоқ ішек бөлігі (фиброзды колонопатия) каналының тарылуы дамыған.
Егер ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 қабылдап жүрген емделушіде ішек бітелуінің белгілері пайда болса, фиброзды колонопатияны ықтимал себеп ретінде қарастыруға болады.
Педиатрияда қолданылуы:
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі әзірге анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңіЖүктілік және лактация кезеңінде ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Кейбір ингредиенттер туралы айрықша ақпарат
ПАНЗИНОРМ® ФОРТЕ 20000 құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp лактоза жетіспеушілігі немесе глюкоза мен галактозаның нашар сіңірілгіштігі жағдайлары бар емделушілердің бұл препаратты қабылдамағаны жөн
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозаланудың жүйелі улануға апаратынын растайтын деректер жоқ.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперурикемия немесе урикозурия, перианальды тітіркену, және де негізінен муковисцидозы бар емделушілерде фиброзды колонопатия өте жиі болады.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн, жақсы гидратация мен симптоматикалық ем қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
OPA/Al/PVC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған немесе полиэтилен төсемі бар бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалған сары құтыға гидросорбентпен бірге 10, 30 немесе 100 таблеткадан салынған.
Құтыдағы бос кеңістікті мақтамен толтырады.
Құтыларға заттаңба желімделеді.
1, 3 немесе 10 пішінді қаптамадан немесе 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
КРКА, д. д., Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д. д., Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: ҚР-дағы «КРКА, д.д. Ново место» өкілдігі
ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19, 1Б секциясы, 2 қабат
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
www.krka.si