Окситоцин-Биолек
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Окситоцин-Биолек
Халықаралық патенттелмеген атауы
Окситоцин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді 5 ХБ/ мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – окситоцин 5 ХБ,
қосымша заттар: хлорбутанол гемигидрат, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Гипоталамо-гипофизарлық гормондар және олардың аналогтары. Гипофиздің
артқы бөлігінің гормондары. Окситоцин және оның аналогтары. Окситоцин.
АТХ коды Н01ВВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамыр ішіне енгізген кезде окситоциннің әсері тез басталады, жатырдың жиырылу қарқындылығы мен жиілігі 15-60 минут бойы біртіндеп өседі, содан кейін тұрақтанады.
Бұлшықет ішіне енгізген кезде әсері 3-5 минуттан кейін білінеді. Көктамыр ішілік инфузияны тоқтатқаннан кейін препараттың әсері тағы 20 минутқа созылады және жатырдың босану белсенділігі біртіндеп азаяды. Бастапқы қалыпқа келуі шамамен 40 минуттан кейін, ал препаратты бұлшықет ішіне қолданғаннан соң - 30-60 минуттан соң жүреді. Окситоциннің қан плазмасынан жартылай элиминациялану (Т1/2) кезеңі шамамен 1-6 минутты құрайды.
Окситоцин метаболизмі бауырда және бүйректе жүреді. Препарат организмнен метаболиттер түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйде, негізінен несеппен бірге бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы
Окситоцин-Биолек гипофиздің артқы бөлігінің табиғи пептидіне ұқсас синтетикалық гормон болып табылады. Окситоцин-Биолек жатырдың тегіс бұлшықетінің жиырылуын стимуляциялайды.
Гормонның әсерінен жарғақшалардың калий иондары үшін өткізгіштігі артады, жасушаның жарғақшалық потенциалы төмендейді және олардың қозғыштығы жоғарылайды. Жасушаның жарғақшалық потенциалы азаюымен миометрия жиырылуының жиілігі, қарқындылығы және ұзақтығы артады.
Окситоцин-Биолек гипофиздің алдыңғы бөлігінің лактогендік гормонының (пролактинді) өнуін күшейте, сүт бөлінісін стимуляциялайды.
Окситоцин-Биолек әлсіз антидиуретикалық әсер береді және емдік дозаларда артериялық қысымға соншалықты ықпал етпейді.
Қолданылуы
-
босану әрекетін стимуляциялау үшін
-
медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзуге
-
босанғаннан кейін жатыр инволюциясын жылдамдатуға және босанудан кейінгі қан кетуді тоқтатуда
-
кесарь тілігі кезінде (баланың жолдасын алып тастағаннан кейін) жатырдың жиырылу қабілетін күшейтуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Плацентаның және ұрықтың жағдайын, сондай-ақ болуы мүмкін асқынуларды бағалау үшін қауіп төніп тұрған жүкті әйелдердің окситоцинге көтерімділігіне тест жүргізеді.
Инфузия жасау үшін окситоцинді 500 мл стерильді 5 глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9 натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады. British National Formulary Nr. 42 босану әрекетін стимуляциялау үшін 10 ХБ окситоцинді 500 мл еріткіште сұйылту (енгізу жылдамдығы 3 мл\сағат немесе 0,001ХБ\минут), үлкен дозаны алу үшін 30 ХБ окситоцинді 500 мл еріткіште сұйылту (енгізу жылдамдығы 1 мл/сағат немесе 0,001 ХБ/минут) ұсынылады.
Жатыр атониясы кезінде және босану әрекетін стимуляциялау үшін окситоцинді, енгізу жылдамдығының дәлдігін қамтамасыз етуге арналған инфузиялық сорғыны пайдалана отырып, әдетте көктамыр ішіне тамшылатып инфузия түрінде енгізеді.
Инфузияны 0,001-0,002 ХБ/минут жылдамдықпен, содан кейін кем дегенде 30 минуттық аралықты сақтай отырып, босану әрекеті белсенділене түскенге, яғни әрбір 10 минутта 3-4 толғақ болғанға дейін инфузия жылдамдығын біртіндеп арттырады. Дозаны титрлеу үшін ұрық жүрегінің соғу ырғағын және жатырдың жиырылуын бақылайды (окситоцинді bolus инъекция түрінде енгізуге болмайды). Ұрықтың гипоксиясында және жатырдың аса белсенділігі кезінде окситоцин инфузиясын дереу тоқтатқан жөн.
0,006 ХБ/мин енгізу жылдамдығы окситоциннің қан плазмасындағы, табиғи босану кезіндегі деңгейіне сәйкес келетін концентрациясын қамтамасыз етеді. Әдетте енгізудің қажетті жылдамдығы 0,012 ХБ/минутқа сәйкес келеді, бірақ 0,02 ХБ/минутқа және одан астамға дейін жиірек қолданылады. British National Formulary Nr. 42 басылымы енгізудің ең жоғары 0,032 ХБ/минут жылдамдығын ұсынады, ең жоғары күндізгі доза 5 ХБ құрайды. Қажетті босану белсенділігіне қол жеткеннен кейін инфузияның жылдамдығын біртіндеп төмендетеді.
Кесарь тілігі кезінде (бала жолдасын алып тастағаннан кейін) бірден 5 ХБ дәрілік затты көктамыр ішіне баяу енгізеді.
Гипотониялық жатырлық қан кетудің алдын алу үшін (бала жолдасы алынғаннан кейін) 5 ХБ Окситоцин-Биолекті көктамыр ішіне баяу енгізеді; қан кетуді тоқтату үшін – 5-10 ХБ, өте ауыр жағдайларда 5-30 ХБ инфузия түрінде жатыр атониясына жол бермейтін жылдамдықпен енгізіледі. Окситоцинді үлкен жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізу артериялық қысымды жылдам төмендетеді. Ұзақ уақыт бойы қолданбаған жөн (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).
Гипотониялық жатырлық қан кетуді емдеу үшін енгізудің альтернативті жолы: күніне 5-8 ХБ-ден 2-3 рет 3 тәулік бойы бұлшықет ішіне енгізеді.
Медициналық көрсетілімдері бойынша жүктілікті үзу үшін 5 ХБ окситоцинді көктамыр ішіне баяу енгізу, егер қажет болса жылдамдығы 0,02-0,04 ХБ/минут немесе одан жоғарырақ болатын инфузия түрінде енгізу ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
-
жатырдың түйілуі (азғантай дозада қолданған кезде де)
-
жатырдың гипертонусы, тетаникалық жиырылу, жатырдың жоғары сезімталдығы және окситоциннің үлкен дозалары кезінде жатырдың және қынап тіндерінің жыртылуымен жүретін жатырдың жоғары белсенділігі
-
болуы мүмкін: брадикардия, аритмия, асфиксия, жедел гипоксия, ананың да, ұрықтың да өлімге ұшырауы
-
электролит емес ерітінділердің үлкен көлемді инфузиясы кезінде өкпе ісінуіне, құрысуларға, комаға, гипернатриемияға және тіпті өліммен аяқталуға әкелетін сулы уыттану
-
болуы мүмкін: жүректің айнуы, құсу, бөртпе және анафилактоидтық реакциялар (тыныстың тарылуы, гипотензия немесе шок)
-
ауыр гипертензия өлімге, субарахноидалдық қан кетулерге себепші болуы мүмкін
-
жүктілік және босану асқынған жағдайда өмірге қауіпті афибриногенемия және босанудан кейінгі қан кету
-
окситоцинді үлкен жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізу кезінде теріні қызартатын және рефлекторлы тахикардияға әкелетін қысқа мерзімдік жедел гипотензия
-
болуы мүмкін: сарғаю, жаңа туған нәрестелерде көздің торлы қабығына қан құйылуы.
- 5ХБ/мин асатын дозаларда окситоцин қысқа мерзімдік миокард
ишемиясын, ST аралығының депрессиясы мен QT аралығының
өзгерісін туғызуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа немесе оның компоненттеріне өте жоғары сезімталдық
- жатырдың гипертониялық жиырылуы
- ұрық гипоксиясы
- іштегі нәресте мен жамбас мөлшерлерінің сәйкес келмеуі
- диагностикалық түрде анықталған шекаралық тар жамбас
- ұрықтың көлденең және қисық орналасуы
- плацентаның алда жатуы
- vasa previa – ұрықтың кіндік бауы қантамырларының алда жатуы, яғни
іштегі нәрестенің босану жолына орналасуы
- плацентаның мерзімінен бұрын жатырдан ажырауы
- кіндікбау пролапсы
- жүктілік саны көп болуына байланысты жатырдың жыртылу қаупі
- гидрамнион
- жүктіліктің көп болуынан және операциядан кейін, оның ішінде кесарь
тілігінен кейінгі жатырда тыртықтың болуы
- преэклампсиялық токсемия
- жүрек-қан тамыр жүйесінің ауыр түрдегі аурулары
- жатыр инерттілігі (окситоцинге төзімділік)
- нефропатия
- мерзімінен бұрын босану.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анестезиялайтын дәрілермен ингаляция жасау окситоциннің әсерін төмендетуі мүмкін (сондай-ақ гипотензиялық әсерді және аритмия қаупін арттырады).
Простагландиндерді қынапқа енгізгеннен кейін Окситоцин-Биолекті 6 сағат бойы қолданбау керек (простагландиндер жатыр тонусына әсерді күшейтеді).
Окситоцинді және симпатомиметикалық вазоконстрикторларды бір мезгілде қолдану вазопрессорлық әсерді арттырады.
β-адреномиметиктер (симпатомиметиктер) окситоциннің әсерін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Окситоцин-Биолекті көктамыр ішіне тек тамшылатып инфузия түрінде, инфузия жылдамдығын дәл сақтай және оны бақылай отырып енгізген жөн. Окситоцинді қолдану кезінде жатырдың жиырылғыштық қызметін, нәрестенің жағдайын, артериялық қысымды және емделушінің жалпы жағдайын бақылау қажет.
Мынадай жағдайларда айрықша сақ болған жөн:
-
ұрық пен жамбас өлшемі сәйкес келмеу қаупі бар болса (елеулі қауіп болса, окситоцинді қолданбаған жөн)
-
жүктілік салдарынан және жүрек аурулары кезінде, ауырлығы орташа немесе орта дәрежедегі гипертензияда
-
35 жастан кейінгі жүктілікте
-
сыртартқысында жатырдың төменгі сегментінде кесарь тілігі болғаны көрсетілгенде
-
ұрық жатыр ішінде өлсе немесе ұрық айналасындағы суда меконий бар болса (ұрық айналасындағы сумен эмболия дамуы мүмкін).
Сумен уыттанған және гипонатриемия жағдайында сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге болмайды, оның үстіне емделуші сұйықтық қабылдауды шектегені жөн.
Окситоциннің әсері простагландиндермен бір мезгілде қолданғанда (өте тиянақты бақылау қажет), сондай-ақ эпидуральді анестезия салдарынан (симпатомиметикалық вазопрессорлық дәрілердің гипертензивті әсері күшеюі мүмкін) күшейеді.
Егер окситоцинді ұзақ уақыт қолдану қажет болса, инфузиялық ерітіндінің көлемін азайтқан және құрамында электролиттер бар ерітінділерді, бірақ глюкозаны емес, қолданған жөн (сумен уыттану қаупі, Жағымсыз әсерлерін қараңыз). Электролиттік теңгерімнің бұзылғанына күмәнданғанда қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін анықтайды.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданғанда
Ана және ұрық үшін асқыну қаупі артатын болғандықтан, окситоцинді жүктілік кезінде аса сақтықпен қолдану керек.
Өте аз мөлшерлерде Окситоцин-Биолек ана сүтіне өтеді, адамда болатын асқынулар анықталмаған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Окситоцин-Биолек препаратын қолданудың арнайы көрсетілімдерін ескерсек, оның маңызы жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: жатыр бұлшықеттерінің тетаникалық жиырылулары, несептің іркілуі, артериялық қысымның көтерілуі, сондай-ақ босану әрекетінің аса белсенді болуы, бұл ұрықтың жедел гипоксиясын, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауын, жатырдың жыртылуын, ұрық маңайындағы сумен эмболиясын, босанудан кейінгі ауыр қан кетуді туғызуы мүмкін.
Емі: препаратты енгізуді дереу тоқтату, сұйықтық енгізуді азайту, қалыпты диурезді қалпына келтіру, симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Түссіз шыныдан жасалған ампулаларда 1 мл-ден.
10 ампуладан медицинада қолдануға рұқсат етілген скарификатормен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификатор салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 °C-ден 8°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармстандарт-Биолек» ЖАҚ
Померки, Харьков қ., Украина, 61070.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармстандарт-Биолек» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ФАРМСТАНДАРТ-БИОЛЕК» ЖАҚ, Украина
61070, Украина, Харьков қ., Померки
Тел.: +38(057) 700-34-65; e-mail: office@biolik.com.ua