Небилет®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Небилет®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Небиволол
Дәрілік түрі
5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – небиволол гидрохлориді (5,00 мг небивололға баламалы), 5,45 мг,
қосымша заттар: полисорбат 80, гипромеллоза 2910 15 мПас, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, бір жағында крест тәріздес сызығы бар, дерлік ақ түсті дөңгелек пішінді таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Іріктелген бета-адреноблокаторлар. Небиволол.
АТХ коды С07АВ12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Пероральді қабылдағаннан кейін небивололдың екі энантиомері тез сіңеді. Небивололдың сіңуіне тағам әсер етпейді; оны ас қабылдауға байланыссыз немесе аспен бірге қабылдауға болады.
Небиволол ішінара белсенді гидроксиметаболиттер түзумен жан-жақты метаболизацияға ұшырайды. Небивололдың метаболизациясы алициклдік және ароматтық гидроксилденуі, N-деалкилденуі және глюкурондалуы жолымен жүреді; одан басқа, гидроксиметаболиттердің глюкуронидтері түзіледі. Небивололдың ароматтық гидроксилдену жолымен метаболизациясы CYP2D6 тәуелді генетикалық қышқылдану полиморфизміне ұшырайды. Метаболизмі тез тұлғаларда пероральді қабылданған небивололдың биожетімділігі орташа 12% құрайды және метаболизмі баяу тұлғаларда толық деуге болады. Тұрақты жағдайға қол жеткенде (steady-state) және бірдей дозасында өзгермеген небивололдың плазмадағы ең жоғары концентрациясы метаболизмі баяу тұлғаларда метаболизмі тез тұлғаларға қарағанда 23 рет жоғары. Өзгермеген субстанциялар мен белсенді метаболиттерден тұратын қосындының анализінде, плазмадағы ең жоғары концентрациясының айырмашылығы 1,3-1,4- еселі болады. Метаболизациясы дәрежесінің айырмашылығына байланысты, Небилет дозасын әрдайым емделушінің жекелей қажеттілігіне байланысты анықтау керек: метаболизмі баяу тұлғаларға, осылайша төменірек дозасы қажет болуы мүмкін.
Метаболизмі тез тұлғаларда небиволол энантиомерлерінің жартылай шығарылу кезеңінің мәні орташа 10 сағатты құрайды. Метаболизмі баяу тұлғаларда осы мәндері 3-5 есе жоғары. Метаболизмі тез тұлғаларда RSSS-энантиомердің плазмадағы концентрациясы осындай SRRR-энантиомермен салыстырғанда аздап жоғары.
Метаболизмі баяу тұлғаларда бұл айырмашылық үлкен. Метаболизмі тез тұлғаларда екі энантиомердің гидроксиметаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңінің мәні орташа 24 сағатты құрайды, ал метаболизмі баяу тұлғаларда бұл мәні шамамен екі есе жоғары.
Емделушілердің көбінде (метаболизмі тез тұлғалар) небиволол үшін плазмадағы тұрақты деңгейге 24 сағаттың ішінде жетеді, гидроксиметаболиттер үшін – бірнеше тәуліктен кейін.
Небивололдың 1-ден 30 мг-ға дейінгі мөлшерінде плазмадағы концентрациясы дозасына пропорциональді. Небивололдың фармакокинетикасына жасы әсер етпейді.
Плазмада екі энантиомері негізінен альбуминмен байланысты. Плазма ақуыздарымен байланысуы SRRR-небиволол үшін 98,1% құрайды, ал RSSS-небиволол үшін – 97,9%.
Енгізгеннен кейін бір аптадан соң дозаның 38% бүйрек арқылы және 48% - нәжіспен шығарылады. Өзгермеген небивололдың бүйрек арқылы шығарылуы дозаның 0,5% азын құрайды.
Фармакодинамикасы
Небиволол екі энантиомердің қоспасы болып табылады: SRRR-небиволол (немесе D-небиволол) мен RSSS-небиволол (немесе L-небиволол). Ол екі фармакологиялық әсерді біріктіреді:
- 1-адренорецепторлардың бәсекелес және іріктелген блокаторлары: бұл әсері SRRR-энантиомер (D-энантиомера) есебінен;
- жұмсақ вазодилатациялайтын қасиет иеленген L-аргининмен/азот тотығымен зат алмасуға түсу нәтижесінде.
Небивололды бір рет және қайталап қабылдағанда қан қысымы қалыпты емделушілерде, сондай-ақ артериялық гипертензиямен зардап шегетін емделушілерде де тыныштықта және жүктемеде жүректің жиырылу жиілігі мен қан қысымы төмендейді. Ұзақ уақыт емделгенде гипотензивті әсері сақталады.
Терапиялық дозаларда α-адренергиялық антагонизм пайда болмайды.
Небивололмен қысқа мерзімдік және ұзақ уақыт емделу кезінде артериялық гипертензиямен емделушілерде жүйелі қантамырлық кедергі төмендейді.
Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуіне қарамастан, екпінді көлемінің жоғарылауына байланысты тыныштықта және жүктемеде жүректің лықсуының азаюы шектелген. Осы гемодинамикалық өзгешеліктерінің клиникалық мәні -адренорецепторларының басқа блокаторларымен салыстырғанда әлі күнге дейін толық анықталған жоқ.
Гипертензиямен емделушілерде небиволол азот моноксидіне байланысты қантамырларының ацетилхолинге реакциясын жоғарылатады; эндотелийдің дисфункциясымен емделушілерде бұл реакция төмен.
≥ 70 жастағы (орташа 75,2 жас) 2128 емделушілердің қатысуымен ауру - өлім жағдайларын плацебо-бақыланатын зерттеулерде, сол жақ қарынша лықсуының фракциясымен (СҚЛФ) немесе онсыз (СҚЛФ орташа көрсеткіші 36 ± 12,3%) тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін емделушілерде келесі таралумен: СҚЛФ 56% емделушілерде 35%-дан төмен, СҚЛФ 25% емделушілерде 35%-45%, СҚЛФ 19% емделушілерде 45%-дан жоғары), орташа 20 айға созылған, небиволол стандартты емге қосымша ретінде жүрек-қантамырлары патологиясы себебінен болатын (алғашқы тиімділігінің соңғы нүктесі) өлімге немесе госпитализацияға дейінгі уақытты айтарлықтай ұзартты: Салыстырмалы қауіптің азаюы 14% құрады (абсолютті азаюы: 4,2%).
Бұл қаупінің азаюы емнің 6 айынан кейін байқалды және оның барлық мерзімі бойы (орташа ұзақтығы: 18 ай) осылайша қалды.
Небивололдың әсері зерттеуге қатысатындардың жасына, жынысына немесе сол жақ қарыншадан лықсу фракциясының көрсеткішіне байланысты емес. Небивололдың плацебомен салыстырғанда кез келген себептен өлім жағдайының алдын алуға қатысты пайдасы статистикалық тұрғыдан мардымсыз (абсолютті азаюы: 2,3%).
Небиволол қабылдайтын емделушілерде, кенеттен өлу жағдайларының жиілігінің төмендеуі анықталған (6,6% салыстырғанда 4,1%, салыстырмалы төмендеуі 38%).
Жануарларда жүргізілген in-vitro және in-vivo зерттеулері көрсеткендей, небиволол өзіндік симпатомиметикалық белсенділікке ие емес.
Жануарларда жүргізілген in-vitro және in-vivo тәжірибелері көрсеткендей, небиволол фармакологиялық дозаларда жарғақшаларға тұрақтандыратын әсер көрсетпейді.
Дені сау пробандтарда небиволол ең жоғары дене жүктемесінің көтерімділігіне немесе төзімділікке айтарлықтай әсер етпейді.
Қолданылуы
- эссенциальді гипертензияда
- ≥ 70 жастағы егде емделушілерде стандарты емдеу әдісіне қосымша ретінде жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықтағы тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Эссенциальді гипертензия
Ересектер
Доза тәулігіне 1 таблетканы (5 мг небиволол) құрайды; оны дұрысы әрдайым тәуліктің бір мезгілінде қабылдау керек. Препаратты тамақпен бірге қабылдауға болады.
Гипотензивті әсері емнің 1-2 аптасынан кейін байқалады. Кейде оңтайлы әсеріне 4 апта өткеннен кейін жетеді.
Басқа гипотензивті дәрілермен біріктірілімі
-адренорецепторлардың блокаторларын монотерапия үшін де, сондай-ақ басқа гипотензивтік дәрілермен біріктірілімде де қолдануға болады. Осыған дейін қосымша гипотензивтік әсер 5 мг Небилеттің 12,5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімінде ғана байқалды.
Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін науқастар үшін, ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 5 мг дейін жоғарылатуға болады.
Бауыр жеткіліксіздігімен емделушілер
Препараты бауыр жеткіліксіздігімен немесе бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерде қолдануға қатысты деректер саны шектеулі. Осы себепті Небилетті осындай емделушілерге қолдануға болмайды.
Егде емделушілер
65 жастан асқан емделушілер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 5 мг дейін жоғарылатуға болады. Препаратты 75 жастан асқан емделушілерде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болуын ескеріп, оны тағайындағанда осы емделушілерге мұқият бақылау және сақтық талап етіледі.
Балалар мен жасөспірімдер
Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осы жас тобындағыларға қолдануға болмайды.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу жекелей оңтайлы демеуші дозаға жеткенше дозаны баяу титрлеуден басталуы керек.
Осындай емделушілерге препаратты оларда соңғы 6 аптаның ішінде оның жедел декомпенсациясының эпизодтарынсыз тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі болған жағдайда тағайындайды.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуі керек.
Диуретиктер және/немесе дигоксин және/немесе АКФ тежегіштері және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қоса жүрек-қантамырлық препараттарды қабылдайтын емделушілерде Небилетпен емді бастар алдында осы медикаменттердің соңғы 2 аптаның ішінде таңдап алынған дозасы тұрақты болуы керек.
Дозаны бастапқы титрлеуді бір-ден екі аптаға дейін аралықты сақтай
отырып және емделушімен осы дозаның көтерімділігіне қарай келесі
сызба бойынша жүргізу керек:
Тәулігіне бір рет 1,25 мг небивололды, тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін, содан кейін тәулігіне бір рет 5 мг дейін, содан кейін тәулігіне бір рет 10 мг дейін жоғарылатуға болады.
Ең жоғары ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг небивололды құрайды.
Емнің басында және дозаны әрбір жоғарылатқанда емделушінің клиникалық жағдайы тұрақты болып қалатынына (әсіресе артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі, өткізгіштіктің бұзылуы, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің ауырлауының симптомдарына қатысты) көз жеткізу үшін, 2 сағаттан кем емес уақыт тәжірибелі дәрігердің бақылауында болуы керек.
Жағымсыз әсерлерінің пайда болуы емделушілердің барлығын ең жоғары ұсынылған дозалармен емдеуге болмайтынын дәлелдейді.
Қажет болғанда қол жеткен дозаны қайтадан біртіндеп азайтуға немесе сәйкесінше оған қайта оралуға болады.
Жүрек жеткіліксіздігі ауырлағанда немесе оны титрлеу фазасында препаратты көтере алмаушылықта, небивололдың дозасын алдымен төмендету немесе қажет болғанда оны дереу тоқтату керек (ауыр гипотония пайда болғанда, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігі ауырлағанда, кардиогенді шок, симптоматикалық брадикардия немесе АВ-блокада дамығанда).
Әдетте тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі небивололмен ұзақ уақыт емделеді.
Небивололмен емдеуді дереу тоқтатуға болмайды, өйткені бұл жүрек жеткіліксіздігінің уақытша ауырлауына әкелуі мүмкін.
Егер препаратты тоқтату қажет болса, онда бір апта аралықпен екі есе азайта отырып, дозаны біртіндеп төмендету керек.
Таблеткаларды аспен бірге қабылдауға болады.
Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілер
Дозаны ең жоғары көтерімді дозаға дейін титрлеу жекелей жүргізілетін болғандықтан, оны жеңілден орташа дәрежедегі ауырлықтағы бүйрек жеткіліксіздігінде түзетудің қажеті жоқ.
Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен (қансарысуы креатинині ≥ 250 мкмоль/л) науқастарда препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы емделушілерде небивололды қолдануға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігімен емделушілер
Препаратты бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде қолдануға қатысты тек шектелген деректер бар.
Осыған байланысты Небилетті осындай емделушілерде қолдануға болмайды.
Егде жастағы емделушілер
Дозаны ең жоғары көтерімді дозаға дейін титрлеу жекелей жүргізілетін болғандықтан, оны түзетудің қажеті жоқ.
Балалар мен жасөспірімдер
Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы себепті препаратты осы жас тобында қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлер
Артериялық гипертензияда және созылмалы жүрек жеткіліксіздігіндегі жағымсыз әсерлер осы жағдайлардың негізінде жатқан аурулардың әртүрлігіне байланысты – бөлек берілген.
Артериялық гипертензия
Ағзалар жүйесі мен жиілігіне қарай жіктелген негізінен жеңілден орташаға дейін түрлерге ие байқалған жағымсыз әсерлер төменде келтірілген:
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10)
- бас ауыруы, бас айналуы
- парестезиялар
- диспноэ
- іш қатуы, жүрек айнуы, диарея
- шаршау, ісінулер
Кейде (≥ 1/1000-ден ≤ 1/100)
- қорқынышты түстер, депрессия
- көрудің бұзылуы
- брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы/АВ-блокада
- гипотония, мезгіл-мезгіл ақсақтықтың ауырлауы
- бронхтүйілуі
- диспепсия, метеоризм, құсу
- қышыну, эритематозды сипаттағы тері бөртпесі
- импотенция
Өте сирек(≤ 1/10000)
- синкопе
- псориаздың ағымының ауырлауы
Белгісіз
- ангионевротикалық ісіну, аса жоғары сезімталдық
Одан басқа, кейбір -адреноблокаторлармен туындаған келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланған: елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, аяқ қолдың салқындауы/цианоз, Рейно синдромы, көздің құрғақтығы және практололдық типтегі окуло-мукокутандық уыттылық.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіндегі аталған жағымсыз әсерлер туралы деректер 1067 емделуші небиволол және 1061 емделуші – плацебо қабылдаған плацебо-бақылаумен клиникалық зерттеулер нәтижесінде алынған. Аталған зерттеулерде жалпы алғанда небиволол (42,1%) қабылдаған 449 емделуші және плацебо (31,5%) қабылдаған 334 емделуші препаратты қабылдауға байланысты болуы мүмкін жағымсыз әсерлер туралы хабарлаған. Небиволол қабылдаған емделушілер хабарлаған ең жиі жағымсыз әсерлер, брадикардия және бас айналуы, шамамен 11% емделушіде байқалған. Плацебо қабылдаған емделушілердегі сәйкес жиілік шамамен 2% және 7% құрады.
Препаратты қабылдаумен байланысты және созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде тән және маңызды деп қарастырылатын жағымсыз әсерлердің келесі жиілігі туралы хабарланды:
- небиволол қабылдаған 5,8% емделушіде және плацебо қабылдаған 5,2% емделушіде байқалған жүрек жеткіліксіздігінің ауырлауы;
- небиволол қабылдаған 2,1% емделушіде және плацебо қабылдаған 1,0% емделушіде ортостатикалық гипотензия орын алған;
- небиволол қабылдаған 1,6% емделушіде және плацебо қабылдаған 0,8% емделушіде дәрілік затты көтере алмаушылық байқалған;
- небиволол қабылдаған 1,4% емделушіде және плацебо қабылдаған 0,9% емделушіде I дәрежедегі АВ-блокада пайда болған;
- небиволол қабылдаған 1,0% емделушіде және плацебо қабылдаған 0,2% емделушіде аяқтардың ісінуі орын алған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Әсер ететін затына немесе препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық.
- Бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы.
- Инотропты әсері бар әсер ететін заттарды көктамыр ішіне енгізуді талап ететін жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок немесе жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңдері.
Басқа да -адреноблокаторлар секілді, Небилет төмендегілерде қарсы көрсетілімде:
• синоатриальді блокаданы қоса, синусты түйін әлсіздігі синдромы (sick-sinus-syndrom)
• II және III дәрежедегі АВ-блокада (жасанды ырғақ жетекшісінсіз),
• сыртартқысындағы бронхтүйілуі және брон демікпесі,
• емделмеген феохромоцитома,
• метаболикалық ацидоз,
• брадикардия (емді бастағанға дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 төмен),
• артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм с.б.),
• шеткергі қанайналымының ауыр бұзылулары.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың фармакодинамикасына байланысты өзара әрекеттесуі
-адреноблокаторлар үшін жалпы болып келесі өзара әрекеттесулер саналады.
Бір мезгілде қолдануға болмайды:
I топтағы антиаритмиялық препараттар (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері және теріс инотропты әсері күшеюі мүмкін.
Верапамил / дилтиазем типтегі кальций антагонистері: жиырылғыштыққа және атриовентрикулярлық өткізгіштікке теріс әсер. -адреноблокаторларды қабылдайтын емделушілерге верапамилді көктамыр ішіне енгізу, айқын артериялық гипотония және АВ-блокадаға әкелуі мүмкін.
Орталықтық әсері бар гипотензивті препараттар (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдофа, рилменидин): орталықтық сипаттағы симпатикалық жүйке жүйесінің тонусының төмендеуіне байланысты (жүректің жиырылу жиілігі және екпінді көлемінің азаюы, вазодилатация) орталықтық әсері бар гипотензивті препараттармен бір мезгілде қолдану жүрек жеткіліксіздігінің ауырлауына әкелуі мүмкін.
Дереу тоқтатқанда, оның ішінде, -адреноблокаторлармен емді тоқтатар алдында, артериялық қысымның жоғарылау мүмкіндігі артуы мүмкін (тоқтату синдромы).
Бір мезгілде қолданғанда айрықша сақтық талап етіледі
III топтағы антиаритмиялық препараттар (амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсерді күшейтуі мүмкін.
Галогенделген ұшқыр анестетиктер: -адреноблокаторлар мен анестетиктерді бір мезгілде қолдану рефлекторлық тахикардияны бәсеңдетуі және гипотония қаупін жоғарылатуы мүмкін. Әрқашан да -адреноблокаторлармен емді дереу тоқтатудан аулақ болуы керек. Егер емделуші Небилет қабылдайтын болса, бұл туралы анестезиологқа айту керек.Инсулин мен пероральді диабетке қарсы дәрілер: Небилет глюкозаның деңгейіне әсер етпейтін болса да, бір мезгілде қолданғанда ол гипогликемияның кейбір симптомдарын (жүрек қағуы, тахикардия) бүркемелеуі мүмкін.
Баклофен (антиспастикалық миорелаксант), амифостин (ісікке қарсы препараттармен емде қосымша дәрілік заттар): гипотензивті дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның түсіп кету мүмкіндігі жоғарылайды; сондықтан гипотензивті препараттардың дозасын сәйкесінше түзету керек.
Бір мезгілде қолданғанда ескеру керек
Тырнақгүл тобының гликозидтері: бір мезгілде қолданғанда атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы мүмкін. Әйтсе де небивололға клиникалық зерттеулер жүргізгенде осы өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ. Небиволол дигоксиннің кинетикасына әсер етпейді.
Дигидропиридин секілді кальций антагонистерін (амлодипин, фелодипин, лакидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин секілді): бір мезгілде қабылдау гипотония қаупін жоғарылатуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін емделушілерде, қарыншалардың насосты функциясының ары қарай нашарлауы қаупінің жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.
Антипсихотикалық, антидепрессивтік препараттар (трициклді антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындысы): бір мезгілде қолданғанда -адреноблокаторлардың гипотензивті әсері, әсерлерінің қосылу принципі бойынша күшеюі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): небивололдың гипотензивті әсеріне әсер етпейді.
Симпатомиметиктер: бір мезгілде қолданған -адреноблокаторлардың әсеріне қарама қайшы әсер етуі мүмкін. -адренергиялық әсерге ие әсер етуші заттар, -, сондай-ақ -адренергиялық әсерінің (артериялық гипертония, ауыр брадикардия және жүрек блокадасының даму қаупі) болуымен симпатомиметиктердің кедергісіз -адренергиялық белсенділігіне әкелуі мүмкін.
Препараттың фармакокинетикасымен байланысты өзара әрекеттесулер
Небивололдың метаболизмі үдерісіне CYP2D6 изоферменті қатысатын болғандықтан, онда осы ферментті тежейтін препараттарды, оның ішінде, пароксетинді, флуоксетинді, тиоридазинді және хинидинді бір мезгілде қабылдау, небивололдың плазмадағы деңгейін жоғарылатады және осылайша, айқын брадикардия және басқа да жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупін жоғарылатады.
Циметидинді бір мезгілде тағайындауда небивололдың плазмадағы деңгейі жоғарылаған, бірақ клиникалық әсерінің өзгеруінсіз. Ранитидинді бір мезгілде тағайындау, небивололдың фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
Небилетті тамақпен бірге, ал антацидті дәріні – ас қабылдау арасында қабылдаған жағдайда, екі дәрілік затты бір мезгілде тағайындауға болады.
Небивололдың никардипинмен біріктірілімінде клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз екі субстанцияның да деңгейлері плазмада аздап жоғарылады. Алкогольді, фуросемидті немесе гидрохлортиазидті бір мезгілде қабылдау небивололдың фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Небиволол варфариннің фармакокинетикасына және фармакодинамикасына әсер етпейді.
Айрықша нұсқаулар
-адреноблокаторлар үшін келесі ескертулер мен сақтық шаралары ортақ болып табылады.
Анестезия
-адренорецепторларының блокадасы наркозға енгізгенде және интубацияда жүрек ырғағының бұзылу қаупін азайтады. Егер хирургиялық араласымға дайындықта -адренорецепторлардың блокадасын тоқтату қажет болса, онда -адреноблокаторларды кем дегенде осыған дейін 24 сағат бұрын тоқтату керек.
Миокардтың бәсеңдеуін туындататын кейбір анестетиктерді сақтықпен қабылдау керек. Емделушіде вагустық реакциялардың пайда болуын атропинді көктамыр ішіне енгізу көмегімен алдын алуға болады.
Жүрек және қантамырлары
-адреноблокаторларды әдетте емделмеген жүрек жеткіліксіздігімен емделушілерге олардың жағдайы қалпына келтірілгенше тағайындамайды.
Жүректің ишемиялық ауруымен зардап шегетін емделушілерде, -адреноблокаторлармен емді 1–2 апта ішінде, біртіндеп тоқтату керек. Қажет болғанда стенокардияның асқынуын болдырмау үшін – бір мезгілде орын басушы- препараттармен емді бастау ұсынылады.
-адренорецепторлардың блокаторлары брадикардияны туындатуы мүмкін. Егер тыныштықтағы пульс минутына 50–55 соғудан кемге дейін төмендесе және/немесе емделушіде брадикардияны көрсететін симптомдар дамыса, онда дозаны азайту керек.
-адренорецепторлардың блокаторларын төмендегілерде сақтықпен қабылдау керек:
- шеткергі қан айналымының бұзылуымен емделушілерде (Рейно ауруы немесе Рейно синдромы, мезгіл мезгіл ақсақтық), өйткені осы аурулар асқынуы мүмкін;
- I дәрежедегі АВ-блокадамен емделушілерде, -адреноблокаторлардың өткізгіштікке теріс әсерімен байланысты;
- Принцметал стенокардиясымен емделушілерде, -адренорецепторлардың белсенділенуімен байланысты коронарлық артериялардың вазоконстрикциясынан: -адренорецепторлардың блокаторлары стенокардия ұстамасының жиілігі мен ұзақтығын ұзартуы мүмкін.
Небивололдың верапамил және дилтиазем секілді кальций антагонистерімен, I топтағы аритмияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ орталықтық әсері бар гипотензивті препараттармен біріктірілімі ұсынылмайды.
Зат алмасуы және эндокриндік жүйе
Небилет диабетпен науқастарда глюкозаның деңгейіне әсер етпейді. Осыған қарамастан, аталған жағдайда сақтық шараларын сақтау керек, өйткені небиволол гипогликемияның кейбір симптомдарын (тахикардия, жүрек қағуы) бүркемелеуі мүмкін.
Қалқанша бездің гиперфункциясында -адреноблокаторлар аурудың тахикардия секілді симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Емді дереу тоқтатқанда бұл симптомданр күшеюі мүмкін.
Тыныс жолдары
Тыныс жолдарының созылмалы обструктивті ауруларымен емделушілерге -адреноблокаторларды сақтықпен қабылдау керек, өйткені тыныс жолдарының констрикциясы күшеюі мүмкін.
Басқалары
Сыртартқысында псориазбен емделушілерге -адреноблокаторларды жағдайын мұқият бағалағаннан кейін тағайындау керек.
-адренорецепторлардың блокаторлары аллергендерге сезімталдықты және анафилактикалық реакциялар ауырлығы дәрежесін жоғарылатуы мүмкін.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін небивололмен емдеудің басында емделушіні үнемі бақылау талап етіледі. Емді қажеттігінсіз дереу тоқтатуға болмайды.
Аталған препарат құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалаған галактозаны көтере алмаушылықпен, организмінде лактаза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромымен емделушілерге Небилетті қабылдауға болмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде қолдану
Небиволол жүктілікке және/немесе ұрыққа және жаңа туған нәрестеге теріс әсері бар фармакологиялық әсер иеленген. Жалпы, -адреноблокаторлар плацентаға қанның ағып келуін азайтады, онымен өсудің баяулауы, жатырішілік өлім, түсік және уақытынан бұрын басталатын толғақты байланыстырады. Ұрық пен жаңа туғандарда мысалы, гипогликемия және брадикардия секілді жағымсыз құбылыстар орын алуы мүмкін. Егер -адреноблокаторлармен емдеу қажет болса, 1-селективті -адреноблокаторларды таңдау керек.
Небивололды жүктілік кезінде оған қатты қажеттілік болғанда ғана қабылдау керек. Егер небивололмен емдеу қажет болса, жатырлық-плацентарлық қанағымын және ұрықтың өсуін бақылау керек. Жүктілікке немесе ұрыққа зиянды әсері анықталған жағдайда баламалы препараттармен емдеуді қарастыру керек. Жаңа туғандарды мұқият бақылау керек. Гипогликемия және брадикардия секілді симптомдардың пайда болуын, көптеген жағдайда алғашқы 3 күн ішінде күтуге болады.
Емшекпен қоректендіру кезінде қолдану
Жануарларға жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, небиволол ана сүтіне өтеді. Бұл үдерістің адамда болу болмауы белгісіз. -адренорецепторлардың көптеген блокаторлары, әсіресе небиволол және оның белсенді метаболиттері секілді липофильді қосылыстар әртүрлі дәрежеде болса да ана сүтіне өтеді. Сондықтан небивололмен емдеу кезінде емшекпен қоректендіруге болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Небилеттің көлік құралын басқару және әлеуетті қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Фармакодинамикасына зерттеулер көрсеткендей, Небилет психомоторлық функцияға әсер етпейді. Көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасауда кейде бас айналуы мен шаршау сезімінің орын алу мүмкіндігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Небилеттің артық дозалануы туралы деректер жоқ.
-адреноблокаторламен артық дозалану симптомдары: брадикардия, артериялық гипотония, бронхтүйілуі, жедел жүрек жеткіліксіздігі.
Емі
Артық дозалану немесе жоғары сезімталдық реакциясының дамуы жағдайында емделушіні үнемі бақылаумен және қарқынды емдеу бөлімшесінде емдеумен қамтамасыз ету керек. Қандағы глюкозаның құрамын бақылау ұсынылады. Асқазан-ішек жолы тарапындағы әсер ететін заттың сіңуіне, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді және іш айдағыш дәрілерді тағайындау жолымен кедергі жасауға болады. Өкпені жасанды желдетуді жүргізу қажет болуы мүмкін. Брадикардия немесе жоғары ваготонияны қайтару үшін атропин немесе метилатропинді енгізу ұсынылады. Гипотония мен шокты емдеуді плазма/плазма алмастырғыштар және қажет болғанда катехоламиндердің көмегімен жүргізу керек.
Бета-бөгейтін әсерін күтілген әсеріне жеткенше изопреналин гидрохлоридін, шамамен 5 мкг/мин жуық дозадан бастап немесе добутаминді 2,5 мкг/мин дозадан бастап баяу көктамыр ішілік енгізумен басуға болады. Резистенттілік жағдайында изопреналинді допаминмен біріктіруге болады. Егер осы шара күтілген әсеріне әкелмесе, онда 50-100 мкг/кг есебімен глюкагонды к\і енгізуге болады.
Қажет болғанда инъекцияны бір сағаттың ішінде қайталауға болады және егер қажет болса глюкагонның 70 мкг/кг/сағ есебімен к/і инфузиясын жасау керек. Емге төзімді брадикардияның жедел жағдайларында жүректің жасанды жүргізушісін қолдануға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 немесе 14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1, 2 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Берлин-Хеми АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)
Глиникер Вег 125 D-12489 Берлин, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.
1, Авеню де ла Гар,
Л-1611 Люксембург
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі
Тел.: +7 727 2446183, 2446184, 2446185
Факс:+7 727 2446180
Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com