Натрия хлорид-Дарница (10 мл)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015536
Информация о регистрации в РК: 10.04.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 32.93 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий хлориді

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,9 % 5 мл, 10 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 9 мг натрий хлориді бар

қосымша зат - инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Дәмі тұзды мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы.

Емдеуге арналмаған басқа да дәрілер. Еріткіштер.

АТХ коды V07АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қантамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат қантамыр арнасында қысқа уақыт болады да, одан кейін интерстициальді және жасуша ішілік секторға өтеді. Тамырларда 1 сағаттан соң енгізілген ерітіндінің шамамен жартысы қалады. Тұздар мен сұйықтық диурезді арттырып, бүйрекпен өте жылдам шығарыла бастайды.

Фармакодинамикасы

0,9 % натрий хлориді ерітіндісі су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді және адам организмінде дегидратация немесе ауқымды күйіктер мен жарақаттардағы жасушаішілік аккумуляция салдарынан, құрсақ қуысы мүшелеріне операциялар кезінде, перитонитте дамитын сұйықтық тапшылығын жояды. Препарат тіндер перфузиясын жақсартады, жаппай қан жоғалту және шоктың ауыр түрлері кезінде гемотрансфузиялық ем-шаралар тиімділігін арттырады. Сұйықтық көлемін қысқа мерзімді жоғарылату, қандағы уытты өнімдер концентрациясын төмендету, диурезді белсендіру нәтижесінде дезинтоксикациялық әсер береді.

Қолданылуы

Сыртқа және парентеральді қолдануға арналған дәрілік заттар дайындауда; жараны, мұрынның шырышты қабығын, сондай-ақ катетерлер мен трансфузияға арналған жүйелерді жергілікті шаю үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты негізгі дәрілік зат парентеральді енгізуге арналған еріткіш ретінде қолданады.

Шырышты қабық, жараларды шаю үшін ерітіндіні жеткілікті мөлшерде қолданады.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты дұрыс қолданғанда байқалмайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Негізгі дәрілік зат пен ерітіндінің үйлесімсіздігі. Препаратты офтальмологиялық операциялар кезінде көзді шаюға қолданбайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат көптеген дәрілік заттармен үйлесімді, сондықтан оны әр түрлі дәрілік заттарды еріту үшін қолданады – ерітінді ретіндегі натрий хлоридімен үйлеспейтін препараттарды қоспағанда.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік затты сұйылтудың алдында осы дәрілік затты сұйылту үшін натрий хлоридінің ерітіндісін қолдануға болатындығын тексеру керек.

Балалар

Препаратты балаларға қолдануға болады.

Жүктілік, лактация

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Дұрыс қолданғанда ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Шыны ампулаларда 5 мл-ден.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

Түрлі түсті сындыру сақинасы немесе түрлі түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда, ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған астары бар картон қорапқа салынады.

5 ампуладан ампула ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорпашаға салынған.

Шыны ампулаларда 10 мл-ден.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

5 ампуладан ампула ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Түрлі түсті сындыру сақинасы немесе түрлі түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда, ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина 02093 Киев қ., Борисполь к-сі,13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы-

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.ua

 

 

 

Прикрепленные файлы

172390961477976520_ru.doc 46 кб
913701981477977691_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники