Мукосол (капсулы, 375 мг)

МНН: Карбоцистеин
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carbocisteine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011519
Информация о регистрации в РК: 21.08.2019 - 21.08.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 29.46 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мукосол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбоцистеин

Дәрілік түрі

Капсулалар 375 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - карбоцистеин 375 мг

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон К 30, тальк, магнезий стеараты

қақпақшасы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е 122), хинолинді сары (Е 104)

корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), «Күн батар түстес» сары (Е 110), бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е 122)

Сипаттамасы

Өлшемі № 0, ашық қызыл түсті корпусы мен жасыл түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Mуколитиктер. Карбоцистеин

АТХ коды R05CB03

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Карбоцистеин ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі. Қан плазмасында шектік концентрациясы ішіп қабылдаудан кейін 90-120 минут өткен соң байқалады. Карбоцистеин өкпе тініне және тыныс алу жолы шырышты қабығына өтеді. Препаратты қабылданғаннан кейін сарысудағы ең жоғары концентрациясына 1 - 1.7 сағаттан кейін жетеді. Бастапқы сатыдағы биожетімділігі (емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы 12 сағат ішінде) бауыр арқылы жылдам өту мүмкіндігінің нәтижесінде төмен (қабылдаған дозаның 10%-нан аздау). Плазмада тұрақты концентрацияға жеткеннен кейін биожетімділігі ұлғаяды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуықты құрайды. Көбіне метаболиттермен бірге бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Карбоцистеин муколитикалық препарат бола отырып, гликопротеидтердің дисульфидтік байланысын бұза отырып, эндобронхиалдық секреттің гель сатысына әсер етеді, осылайша секрет тұтқырлығын азайтады және секрет созылғыштығын арттырады. Карбоцистеин сондай-ақ бронх шырышты қабығының бокал тәрізді жасушаларының ферменті – сиал трансферазасын белсендіріп, қышқыл және бейтарап сиаломуциндер сандық арақатынасын қалыпқа түсіреді, бұл шырыш тұтқырлығы мен созылғыштығын қалыпқа келтіреді. Карбоцистеин шырышты қабықтың регенерациясына ықпал етеді, оның құрылымын дұрыстайды, кірпікшелі эпителийдің қызметін белсендіреді, иммунологиялық белсенді IgA секрециясын қалпына келтіреді, мукоциллиарлы клиренсті жақсартады.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында (бронхит, эмфизема, демікпелі бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, пневмокониоз, силикоз және т.б.)

- жедел респираторлық ауруларда (бронхит, пневмония, жедел демікпелі ұстамалар)

- науқасты бронхоскопия немесе бронхографияға дайындауда; бронхография кезінде контрастылы заттардың қақырықпен түсуін жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Мукосолды жылы судың мол мөлшерімен тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек.

Препарат қабылдауды 1-2 капсуланы күніне 3-4 рет қабылдаудан бастау керек. Жақсару басталған соң дозаны күніне 3-4 рет 1 капсулаға дейін азайтады. Дозаны аурудың ауырлығына қарай белгілейді.

Емдеу курсы 7 күн.

Жағымсыз реакциялары

- аллергиялық реакциялар (қышыну, тері бөртпесі, ангионевратикалық ісіну)

- асқазан-ішек жолының бұзылуы (жүрек айну, құсу, гастралгия)

- бас айналу, әлсіздік, дімкәстік

- асқазан-ішектен қан кету

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің белсенді немесе қайталанатын пептикалық ойық жарасы

- жүктіліктің бірінші триместрі (жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде сақтықпен қолдану керек) және лактация кезеңі

- өршу сатысындағы созылмалы гломерулонефрит

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Карбоцистеин жоғары және төменгі тыныс жолдары қабыну ауруларын глюкокортикостероидты және антибактериялық емдеудің тиімділігін арттырады.

Карбоцистеин теофиллиннің бронхолитикалық әсерін күшейтеді.

Жөтелге қарсы және М-холинобөгегіш дәрілік заттар карбоцистеиннің белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің екінші, үшінші триместрінде және лактация кезеңінде, егер ана үшін болжамды пайдасы ұрық пен балаға төнетін ықтимал қатерден асып түсетін болса ғана, қолдануға болады.

Препарат сыртартқысында пептикалық ойық жара диагнозы қойылған емделушілерге сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көрсетілген жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын басқару жағдайында немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: гастралгия, жүрек айну, диарея

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық емдеу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан қатты поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші: Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

850315791477976812_ru.doc 48 кб
410936531477977968_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники