Мукосол (сироп для детей, 120 мл)

МНН: Карбоцистеин
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carbocisteine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011517
Информация о регистрации в РК: 28.08.2019 - 28.08.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 467.62 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мукосол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбоцистеин

Дәрілік түрі

Балаларға арналған шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - карбоцистеин 2,5 г

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат,

сахароза, глицерин, 70% сорбитол ерітіндісі, карамель, құлпынай хош иістендіргіші, натрий гидроксиді, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән тәтті хош иісі бар, сарғыш-қоңыр түсті мөлдір шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Mуколитиктер. Карбоцистеин

АТХ коды R05CB03

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Карбоцистеин ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам және жақсы сіңіріледі. Қан плазмасында шектік концентрациясы ішіп қабылдаудан кейін 90-120 минут өткен соң байқалады. Карбоцистеин өкпе тініне және тыныс алу жолы шырышты қабығына өтеді. Сарысудағы ең жоғары концентрациясына қабылданғаннан кейін 1 - 1.7 сағаттан кейін жетеді және 1.5 г дозадан кейін 13.38 мг/л құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 1.33 сағатты құрайды. таралу көлемі шамамен 60 л.

Карбоцистеин жергілікті әсер ете отырып, өкпе тіндеріне және тыныс алу органдарының шырышты қабығына өтеді.

Фармакодинамикасы

Мукосол муколитикалық препарат болып табылады, оның белсенді ингредиенті карбоцистеиннің мукустың басты субстанциясында дисульфидті байланыстарды ыдырату қабілетінің салдары, оның деполимеризациясына әкеледі. Мукосол сондай-ақ шырыштың артық сөлінісін азайтады, сондай-ақ оның тұтқырлығын төмендететін әсерімен қосылып, кең ауқымды респираторлық бұзылуларды емдеу кезінде препаратқа едәуір емдік тиімділік береді.

Тұтқырлықты да, қалыпты емес-тұтқыр бронх-пульмонарлық секреттің мөлшерін де төмендетіп, препарат шырышты тығындар түзілуінің алдын алады және оның қақырықпен түсуін жеңілдетеді. Респираторлық жолды тұтқыр шырышты бөлінділерден босату өкпе қызметін жақсартады, тыныс алуды жеңілдетеді, цилиарлық қызметті қалыпқа түсіреді және өкпе жұқпаларына бейімділікті азайтады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында (бронхит, эмфизема, демікпелі бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, пневмокониоз, силикоз және т.б.)

- жедел респираторлық ауруларда (бронхит, пневмония, жедел демікпелі ұстамалар)

- науқасты бронхоскопия немесе бронхографияға дайындауда қақырықтың түсуін жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Мукосолды жылы судың мол мөлшерімен тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек.

2-5 жастағы балалар үшін дозасы 1 шай қасық (5 мл) шәрбат күніне 2 рет.

5-12 жастағы балалар үшін дозасы 1 шай қасық (5 мл) шәрбат күніне 3 рет. Емдеу курсы 7 күн.

Жағымсыз реакциялары

- аллергиялық реакциялар

- асқазан-ішек жолының бұзылулары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Карбоцистеин жоғары және төменгі тыныс жолдары қабыну ауруларын глюкокортикостероидты және антибактериялық емдеудің тиімділігін арттырады.

Карбоцистеин теофиллиннің бронхолитикалық әсерін күшейтеді.

Жөтелге қарсы және М-холинобөгегіш дәрілік заттар карбоцистеиннің белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат сыртартқысында пептикалық ойық жара диагнозы қойылған емделушілерге сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл-ден құтыға бекітілген өлшеуіш ыдысы бар янтарь-сары түсті пластик құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші: Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр.

Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі 36, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

817582131477976724_ru.doc 46.5 кб
238777861477977881_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники