Момат (мазь)

МНН: Мометазон
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014710
Информация о регистрации в РК: 02.03.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 925.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Момат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон

Дәрілік түрі, дозалануы

Жақпамай, 5 г және 15 г

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған кортикостероидтар, сыртқа қолдану үшін. Кортикостероидтар. Белсенділігі жоғары кортикостероидтар (III топ). Мометазон.

АТХ коды D07AC13.

Қолданылуы

- псориаздың қабыну және қышыну құбылыстарын (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) және атопиялық дерматитті емдеу үшін

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бет розацеасы

- кәдімгі безеулер

- тері атрофиясы

- периоральді дерматит

- жаялық дерматиті

- перианальді, генитальді қышыну

- бактериялық (импетиго, пиодерма), вирустық (Herpes simpleх, Herpes zoster және желшешек, кәдімгі сүйелдер, үшкір кондиломалар, контагиозды моллюск), паразиттік немесе зеңдік (Candida немесе дерматофития) тері инфекциясы

- туберкулез

- мерез

- вакцинадан кейінгі реакциялар

- тері жабыны тұтастығының бұзылуы

- 2 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Момат жақпамайын көзге тигізіп алмаған жөн.

Терінің ауқымды жеріне ұзақ уақыт жаққанда, әсіресе окклюзиялық таңғыш қолданғанда, мометазон жүйелік әсер етуі мүмкін. Осыны ескеріп, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясының басылу және Кушинг синдромының  пайда болу белгілеріне қатысты бақылануы тиіс.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль жаққан жерде тітіркендіру туғызуы мүмкін, мұндай жағдайларда Момат жақпамайын қолдануды тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Момат жақпамайының басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ.

Арнайы ескертулер

Құрамында глюкокортикостероид бар жақпамайлар терінің кейбір ауруларының көріністерін өзгертуге қабілетті, бұл диагноз қоюды қиындатуы және, бұдан басқа, жаралардың жазылуының кідіруіне себеп болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Момат жақпамайымен ұзақ емдегенде емдеуді бірден тоқтату терінің қатты қызаруы және күйдіру сезімі бар дерматит түріндегі рикошет синдромының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп, мысалы, емдеуді тоқтатар алдында интермиттирлеуші емдеу үлгісіне көшу арқылы жүргізген жөн.

Момат жақпамайы қарапайым глаукома немесе субкапсулярлық катаракта өте сирек пайда болу қаупіне байланысты қабақты қоса алғанда, офтальмологияда қолдануға арналмаған.

Көру қабілетінің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданған кезде көру қабілетінің бұзылуы туралы хабарланды. Егер пациентте айқын емес көру немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек аурулардың ықтимал себептерін бағалау үшін офтальмологқа жіберу керек.

Педиатрияда қолдану

Тек дәрігердің тағайындауы бойынша.

Балаларда дене беткейінің ауданы мен салмағы арақатынасының шамасы ересектерге қарағанда, үлкен болуына байланысты, жергілікті қолдануға арналған кез келген глюкокортикостероидтарды қолданғанда балаларда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясының басылу және Кушинг синдромының пайда болу қаупі жоғары  болады. Балаларда жақпамай жағылатын учаскенің ауданы тері бетінің жалпы ауданының 10%-нан аспауы тиіс.

Балаларда Момат жақпамайымен ұзақ уақыт емдеу олардың өсуі мен дамуының бұзылуларына әкелуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Балалар әсерге қол жеткізу үшін препараттың жеткілікті ең аз дозасын алуы тиіс, окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезде Момат жақпамайымен емдеу тек дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізілуі тиіс. Жақпамайды дене бетінің үлкен учаскелерінде және ұзақ уақыт бойы қолданудан аулақ болу керек.

Мометазон фуроатының жүкті әйелдерге әсері туралы бақыланатын зерттеулер жеткіліксіз, сондықтан адам шаранасына жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі белгісіз. Алайда, жергілікті қолданылатын барлық глюкокортикоидтар сияқты, глюкокортикоидтардың плацентарлы бөгет арқылы өтуі шарананың өсуіне әсер етуі мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан адам шаранасының өсуін кешіктірудің аз қаупі болуы мүмкін. Жергілікті қолданылатын глюкокортикоидтар сияқты, Момат жақпамайын жүкті әйелдерге ықтимал пайдасы ана немесе шарана үшін ықтимал қауіпті ақтаған жағдайда ғана қолдану мүмкін.

Лактация

Кортикостероидтарды жергілікті қолдану препаратты емшек сүтінде анықтау үшін жеткілікті жүйелі сіңірілуіне әкелу мүмкіндігі белгісіз. Момат жақпамайын бала емізетін аналарға пайда/қауіп арақатынасын мұқият зерттегеннен кейін ғана тағайындау керек. Егер үлкен дозалармен емдеу немесе ұзақ қолдану көрсетілсе, емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге, егде жастағы пациенттер мен балаларды қоса алғанда

Жақпамайды терінің зардап шеккен аймақтарына жұқа қабатпен күніне бір рет жағу керек.

Балалар

Момат жақпамайы 2 жастан кіші балаларда қолдануға ұсынылмайды. Препаратты балаларда қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Емдеу ұзақтығы

Бет аймағында Момат жақпамайын қолданған кезде емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ қолдану бүйрекүсті безінің екінші қайтара жеткіліксіздігіне әкелетін гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл әдетте қайтымды болады.

Егер ГГББ өзегінің бәсеңдеуі байқалса, препаратты тоқтату немесе қолдану жиілігін азайту немесе жеңілдеу стероидпен алмастыру керек.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алуға жүгіну қажет.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өте сирек

- фолликулит, күйдіруді сезіну, қышыну

Белгісіз

- инфекция, фурункул

- парестезия

- жанаспалы дерматит, терінің гипопигментациясы, гипертрихоз, стриялар, акне пішінді дерматит, тері атрофиясы

- жағу орнындағы ауырсыну, жағу орнындағы реакциялар

- анық емес көру

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 г жақпамай құрамында

белсенді зат - мометазон фуроаты 1.00 мг,

қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль моностеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г немесе 15 г препараттан алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Өндірістік алаңның мекенжайы: ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тел.: +91-1795-393200

Факс: +91-1795-393210

Эл. пошта: webmaster@glenmark.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Мекенжайы: Гленмарк Хаус, ХДО-Корпорэйт Билдинг, Винг – А, Б.Д. Савант Марг, Чакала, Офф Вестерн Экспресс Хайвэй, Андхери (И), Мумбай – 400 099, Үндістан

Тел.: + 0091-22-4018 9999

Факс: + 0091-22-4018 9986

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"GLENMARK PHARMACEUTICALS LIMITED (ГЛЕНМАРК ФАРМАЦЕВТИКАЛС ЛИМИТЕД)" Компаниясының өкілдігі

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 12 кеңсе.

Тел.: + 7(727) 311 04 41,

Эл. пошта: Safety.KZ&UZ@glenmarkpharma.com

Прикрепленные файлы

Момат_мазь_КАЗ.docx 0.04 кб
Момат_мазь_русс.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники