Майфортик (180 мг)

МНН: Микофеноловая кислота (Микофенолата мофетил)
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014107
Информация о регистрации в РК: 26.07.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 389.5 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Майфортик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған 180 мг немесе 360 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 192,40 мг немесе 384,80 мг натрий микофенолаты

(180 мг немесе 360 мг микофенол қышқылына баламалы),

қосымша заттар: сусыз лактоза, кросповидон, повидон (К-30), жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипрoмеллоза фталаты, титанның қостотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), индиготин (Е 132) (180 мг доза үшін), темірдің қызыл тотығы (Е 172) (360 мг доза үшін).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында «С» таңбасы мен ойығы бар, ашық сарғыш-жасыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар (180 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, бір жағында «СТ» таңбасы бар, бозғылт қызыл сары-қызыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар (360 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Селективті иммунодепрессанттар. Микофенол қышқылы.

АТХ коды L04АА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Ішу арқылы қолданғаннан кейін натрий микофенолаты қарқынды сіңеді. Майфортик препаратының ішекте еритін үлбірлі жабынының айрықша құрамы микофенол қышқылының (МФҚ) асқазандағы қышқылды ортада босап шығуын бөгейді. Соның арқасында МФҚ қандағы ең жоғары концентрациясына шамамен 1.5-2 сағат өткенде жетеді.

Микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен базалық иммуносупрессиялық ем алатын, бүйрек трансплантаты тұрақты емделушілерде АІЖ-нан МФҚ сіңірілу дәрежесі 93%, ал биожетімділігі 72% құрайды. 180-нен 2160 мг дейінгі дозалардың зерттелген ауқымында МФҚ фармакокинетикасы тікелей дозаға тәуелді сипат иеленген. Майфортик препаратын аш қарынға қабылдағанда қан сарысуындағы МФҚ концентрациясының уақытқа тәуелді қисық астындағы ауданының (AUC) шамасы препаратты май мөлшері көп (55 г май, 1000 калория) тамақпен қабылдаған кездегі көрсеткіштен ерекшеленбейді. Дегенмен, бұл орайда ең жоғары МФҚ концентрациясы (Cmax) 33% азаяды.

Таралуы. Тепе-тең қалыптағы МФҚ таралу көлемі 50 литр құрайды. Микофенол қышқылының да, микофенол қышқылы глюкуронидінің (МФҚГ) де ақуыздармен байланысуы жоғары – тиісінше 97% және 82%. Плазмадағы бос ақуыз концентрациясы төмендеген (уремия, бауыр жеткіліксіздігі, гипоальбуминемия, ақуыздармен байланысуы жоғары препараттарды бір мезгілде қолдану) жағдайларда плазмадағы бос МФҚ концентрациясының жоғарылауы, соның салдарынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін.

Метаболизмі. МФҚ жартылай шығарылу кезеңі 11.7 сағат, клиренсі 8.6 л/сағат құрайды. МФҚ көбінесе МФҚ фенолды глюкуронидін, микофенол қышқылы глюкуронидін (МФҚГ) түзетін глюкуронилтрансферазаның қатысуымен метаболизденеді. МФҚГ – биологиялық белсенділігі жоқ негізгі МФҚ метаболиті. Микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен базалық иммуносупрессиялық ем алатын, бүйрек трансплантаты тұрақты емделушілерде Майфортик препаратының ішу арқылы қабылданатын дозасының 28% жуығы бауыр арқылы «алғашқы өту» кезінде жүйе алдындағы метаболизм жолымен МФҚГ-не ауысады. МФҚГ жартылай шығарылу кезеңі 15.7 сағат, клиренсі 0.45 л/сағат құрайды.

Шығарылуы. МФҚ негізінен МФҚГ түрінде несеппен және өте аз мөлшерлері (<1.0%) өзгермеген күйде шығарылады. МФҚГ өтпен ішекте де секрецияланады, онда ішек флорасымен (деконъюгация арқылы) ыдырайды. Осы ыдырау нәтижесінде түзілетін МФҚ одан кейін қайта сіңірілуі мүмкін. Майфортик препаратын қабылдағаннан кейін 6-8 сағаттан соң МФҚ концентрациясы екінші жоғарғы шегіне жетеді, бұл деконъюгацияланған МФҚ қайта сіңуіне сәйкес келеді.

Микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен базалық иммуносупрессиялық ем алатын және бүйрек трансплантациясы жасалған науқастардағы фармакокинетикасы

1 кестеде Майфортик препаратын қабылдаудан кейінгі МФҚ фармакокинетикалық параметрлерінің орташа мәндері берілген. Бір реттік доза қабылдаған кездегі МФҚ фармакокинетикалық параметрлерінің мәндері қайта және ұзақ дозалануында осы параметрлердің ықтимал мәндері талқыланатын болжамды мәнге ие болады. Ерте трансплантациялық кезеңнен кейін өлшенген МФҚ AUC және Cmax орташа мәндері трансплантациядан кейін 6 ай өткен соң анықталған мәндердің ½ шамасын құрайды.

1 кесте. Микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен базалық иммуносупрессиялық ем алатын және бүйрек трансплантациясы жасалған науқастарда Майфортик препаратын ішу арқылы қабылдаудан кейінгі МФҚ фармакокинетикалық параметрлерінің орташа мәндері

Ересектер

Бір реттік доза

(n=24)

Доза

(ішке қабылдау)

Tmax

(сағ.)

Cmax

(мкг/мл)

AUC 0-

(мкг·сағ./мл)

720 мг

2

26.1 (12.0)

66.5 (22.6)

Ересектер

Қайталама дозалар х

6 күн тәулігіне екі рет (n=12)

Доза

(ішке қабылдау)

Tmax

(сағ.)

Cmax

(мкг/мл)

AUC 0-

(мкг·сағ./мл)

720 мг

2

37.0 (13.3)

67.9 (20.3)

Ересектер

Қайталама дозалар х

28 күн тәулігіне 2 рет (n=36)

Доза

Tmax

(сағ.)

Cmax

(мкг/мл)

AUC 0-12

(мкг·сағ./мл)

720 мг

2.5

31.2 (18.1)

71.2 (26.3)

Ересектер

Ұзақ уақыт емдеу (тәулігіне 2 рет)

ERLB 301 зерттеуі (n=48)

Доза

Tmax

(сағ.)

Cmax

(мкг/мл)

AUC 0-12

(мкг· сағ./мл)

Трансплантациядан кейін 14 күн

720 мг

2

13.9 (8.6)

29.1 (10.4)

Трансплантациядан кейін 3 ай

720 мг

2

24.6 (13.2)

50.7 (17.3)

Трансплантациядан кейін 6 ай

720 мг

2

23.0 (10.1)

55.7 (14.6)

Балалар

Бір реттік доза

n=10

Доза

Tmax

(сағ.)

Cmax

(мкг/мл)

AUC 0-

(мкг·сағ./мл)

450 мг/м2

2-2.5

31.9 (18.2)

76.2 (25.2)

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

МФҚ фармакокинетикасы бүйрек функциясы қалыпты күйден жұмыс істемей қалатын шекке дейін өзгермеген. Бүйрек функциясының бұзылуында МФҚГ AUC ұлғаяды, ал ануриясы бар емделушілерде МФҚГ AUC мәндері шамамен 8 есе жоғары болады. Гемодиализ МФҚ және МФҚГ клиренсіне әсер етпейді. Бүйрек жеткіліксіздігінде бос МФҚ мөлшері едәуір жоғарылауы мүмкін, бұл қанда мочевина концентрациясы жоғары болған жағдайларда ақуыздармен МФҚ байланысуының төмендеуінен болады.

Бауыр жеткіліксіздігі

МФҚ фармакокинетикасы бауыр функциясы жағдайына аз тәуелденеді. Алкогольді бауыр циррозына шалдыққан емделушілердегі МФҚ глюкурондануы бауырдың паренхиматозды ауруының ықпалына салыстырмалы бейімділік көрсетпеген. Аурудың сипатына қарай (көбінесе паренхиманың немесе өт шығару жүйесінің зақымдануы немесе басқалары) МФҚ фармакокинетикасы не өзгермеген күйде қалады, не болымсыз өзгереді. Алайда, көбінесе билиарлы зақымданған бауыр ауруы, мысалы, бастапқы билиарлы цирроз басқаша ықпалды көріністеуі мүмкін. Балаларда қолдану

Балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Майфортик препаратын балаларда қолдану кезіндегі фармакокинетикасының шектеулі деректері бар. Жоғарыда ұсынылған кестеде микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен иммуносупрессиялық ем алатын, бауыр трансплантаты тұрақты педиатриялық трансплантациялық емделушілерге тән фармакокинетикасының орташа мәндері (СО) көрсетілген. Трансплантацияланған ересек емделушілермен салыстырғанда, осы педиатриялық емделушілерде МФҚ Cmax және AUC мәндерінің қатты өзгергіштігі білінген. Осы дозадағы МФҚ AUC орташа мәні Майфортик препаратын 720 мг дозада алған ересек емделушілерге тән мәнінен жоғары болды. Орташа болжанатын МФҚ клиренсі шамамен 7,7 л/сағат құрады. Майфортик препараты дозасының 200-300 мг/м2 шегінде МФҚ AUC 30-50 мкг·сағ./мл мәніне ие болуы күтіледі.

Жынысы

Науқастардың жыныс ерекшелігіне байланысты фармакокинетикалық параметрлерінің клиникалық мәнді айырмашылықтары болмаған.

Егде жастағы емделушілер

Алдын ала жиналған деректер негізінде МФҚ әсерінің жас ұлғаюымен клиникалық мәнді өзгерістері болмайды.

Этникалық топтар/нәсілдік ерекшелік

Майфортик препаратының бір реттік 720 мг дозасын қолданудан кейін дені сау 18 жапондық емделушіде және еуропалық емделушілерде МФҚ және МФҚГ әсер етуі (AUCinf), еуропалық емделушілермен салыстырғанда, жапондық емделушілерде 15 және 22% төмен болды. МФҚГ ең жоғары концентрациялары (Cmax) екі контингентте де ұқсас болды, алайда жапондық емделушілердегі МФҚ Cmax 9,6% жоғары болды. Аталған нәтижелер клиникалық мәнді айырмашылықтарды білдірмейді.

Фармакодинамикасы

Трансплантаттың қабылданбау реакциясының алдын алу үшін қолданылатын иммунодепрессиялық препарат. МФҚ инозинмонофосфатдегидрогеназаны селективті бәсеңдету арқылы гуанозинді нуклеотидтер синтезін тежейді. Осы механизм арқасында Т- және В-лимфоциттер пролиферациясын белсенді сипатта, оның үстіне қанның басқа жасушаларына қарағанда едәуір көп дәрежеде бәсеңдетеді, өйткені лимфоциттер пролиферациясы негізінен de novo синтезіне тәуелденеді.

МФҚ әсер ету механизмі цитокиндер өндірілуін бұзатын және жасушалық циклдың тыныштық фазасында Т-лимфоциттерге әсер ететін кальциневрин тежегіштерінің әсерін толықтырады.

Қолданылуы

- циклоспоринмен микроэмульсия түрінде және глюкокортикоидтармен базалық иммуносупрессиялық ем алатын, бүйректің аллогенді трансплантаттары бар науқастардағы трансплантаттың жедел қабылданбауының алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Майфортик препаратымен емдеуді тек білікті трансплантолог-дәрігерлер жүргізуі тиіс.

Ұсынылатын доза - 720 мг (180 мг 4 таблетка немесе 360 мг 2 таблетка) тәулігіне 2 рет (тәуліктік доза - 1410 мг). Мофетил микофенолатын 2 г дозада алатын емделушілерде емдеуді тәулігіне екі рет тағайындалатын 720 мг Майфортик препаратымен алмастыруға болады (тәуліктік доза - 1410 мг).

Майфортик препараты емделушілерге трансплантациядан кейін 48 сағат ішінде de novo тағайындалу керек. Майфортик препараты ас ішуге байланыссыз қолданылады.

Препаратты егде жастағы емделушілерде қолдану. Емделушілердің осы жас санатында дозаны түзету қажет емес.

Препаратты балаларда қолдану. Майфортик препаратының балалардағы тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Бүйрек трансплантациясы жасалған балалардағы фармакокинетикасы бойынша шектеулі деректер бар.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану. Операциядан кейін бүйрек трансплантаты функциясының іркілісі бар емделушілерде дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының созылмалы ауыр бұзылуы (шумақтық сүзілу жылдамдығы 25 мл/мин/1,73 м2) бар емделушілерді мұқият қадағалау қажет.

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану. Бауыр паренхимасы едәуір зақымданған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Трансплантаттың қабылданбау реакциясы кезінде емдеу. Трансплантаттың қабылданбау реакциясы микофенол қышқылы (МФҚ) фармакокинетикасының өзгерістеріне әкелмейді. Майфортик препаратының дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату талап етілмейді.

Майфортик препаратының таблеткалары ішекте еритін қабығының бүтіндігі сақталу үшін жаншылмауы тиіс. Майфортик препараты таблеткаларының бүтіндігі бүлінсе, ұнтақты деммен ішке тартуға немесе оны теріге немесе шырышты қабыққа тікелей тигізіп алуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Әрі қарай берілетін жағымсыз әсерлер бақыланатын екі клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша жағымсыз әсерлерін қамтиды. Зерттеуде ұзаққа созылған демеуші емде болған трансплантат функциясы тұрақты 423 de novo және 322 емделушіде Майфортик препараты мен мофетил микофенолатының қауіпсіздігі зерттелген (рандомизация 1:1); жағымсыз әсерлер жиілігі әр топта жүргізілген емдер арасында ұқсас болды.

Майфортик препаратын микроэмульсия түріндегі циклоспоринмен және глюкокортикоидтармен үйлестіріп қолданғанда лейкопения мен диарея сияқты жағымсыз құбылыстар өте жиі (>10%) байқалған.

Қатерлі жаңа түзілімдер. Бірнеше препараттармен, соның ішінде МФҚ-мен иммуносупрессиялық ем алатын емделушілерде, атап айтқанда, тері лимфомалары мен басқа да ісіктік зақымдануларының даму қаупі жоғары. Майфортик препаратының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша қатерлі жаңа түзілімдердің жалпы жиілігі мынадай: лимфопролиферациялық аурулар немесе лимфомалар 2 de novo (0,9%) және 1 жылға дейінгі кезеңде Майфортик препаратын алған, ұзаққа созылған демеуші емде болған (1,3%) бүйрек трансплантының функциясы тұрақты 2 емделушіде дамыған; меланомалық емес тері обыры 0.9% de novo және 1 жылға дейінгі кезеңде Майфортик препаратын алған 1,8% демеуші ем көрсетілген емделушіде пайда болды; қатерлі жаңа түзілімдердің басқа түрлері 0,5% de novo және 0,6% демеуші ем көрсетілген емделушіге тән болып келеді.

Жұқпалы аурулар (оппортунистік жұқпалар). Трансплантация жасалған науқастардың бәрінде иммуносупрессия деңгейі ұлғайған сайын арта түсетін жұқпалы аурулардың жоғары даму қаупі бар. Бір жыл бойы қадағаланған трансплантациялық емделушілер бақыланған клиникалық зерттеулер аясында басқа иммунодепрессанттармен біріктірілген Майфортик препаратын алған de novo трансплантациялық емделушілерде жиі болған оппортунистік жұқпалар цитомегаловирусты (ЦМВ) жұқпа, кандидоз және қарапайым ұшық вирусы туғызған жұқпа болды. Майфортик препаратының клиникалық зерттеулер аясында байқалған ЦМВ жұқпасының жалпы жиілігі (серологиялық деректер бойынша, виремия немесе клиникалық тұрғыда айқын) 21,6% de novo және 1,9% ұзақ уақыттық демеуші емде болған трансплантат функциясы тұрақты науқастарда болды.

Өте жиі (≥ 1/10)

  • вирустық, бактериялық жұқпалар және микоздар

  • лейкопения

  • диарея

  • гипокальциемия

  • гипокалиемия

  • гиперурикемия

  • артериялық гипертензия

  • гипотензия

Жиі (≥ 1/100 <1/10)

  • жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, пневмония

  • анемия, тромбоцитопения

  • гипокалиемия

  • гипомагниемия

  • бас ауыру

  • бас айналу

  • мазасыздық

  • өршіген артериялық гипертензия

  • жөтел

  • ентігу, дене жүктемесінде ентігу

  • іш кебу, іштің ауыруы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, сұйық нәжіс, жүрек айну, құсу

  • бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқуы

  • артралгия, астения, миалгия

  • шаршау, гипертермия

  • шеткергі ісіну

  • қандағы креатининнің көтерілуі

Жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100)

  • жарақаттық жұқпа, сепсис, остеомиелит

  • кистозды лимфангиома, лимфопения, нейтропения, лимфаденопатия

  • тремор, ұйқысыздық

  • саусақпен басып тексеру кезінде іштің ауырсынуы, панкреатит, кекіру, ауыздан жағымсыз иіс шығу, ішектің бітелуі, өңештің қабынуы, пептидті ойық жара, ішінара ішек бітелісі, асқазан-ішектен қан кету, ауыздың кеберсуі, еріннің ойық жаралары, құлақ маңындағы без обструкциясы, гастроэзофагальді рефлюкс, гипертрофиялық гингивит, перитонит

  • тұмау тәрізді симптомдар, аяқтардың ісінуі, ауыру, қызба, әлсіздік

  • анорексия, гиперлипидемия, қант диабеті, гиперхолистеринемия, гипофосфатемия

  • тахикардия, өкпе ісінуі

  • конъюнктивит, анық көрмеу

  • арқаның ауыруы, бұлшықеттердің құрысуы

  • тері папилломалары, базалиомалар, Капоши саркомасы, лимфопролиферациялық бұзылулар, жалпақ жасушалы обыр

  • гематурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, несеп өзегінің тарылуы

  • сандырақты қабылдағыштық

  • өкпенің интерстициальді ауруы, өлімге ұшырататын өкпе фиброзын қоса, өкпедегі қан іркілісі, ысқырып дем алу

  • шаштың түсуі, көгерулер, безеулер

Постмаркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша жағымсыз әсерлері.

Келесі жағымсыз әсерлер ерікті берілген есептер мен әдебиет деректері арқылы Майфортик препаратының постмаркетингтік зерттеулері кезінде тіркелген. Аталған жағымсыз әсерлер көлемі белгілі емес контингенттен ерікті жолмен алынғандықтан, осы жағымсыз әсерлер жиілігін сенімді бағалау мүмкін емес, сондықтан да, олар «жиілігі белгісіз» санатта белгіленген. Жағымсыз әсерлер Медициналық нормативтік-құқықтық қызмет сөздігі бойынша жүйе-ағза класына сәйкес берілген. Әрбір жүйе-ағза класы бойынша жағымсыз әсерлер тізбесі жағымсыз әсерлер ауырлығы бойынша кему тәртібімен келтірілген.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар. Тіркеуден кейінгі зерттеулер, постмаркетингтік бақылаулар және ерікті есептер деректері бойынша, бөртпенің жағымсыз әсер екені анықталған.

Мынадай жағымсыз әсерлер микофенол қышқылының туындыларымен байланысты:

Жұқпалар және инвазиялар: күрделі, кейде өмірге қатерлі жұқпалар, менингитті, жұқпалы эндокардитті, туберкулез бен атипиялық микобактериялық жұқпаны қоса. Әсіресе, ЖІ-вирустық жұқпа салдарынан болатын полиомавируспен астасқан нефропатия (ПВАН). Кейде өлімге соқтыратын зардаптарымен үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары хабарланды.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: агранулоцитоз, нейтропения, панцитопения. Микофенол қышқылының туындыларын басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп алған емделушілерде нағыз эроцитарлық аплазия (НЭА) жағдайлары хабарланған.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: колиттер, эзофагиттер (соның ішінде ЦМВ-колит және ЦМВ-эзофагит), ЦМВ-гастрит, панкреатит, ішектің тесілуі, асқазан-ішектен қан кетулер, асқазанның ойық жарасы, он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, ішектің бітелуі.

Егде жастағы емделушілер.

Егде жастағы емделушілер, әдетте, иммуносупрессия себебінен жағымсыз әсерлердің жоғары пайда болу қаупіне ұшырауы мүмкін. Майфортик препараты бойынша клиникалық зерттеулерде біріктірілген иммуносупрессиялық режим аясында Майфортик препаратын алған егде жастағы емделушілер, жас еріктілермен салыстырғанда, жағымсыз әсерлер туындау қаупінің жоғарылауын көріністемеген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • натрий микофенолатына, микофенол қышқылына, мофетил микофеналатына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Байқалған өзара әрекеттесу нәтижелері бойынша ұсынылмайтын біріктірілім

Азатиоприн. Майфортик препараты мен азатиоприн өзара әрекеттесуінің арнайы зерттеулері жүргізілмегендіктен, бұл препараттарды бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Тірі вакциналар. Иммундық жауабы бұзылған науқастарда тірі вакциналар пайдалануға болмайды. Басқа вакциналар пайдаланылғанда антиденелердің өндірілуі төмендеуі мүмкін.

Ескеруді қажет ететін байқалған өзара әрекеттесулер

Ацикловир. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қандағы МФҚГ, (микофенол қышқылы глюкурониді), ацикловирдің де концентрациялары артуы мүмкін. Екі препарат та, бүйрек өзекшелерімен секрецияланатындықтан, организмнен шығарылу деңгейінде бәсекелеседі. Мұндай емделушілерге тиянақты қадағалау қажет болады.

Гастропротекторлық препараттар

Құрамында магний және алюминий гидрототығы бар антацидті препараттар. Антацидтермен бір мезгілде тағайындалғанда натрий микофенолатының сіңуі төмендейді, соның нәтижесінде МФҚ AUC 37% және Cmax 25% азаяды. Майфортик препаратын құрамында магний және алюминий гидрототығы бар антацидті препараттармен қосып қолданғанда сақ болу керек.

Протонды помпа тежегіштері. Дені сау еріктілерде тәулігіне екі рет бір мезгілде 1000 мг ММФ мен 40 мг пантопразол қолдану ММФ AUC 27%, ал ММФ Cmax 57% төмендеуіне әкелген. Дегенмен осы зерттеуде бір мезгілде Майфортик препараты мен пантопразол қолданудан кейін ММФ фармакокинетикасының өзгерістері байқалмаған.

Ганцикловир. Ганцикловирдің қосылуы МФҚ және МФҚГ фармакокинетикасына әсер етпейді. МФҚ емдік концентрациясына жеткен кезде ганцикловир клиренсі өзгермейді. Дегенмен де, Майфортик препараты мен ганцикловир бүйрек функциясы бұзылған науқастарға үйлестіріліп тағайындалғанда ганцикловирдің дозалану режимін түзету қажет болуы мүмкін, ал емделушілерге тиянақты бақылау орнатылуы тиіс. Такролимус. Бүйрек трансплантаты тұрақты емделушілерде жүргізілген кальциневриннің айқаспалы зерттеуінде Майфортик препараты фармакокинетикасының тұрақты деңгейі Неоралмен® де, такролимуспен де емдеу кезінде өлшенген. МФҚ AUC орташа мәні 19% жоғары, Cmax (ең жоғары концентрация) шамамен 20% төмен болды. Керісінше, ГМФҚ AUC және Cmax такролимуспен емдегенде, Неорал® препаратымен емдеумен салыстырғанда, шамамен 30% төмен болды.

Циклоспорин А. Бүйрек трансплантаты тұрақты науқастарда жүргізілген зерттеулер Майфортик препаратының тепе-тең концентрациялары аясында циклоспорин А фармакокинетикасының өзгермегенін көрсетті.

Ескеруді қажет ететін күтілімді өзара әрекеттесулер

Холестирамин және ішек-бауыр айналымына ықпал ететін препараттар. Өзінің препараттардың ішекте сіңуін бөгеу қабілетіне орай, холестерамин қандағы МФҚ концентрациясын және AUC азайтуы мүмкін. Майфортик препараты тиімділігінің төмендеуі мүмкін екеніне орай, холестирамин мен ішек-бауыр айналымын бұзатын препараттарды үйлестіріп қолдануда сақ болу керек.

Ішуге арналған контрацептивтер. Ішуге арналған контрацептивтер тотықтану, әрі Майфортик препараты сияқты глюкурондану реакциясы арқылы метаболизденеді. Ішуге арналған контрацептивтердің Майфортик препаратының фармакокинетикасына ықпал ету ықтималдығы аз, соған сәйкес, қандай да бір клиникалық мәнді өзара әрекеттесудің күтілуі екіталай. Екінші жағынан, Майфортик препаратымен ұзақ уақыт емдеудің ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасына әсері әлі зерттелмегенін ескеріп, контрацептивтер тиімділігінің төмендеуін жоққа шығаруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Сирек тұқым қуалайтын гипоксантин-гуанин фосфорибозил-трансфераза жеткіліксіздігі бар емделушілер

Майфортик препараты – инозинмонофосфатдегидрогеназа тежегіші, сондықтан, теория жүзінде, бұл препаратты сирек тұқым қуалайтын гипоксантин-гуанин фосфорибозил-трансфераза жеткіліксіздігі, мысалы, Леш-Найхан және Келли-Сигмиллер синдромы бар емделушілерде қолдануға болмайды.

Қатерлі түзілімдер

Біріктірілген иммунсупрессиялық, соның ішінде Майфортик препараты қамтылған ем алатын науқастарда, әсіресе, тері лимфомалары мен басқа да қатерлі түзілімдерінің даму қаупі жоғары. Бұл қауіптің қандай да бір спецификалық препарат қолданумен емес, иммуносупрессиялық емнің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болуы бәрінен ықтимал. Тері обырының даму қаупін төмендету мақсатында күн сәулесі мен ультракүлгінді сәулелену әсерін азайту үшін қорғаныш киімдер кию және қорғау дәрежесі жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдалану ұсынылады.

Жұқпалар

Майфортик препаратымен ем алатын науқастар жұқпалану, күтпеген қан құйылулар, қан кетулердің барлық жағдайлары жөнінде және сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуімен байланысы болжанатын кез-келген өзге көріністер туралы дәрігерге шұғыл хабарлауы тиіс.

Микофенол қышқылының туындыларын, Майфортик препаратын және мофетил микофенолатын қоса, иммунодепрессанттармен ем алған емделушілерде В гепатиті мен C гепатитінің қайта белсенуі білінді. Жұқпа жұқтырған емделушілерді В гепатиті мен C гепатиті белсенді жұқпасының клиникалық және зертханалық көріністері тұрғысынан бақылаумен қамтамасыз ету ұсынылады.

Мофетил микофенолаты мен натрий микофенолатын қоса, МФҚ туындыларын қабылдаған науқастарда үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияның (ҮМЛ) кейде өлімге соқтыратын даму жағдайлары жөнінде хабарламалар бар. Бұл жағдайларда жалпы емделушілерде, иммуносупрессиялық ем мен иммундық жүйе функциясының бұзылуын қоса, ҮМЛ бойынша қауіп факторлары болды. Иммуносупрессиялық науқастар жағдайларында дәрігерлер аталған неврологиялық симптоматикасы бар емделушілерге дифференциялық диагноз қойылғанда ҮМЛ дамуы мүмкін екенін ескеру қажет, ал клиникалық көрсетілімдерінде невропатологпен кеңес жүргізілуі тиіс. Әсіресе, ЖІ-вирустық жұқпа салдарынан болған полиомавируспен астасқан нефропатия (ПВАН) бүйрек функциясы нашарлаған иммуносупрессиялық емделушілерде дифференциялық диагностика кезінде ескерілуі тиіс. ҮМЛ немесе ПВАН дамығанда иммуносупрессияның жалпы деңгейінің төмендеуіне назар аудару керек. Алайда трансплантациядан кейінгі емделушілерде иммуносупрессияның төмендеуі трансплантатқа қатер үйіруі мүмкін.

Қан дискразиясы

МФҚ қабылдайтын емделушілерде жүйелі түрде клиникалық қан талдауын жасаған жөн – алғашқы ай ішінде апта сайын, емдеудің екінші және үшінші айларында айына екі рет, сосын бірінші жыл бойына ай сайын. Тікелей МФҚ әсерімен де, қатарлас препараттармен, вирустық жұқпалармен немесе осы факторлардың қосылуымен де байланысты болуы мүмкін қан дискразиясы (нейтрофильдердің абсолютті саны <1,5 х 109 / л нейтропения немесе анемия) дамығанда Майфортик препаратымен емді үзу немесе тоқтату мақсатқа сай болады.

МФҚ туындыларын басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп алған емделушілерде толық қызыл жасушалы аплазия (ТҚЖА) жағдайлары хабарланды. МФҚ туындылары тарапынан ТҚЖА индукция механизмі белгісіз; басқа иммунодепрессанттардың қатысуы мен олардың иммуносупрессия сызбасында біріктірілуі де белгісіз. Алайда МФҚ туындылары жоғарыда сипатталғандай қан дискразиясын туғыза алады. МФҚ туындыларының дозасын азайтқан немесе емін тоқтатқан кейбір жағдайларда ТҚЖА қайтымды болатыны анықталған. Демек, трансплантаты бар емделушілерде иммуносупрессияның төмендеуі трансплантатқа қабылданбау қатерін үйіруі мүмкін. Трансплантаттың қабылданбау қаупін жоққа тән азайту мақсатында трансплантатты реципиенттерді тиісінше бақылау кезінде Майфортик препаратымен емдеуге өзгерістер жүргізген жөн.

Вакцинация

Емделушілерді МФҚ-мен ем кезінде вакцинацияның тиімділігі аз екенін және тірі аттенуирленген вакциналар пайдаланудан аулақ болу жөнінде ескерту керек. Тұмауға қарсы вакцинация пайдалы болуы мүмкін. Бұл мәселені тұмауға қарсы вакцинация туралы ұлттық нұсқауларға сай келістіру керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

МФҚ туындыларын пайдаланудың ас қорыту жүйесі тарапынан болатын асқазан-ішек жолының ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кетулер мен ішек тесілуінің сирек жағдайларын қамтитын жағымсыз әсерлердің жоғары жиілігіне ұласуына байланысты, Майфортик препаратын өршу фазасындағы асқазан-ішек жолының күрделі аурулары бар емделушілерге абайлап тағайындау керек.

Басқа препараттармен біріктіру

Майфортик препараты клиникалық зерттеулер аясында мына препараттармен біріктіріп қолданылған: антитимоцитарлық глобулин, базиликсимаб, микроэмульсия түріндегі циклоспорин және кортикостероидтар. Майфортик препаратын басқа иммунодепрессанттармен қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Лактоза

Препарат құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілерге бұл препаратты тағайындауға болмайды.

Ер жынысты емделушілер

Ер жынысты және жыныстық тіршілігі белсенді емделушілерге Майфортик препаратымен емделу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін 13 апта бойы мүшеқап пайдалану ұсынылады. Бұдан басқа, олардың әйел жынысты жұптастарына ем кезінде және Майфортик препаратының соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 13 апта бойы тиімділігі жоғары контрацепция құралдарын пайдалануға кеңес беріледі.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер, жүктілік және бала емізу

Жүктілік кезінде Майфортик препаратын қолдану өздігінен түсік тастау мен туа біткен даму ақауларын қоса, жүктілік кезінде ұрықтың өліп қалу қаупінің жоғарылауымен астасады. Майфортик препаратының жеткілікті және қатаң бақыланатын зерттеулерінің болмауына қарамастан, АҚШ Ұлттық трансплантациядан кейінгі жүктіліктер регистрінен алынған деректер негізінде жүктілік кезінде басқа иммунодепрессанттармен біріктірілген мофетил микофенолатын қолдану, Ұлттық трансплантациядан кейінгі жүктіліктер регистріндегі трансплантациялық емделушілер арасында білінген 4-5% мөлшеріндегі даму ақауларының жиілігімен салыстырғанда, 22% мөлшеріндегі туа біткен ақаулар жиілігінің жоғарылауымен (18 әсер етумен тірі туған нәрестедегі 4 жағдай) астасқан. Мофетил микофенолатын қолдану кезінде тіркелген туа біткен ақаулар сыртқы құлақтың ақауларын және басқа бет-әлпет кемістіктерін, соның ішінде ерін мен таңдай жырықтары, туа біткен диафрагмалық жарық, аяқ-қолдың дистальді бөлімінің, жүректің, өңештің және бүйректің аномалияларын қамтыды. Мофетил микофенолатын жүктілік кезінде қолдану, хабарламалар деректері бойынша, өздігінен түсік тастау қаупінің жоғарылауымен астасқан. Микофенол қышқылына ішу арқылы қабылдаудан немесе көктамыр ішіне енгізуден кейін айналатындықтан, аталған қауіптерді Майфортик препараты үшін де ескеру қажет. Микофенол қышқылының тератогенділік қуаты жануарларға жасалған клиникалық зерттеулерде білінді.

Жүктілік тестісінің теріс нәтижесі алынғанша Майфортик препаратымен емдеуді бастауға болмайды. Жүкті болып қалған жағдайда емделуші әйел дәрігермен дереу кеңесуі тиіс.

Баламалы ем жоқ жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде Майфортик препаратын қолдану ұсынылмайды. Майфортик препаратымен ем басталғанша емдеу курсы бойына және ол біткеннен кейін 6 ай ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану керек.

Микофенол қышқылының ана сүтіне бөлінуі белгісіз. Майфортик препараты емшек емізу кезінде қолданылмауы тиіс. Көп препараттардың ана сүтіне бөлінетінін ескеріп, сондай-ақ қоректендірілетін жаңа туған нәрестелер/балалардағы ауыр жағымсыз әсерлер әлеуетіне орай, ем кезінде және емді тоқтатқаннан кейін 6 апта бойы емшек емізуден немесе препараттың ана үшін маңыздылығын ескеріп, медициналық препаратты пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Майфортик препаратын қабылдаудың автомәшине жүргізу және мехнизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы анықталмаған. Майфортик препаратының әсер ету механизмі, фармакодинамикалық әсерлері мен сипатталған жағымсыз құбылыстарына қарап, осындай ықпалдың болу мүмкіндігі жорамалданбайды.

Артық дозалануы

Майфортик препаратымен көзделген және көзделмеген артық дозаланудың шытырман мысалдары тіркелген, онда емделушілердің бәрі бірдей тиісті жағымсыз әсерлерді сезінбеген.

Тіркелген жағымсыз әсерлерімен артық дозалану жағдайларында аталған жағымсыз әсерлер жүктілікті зерттеудің белгілі кластық нәтижелеріне тиісті болды. Осылайша, Майфортик препаратымен артық дозалану иммундық жүйенің шектен тыс супрессиясына әкелуі мүмкін және оппортунистік жұқпалар, өлімге ұшырататын инвазиялар мен сепсисті қоса, жұқпаларға сезімталдықты арттыра алады. Қан дискразиясы дамығанда (мысалы, нейтрофильдердің абсолютті саны <1,5 х 103 / мкл нейтропения немесе анемия) Майфортик препаратын үзу немесе тоқтату мақсатқа сай.

Белсенді емес ГМҚ метаболиті гемодиализбен шығарылса да, бұл әдіспен белсенді МФҚ клиникалық мәнді мөлшерлерінің тиімді шығарылуын күтпеу керек. Бұл едәуір дәрежеде плазма ақуыздарымен жоғары деңгейде (97%) МФҚ байланысуынан болады. Холестирамин және өт қышқылдарының басқа секвестранттары ішектен МФҚ сіңуін нашарлатады, сондықтан да оның қандағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан РА/АL/РVС үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

12 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Новартис Фарма Штейн АГ

Шафхаузерштрассе

4332 Штейн, Швейцария

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Новартис Фарма АГ, Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

993126361477976656_ru.doc 136.5 кб
161380381477977813_kz.doc 171.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники