Магния сульфат 5мл (250мг/мл) (Magnesium sulfate)

МНН: Магния сульфат
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019301
Информация о регистрации в РК: 11.08.2017 - 11.08.2022
Номер регистрации в РБ: 19/09/276
Информация о регистрации в РБ: 28.06.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 13.62 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Магний сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 250 мг/ мл

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат – магний сульфаты 1250 мг,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қоспа. Электролиттік ерітінділер. Магний сульфаты

АТХ коды B05XA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелі әсерлері бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң және көктамыр ішіне енгізгеннен кейін дереу дамиды. Әсерінің сақталу ұзақтығы көктамырға енгізгеннен кейін 30 минутқа жуықты және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 3-4 сағ. құрайды.

Қан плазмасындағы магний иондарының концентрациясы қалыпта орташа 0,84 ммоль/л құрайды, осы мөлшердің 25-35% ақуыздармен байланысқан күйінде болады.

Плацента және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді, сүтте қан плазмасындағы концентрациядан 2 есе жоғары концентрация түзеді.

Сүзілу жолымен несеппен шығарылады (бұл кезде диурез күшейеді), бүйректік экскреция жылдамдығы қан плазмасындағы концентрациясына пропорционалды. Магнийдің 93-99% бүйректің проксимальді және дистальді өзекшелерінде кері реабсорбцияға ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Парентеральді енгізгенде седативті, ұйықтататын, жалпы жансыздандыратын, құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, гипотензиялық, спазмолитикалық және токолитикалық әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі. Кальцийдің физиологиялық антагонисі болып табылады, оны байланысқан орнынан ығыстырып шығарады. Зат алмасу үдерісін, нейромедиаторлық үдерісті және жүйке-бұлшықеттік берілісті реттейтін 300-ден аса ферментативтік реакцияларға қатысады. Магний иондары жасушалар жарғақшаларының потенциал-тәуелді кальций өзекшелерінің бөгегіші рөлін атқарады. Нәтижесінде кальций иондарының пресинаптикалық жарғақша арқылы өтуі бұзылады, ол ацетилхолиннің бөлінуінің азаюына және жүйке-бұлшықеттік берілістің бәсеңдеуіне әкеледі.

Қан плазмасында концентрациясының жоғарылауына қарай алдымен седативті, содан кейін ұйықтататын және құрысуға қарсы және ақырында– жалпы жансыздандыратын әсер (наркоз) туындатып, ми қыртысында нейромедиаторлардың кальций-арқылы бөлінуін дозаға тәуелді бәсеңдетеді.

Магний сульфаты ішкі ағзалардың, жатырдың және қантамырларының тегіс бұлшықеттерін босаңсытады. Негізінен жоғары артериялық қысымды төмендетеді және қалыпты артериялық қысымға аздап әсер етеді.

Магний иондары реполяризацияның жеделдетілуі және әсер ету потенциалының жалпы ұзақтығының қысқаруы (фазасына [2] және [3] әсер ету потенциалына әсері) есебінен ерте және кеш триггерлік белсенділігіне байланысты тахиаритмияларда аритмияға қарсы әсер көрсетеді. ЭКГ-да PQ аралығының ұзаруы және QRS кешені мен QT аралығының қысқаруы байқалды.

Қолданылуы

Кешені ем құрамында:

– магний тапшылығын (гипомагниемия) емдеуде, оның ішінде жедел гипомагниемия - тетания

– жүрек ырғағының қарыншалық бұзылуында (оның ішінде «пируэт» типті)

– гипертониялық кризді басуда (оның ішінде ми ісінуінің белгілерімен)

– жүктілердің преэклампсия және эклампсиясында (құрысу синдромын тоқтату үшін)

– мышьяк, тетраэтилқорғасын, барийдің еритін тұздары секілді ауыр металдар тұздарымен улануда.

Қолдану тәсілі және дозалануы

Препаратты бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу (алғашқы 3 мл-ді – 3 минут бойы) енгізеді. Көктамыр ішіне енгізгенде емделуші жатуы керек.

Ересектерге 1,25-5,0 г-ден (5-20 мл 25% ерітінді) тәулігіне 1-2 рет тағайындалады. Уыттануда у қайтарғы ретінде көктамыр ішіне 0,25-1,0 г (5-10 мл 5-10% ерітінді түрінде) енгізеді.

Аритмияны тоқтату үшін көктамыр ішіне баяу 1-2 минут ішінде 1,0-2,0 г (4-8 мл 25% ерітінді) енгізеді, содан кейін 2 сағат бойы демеуші инфузиялық енгізуге ауысады. Ол үшін 10 мл 25% ерітіндіні 200 мл 5% глюкоза немесе калий-поляризациялайтын қоспада сұйылтады және 3-20 мг/мин (5-30 тамшы/мин) жылдамдықпен енгізеді.

Кеш токсикоз, преэклампсия және эклампсияны емдеуде магний сульфатын Ричард сызбасы бойынша енгізуді қолданады: алдымен 4,0 г (16 мл 25% ерітінді) көктамыр ішіне баяу 3-4 минут ішінде, 4 сағаттан кейін сол дозада көктамыр ішіне енгізуді қайталайды және қосымша бұлшықет ішіне 5,0 г (20 мл 25% ерітінді) енгізеді. Кейіннен әрбір 4 сағатта магний сульфатты 4,0-5,0 г дозада (16-20 мл 25% ерітінді) бұлшықет ішіне енгізуді қайталайды. Ричард сызбасының орнына 5,0 г магний сульфатын (20 мл 25% ерітінді) 400 мл 0,9% натрий хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтып көктамыр ішіне тамшылатып 9-25 мг/мин (15-40 тамшы /мин) жылдамдықпен енгізуге болады.

Гипомагниемияны емдеу.

Жаңа туған балаларға препаратты әрбір 8-12 сағат сайын 25-50 мг\кг дозада, нәрестелер мен балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 25-50 мг\кг дозада көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне қолданылады, ең жоғары рұқсат етілген доза 2000 мг. Көктамыр ішіне енгізгенде препаратты 1% ерітінді түрінде баяу (бір сағат ішінде) енгізу ұсынылады. Жаңа туған балаларға препаратты көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге болмайды, өйткені ол тыныстың, жүректің тоқтап қалуы және артериялық гипотонияның дамуымен қауіпті. Қажет болғанда тек көктамыр ішіне енгізу үшін 3% ерітіндіні қолдануға болады. Құрысуды тоқтату үшін балаларға препаратты 20-40 мг/кг (0,08-0,16 мл/кг 25% ерітінді) есебімен бұлшықет ішіне тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- артериялық гипотензия, брадикардия, жүректің соғуын сезіну, өткізгіштіктің бұзылуы, РQ аралығының ұзаруы және ЭКГ-де QRS кешенінің кеңеюі, аритмия, кома, жүректің тоқтап қалуы

- ентігу, тыныстың тарылуы

- бас ауыруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, сананың шатасуы, естен тану, көңіл күйдің болмауы, сіңір рефлекстерінің төмендеуі, диплопия, үрей, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, тремор және аяқтардың ұйып қалуы

- бұлшықет әлсіздігі

- жүректің айнуы, құсу, диарея

- анафилактикалық шок, ангионевроздық ісіну, гипертермиялық синдром, қалтырау

- гиперемия, қышыну, бөрту, есекжем, ыстық құйылулар, терлеудің күшеюі

- полиурия

- жатыр атониясы

- гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперосмолярлық дегидратация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия, айқын брадикардия (ЖЖЖ минутына 55 соғудан кем), атриовентрикулярлық блокада

- кальцийдің тапшылығы және тыныс орталығының бәсеңдеуімен байланысты жағдайлар, тыныс алу ағзаларының ауыр аурулары

- кахексия

- бүйрек функциясының бұзылуы, айқын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 20 мл/мин кем)

- миастения

- қатерлі жаңа түзілімдер

- босануға дейінгі кезең (босанғанға дейінгі 2 сағат), лактация кезеңі

- менструация

Сақтықпен: миастенияда, тыныс ағзаларының ауруларында, асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну ауруларында, жүктілікте, балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда жүйке жүйесін бәсеңдететін (алкоголь, психотропты, ұйықтататын, паркинсонға қарсы, құрысуға қарсы дәрілер) басқа дәрілердің әсерін күшейтеді. Барбитураттармен, есірткілік анальгетиктермен, гипотензивті дәрілермен бір мезгілде қолданғанда тыныс алу орталығын бәсеңдету мүмкіндігі күшейеді.

Жүрек гликозидтері магний сульфатымен бір мезгілде қолданғанда AV-блокада мен өткізгіштіктің бұзылуының даму қаупін күшейтеді.

Миорелаксанттар мен нифедипин магний сульфаттың нейробұлшықеттік бөгелісті туындату қасиетін күшейтеді.

Тромбозға қарсы дәрілердің, К витамині антагонистерінің, изониазидтің, моноаминдерді кері нейрональді қармаудың іріктелмеген тежегіштерінің

әсері төмендейді. Мексилетиннің шығарылуы баяулауы мүмкін (дозасын қайта қарастыру қажет болуы мүмкін).

Пропафенон – екі препараттың да әсерін күшейеді және уытты әсерінің қаупі жоғарылайды.

Тетрациклин тобының антибиотиктерінің сіңуін бұзады, ішек бітелісі мүмкін, стрептомицин мен тобрамициннің әсерін әлсіретеді.

Кальций тұздарын көктамыр ішіне енгізу магний сульфатының әсерін әлсіретеді.

Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияда), карбонаттармен, бикарбонаттармен және сілтілі металл фосфаттарымен, мышьяк қышқылының тұздарымен, барий, стронций, клиндамицин фосфатымен, гидрокортизон сукцинатымен, полимиксин В сульфатпен, прокаинмен, новокаинмен, гидрохлортиазидпен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық сыйымсыз (тұнба түзеді).

Толық парентеральді тамақтануға арналған қоспалардағы Mg2 +

10 ммоль/мл-ден асатын концентрацияларында майлы эмульсиялар таралуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолданғанда орталықтық гемодинамика, АҚ мониторингі, жүрек қызметі, сіңірлік рефлекстер, тыныс алу жиілігі және бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау талап етеді.

Бүйрек жеткіліксіздігінде магнийдің шығарылуы баяулайды, ал қайталап енгізгенде оның кумуляциясы анықталуы мүмкін. Сондықтан егде жастағы науқастарда және бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен науқастарда препарат дозасы 48 сағат ішінде 20 г аспайтын магний сульфатын (81 ммоль Mg2+) құрауы керек, олигурия немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен науқастарда магний сульфатты көктамыр ішіне тез енгізу керек. Несеп жолдарының инфекциясы аммиак-магнийлік фосфаттардың преципитациясын жеделдетеді, бұл жағдайда уақытша магнезиотерапия ұсынылмайды. Магний сульфатын парентеральді енгізгеннен кейін, магнийдің шығарылуы бұзылған жағдайда гипермагниемия болуы мүмкін. Миастения және тыныс жолдарының ауруларында сақтықпен қолданады.

Кальций препараттарын магний сульфатымен бір мезгілде енгізу қажеттігінде оларды әр түрлі көктамырларға енгізу керек.

Магний сульфатын көктамыр ішіне енгізуді баяу жүргізеді: өте жоғары енгізу жылдамдығында гипермагниемия мүмкін (симптомдары – жүрек айнуы, парестезиялар, седативті әсер, апноэға дейін гиповентиляция, терең сіңірлік рефлекстердің төмендеуі). В6 витамині мен инсулинді бір мезгілде парентеральді енгізу магнезиотерапияның тиімділігін жоғарылатады.

Зертханалық бақылауда магнийдің қан плазмасындағы деңгейінің қалыпты көрсеткіштері оның тіндердегі тапшылығын жоққа шығармайтынын ескеру керек, өйткені оның қан плазмасындағы және жасуша аралық сұйықтықтағы концентрациясы әрдайым өзара байланысты емес.

Педиатрияда қолданылуы

Магний сульфатын сіңірлік рефлекстерді және магнийдің қан плазмасындағы и концентрациясын бақылай отырып балаларда өмірінің алғашқы жылынан қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Магний сульфаты плацента арқылы өтеді, ұзақ уақыт емдеу (3-аптадан аса) кальцийдің ұрық организмінен шығуына ықпал етеді. Жүктілік кезінде магний сульфатын магнийдің қандағы концентрациясын ескеріп, күтілген емдік әсер ұрық үшін әлеуетті қаупінен асқан жағдайда сақтықпен қолданылады. Босануда ауыруды басу үшін қолданғанда жиырылуды бәсеңдету мүмкіндігін ескеру және босануды стимуляциялайтын дәрілерді енгізуді талап ету керек. Препаратты қолдану қажеттігінде емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Седативті әсері, бас айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, естен тану және жүйке-бұлшықеттік берілістің бәсеңдеуінің даму мүмкіндігін ескеріп, препаратты қолдану кезеңінде көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: тізе рефлексінің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, АҚ күрт төмендеуі, брадикардия, тыныстың тарылуы және ОЖЖ бәсеңдеуі.

Емі: к/і баяу, кальций хлориді немесе кальций глюконаты ерітіндісі –5 - 10 мл 10 %, оксигенотерапияны жүргізеді, карбогенмен тыныстау, жасанды тыныстау, перитонеальді диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан шыныдан жасалған ампулаларда.

10 ампуладан ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған. Қораптар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған.

10 ампула ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сындыру сақинасы немесе кертігі және сындыру нүктесі бар ампулаларды қолданғанда, ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты», ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қ-сы, Чапаев к-сі 64,

Тел/факс +375(177)734043,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты», ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі 64, тел/факс +375(177)734043,

электронды поштасы market@borimed.com

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

227017141477977012_ru.doc 73.5 кб
586347741477978189_kz.doc 101 кб
19_09_276_s.pdf 0.54 кб
19_09_276_p.pdf 0.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ