Магния сульфат (порошок)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Магний сульфаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Іш қатуларды емдеуге арналған препараттар. Осмотикалық іш жүргізетіндер. Магний сульфаты.
АТХ коды А06AD04
Қолданылуы
улануда
іш қатуда
ішекті тазартуда
диагностикалық манипуляциялар алдында
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препаратқа жоғары сезімталдықта
айқын брадикардияда
АV блокадада
бүйрек қызметінің бұзылуында
тыныс алу мүшелерінің ауруында
асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну ауруларында
кальцийдің тапшылығы жағдайында
жүктілікте, лактация кезеңінде
етеккірде
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Ұзақ емдеу кезінде қан қысымын, сіңір рефлекстерін, бүйрек функциясын және тыныс алу жиілігін бақылау ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Магний сульфатын тетрациклиндермен бiрге ішу арқылы қолданғанда соңғысының әсері оның сіңірілуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкiн.
Шеткері әсері миорелаксанттармен бiр уақытта қолданғанда жүйке-бұлшық еттiк берілудің бәсеңдеуі артады.
Нифедипинмен бірге қолданылғанда бұлшық еттердің босаңсуы айқын білінеді.
Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияда), карбонаттармен, бикарбонаттармен және фосфаттарымен сілті металдарымен, мышьяк қышқылының тұздарымен, бариймен, стронциймен, новокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартратармен фармацевтикалы үйлесімсіз (шөгінді түзіледі).
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалар
Қолдануға болмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару қабілетіне және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер 1/2 стақан сумен бірге 10-30 г-нан ұйқы алдында немесе тамақтанардан 30 мин бұрын ашқарынға.
Созылмалы iш қату кезiнде клизма (20 – 30 % ерітiндi 100 мл) қолданылуға болады.
Енгізу тәсілі және жолы
Пероральді
Артық дозаланғанда қолданатын шараларБелгілері: жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның күрт төмендеуі, брадикардия, тыныстың және орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі.
Емдеу: антидот ретінде кальций препараттарын (кальция хлориді немесе кальций глюконаты) вена ішіне (өте баяу) енгізеді, перитонеальды диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық (ОЖЖ және жүрек-қан тамыр жүйесі функциясын түзетушілер) дәрілер.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
жүрек айну, құсу, диарея
асқазан- ішек жолдары ауруларының асқынуы
тыныс алу бәсеңдеуі мүмкін
гипотензия
тыныштандыратын және ұйықтататын әсер беруі мүмкін
тағам ингредиенттерін және бір уақытта қабылданған дәрілік заттарды қорытудың бұзылуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 г құрамы
белсенді зат - 1.0 г магний сульфаты гептагидраты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе жылтыраған түссiз кристалдар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г-нан бұрандалы мойынды шынымассалы банкіде, 70 г-нан бұрандалы мойынды шынымассалы тығыздайтын элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар құтыда немесе тығындайтын созылмалы қақпағы бар медициналық шыныдан жасалған банкіде.
Құтыларға немесе банкілерге заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Құтылар немесе банкілер санына сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге орауыш қағаздан жасалған қаптамаға немесе картон қорапшаға немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ruТіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ruҚазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru