Люголя раствор с глицерином (25 г, Фармация 2010 ТОО)

МНН: Йод, Калия йодид
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003162
Информация о регистрации в РК: 20.11.2015 - 20.11.2020
Информация о регистрации в РБ: 24.08.2020 - 24.08.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 76.68 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глицеринді Люголь ерітіндісі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: 1,0 г йод

2,0 г калий йодиді

қосымша заттар: глицерин, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір, йод иісі бар қызыл-қоңыр-түсті шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Йод препараттары

ATХ коды D08AG

Фармакологиялық қасиеттері

Бактерияларға (грамоң және грамтеріс бактерияларға, зеңдерге, вирустарға, қарапайымдарға) қарсы әсері бар біріктірілген препарат. Антисептикалық әсері микроорганизмдердің өмір тіршілігі үшін маңызды ферменттердің белсенділігін тежеумен байланысты. Шырышты қабықтардың қабыну ауруларында тітіркендіргіш және аулақтатқыш әсері бар.

Қолданылуы

- тамақ пен көмей шырышты қабықтарының қабыну ауруларында

- созылмалы тонзилитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, 5-10 тамшыдан көмей, жұтқыншақ шырышты қабықтарына күніне 2 рет жағуға арналған.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • ұзақ қолдану йодизм құбылыстарын туғызуы мүмкін (тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, жастың ағуы, сілекейдің ағуы, безеулі бөртпе).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • аса жоғары сезімталдық

  • өкпе туберкулезі

  • гемморрагиялық диатездер

  • бауыр мен бүйректің ауыр түрдегі аурулары

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глицеринді Люголь ерітіндісін сутегінің асқын тотығымен және басқа зарарсыздандырғыш заттармен бірге бір уақытта қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік, лактация кезеңі

Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Шығару түрі және қаптамасы

25 мл препараттан полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыға құйылған. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

065811641477976324_ru.doc 47 кб
121906951477977574_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники