Левофлоксацин (5 мг/мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Левофлоксацин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левофлоксацин
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған ерітінді 2 мг/мл, 3 мг/мл, 5 мг/мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – левофлоксацин гидрохлориді 232.0 мг, 348.0 мг немесе 580.0 мг (200 мг, 300 мг немесе 500 мг левофлоксацинге баламалы),
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
С ипаттамасы
Жасылдау-сары түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары.
Фторхинолондар. Левофлоксацин.
АТХ коды J01МА12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Левофлоксацинді к/і 500 мг/100 мл дозада енгізгеннен кейінгі фармакокинеткалық сипаттамалары мынаны құрайды: қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) – 6.27 мкг/мл, жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) - 6.28 сағ. құрайды.
Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы – 30-40%. Ағзалар мен тіндерге: өкпеге, бронхтардың шырышты қабығына, қақырыққа, несеп-жыныс жүйесінің мүшелеріне, сүйек тініне, жұлын-ми сұйықтығына, қуықасты безіне жақсы өтеді.
Бауырда аздаған бөлігі тотықтанады және/немесе дезацетилденеді. Организмнен шумақтық сүзіліс және өзекшелік секреция жолымен көбінесе бүйрек арқылы шығарылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препарат клиренсінің азаюы және оның бүйрек арқылы шығуы креатинин клиренсінің төмендеу дәрежесіне байланысты.
Фармакодинамикасы
Фторхинолдар тобының микробқа қарсы препараты. Кең ауқымды микробқа қарсы әсерге ие. Левофлоксацин ДНҚ-гиразаны (II топоизомераза) және IV топоизомеразаны бөгейді, ДНҚ синтезін тежейді, цитоплазмада, жасуша қабырғасында және жарғақшасында үлкен морфологиялық өзгерістер туғызады. Левофлоксацин in vitro, сондай-ақ in vivo жағдайларында көптеген микроорганизм штаммдарына қатысты белсенді.
In vitro сезімтал (МПК ≤ 2мг/мл) аэробты грамоң микроорганизмдер: Corynebacterium diphtheriaae, Enterococcus spp. (Enterococcus faecalis), Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp. (коагулазалық - негативті және метициллинге сезімтал/метициллинге орташа сезімтал штаммдар), Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus spp. (лейкотоксині - бар); Streptococcus spp. (C және G топтары), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге сезімтал, орташа сезімтал, төзімді штаммдар), Streptococcus pyogenes, viridans тобындағы Streptococcus (пенициллинге сезімтал, төзімді штаммдар). Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter spp. (Acinetobacter baumannii), Actinobacillus actinomycetemcomitans, Citrobacter freundii, Eikenella corrodens, Enterobacter spp. (Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae), Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae (ампициллинге сезімтал, төзімді штаммдар), Haemophilus parainfluenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp. (Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae), Moraxella catarrhalis (бета-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназаны өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Neisseria meningitidis, Pasteurella spp. (Pasteurella cаnis, Pasteurella dagmatis, Pasteurella multocida), Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia spp. (Providencia rettgeri, Providencia stuartii), Pseudomonas spp. (Pseudomonas aeruginosa), Serratia spp. (Serratia marcescens), Salmonella spp.
Левофлоксацин мына аэробты грамоң микроорганизмдерге қатысты орташа белсенді (МПК≤4мг/л): Corynebacterium urealyticum, Corynebacterium xerosis, Enterococcus faecium, Staphylococcus epidermidis (метициллинге төзімді штаммдар), Staphylococcus haemolyticus (метициллинге төзімді штаммдар).
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Burkholderia cepacia, Campylobacter jejuni, Campylobacter coli. Анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus, Bacteroides ovatus, Prevotella spp., Porphyromonas spp.
Левофлоксацинге төзімді (МПК≥8мг/л) аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Corynebacterium jeikeium, Staphylococcus aureus (метициллинге төзімді штаммдар), басқа да Staphylococcus spp. (коагулазалық теріс метициллинге төзімді штаммдар). Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Alcaligenes xylosoxidans. Басқа да микроорганизмдер: Mycobacterium avium.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған жұқпалы-қабыну аурулары:
- ауруханадан тыс пневмонияда
- пиелонефритті қоса, бүйрек және несеп шығару жолдары жұқпаларының асқынуында
- созылмалы бактериялық простатитте
- тері және жұмсақ тіндер жұқпасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне, тамшылатып, баяу.
Дозалау жұқпаның түрі мен ауырлығына, болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болады. Енгізу ұзақтығы 250 мг (50 мл инфузиялық ерітінді) 30 минуттан кем болмауы тиіс, 500 мг (100 мл инфузиялық ерітінді) - 60 минуттан кем емес, тәулігіне 1-2 рет құрайды.
Енгізу жолдарының екеуінің де баламалылығын ескеріп, науқас ахуалына қарай бірнеше күн емделген соң дәл сол дозада препаратты ішке қабылдауға көшуге болады.
Емдеу ұзақтығы ауру ағымының түріне және ауырлығына байланысты. Жедел қабыну белгілері азайып, температурасы қалпына келгеннен кейін левофлоксацинмен емдеуді, кез келген басқа антибактериялық емдегі сияқты, кем дегенде, тағы 48-72 сағатқа жалғастыру керек.
Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде препаратты дозалау
(креатинин клиренсі > 50 мл/мин)
Көрсетілімдер |
Тәуліктік доза |
Ауруханадан тыс пневмония |
500 мг (100 мл ерітінді) тәулігіне 1-2 рет |
Асқынған несеп шығару жолдарының жұқпалары (пиелонефритті қоса) |
250 мг (50 мл ерітінді) тәулігіне 1 рет (ауру ағымы ауыр болғанда дозаны арттыру керек) |
Созылмалы бактериялық простатит |
500 мг (100 мл ерітінді) тәулігіне 1 рет |
Тері және жұмсақ тіндер жұқпасы |
500 мг (100 мл ерітінді) тәулігіне 2 рет |
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде препаратты дозалау
(креатинин клиренсі < 50 мл/мин)
Креатинин клиренсі, мл/мин |
Көктамырішілік енгізуге арналған дозалар |
||
250 мг/24 сағат |
500 мг/24 сағат |
500 мг/12 сағат |
|
Бастапқы доза 250 мг |
Бастапқы доза 500 мг |
Бастапқы доза 500 мг |
|
50-20 |
Әрі қарай 125 мг/24 сағат |
Әрі қарай 250 мг/24 сағат |
Әрі қарай 250 мг/12 сағат |
19-10 |
Әрі қарай 125 мг/48 сағат |
Әрі қарай 125 мг/24 сағат |
Әрі қарай 125 мг/12 сағат |
<10 (гемодиализді және тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализді қоса) |
Әрі қарай 125 мг/48 сағат |
Әрі қарай 125 мг/24 сағат |
Әрі қарай 125 мг/24 сағат |
Гемодиализден немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализден кейін қосымша дозалар енгізу қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілер: дозаны реттеу қажет емес.
Егде жастағы емделушілер: бүйрек функциясы бұзылуындағы түзетуді қоспағанда, доза түзетуді талап етпейді.
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер: левофлоксацинді қолдануға болмайды.
Басқа инфузиялық ерітінділермен араластыру.
Левофлоксацин, инфузияға арналған ерітіндісі төмендегі инфузиялық ерітінділермен үйлесімді: натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі, 5 % декстроза ерітіндісі, Рингер ерітіндісіндегі 2,5 % декстроза ерітіндісі, парентеральді қоректендіруге арналған біріктірілімдегі ерітінді (аминқышқылдар, көмірсулар, электролиттер).
Үйлесімсіздігі.
Левофлоксацинді, инфузияға арналған ерітіндісін гепаринмен және сілтілік ерітінділермен (мысалы, натрий карбонаты) және жоғарыда келтірілгендерден басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема, гипергидроз
Кейде тері және шырышты қабық тарапынан болатын реакциялар левофлоксациннің бірінші дозасынан кейін-ақ пайда болуы мүмкін.
- QT аралығының ұзаруы
- рабдомиолиз
- панцитопения, гемолитикалық анемия
- жоғары сезімталдық («Айрықша нұсқауларды» қар.)
- құлақтың шуылдауы
- сарыауру және бауырдың күрделі зақымдануы, оған қоса жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары, ең алдымен, күрделі негізгі ауруы бар науқастарда («Айрықша нұсқауларды» қар.)
- арқаның, кеуденің және қол-аяқтың ауыруы
- экстрапирамидалық симптомдар және басқа да бұлшықет координациясының бұзылуы
- гиперсенситивтік васкулит
- порфириясы бар науқастарда порфирия ұстамалары
Жиі
- жүрек айнуы, диарея, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (мысалы, аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза (СФ), гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТП))
- флебит
- инфузия орнындағы реакция
Кейде
- анорексия, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату
- тері бөртпесі, қышыну
- бас айналуы, бас ауыруы, қатты ұйқышылдық, ұйқысыздық, тітіркенгіштік
- билирубин мен қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- лейкопения, эозинофилия
- жалпы әлсіздік (астения)
- зеңдік жұқпа (басқа да төзімді микроорганизмдердің көбеюі)
Сирек
- есекжем, бронх түйілуі, ентігу
- диарея энтероколиттің, оның ішінде жалған жарғақшалы колиттің белгісі болып табылатын қан қоспасымен
- құрысу, парестезия, тремор, психотикалық бұзылыс, депрессия, сананың шатасуы, ажитация, жоғары үрейлілік
- тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі
- тромбоцитопения, нейтропения
- сіңірлердің, оның ішінде тендинит, мысалы, ахилл сіңірінің зақымдануы, буын және бұлшықет ауыруы
Өте сирек
- Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар бірінші дозаны қабылдағаннан кейін-ақ дамуы мүмкін
- фотосенсибилизация, аллергиялық пневмонит, қызба
- гипогликемия, әсіресе диабетпен ауыратындарда
- көрудің бұзылуы
- естудің нашарлауы
- дәм сезгіштіктің бұзылуы барлық дәм сезуден айрылғанға дейін, иіс сезудің бұзылуы одан толық айрылғанға дейін
- сіңірлердің мысалы, ахилл сіңірлерінің үзілуі
Бұл жағымсыз әсер ем басталғаннан кейін 48 сағаттан соң білініп, екі жақты болуы мүмкін
- ауыр миастениясы бар науқастар үшін аса маңызды бұлшықет әлсіздігі
- гепатит
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, мысалы, интерстициальді нефриттің салдары
- агранулоцитоз
- психикалық реакциялар, аутоагрессивтік құлқымен, оның ішінде суицидальді ойлармен немесе әрекеттерімен, елестеу
- сенсорлық және сенсомоторлық шеткергі невропатия, оның дамуы жылдам болуы мүмкін
Егер науқаста невропатия симптомдары пайда болса қайтымсыз жағдайдың дамуына жол бермеу үшін Левофлоксациннен бас тарту керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- левофлоксацинге жоғары сезімталдық (оның ішінде хинолондар тобының басқа препараттарына)
- эпилепсия
- фторхинолондарды алдыңғы қолдану кезінде байқалатын сіңірлердің зақымдануы
- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
- жүктілік және лактация кезеңі
- Q-T аралығының ұзаруы
- гипокалиемия
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- IA класты (хинидин, прокаинамид) немесе III класты (амиодарон, соталол) аритмияға қарсы препараттар қабылдау.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Левофлоксациннің фармакокинетикасы төмендегі препараттармен бірге қолданғанда клиникалық елеулі дәрежеде өзгермейді: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин.
Левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі жоқтығына қарамастан, хинолондарды теофиллинмен, фенбуфенмен, қабынуға қарсы стероидты емес (ҚҚСД) дәрілермен және басқа да құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да препараттармен бірге қолданған кезде церебралдық құрысу шегінің айқын төмендеуіне алып келуі мүмкін. Фенбуфен қатысуында левофлоксациннің концентрациясы 13%-ға дерлік артады.
Екі препарат та левофлоксациннің бүйректегі өзекшелік секрециясын бөгеуі мүмкіндігінен, пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына елеулі әсер етеді (тиісінше 24 % және 34 %-ға). Бүйректің өзекшелік секрециясына әсер ететін дәрілік заттарды бір уақытта қолданған кезде, әсіресе бүйрек функциясы бұзылуы болғанда левофлоксацинмен емді сақтықпен жүргізу керек.
Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі оны левофлоксацинмен бір мезгілде қолданғанда 33%-ға артады.
Левофлоксацинді К витаминінің антагонистерімен (мысалы, варфаринмен) біріктірілімде емдеу халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) ескере отырып, коагуляциялық тест көрсеткіштерінің (протромбиндік уақыт (ПУ)) артуына және/немесе күрделі түріне айналуы мүмкін қан кетудің күшеюіне алып келуі мүмкін. Демек, К витаминінің антагонистерін қабылдайтын науқастардың коагуляциялық тесттеріне мониторинг керек.
QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік заттарды (мысалы, аритмияға қарсы IА және III класқа жататын дәрілер, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер) левофлоксацинмен бір мезгілде сақтықпен қолданған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Пневмококкты пневмонияның ауыр жағдайларында левофлоксацин ең оңтайлы ем болмауы мүмкін.
250 мг үшін (50 мл инфузиялық ерітінді) 30 минуттан кем емес және 500 мг үшін (100 мл ерітінді) 60 минуттан кем емес уақытты құрайтын ұсынылған инфузиялық құюдың ұзақтығын сақтау керек. Офлоксацин инфузиясы уақытында тахикардия және артериялық қысымның уақытша төмендеуі дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда артериялық қысымның күрт төмендеуі нәтижесінде жедел қантамыр жеткіліксіздігі (циркуляторлық коллапс) болуы мүмкін. Левофлоксацин инфузиясы уақытында артериялық қысымның төмендеуі белгілерінде (офлоксацин l-изомері) инфузияны дереу тоқтату керек.
Сирек жағдайларда тендинит болуы мүмкін, көбіне Ахилл сіңірлері,бұл оның үзілуіне алып келуі мүмкін. Егде жастағы және кортикостероидты препараттарды қолданатын науқастарда тендинит дамуының және сіңір үзілуінің қаупі жоғары. Тендинитке күдік туындағанда левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтатып, оған тыныштық жағдайын жасап, үзілген сіңірді тиісінше емдей бастау керек (мысалы, иммобилизация).
Жалған жарғақшалы колит
Жалған жарғақшалы колитке күдік туындағанда левофлоксацинді дереу тоқтатып және тиісті емдеуді бастау керек. Мұндай жағдайларда ішек моторикасын бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Құрысуға бейімділік
Левофлоксацинді сыртартқысында эпилепсия бар науқастарда қолдануға болмайды. Басқа хинолондар жағдайындағы сияқты, эпилепсиялық ұстамаларға бейім науқастар үшін, мысалы орталық жүйке жүйесінің бұрыннан зақымдануы бар науқастар фенбуфенмен және осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе теофиллин сияқты церебральді құрысу шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде емдегенде сақ болу керек. Конвульсиялық құрысулар жағдайында левофлоксацинмен емді тоқтату керек.
Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның белсенділігі жасырын немесе манифестациялаушы жеткіліксіздігі бар емделушілер хинолондармен емдегенде гемолитиялық реакцияларға бейім болуы мүмкін, сондықтан левофлоксацин қолданғанда сақ болу керек.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастар
Левофлоксациннің көбіне бүйрекпен шығарылуына байланысты бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастар үшін доза түзету жүргізу керек.
Жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин, кейде тіпті бірінші дозасынан кейін де, күрделі, жоғары сезімталдықтың потенциалды летальді реакцияларын, мысалы анафилактикалық шокқа дейін болатын ангионевротикалық ісінуді туындатуы мүмкін. Науқастар емді дереу тоқтатып, тиісті шұғыл шаралар қолданатын жедел жәрдем дәрігеріне немесе өзінің емдеуші дәрігеріне қаралуы тиіс.
Гипогликемия
Барлық хинолондар сияқты, левофлоксацин қолданғанда, бір мезгілде пероральді гипогликемиялық дәрілерді, мысалы глибенкламид немесе инсулин қабылдаушы әдетте қант диабеті бар науқастарда гипогликемия туындауы мүмкін. Мұндай науқастарға қандағы глюкоза деңгейіне қатаң мониторинг жүргізу ұсынылады.
Фотосенсибилизацияның алдын алу
Левофлоксацинмен емдегенде фотосенсибилизация сирек кездесетіндігіне қарамастан науқастарға өздерін қажет болмаса фотосенсибилизациядан аулақ болу үшін күшті күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулеленудің, мысалы, күн сәулесі лампасының, солярийдің ықпалына салмау қажет.
К витамині антагонистерімен емдеудегі науқастар
К витамині антагонистерімен (мысалы, варфарин) біріктірілімдегі левофлоксацинмен емдеуде жүрген науқастарда коагуляциялық тест көрсеткіштері (протромбиндік уақыт/ХҚҚ) артуы мүмкіндігіне және/немесе қан кетудің күшеюіне байланысты бұл препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан ұю көрсеткіштерін бақылау керек.
Психоздық реакциялар
Хинолондар, оның ішінде левофлоксацин қолданушы науқастарда психоздық реакциялар тіркелген. Олар өте сирек жағдайларда, кейде тіпті левофлоксациннің жалғыз бір ғана дозасынан кейін өзіне қол жұмсау туралы ойлар және өзін мертіктіретін мінез-құлық туындағанға дейін үдеген. Науқастарда психоздық реакциялар дамыған жағдайда левофлоксацинді тоқтату және тиісті шараларға кірісу керек. Сыртартқысында психоздары немесе психикалық аурулары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу ұсынылады.
QT аралығының ұзаруы
Q-T аралығының ұзару қаупінің белгілі факторлары бар емделушілерде сақ болу керек: егде жас, электролиттік теңгерім бұзылулары (гипокалиемия, гипомагниемия), туа біткен Q-T аралығының ұзару синдромы, жүрек аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия), Q-T аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау.
Шеткергі невропатия
Сенсорлық және сенсомоторлық шеткергі невропатия фторхинолондарды, оның ішінде левофлоксацин қабылдаған емделушілерде тіркелген және бұл арада олардың дамуы тез болды. Қайтымсыз жай-күй дамуынан аулақ болу үшін невропатия симптомдары пайда болғанда левофлоксацинді тоқтату керек.
Опиаттар
Левофлоксацинмен емдегенде несептегі опиаттарды анықтау жалғаноң нәтиже беруі мүмкін. Опиаттарға оң нәтижені басқа спецификалық әдістермен растау керек.
Бауыр және өт шығару жолдарының бұзылуы
Өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне дейін болуы мүмкін бауыр некрозы жағдайлары левофлоксацин қолдануға байланысты бәрінен бұрын негізгі ауыр аурулармен, мысалы сепсиспен науқастарда тіркелген. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірт түске боялуы, қышыну, іштің ауыруы сияқты бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болғанда науқастарға емді тоқтатуды және дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Сақтықпен қолдану
Бүйрек функциясының қатарлас төмендеуінің жоғары ықтималдығына орай, егде жастағы тұлғаларға, қант диабетіне шалдыққан науқастарға.
Сақтандыру шаралары
Құтыны қолданар алдында тексеру керек. Қосылыстары жоқ мөлдір ерітіндіні ғана қолдануға болмады.
Левофлоксацин инфузияға арналған ерітіндісі бактериялық ластануға жол бермеу үшін тығынды тескеннен кейін дереу (3 сағат ішінде) қолданылуы тиіс. Құю барысында жарықтан қорғау қажет емес.
Басқа дәрілер сияқты кез келген пайдаланылмаған дәрілік препаратты қоршаған ортаны қорғау бойынша жергілікті нұсқамаларға сәйкес қоқысқа тастаған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдерге клиникалық зерттеу деректерінің жоқтығына және өсіп жатқан организмнің шеміршек тініне жүктеме түсіретін фторхинолондармен ықтимал зақымдану қаупіне байланысты левофлоксацинді қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Левофлоксациннің бас айналу немесе мелшию, ұйқышылдық және көрудің бұзылыстары сияқты жағымсыз әсерлері реакция жылдамдығын және назар аудару қабілетін нашарлатуы мүмкін, бұл көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда, машиналар және механизмдермен қызмет атқаруда, жұмысты орнықсыз қалыпта орындағанда белгілі бір қауіп төндіреді.
Артық дозалануы
Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну), асқазан-ішек жолының шырышты қабығының эрозиялы зақымданулары, Q-T аралығының өзгеруі, сананың шатасуы, бас айналу, құрысулар.
Емі: белгісіне қарай емдеу, диализ тиімсіз, арнайы у қайтарғысы белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан резеңке төсемелі полипропилен қақпақпен тығындалған және құтыға дәнекерленген ашатын өткір сақиналы қалпақшамен жабдықталған ілмек-ұстатқышы бар құтыларда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан қорапшаға немесе құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапқа (топтық) салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Көкөзек а.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Kelun- Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Қазақстан
Қаптаушы-ұйымның атауы және елі
«Kelun- Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Көкөзек а., тел/факс: 8 (727) 312-14-01, e-mail: kelun-kazpharm@mail.ru