Ксарелто® №28 (20 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ксарелто
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ривароксабан
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 15 мг, 20 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 15 мг және 20 мг микрондалған ривароксабан бар,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 5сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты,
қабықтың құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е 172), гипромеллоза 5 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), макрогол 3350 (полиэтиленгликоль (3350)), титанның қостотығы (Е171).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, қызыл түсті (15 мг доза үшін) және қоңыр-қызыл түсті (20 мг доза үшін) үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «15» (15 мг доза үшін), «20» (20 мг доза үшін) дозалары таңбаланған үшбұрыш және басқа жағында фирмалық байер кресті ойылып жазылған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Антикоагулянттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Ривароксабан.
АТX коды B01AF01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі және биожетімділігі
Ривароксабан тез сіңеді; ең жоғары концентрацияға (Смакс.) таблетканы қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді.
Ішке қабылдағаннан кейін ривароксабанның сіңуі толық дерлік және 10 мг дозасын қабылдағаннан кейін абсолютті биожетімділігі жоғары және 80-100% құрайды. Ас қабылдау 10 мг дозадағы ривароксабанның AUC («концентрация – уақыт» қисығы астындағы аудан) немесе Смакс (ең жоғары концентрация) мәндеріне ықпалын тигізбейді.
Сіңу дәрежесінің төмендеуі салдарынан, ривароксабанның биожетімділігі 20 мг доза таблетканы ашқарынға қабылдаған кезде 66%-ды құрайды.
20 мг Ксарелто® аспен бірге қабылдаған кезде, оны ашқарынға қабылдаған кездегімен салыстырғанда, AUC орташа көрсеткішінің 39%-ға жоғарылағаны байқалады, бұл ішке қабылдаған кезде толық дерлік сіңетінін және биожетімділігінің жоғары болатындығын көрсетеді. 15 және 20 мг Ксарелто® аспен бірге қабылдаған жөн («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Ас қабылдаған жағдайда 10 мг, 15 мг және 20 мг Ксарелто® дозаға пропорционалдылығымен сипатталады.
Ривароксабанның фармакокинетикасы орташа өзгергіштігімен сипатталады; жекелей өзгергіштігі (ауытқу коэффициенті) 30-дан 40-ға дейінгі құрайды.
Таралуы
Адам организмінде ривароксабанның үлкен бөлігі (92 - 95) плазма ақуыздарымен байланысқан, мұндайда негізгі байланыстырушы компоненті сарысулық альбумин болып табылады. Таралу көлемі – орташа, Vss шамамен 50 л құрайды.
Метаболизмі және шығарылуы
Ривароксабан көбінесе метаболиттер түрінде (шамамен тағайындалған дозаның 2/3 бөлігі) несеппен және нәжіспен бірге бірдей арақатынаста шығарылады. Дозаның қалған үштен бір бөлігі тікелей бүйрек экскрециясы арқылы өзгермеген күйінде, негізінен, белсенді бүйректік секреция есебінен шығарылады. Ривароксабанның метаболизмін СҮР 3A4, СҮР 2J2 изоферменттері, сондай-ақ Р450 цитохромы жүйесіне тәуелді емес ферменттер жүзеге асырады. Биотранформациясының негізгі аймақтары тотығу деградациясына ұшырайтын морфолин тобы және гидролизденетін амид топтары болып табылады.
In vitro алынған деректерге сай, ривароксабан ақуыз тасымалдаушы Р-gp (Р-гликопротеин) және Всrр (сүт безі қатерлі обырына тұрақты ақуыз) үшін субстрат болып табылады.
Өзгермеген ривароксабан адам плазмасында өте маңызды қосылыс болып табылады, плазмада айналымда болатын маңызды немесе белсенді метаболиттер табылған жоқ. Жүйелік клиренсі сағатына шамамен 10 л құрайтын ривароксабан, клиренс деңгейі төмен дәрілік заттарға жатқызылуы мүмкін. Ривароксабанды плазмадан шығарған кезде жартылай шығарылудың терминальді кезеңі жас пациенттерде 5 сағаттан 9 сағатқа дейінгі уақытты және егде пациенттерде 11 сағаттан 13 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.
Жынысы/Егде жас
Егде пациенттерде ривароксабанның плазмадағы концентрациясы, жас пациенттерге қарағанда, жоғары болады, орташа АUС мәні жас пациенттердегі тиісті мәндерден, негізінен, төмендетілген жалпы және бүйректік клиренсі салдарынан, шамамен 1,5 есе артық болады.
Еркектер мен әйелдердің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар табылған жоқ.
Әртүрлі салмақ санаттары
Өте аз немесе үлкен салмақ (50 кг-нан төмен және 120 кг-ден астам) ривароксабанның плазмадағы концентрациясына тек аздап қана ықпалын тигізеді (айырмашылығы 25-дан азды құрайды).
Балаларда
Балаларда және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Этникааралық айырмашылықтар
Еуропалық, афро-америкалық, латынамерикалық, жапондық немесе қытайлық этникалық топтарда фармакокинетикасы мен фармакодинамикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігінің ривароксабанның фармакокинетикасына ықпалы Чайлд-Пью жіктелуіне сәйкес (клиникалық зерттеулердегі стандартты емшараларға сай) бөлінген науқастарда зерттелді. Чайлд-Пью жіктелуінің жүйесі бауырдың созылмалы ауруына, негізінен, циррозына баға беру үшін қолданылады. Антикоагулянттармен ем жүргізу жоспарланған пациенттер үшін бауыр функциясының бұзылуының критикалық аспектісі бауырда қанның ұю факторы синтезінің төмендеуі болып табылады. Бұл аспект жіктелу жүйесін құрайтын бес биохимиялық/клиникалық зерттеудің біреуін жүргізумен ғана бағаланады, пациенттерде қан кетудің пайда болу қаупі жіктелу сызбасымен өзара анық байланыспауы мүмкін. Осыған байланысты антикоагулянтты емді тағайындау жөніндегі шешім, көрсетілген жіктелудің деректеріне қарамай-ақ, қабылдануы тиіс.
Ксарелто® препаратын клиникалық тұрғыдан қан кету қаупіне себеп болатын коагулопатиямен өтетін бауыр аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр циррозы және бауырдың жеңіл жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктелуі бойынша А класы) науқастарда ривароксабанның фармакокинетикасының дені сау зерттелушілердің бақыланатын тобындағы тиісті көрсеткіштерден аздаған айырмашылығы болды (орта есеппен алғанда ривароксабанның АUС көрсеткішінің 1.2 есе артқаны білінді). Топтар арасындағы фармакодинамикалық қасиеттерінде маңызды айырмашылықтары болған жоқ.
Бауыр циррозы және ауырлық дәрежесі орташа бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша В класы) науқастарда, дәрілік зат клиренсінің едәуір төмендеуі салдарынан, дені сау адамдармен салыстырғанда, ривароксабанның орташа АUС көрсеткіші едәуір (2,3 есе) жоғары болды, бұл бауыр ауруының күрделі екендігін көрсетеді. Ха факторы белсенділігінің төмендеуі, дені сау адамдардағыға қарағанда, күштірек (2,6 есе) білінді. Протромбинді уақыт та дені сау адамдардан 2,1 есе жоғары болды. Бауырда синтезделетін VІІ, Х, V, ІІ және І ұю факторларын қамтитын коагуляцияның сыртқы жолына протромбинді уақытты өлшеу арқылы баға беріледі.
Бауыр жеткіліксіздігі орташа пациенттер ривароксабанға сезімталдығы жоғары болды, ол плазмадағы ривароксабанның концентрациясы мен протромбинді уақыт арасындағы фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара байланысының өте тығыздығымен білінді.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша С класы) науқастарға препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда креатинин клиренсі бойынша анықталатын, бүйрек функциясының төмендеуіне кері пропорциональді ривароксабанның әсер ету деңгейінің артқаны байқалады.
Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл (креатинин клиренсі минутына 80-50 мл), орташа ауыр (креатинин клиренсі минутына 50-30 мл) немесе ауыр (креатинин клиренсі минутына 30-15 мл) науқастарда плазмадағы ривароксабанның концентрациясының (AUС), тиісінше, 1,4-, 1,5- және 1,6 есе артқаны байқалды.
Фармакодинамикалық әсерлердің тиісінше артуы өте айқын болды.
Бүйректің жеңіл, орташа ауыр және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қанның Ха факторы белсенділігінің жалпы төмендеуі, протромбинді уақыттың 1,3; 2,2 және 2,4 есе артуына сәйкес, 1,5; 1,9 және 2 есе артты.
Ксарелто® препаратын креатинин клиренсі минутына < 15 мл болатын пациенттерге қолдану жөнінде деректер жоқ, осыған байланысты препаратты пациенттердің осы категорияларына қолдануға болмайды.
Ксарелтоны® креатинин клиренсі минутына 30-15 мл болатын пациенттерге қолданған кезде сақ болған жөн.
Негізгі ауру салдарынан, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде қан кетулердің және тромбоздың даму қаупі жоғары болады.
Фармакодинамикасы
Ксарелто – ішке қабылдаған кезде биожетімділігі бар қанның Ха факторының жоғары іріктелген синтетикалық тікелей тежегіші.
Ішкі және сыртқы жолдар арқылы Ха факторының түзілуімен қанның Х факторының белсенділенуі коагуляциялық каскадта орталықтық рөл атқарады. Қанның Ха факторы протромбин жиынтығы арқылы протромбинді тромбинге тікелей айналдырады, және де бұл реакция соңында фибриндік ұйындының пайда болуына және тромбоциттердің тромбинмен белсенділенуіне әкеледі. Коагуляциялық каскадтың амплифициялаушы табиғатының арқасында Ха факторының бір молекуласы тромбиннің 1000 молекуласынан астамының пайда болуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ха факторы арқылы болатын, протромбиназамен байланысты реакциялар жылдамдығы, бос Ха факторы арқылы жүретін реакция жылдамдығымен салыстырғанда, 300 000 есе артады және тромбиннің күшті «жарылыс тәрізді» түзілуіне әкеп соғады. Ха факторының іріктелген тежегіштері тромбиннің осылай түзілуін тоқтатуға қабілетті. Осының салдары ретінде, Ксарелто қанның ұюына жасалатын бірқатар спецификалық және жалпы сынамалар нәтижелерін өзгертеді. Ха факторы белсенділігінің басылуы дозаға байланысты. Ксарелто протромбинді уақытқа дозаға тәуелді ықпал тигізеді және егер сынама үшін «Неопластин» жиынтығы қолданылса, плазмадағы (r=0,98) концентрациялармен өзара жақын байланысады. Басқа реактивтерді қолданғанда нәтижелері өзгеше болады. Аспаптың көрсеткішін секундтармен алған жөн, өйткені ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас) деңгейі кумариндер үшін ғана калибрленген және валидацияланған және басқа антикоагулянттар үшін қолдануға келмейді.
Тереңдегі көктамыр тромбозын (ТКТ) және өкпелік артерияның тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, және де ТКТ-нің және ӨАТЭ қайталануының профилактикасы үшін Ксарелто® қабылдап жүрген пациенттерде «Неопластин»® реагентінің жәрдемімен анықталатын протромбинді уақыттың 5/95 процентилі таблетка қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң (яғни ең жоғары әсерге жету уақыты) күніне екі рет қабылданатын 15 мг доза үшін 17 секундтан 32 секундқа дейін және күніне бір реттік 20 мг доза үшін 15 секундтан 30 секундқа дейін, тиісінше, ауытқып отырады.
Жүрекшелердің шығу тегі клапандық емес фибрилляциясымен, инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы үшін препарат қабылдап жүрген пациенттерде «Неопластин»® реагентін қолданған кездегі протромбинді уақыттың 5/95 процентилі таблетканың қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң (яғни ең жоғары әсерге жету уақыты) күніне 20 мг дозаны бір рет қабылдаған кезде 14 секундтан 40 секундқа дейін және бүйрек жеткіліксіздігі орташа пациенттерде күніне бір рет 15 мг дозаны қабылдау аясында 10 секундтан 50 секундқа дейін өзгеріп отырады.
Ксарелто сондай-ақ дозаға байланысты белсенділендірілген ішінара тромбопластинді уақытты (БІТУ) және НерТеst нәтижесін арттырады; алайда бұл параметрлерді Ксарелто препаратының фармакодинамикалық әсерлеріне баға беру үшін қолданбау керек. Ксарелто сондай-ақ қанның Ха анти-фактор белсенділігіне ықпалын тигізеді, бірақ калибровка үшін стандарттары жоқ.
Ксарелтомен препаратымен емделу кезінде қанның ұю параметрлеріне мониторинг жүргізудің қажеттілігі жоқ.
Клиникалық тиімділігі
Жүрекшелердің шығу тегі клапандық емес фибрилляциясымен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы
Ксарелто® клиникалық зерттеудің бағдарламасы шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциясымен (ЖФ) пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы үшін Ксарелто® тиімділігіне баға беру үшін жасалған.
Шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциясы бар пациенттер инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы үшін орта есеппен 19 ай бойы Ксарелто® қабылдады, жалпы емдеу ұзақтығы 41 айға дейінді құрайды. Ксарелто® препаратымен емдеу ОЖЖ шегінен тыс инсульт және жүйелік тромбоэмболияның жалпы жиілігін статистикалық тұрғыдан елеулі төмендетті. Сондай-ақ ОЖЖ шегінен тыс инсульт жүйелік тромбоэмболияны және жүрек-қантамырдан болатын өлімді қамтитын жиынтық көрсеткіш те, сонымен қатар ОЖЖ шегінен тыс инсульт, жүйелік тромбоэмболияны, миокард инфарктісін және жүрек-қантамырдан болатын өлімді қамтитын жиынтық көрсеткіш те төмендеді.
Ауқымды және клиникалық тұрғыдан маңызды ауыр емес қан кетулердің жылына 14,9 % жағдайы байқалды, оның статистикалық мәні салыстыру препаратымен емдеуде айырмашылығы болған жоқ. Бас сүйекішілік қан кетулер, өлімге ұшырататын қан кетулер, ағзаларға қан кетудің өте қиын жағдайлары, гемоглобин деңгейінің төмендеу жиілігінің статистикалық тұрғыдан елеулі төмендегені байқалды.
Жүрекшелердің шығу тегі клапандық емес фибрилляциясы кезіндегі инсульттің профилактикасы: Кардиоверсия
Ақырғы бағалау нүктелерін жасыру арқылы жүргізілген проспективті, рандомизацияланған, ашық, мультиорталықты ізденістік зерттеу (X-VERT) 1 504 пациентте жүргізілді (бұдан бұрын оральді антикоагулянттар қабылдамаған және онымен бұрын емделген), кардиоверсияны қажет ететін (кардиоверсияға бағытталған) ривароксабанды салыстыру үшін КВА таңдалған дозасымен (рандомизация 2:1), кардиоваскулярлық жағдайдың профилактикасы үшін. Трансэзофагеальді ЭхоКГ (ТЭЭ) (алғышқы ем 1-5 күн) немесе дәстүрлі кардиоверсия (алғашқы ем 3 аптадан кем емес) нәтижесі бойынша кардиоверсия стратегиясы қолданылады. Тиімділіктің негізгі көрсеткіші (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл, ОЖЖ шегінен тыс жүйелі тромбоэмболия, миокард инфаркт және кардиоваскулярлық өлім) ривароксабан (n=978) тобындағы 5 (0,5%) пациентте және КВА тобындағы (n=492); RR 0,50; 95% СА 0,15-1,73; модификацияланған ITT-популяция) 5 (1%) пациентте кездесті. Қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіші (ауқымды қан кету) ривароксабан (n=988) тобындағы 6 (0,6%) және КВА (n=499) (ОР 0,76; 95% СА 0,21-2,67; қауіпсіздікті бағалау популяциясы) тобындағы 4 (0,8%) пациентте байқалған. Осы зерттеулер ривароксабан және КВА тобындағы кардиоверсияны112 қажет ететін пациенттерді емдеу кезінде салыстырмалы тиімділік пен қауіпсіздікті көрсетті.
Тереңдегі көктамырлардың жедел тромбозын (ТКТ) және өкпе артериялары тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу
Клиникалық бағдарлама жедел ТКТ-ні және өкпе артериялары тромбоэмболиясын бастапқы және әрі қарай емдеуде, және де ТКТ-нің және өкпе артериялары тромбоэмболиясының қайталануының профилактикасында Ксарелто® препаратының тиімділігіне баға беру мақсатында әзірленген.
ТКТ-ні және ӨАТЭ-ны емдеу, және де ТКТ-нің және ӨАТЭ-ның қайталануының профилактикасы үшін Ксарелто® 12 айға дейінгі кезеңде қолданылды. Ксарелто® клиникалық біліністері бар ТКТ-нің қайталануының және фатальді/фатальді емес өкпе артерияларының тромбоэмболиялары жиілігінің жиынтығына қатысты, сондай-ақ ТКТ-нің қайталануына, өкпе артерияларының фатальді емес тромбоэмболиясына және барлық себептерден болатын өлімге қатысты жиілігінің жиынтығына тиімділігін көрсетті.
ТКТ-нің қайталануының және өкпе артериялары тромбоэмболиясының профилактикасы үшін Ксарелто® препаратын қолдануды 12 айға дейінгі қосымша/кейінгі кезең бойы жалғастырған кезде Ксарелто® препаратының клиникалық біліністері бар ТКТ-нің қайталануының және фатальді/фатальді емес өкпе артерияларының тромбоэмболиялары жиілігінің жиынтығына, сондай-ақ ТКТ-нің қайталануына, өкпе артерияларының фатальді емес тромбоэмболиясына және барлық себептерден болатын өлімге қатысты жиілігінің жиынтығына тиімділігі анықталды.
Қолданылуы
- шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциямен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы
- тереңдегі көктамырлар тромбозын және өкпе артериялары тромбоэмболиясын емдеу
- тереңдегі көктамырлар тромбозының және өкпе артериялары тромбоэмболиясының қайталануының профилактикасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдауға арналған.
15 мг және 20 мг Ксарелто® препаратын тамақтану кезінде қабылдаған жөн.
Егер пациент таблетканы тұтастай жұтуға қабілетсіз болса, таблетканы ұсатып, тікелей қолданар алдында оны сумен немесе жұмсақ консистенциялы тамақпен, мысалы, алма езбесімен араластырып қолдануға болады, одан кейін пациент дереу тамақтануы тиіс.
Ксарелто® ұсатылған таблеткасын судың аздаған мөлшерімен сұйылтып, асқазан зондының көмегімен беруге болады, бұл ретте таблетканы қабылдар алдында зондтың асқазанда екендігіне көз жеткізіп алу қажет. Ұсатылған таблетканы зонд арқылы енгізгеннен кейін ең алдымен зондты сумен шаю керек, содан соң энтеральді қоректі енгізу керек.
Шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциямен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы
Ұсынылатын дозасы күн сайын, тәулігіне бір рет 20 мг (1 таблетка) құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі орташа (креатинин клиренсі минутына < 50-30 мл) пациенттер үшін ұсынылатын препарат дозасы күн сайын, тәулігіне бір рет 15 мг құрайды.
Инсульт және жүйелік тромбоэмболиялар қаупінің факторлары әлі де сақталған жағдайда, емдеуді жалғастырған жөн.
Дозаны қабылдауды өткізіп алғандағы іс-әрекеттер
Егер кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алса, пациент Ксарелто® препаратын дереу қабылдауы тиіс және келесі күні препаратты режимге сай жүйелі қабылдауды жалғастыруы керек. Бұрын өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін дозаны екі есе қабылдауға болмайды.
Ең жоғары тәуліктік доза
Препараттың ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне 20 мг құрайды.
Тереңдегі көктамырлар тромбозын (ТКТ) және өкпе артериялары тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, және де ТКТ және ӨАТЭ қайталануының профилактикасы
Препараттың ұсынылған бастапқы дозасы алғашқы 3 апта бойы жедел ТКТ-ны және ӨАТЭ-ны емдеу үшін күніне екі рет 15 мг құрайды, кейін ТКТ-нің және ӨАТЭ-ның ұзақ уақыт емдеу үшін және қайталануының профилактикасы үшін 20 мг Ксарелто® күніне бір рет қабылдауға ұласады.
Көктамырлық тромбоэмболиялар қаупінің факторлары әлі де сақталған жағдайда, емдеуді жалғастырған жөн.
Дозаны қабылдауды өткізіп алғандағы іс-әрекеттер
Препаратты қабылдаудың жүйелі режимін сақтау керек.
Егер күніне екі рет 15 мг доза қабылдаған жағдайда кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алса, пациент тәуліктік 30 мг дозаның түсуін қамтамасыз ету үшін Ксарелто® препаратын дереу қабылдауы тиіс. Ол үшін Ксарелто® 15 мг дозада таблеткасының 2-уін бір мезгілде қабылдауға болады. Келесі күні күніне 2 реттік 15 мг доза препаратты ұсынылған режимге сәйкес жүйелі қабылдауды жалғастырған жөн.
Егер 20 мг доза қабылдаған жағдайда кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алса, пациент тәуліктік 20 мг дозаның түсуін қамтамасыз ету үшін Ксарелто® дереу қабылдауы тиіс. Келесі күні күніне бір реттік 20 мг доза препаратты ұсынылған режимге сәйкес жүйелі қабылдауды жалғастырған жөн.
Ең жоғары тәуліктік доза
Препараттың ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозасы алғашқы 3 апта ішінде тәулігіне 30 мг құрайды.
Емдеудің кейінгі сатыларында препараттың ұсынылатын ең жоғары дозасы 20 мг құрайды.
Пациенттердің жекелеген популяциялары бойынша қосымша ақпарат
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Ксарелто® препаратын қан кетудің клиникалық тұрғыдан маңызды қаупіне себепші болатын коагулопатиямен қатарласа жүретін бауыр аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Бауырдың басқа да аурулары бар науқастарда дозаны өзгерту қажет емес («Фармакологиялық қасиеттері/Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).
Бауырдың орташа ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша В класы) пациенттер үшін алынған шектеулі клиникалық деректер препараттың фармакологиялық белсенділігінің елеулі артқанын көрсетеді. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттер үшін (Чайлд-Пью бойынша С класы) клиникалық деректер жоқ («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциясымен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы
Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл (креатинин клиренсі минутына < 80-50 мл) науқастарға Ксарелто® тағайындаған кезде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа (креатинин клиренсі минутына < 50-30 мл) пациенттер үшін ұсынылған доза күніне бір реттік 15 мг құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі минутына < 30-15 мл) пациенттер үшін алынған шектеулі клиникалық деректер осы науқастарда ривароксабан концентрациясының едәуір жоғарылайтынын көрсетеді. Пациенттердің осы санатын емдеу үшін Ксарелто® 15 мг абайлап қолданған жөн.
Креатинин клиренсі минутына <15 мл пациенттерде Ксарелто® қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Фармакологиялық қасиеттері/Фармакокинетикасы» бөлімдерін қараңыз).
Пациенттерде ТКТ-ны және ӨАТЭ-ны емдеу мақсатында және де ТКТ-нің және ӨАТЭ-ның қайталануын профилактикасы үшін
Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл (креатинин клиренсі минутына ≤ 80-50 мл) немесе бүйрек жеткіліксіздігі орташа (креатинин клиренсі минутына < 50-30 мл) науқастарға Ксарелто® тағайындаған кезде дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі минутына < 30-15 мл) пациенттер үшін алынған шектеулі клиникалық деректер осы науқастарда ривароксабан концентрацияларының едәуір жоғарылайтынын көрсетеді. Пациенттердің осы санатын емдеу үшін Ксарелто® абайлап қолданған жөн.
Креатинин клиренсі минутына <15 мл болатын пациенттерге Ксарелто® қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Фармакологиялық қасиеттері/Фармакокинетикасы» бөлімдерін қараңыз).
Шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциясымен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболиялардың профилактикасы кезінде K витаминінің антагонистерін (КВА) Ксарелто® препаратына ауыстыру
ХҚҚ ≤ 3,0 болған кезде КВА-мен емдеуді тоқтатқан және Ксарелто® препаратымен емдеуді бастаған жөн. Пациенттерді КВА-дан Ксарелто® препаратына ауыстырған кезде, Ксарелто® қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәннің жоғарылауы қате болады. ХҚҚ Ксарелто® препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтауға жарамайды, сондықтан бұл мақсатта пайдаланылмауы тиіс ("Дәрілермен өзара әрекеттесуін" қараңыз).
Пациенттерде ТКТ-нын және ӨАТЭ-ны емдеу, сондай-ақ ТКТ-нің және ӨАТЭ-ның қайталануының профилактикасы мақсатында K витаминінің антагонистерін (КВА) Ксарелто® препаратына ауыстыру
ХҚҚ ≤ 2,5 болған кезде КВА-мен емдеуді тоқтатқан және Ксарелто® препаратымен емдеуді бастаған жөн. Пациенттерді КВА-дан Ксарелто® препаратына ауыстырған кезде, Ксарелто® қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәннің жоғарылауы қате болады. ХҚҚ Ксарелто® препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтауға жарамайды, сондықтан бұл мақсатта пайдаланылмауы тиіс ("Дәрілермен өзара әрекеттесуін" қараңыз).
Ксарелто® препаратынан К витаминінің антагонистеріне (КВА) ауыстыру
Ксарелто® препаратынан КВА-ға ауыстырған кезде антикоагулянттық әсердің жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, сол тәрізді көшу кезінде баламалы антикоагулянттардың жәрдемімен антикоагулянттық әсерді жеткілікті түрде үздіксіз қамтамасыз ету қажет. Ксарелто® ХҚҚ-ның жоғарылауына мүмкіндік жасайтынын атап өткен жөн.
Ксарелто® препаратынан КВА-ға ауыстырған кезде, ХҚҚ көрсеткіші ≥2,0 мәніне жеткенше, КВА-ны бір мезгілде қабылдау керек. Ауыстыру кезеңінің алғашқы екі күні ішінде КВА-ның стандартты дозасын қолданып, кейін ХҚҚ көрсеткіштерін анықтау нәтижелеріне қарай, КВА дозасын тағайындаған жөн. Ксарелто® мен КВА-ны қабылдау кезінде ХҚҚ көрсеткішін мұның алдындағы дозаны қабылдағаннан кейін кем дегенде 24 сағаттан соң, бірақ Ксарелто® препаратының келесі дозасын қабылдауды бастағанға дейін анықтаған жөн.
Ксарелто® препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ-ны нақты анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң жүргізуге болады.
Ішу арқылы қолданылатын антикоагулянттардан Ксарелто® препаратына ауыстыру
Парентеральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін, Ксарелто® препаратын қолдануды препаратты (мысалы, төмен молекулалы гепаринді) келесі жоспарлы парентеральді енгізуден 0 - 2 сағат бұрын немесе препаратты парентеральді түрде үздіксіз енгізуді (мысалы, фракцияланбаған гепаринді көктамыр ішіне енгізуді) тоқтатқан сәтте бастаған жөн.
Ксарелто® препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауыстыру
Ксарелто® препаратының келесі дозасын қабылдау және парентеральді антикоагулянттың алғашқы дозасын енгізу керек болған кезде, Ксарелто® препаратын тоқтатқан жөн.
Инсульт және жүйелі тромбоэмболия профилактикасы кезіндегі кардиоверсия
Ксарелто® препаратымен емдеуді бастау немесе кардиоверсия қажет етілетін пациенттерде жалғастыру керек. Кардиоверсия кезінде өңеш арқылы эхокардиография (ӨАЭхо-КГ) бақыланумен алдында антикоагулянтпен ем алмаған пациенттерде талапқа сай антикоагуляцияны қамтамасыз ету үшін Ксарелто® препаратымен емдеуді кардиоверсияға дейін ең аз дегенде 4 сағат бұрын бастау керек.
Балалар
Балаларға және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Егде пациенттер, жынысына, дене салмағына немесе этникалық ерекшеліктеріне қарай
Науқастардың осы санаттарында дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Аяқтарына ауқымды ортопедиялық операция жасалған (тізе немесе жамбас-сан буынына тұтастай протез жасалған) 6097 пациентте қабылдау ұзақтығы 39 күнге дейін созылған 10 мг доза Ксарелто® препаратының қауіпсіздігіне баға берілді.
4 556 пациентте 3 апта бойы күніне екі реттік 15 мг дозада, кейін 21 айға дейінгі кезеңде күніне бір реттік 20 мг дозада қабылданған Ксарелто® препаратының қауіпсіздігіне баға берілді.
Ксарелто® препаратының қауіпсіздігі инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның профилактикасында шығу тегі клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы бар, Ксарелто® препаратының кемінде бір дозасын қабылдаған 7750 пациентте, сондай-ақ жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар, ацетилсалицил қышқылын немесе ацетилсалицил қышқылын клопидогрелмен немесе тиклопидинмен бірге біріктіріп қабылдауға қосымша Ксарелто® препаратын кемінде бір немесе 2.5 мг дозасын (күніне екі рет ) немесе 5 мг Ксарелто® (күніне екі рет ) алған 10225 пациентте бағаланды.
Ксарелто® препаратын қолданған кезде тіркелген жағымсыз реакциялардың жиілігі жөнінде жинақталған деректер төменде берілген:
Жиі (>1/100-ден <1/10 дейін)
- анемия (тиісті зертханалық параметрлерді қоса)
- көзге қан құйылу (конъюнктиваға қан құйылуды қоса)
- қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішек жолы аймағының ауыруы, диспепсия, жүректің айнуы, іш қату*, диарея, құсу*, асқазан-ішектік қан кету (тік ішектен қан кетуді қоса)
- қызба*, шеткергі ісінулер, жалпы көңіл-күйінің нашарлауы (әлсіздікті және астенияны қоса)
- жүргізілген емшарадан кейін қан кету (соның ішінде операциядан кейінгі анемияны және жаралардан қан кетуді қоса), қанталау
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- аяқ-қолдардың ауыруы*
- бас айналу, бас ауыру
- урогенитальді жолдан қан кету (соның ішінде гематурия және меноррагия**), бүйрек жеткіліксіздігі (соның ішінде креатинин деңгейінің жоғарылауы, мочевина деңгейінің жоғарылауы)*
- мұрыннан қан кету, қан түкіру
- қышыну (денеге жайылған қышынудың жиі емес жағдайларын қоса), бөртпе, экхимоз, тері және теріастылық қан құйылулар
- гипотензия, гематома
Жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін)
- тромбоцитемия * (соның ішінде тромбоциттер мөлшерінің артуы),
- тромбоцитопения (постмаркетингтік қолдану тәжірибесінде Ксарелто® қолданумен уақыттық байланыста байқалды)
- тахикардия
- ауыздың құрғауы
- көңіл-күйдің нашарлауы, соның ішінде дімкәстік
- бауыр функциясының бұзылуы
- аллергиялық реакциялар, аллергиялық дерматит
- жарадан бөлінетін бөлінділер*
- билирубин концентрациясының жоғарылауы, сілтілік фосфатаза*, лактатдегидрогеназа (ЛДГ)*, липаза*, амилаза* белсенділігінің жоғарылауы, гаммаглютамилтрансферраза (ГГТ*) деңгейінің жоғарылауы
- гемартроз
- миішілік және бас сүйекішілік қан құйылулар, естен тану
- есекжем
- ангионевроздық ісіну, аллергиялық ісіну (постмаркетингтік қолдану тәжірибесінде Ксарелто® қолданумен уақыттық байланыста байқалды).
Сирек (>1/10000-нан <1/1000 дейін)
- жергілікті ісінулер*
- сарғаю
- тамырлық жалған аневризма (жедел коронарлық синдромымен пациенттерде профилактикалық ем жүргізгенде байқалды, тері арқылы интервенциялық араласудан кейін)
- конъюгацияланған билирубин концентрациясының жоғарылауы (аланинтрасферазаның артуы қатарласа жүргенде немесе онсыз)
- бұлшықеттерге қан құйылу
- холестаз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдануды қоса (постмаркетингтік қолдану тәжірибесінде Ксарелто® қолданумен уақыттық байланыста байқалды).
*аяқтарға жасалған ауқымды ортопедиялық операциялардан кейін тіркелді
** < 55 жастағы әйелдерде «өте жиі» жиілікте болатын КТЭ-ны емдеген кезде тіркелді
Әсер ету механизмін ескерер болсақ, Ксарелто® қолдану кез келген ағзалардан және тіндерден, постгеморрагиялық анемияға әкеп соқтыратын жасырын немесе айқын қан кету қаупінің артуымен қатарласуы мүмкін. Бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде және/немесе гемостазаға ықпалын тигізетін дәрілік препараттармен бірге қолданған кезде қан кетудің пайда болу қаупі артуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Белгілері, симптомдары және ауырлық дәрежесі (өліммен аяқталуы мүмкіндігін қоса) қан кетудің орнығуына, қарқындылығына немесе ұзақтығына және/немесе анемияға байланысты өзгеріп отырады («Артық дозалану» бөлімін қараңыз).
Геморрагиялық асқынулар әлсіздікпен, бозарумен, бас айналумен, бас ауыруымен, ентігумен, сондай-ақ аяқ-қолдар көлемінің артуымен немесе басқа себептермен түсіндіру мүмкін емес шокпен көрініс беруі мүмкін. Кейбір жағдайларда анемияның салдары ретінде кеуденің ауыруы немесе стенокардия сияқты миокард ишемиясының симптомдары пайда болды.
Ксарелто® қолданған кезде компартмент-синдром ретінде ауыр қан кетулерге қатысты салдарлық белгілі асқынулар және гипоперфузия салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі де тіркелді. Сондық антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттердің жағдайына баға бергенде қан кетулердің мүмкін екендігін де қарастырған жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- клиникалық біліністері бар күшті қан кетулер (мысалы, бассүйекішілік қан кетулер, асқазан-ішектік қан кетулер)
- клиникалық тұрғыдан маңызды қан кету қаупі бар коагулопатиямен қатар жүретін бауыр аурулары
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (осы жас тобында қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фармакокинетикалық әрекеттесулер
Риваpоксабанның шығарылуы, негізінен, бауырдағы Р450 (СҮР 3A4, СҮР 2J2) цитохром жүйесі арқылы болатын метаболизмін және Р-gp/Bcrp тасымалдаушыларының жүйелерін (Р-гликопротеин сүт безі обырының төзімділік ақуызы) пайдаланып, өзгермеген дәрілік заттардың бүйректік экскрециясы арқылы жүзеге асады.
Ривароксабан СҮР 3A4 изоферментін және цитохромның маңызды басқа да изоформаларын бәсеңдетпейді және индукцияламайды.
Ксарелтоны® және СҮР 3A4 изоферменті мен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштерін бір мезгілде қолдану бүйрек және бауыр клиренсінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін, сөйтіп, жүйелік әсер етуді елеулі арттыруы мүмкін.
Ксарелто® препаратын және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылатын зеңдерге қарсы азолды кетоконазол препаратын (400 мг тәулігіне 1 рет) біріктіріп қолдану Ксарелто® орташа тепе-тең АUС-ң 2,6 есе жоғарылауына және препараттың фармакодинамикалық әсерлерінің елеулі күшеюімен қоса, Ксарелто® орташа С макс 1,7 есе артуына әкеп соқтырды.
Ксарелто® препаратын және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылатын АИТВ протеаза тежегіші ритонавирді (тәулігіне 2 рет 600 мг) біріктіріп тағайындау Ксарелто® орташа тепе-тең АUС мәнінің 2,5 есе жоғарылуына және препараттың фармакодинамикалық әсерлерінің елеулі күшеюімен қоса, Ксарелто® орташа С макс 1,6 есе артуына әкеп соқтырды. Осыған байланысты зеңдерге қарсы жүйелік азолды топ препараттарымен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен жүйелік ем қабылдап жүрген пациенттерге Ксарелто® қолданбау керек («Сақтықпен» бөлімін қараңыз).
СҮР 3A4 изоферментін күшті бәсеңдететін және Р-гликопротеинді орташа бәсеңдететін кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) ривароксабанның орташа тепе-тең АUС мәнін 1,5 есе және Смакс. мәнін 1,4 есе арттырды. Бұл арттыру АUС мен Смакс мәндерінің қалыпты өзгергіштігіне лайық және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
СҮР 3A4 изоферментін және Р-гликопротеинді орташа бәсеңдететін эритромицин (500 мг тәулігіне 3 рет) ривароксабанның АUС мен Смакс орташа мәнін 1,3 есе арттырды. Бұл арттыру АUС мен Смакс мәндерінің қалыпты өзгергіштігіне лайық және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
СҮР 3A4 изоферментін орташа бәсеңдететін флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа AUC мәнін 1,4 есе және орташа Cmax мәнін 1,3 есе арттырды. Бұл арттыру АUС мен Смакс мәндерінің қалыпты өзгергіштігіне лайық және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
Ксарелто® және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті индукторы болып табылатын рифампицинді біріктіріп тағайындау ривароксабанның орташа АUС мәнінің шамамен 50-ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерлерінің қатарласа азаюына әкеп соқтырды. Ксарелто® басқа да күшті СҮР 3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен немесе шілтерлі шайқураймен) біріктіріп қолдану да ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Күшті СҮР 3A4 индукторларын сақтықпен қолдану қажет.
Фармакодинамикалық әрекеттесулер
Эноксапаринді (бір реттік 40 мг доза) және Ксарелто® (бір реттік 10 мг доза) біріктіріп қолданғаннан кейін қанның ұюына жасалатын сынамаға (протромбинді уақыт, БІТУ) қосымша әсерлермен қатарласпайтын Ха антифактор белсенділігіне қатысты аддитивті әсері байқалды. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасын өзгерткен жоқ.
Ксарелто® 15 мг мен клопидогрел (екпінді доза 300 мг, кейін демеуші 75 мг доза тағайындауға ұласады) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ, бірақ пациенттердің қосалқы тобында қан кету уақытының, тромбоциттердің агрегациясымен және Р-селектиннің немесе GPIIb/ІІІа-рецептордың болуымен өзара байланыспаған елеулі артуы байқалды (“Айрықша нұсқаулар” бөлімін қара”).
15 мг Ксарелто® және 500 мг доза напроксенді біріктіріп тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық тұрғыдан ұзаруы байқалған жоқ. Соған қарамастан, жекелеген адамдарда айқынырақ фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.
Пациенттердің варфариннен (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ке дейін) Ксарелто® препаратын (20 мг) немесе Ксарелто® препаратынан (20 мг) варфаринге ауысуы, әсерлердің қарапайым жиынтығында (ХҚҚ жекелеген мәндері 12-ге жетуі мүмкін) күтуге болатынға қарағанда, протромбинді уақытты/ХҚҚ (Неопластин) үлкен дәрежеде арттырды, сол кезде БІТУ-ге ықпалы ретінде Ха факторы белсенділігінің бәсеңдеуі және тромбиннің эндогендік потенциалы аддитивті болды.
Ауыстыру кезеңінде Ксарелто® препаратының фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда, варфарин ықпалын тигізбейтін қажетті тесттер ретінде, анти-Ха, PiCT және HepTest® белсенділігін анықтауды қолдануға болады.
Варфаринді қолдануды тоқтатқаннан кейін 4-ші күннен бастап, талдамалардың барлық нәтижелері (соның ішінде ПУ, БІТУ, Ха факторы белсенділігінің тежелуі және ТЭП (тромбиннің эндогендік потенциалы)) Ксарелто® препаратының ғана ықпалын көрсетеді ("Қолдану тәсілі және дозалары" бөлімін қараңыз).
Ауыстыру кезеңінде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда, Ксарелто® өте аз дәрежеде ықпалын тигізетін қажетті тесттер ретінде, ХҚҚ-ны ривароксабанның Ctrough бойынша (Ксарелто® соңғы қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң) анықтау қолданылуы мүмкін.
Варфарин мен Ксарелто® арасында ешқандай да фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер тіркелген жоқ.
15 мг және 20 мг Ксарелто® таблеткаларын тамақтану кезінде қабылдаған жөн («Фармакологиялық қасиеттері/Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).
Айрықша нұсқаулар
Сақтандыру және ескерту шаралары
Жүрегінде жасанды клапаны бар пациенттерде Ксарелто® препаратын қолданудың қауіпсіздігіне және тиімділігіне зерттеу жүргізілген жоқ, демек, 20 мг Ксарелто® (бүйрек бұзылуы орташа немесе ауыр пациенттерде 15 мг) қолдану пациенттердің осы санатын жеткілікті антикоагулянтты әсермен қамтамасыз ететіндігін айғақтайтын деректер жоқ.
Ксарелто® зеңдерге қарсы азол тобының препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелік ем қабылдап жүрген пациенттерге қолдануға болмайды. Бұл дәрілік препараттар СҮР 3A4 изоферментерінің және Р-гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады. Осының салдары ретінде, бұл дәрілік препараттар ривароксабанның плазмадағы концентрациясын клиникалық тұрғыдан маңызды деңгейге дейін (орта есеппен 2,6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кету қаупін арттырды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Зеңге қарсы азолды препарат флуконазол, орташа СҮР 3A4 тежегіші ривароксабанның экспозициясына аз білінетіндей ықпалын тигізеді және онымен бір мезгілде қолдануға болады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
ТКТ-ны және ӨАТЭ-ны емдеу: бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігі орташа (креатинин клиренсі минутына 50-30 мл) пациенттерде, қан плазмасында ривароксабанның концентрациясын арттыратын препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу қажет.
Шығу тегі клапандық емес жүрекшелердің фибрилляциямен пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның профилактикасы: бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі минутына 30 мл) науқастарда ривароксабанның қан плазмасындағы концентрациясы едәуір (орта есеппен 1,6 есе) артуы мүмкін, бұл қан кету қаупінің артуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр, креатинин клиренсі минутына 15 - 30 мл науқастарды емдеген кезде, клиникалық деректердің шектеулі екендігін ескеріп, Ксарелто® препаратын абайлап қолдану қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр, креатинин клиренсі минутына 15 мл науқастарға, клиникалық деректер жоқ болғандықтан, Ксарелто® препаратын қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр немесе қан кету қаупі жоғары пациенттер және зеңдерге қарсы азол тобының препараттарымен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттер, емдеуді бастағаннан кейін қан кету түріндегі асқынуларды дер кезінде анықтау үшін, дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Қан кету қаупі
Ксарелто®, тромбқа қарсы препараттар сияқты, қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеген кезде, соның ішінде, егер мыналар бар болса, сақтықпен қолданған жөн:
-
қан кетуге туа біткен немесе жүре пайда болған бейімділік
-
бақыланбайтын ауыр артериялық гипертония
-
асқазан-ішек жолының белсенді түрдегі ойық жара ауруы
-
асқазан-ішек жолының жақында бастан кешкен ойық жарасы
-
қантамырлық ретинопатия
-
жақында бастан кешкен бассүйекішілік немесе миішілік қан құйылулар
-
мидың және жұлынның қантамыр аурулары
-
миға, жұлынға немесе көзге жуық арада жасалған операция
-
бронхоэктаздар немесе сыртартқыда өкпелік қан кетулер.
Ксарелто® гемостазаға ықпалын тигізетін дәрілік препараттармен (мысалы, қабынуға қарсы стероидті емес дәрілер (ҚҚСД), антиагреганттар немесе тромбқа қарсы басқа да дәрілер) қабылдап жүрген пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Асқазан-ішек жолында ойық жара ауруының пайда болу қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізу мәселесін қарастырған жөн.
Гемоглобин немесе артериялық қысым деңгейі түсініксіз төмендеген жағдайда қан кеткен жерді табу қажет.
Хирургиялық араласымдар
Егер инвазивті емшара немесе хирургиялық араласым жүргізу қажет болса, ең кемінде, араласымнан 24 сағат бұрын және дәрігердің клиникалық қорытындысының негізінде Ксарелто® препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн.
Егер емшараны кейінге қалдыруға болмаса, оны қан кету қаупінің жоғарылауына шұғыл араласымның қажеттілігімен салыстырып, баға берген жөн.
Ксарелто® қабылдауды, тиісті клиникалық көрсеткіштер және талапқа сай гемостаз бар болған жағдайда, мүмкіндігінше тезірек инвазивті емшарадан немесе хирургиялық араласымнан кейін қайта бастаған жөн («Фармакологиялық қасиеттері/Метаболизмі және шығарылуы» бөлімін қараңыз).
ТКТ-ны және ӨАТЭ: гемодинамикалық тұрақсыз өкпе эмболиясы бар, тромболизисті немесе өкпе эмболоэктомиясын қажет ететін пациенттер
Гемодинамикалық тұрақсыз болып табылатын немесе тромболизис немесе өкпе эмболоэктомиясын алуы мүмкін ӨАТЭ бар пациенттерде, мұндай клиникалық жағдайларда Ксарелто® қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмағандықтан, фракциялық емес гепаринге балама ретінде Ксарелто® қолдану ұсынылмайды.
Нейроаксиальді (эпидуральді/спинальді) анестезия
Нейроаксиальді (эпидуральді/спинальді) анестезияны немесе спинальді пункцияны жүргізу кезінде тромбоэмболиялық асқынудың профилактикасы үшін тромбозға қарсы дәрілер қабылдайтын пациенттер эпидуральді немесе спинальді гематомасының даму қаупіне ұшырайды, ол ұзақ салдану тудыруы мүмкін.
Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральді катетерлерді пайдаланғанда немесе гемостазға ықпал ететін препараттарды біріктіріп қабылдағанда бұрынғысынан ары жоғарылайды. Қауіп сондай-ақ жарақаттық немесе көптеген эпидуральді немесе спинальді пункциясынан кейін де жоғарылауы мүмкін.
Пациенттерді неврологиялық бұзылыстардың (мысалы, аяқтың ұйып қалуы немесе әлсізденуі, қуық немесе ішек дисфункциясы) белгілерін немесе симптомдарын анықтауға қатысты жиі бақылап отыру қажет. Неврологиялық ауытқулар анықталған жағдайда пациентке шұғыл диагностика және ем жүргізу қажет.
Дәрігер антикоагулянттар қабылдайтын және тромбоздың профилактикасы үшін антикоагулянтты ем тағайындалған пациенттерге нейроаксиальді араласым жүргізуден бұрын қауіпке қатысты потенциалды пайданы ескеруі тиіс.
Ривароксабанді және эпидуральді/спинальді анестезияны немесе спинальді пункцияны бір мезгілде қолданғанда астасқан қан кетудің потенциальді қаупін төмендету мақсатымен ривароксабанның фармакокинетикалық бейінін ескеру керек. Эпидуральді катетерді немесе люмбальді пункцияны қондыруды немесе алып тастауды, дұрысы ривароксабанның антикоагулянттық тиімділігі әлсіз деп бағаланғанда жүргізілген жөн.
Эпидуральді катетер Ксарелто® таблеткасын соңғы қабылдағаннан кейін 18 сағаттан соң шығарылуы керек.
Ксарелто® катетер шығарылғаннан кейін 6 сағат өткеннен кейін бір-ақ қабылдау қажет.
Жарақаттық пункция жағдайында Ксарелто® 24 сағатқа шегерілуі тиіс.
Үйлесімсіздігі
Белгісіз
Зертханалық параметрлеріне ықпалы
Ұю параметрлеріне жүргізілген сынама нәтижесіне (протромбинді уақыт, БІТУ, Нер Теst) ықпалы, Ксарелто® әсер ету механизмін ескерсек, күтілген шамаға сәйкес келеді.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде Ксарелто® қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Жүктілік кезеңінде әйелдерге Ксарелто® қолдануға болмайды.
Емшек емізу кезеңіндегі Ксарелто® қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Осыны ескере отырып, Ксарелто® емшек емізуді тоқтатқаннан кейін ғана қолдануға болады.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Ксарелто® препаратымен емделу кезеңінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолданғандары жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Ксарелто® қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Бас айналу немесе есінен тану жағдайларының болғаны жөнінде мәлімделген, бұл автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін. Осындай реакциялар байқалған пациенттер автокөлікті басқаруды немесе механизмдерді пайдалануды тоқтата тұрғаны жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: ривароксабанды 600 мг-ге дейін қабылдаған кезде артық дозаланудың қан кетулерсіз немесе басқа да жағымсыз реакцияларсыз сирек жағдайлары тіркелген. Сіңуі шектеулі болғандықтан, емдік дозадан артық, 50 мг-ге тең және одан жоғары дозаларды қолданған кезде, қан плазмасында оның орташа концентрациясының әрі қарай артуынсыз, препарат концентрациясының төмен деңгейлі платосының дамуы күтіледі.
Емі: ривароксабанның арнайы у қайтарғысы белгісіз. Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсенділендірілген көмірді қолдануға болады. Плазма ақуыздарымен қарқынды түрде байланысатынын ескерсек, диализ жүргізген кезде ривароксабан шығарылмайды деп күтіледі.
Қан кетулерді емдеу
Егер ривароксабан қабылдап жүрген пациенттер қан кету түріндегі асқыну пайда болса, препараттың келесі қабылдануын кейінге қалдырған немесе, қажет болған жағдайда, осы препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Емдеу қан кетудің ауырлығына және орныққан жеріне байланысты әр адамда жекелей болуы тиіс. Қажет болған кезде, механикалық компрессия сияқты (мысалы, мұрыннан көп қан кеткен кезде) тиісті симптоматикалық ем жүргізуді, тиімділігіне баға бере отырып, хирургиялық гемостазды, инфузиялық емді және гемодинамикалық демеуді, қан препараттарын (эритроцитарлы массаны немесе анемия немесе коагуляцияның пайда болуына байланысты, жаңадан қатырылған плазманы) немесе тромбоциттерді қолдануға болады.
Егер жоғарыда көрсетілген шаралар қан кетуді тоқтата алмаса, төменде көрсетілген кері әсер ететін, мысалы, протромбинді жиынтықтың концентраты (РСС), белсендірілген протромбинді жиынтықтың концентраты (АРСС) немесе рекомбинантты VІІа (r-FVIIa) факторы сияқты ерекше прокоагулянттар тағайындалуы мүмкін. Алайда қазіргі таңда осы препараттарды Ксарелто® қабылдап жүрген пациенттерге қолдану тәжірибесі тіпті шектеулі.
Протамин сульфаты және К витамині Ксарелто® препаратының ұюға қарсы белсенділігіне ықпалын тигізбейді деп шамаланады.
Транексам қышқылын қолдану тәжірибесі шектеулі, ал Ксарелто® қабылдап жүрген пациенттерде аминокапрон қышқылын және апротининді қолдану тәжірибесі жоқ.
Ксарелто® қабылдап жүрген пациенттерде жүйелік гемостаздық препарат десмопрессинді қолданудың дұрыстығы жөнінде дәлел немесе қолдану тәжірибесі жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ал/ПП немесе Ал/ПВХ/ПВДХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 немесе 10 таблеткадан.
15 мг Ксарелто®
Ішінде 14 таблеткасы бар пішінді ұяшықты 1, 2, 3, 7 қаптама немесе ішінде 10 таблеткасы бар пішінді ұяшықты 10 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
20 мг Ксарелто®
Ішінде 14 таблеткасы бар пішінді ұяшықты 1, 2, 7 қаптама немесе ішінде 10 таблеткасы бар пішінді ұяшықты 10 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
30oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препараттың сақтау мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Байер Фарма АГ, Германия
D-51368 Леверкузен, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Байер Фарма АГ, Берлин, Германия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Байер КАЗ» ЖШС, Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы тел. +7 727 258 80 40
факс: +7 727 258 80 39, e-mail: kz.claims@bayer.com