Коргликон
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Коргликон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 0,6 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: 0,6 мг коргликон бар,
қосымша заттар: хлорбутанол гемигидраты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Сәл сарғыштау түсті мөлдір сұйықтық, өзіне тән әлсіз иісі бар
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек гликозидтері.
Басқа да жүрек гликозидтері.
АТХ коды С01АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Коргликон плазма ақуыздарымен әлсіз байланысады. Бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Организмде таралғанда май тініне болмашы ғана енеді. Жартылай шығарылу кезеңі 28-36 сағатты құрайды.
Организмнен негізінен несеппен және өтпен шығарылады, өт шығарылуы бұзылған кезде препараттың бүйрекпен сыртқа шығарылуы үлесі артады. Әдетте препарат организмде жинақталмайды, алайда бүйректің бөліп шығару қызметі бұзылған және билиарлы жүйенің дискинетикалық бұзылыстарымен науқастарда жиналуы ықтимал. Фармакологиялық әсері препаратты көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 3-5 минуттан соң дамиды, ең жоғары әсері 25-30 минуттан соң білінеді.
Фармакодинамикасы
Коргликон – меруертгүл гликозидтерінің қоспасы. Коргликонның негізгі фармакодинамикалық әсері оң инотроптық, теріс дромотроптық және хронотроптық әсерлерге байланысты. Жүрек гликозидтері жүректің систолалық жиырылуын күшейтеді, диастоланы ұзартады, жүректің соғу ырғағын бәсеңдетеді, жүректің өткізгіш жүйесінің қозғыштығын төмендетеді. Миокардтың жиырылуының күшеюі қан айналымын едәуір жақсартады. Коргликонның жүрекке әсер ету механизмі натрий-калий сорғысының жақсаруымен және миокардтағы катехоламин деңгейінің жоғарылауына байланысты, бұл оң инотропты әсер тудырады. Бұдан басқа, коргликонның ықпал етуінен фосфодиэстеразаның белсенділігі төмендейді, бұл циклдық аденозинмонофосфаттың артуына әкеледі.
Қолданылу
-
жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (дигиталис препараттарын көтере алмаушылықта)
Қолдану тәсілі және дозалары
Коргликон көктамыр ішіне енгізіледі. Енгізуді 10-20 мл 20 % немесе 40 % глюкоза ерітіндісінде, сондай-ақ 0,9 % NaCl ерітіндісінде тәулігіне 1-2 рет 5-6 минут бойы баяу жүргізеді. Ересектерге бір реттік дозада 0,5-1 мл, 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға 0,2-0,5 мл-ден; 6-дан 12 жасқа дейін – 0,5-0,75 мл-ден енгізіледі. Тәулігіне 2 рет енгізгенде инъекциялар арасындағы аралық 8-12 сағатқа тең болады.
Ересектерге арналған ең жоғары дозалары: бір реттік – 1 мл, тәуліктік – 2 мл.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: автоматизм мен өткізгіштікке ықпал ету есебінен, әсіресе жылдам енгізгенде жүрек ырғағының бұзылуын туындатады (экстрасистолия, атриовентрикулярлы блокада, брадиаритмия, қарыншалық аритмиялар, AV-өткізгіштігінің баяулауы).
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың кеберсуі, анорексия, эпигастрийдегі жайсыздық және ауыру.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері тарапынан: сананың шатасуы, аяқ-қолдың ауыруы және парестезия, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, бас айналу, бас ауыру, түс ажырату қабілетінің бұзылуы, ұзақ уақыт қолданған кезде көру аясының тарылуы, көру өткірлігінің төмендеуі.
Тері тарапынан: анафилактикалық шок, бөрту.
Басқалары: гипокалиемия, гинекомастия (ұзақ уақыт қолданғанда), есекжемді, қышынуды, енгізу орнындағы өзгерістерді қоса, аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- эндокардиттер, жедел миокардит, айқын кардиосклероз
- Адамс-Стокс-Морганьи синдромы
- гликозидтік уыттану
- қарыншалық тахикардия, экстрасистолия
- ІІ және ІІІ дәрежелі АV-блокадасы
- айқын брадикардия
- констриктивті перикардит
- гиперкальциемия
- гипокалиемия
- оқшауланған митральді стеноз, WРW синдромы
- гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
- каротидтік синус синдромы, имплантатталған ырғақ жетекшісі жоқ синустық түйіннің әлсіздік синдромы
- аортаның кеуде бөлігінің аневризмасы
- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
- миокард инфарктісінің жедел кезеңі
- тұрақсыз стенокардия
- 2 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Коргликонды бір мезгілде мыналармен пайдаланғанда:
- адреномиметикалық дәрілермен:
эфедрин гидрохлоридін, адреналин гидрохлоридін немесе норадреналин гидротартратын, сондай-ақ жүрек гликозидтерімен селективті бета-адреномиметикалық дәрілерді бір мезгілде қолдану жүрек аритмиясын туындатуы мүмкін.
- кальций антагонистерімен (әсіресе верапамил), хинидин, эритромицин, тетрациклин, амиодарон:
Шығарылуын баяулатады және қан плазмасындағы препарат концентрациясын арттырады. Бірге қолдану қажет жағдайда Коргликон дозасын 2 есе азайтады.
-
аминазин және басқа да фенотиазин туындыларымен:
Жүрек гликозидтерінің әсері азаяды.
-
антихолинестеразалық препараттармен:
Антихолинестеразалық препараттарды жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда брадикардия күшейеді. Қажет болса, оны атропин сульфатын енгізумен жоюға немесе әлсіретуге болады.
-
глюкокортикостероидтермен:
Глюкокортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу салдарынан гипокалиемия пайда болғанда жүрек гликозидтерінің қолайсыз әсерлері артуы мүмкін.
-
диуретиктік дәрілермен:
Диуретиктік дәрілерді жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының әсері күшейеді. Оларды бір мезгілде қолданғанда ұтымды дозалануын ұстану керек.
- калий препараттарымен:
Калий препараттарының әсер етуімен жүрек гликозидтерінің қолайсыз әсерлері азаяды.
-
кальций препараттармен:
Жүрек гликозидтерімен емдегенде кальций препараттарын парентеральді қолдану қауіпті, өйткені кардиоуыттылық әсерлер күшейеді.
-
инсулинмен:
Инсулинмен бір мезгілде қолданғанда гликозидті уыттану қатері артады.
-
этилендиаминтетрасірке динатрий тұзы қышқылымен (ЭДТҚ):
Жүрек гликозидтерінің тиімділігі мен уыттылығының төмендеуі байқалады.
-
кортикотропин препараттарымен:
Жүрек гликозидтерінің әсері кортикотропиннің ықпал етуімен күшейеді.
-
ксантин туындыларымен:
Кофеин немесе теофиллин препараттары жүрек ырғағының бұзылу қаупін арттырады.
-
натрий аденозинотрифосфатымен:
Натрий аденозинотрифосфатын жүрек гликозидтерімен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
-
эргокальциферолмен:
Эргокальциферол туғызған гипервитаминозда гиперкальциемияның дамуынан болатын жүрек гликозидтерінің әсері күшеюі мүмкін.
-
есірткілік анальгетиктермен:
Фентанил мен жүрек гликозидтерінің біріктірілімі артериялық гипотензияға себеп болады.
-
парацетамолмен:
Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні жеткіліксіз зерттелген, бірақ парацетамолдың ықпал етуімен жүрек гликозидтерінің бүйрекпен аз бөлінуі жөнінде деректер бар.
Айрықша нұсқаулар
Бүйректің бөліп шығару қызметі бұзылған кезде гликозидтік уыттанудың пайда болуына жол бермеу үшін препараттың дозасын азайту қажет. Гликозидтік уыттанудың даму ықтималдығы сондай-ақ электролиттік бұзылулар (гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия) кезінде, жүрек қуысының айқын дилатациясында, өкпелік жүректе, алкалозда, егде адамдарда жоғарылауы мүмкін.
І дәрежелі АV өткізгіштігі бұзылған кезде, гипотиреозда аса сақтық және ЭКГ-ні бақылау қажет етіледі. Препаратпен емдеудің тиімділігіне және қауіпсіздігіне ұдайы бақылау қажет.
Тиреотоксикозда және жүрекшелік экстрасистолияда сақтық қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде қимылдың және психикалық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен (соның ішінде автомобиль жүргізу) айналыспаған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: аритмиялар, соның ішінде брадикардия, АV-блокада, қарыншалық тахикардиялар немесе экстрасистолия, қарыншалардың фибрилляциясы, анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыру, қажығыштық, бас айналу; сирек – айнала қоршаған заттардың жасыл және сары түске боялып көрінуі, көру өткірлігінің төмендеуі, скотома, макро- және микропсия; өте сирек – сананың шатасуы, синкопальді жағдай.
Емі - аритмия пайда болған кезде көктамыр ішіне 2-2,4 г калий хлоридін 10 ӘБ инсулинмен 500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде тамшылатып енгізеді (енгізуді калийдің қан сарысуындағы концентрациясы 5 мЕg/л болған кезде тоқтатады). Құрамында калий бар дәріні жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштік бұзылған кезде қолдануға болмайды. Айқын брадикардия кезінде атропин сульфаты ерітіндісін тағайындайды. Оксигенотерапия қолданылады. Фенитоинды 100 мг-ден әрбір 3-5 мин сайын (1000 мг жиынтық дозаға жеткенше) немесе көктамыр ішіне тамшылатып 10-15 мг/кг дозада 1 және одан көп сағат ішінде тағайындауға болады; бұдан әрі қарай демеуші ем үшін фенитоинды тәулігіне 1 рет 400-600 мг-ден пероральді тағайындайды. Гликозидтік уыттану кезіндегі фенитоинге қарағанда лидокаиннің тиімділігі аздау, Cа2+ өзектерінің блокаторларын қолдануға болмайды. Уытсыздандырғыш дәрі ретінде унитолды да үлгі бойынша тағайындайды: алғашқы 2 күнде тері астына науқастың әр 10 кг дене салмағына 0,05 г препарат есебінен (1 мл 5 % ерітінді) тәулігіне 3-4 рет, сонан соң тәулігіне 1-2 рет кардиоуытты әсері басылғанша енгізіледі.
Артериялық қысым төмендеген кезде – трансфузиялық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл препараттан ампулаға салынады.
10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және скарификатормен немесе кесетін керамикалық дискпен бірге картоннан немесе хром-эрзац типті макулатуралық картоннан жасалған пәшкеге салынады. Ампулада сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі болғанда скарификатор немесе кесетін керамикалық диск салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ДЗМҰО» Тәжірибе зауыты» ЖШҚ.
Украина, Харьков қаласы, Воробьев көшесі, 8
Тіркеу куәлігінің иесі
«ДЗМҰО» Тәжірибе зауыты» ЖШҚ.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Мекенжайы: «ДЗМҰО» Тәжірибе зауыты» ЖШҚ.
Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8.
Телефон: 752-30-17
Факс: 752-30-17
Электронды поштасы: phoenix@gncls.com
Қазақстан Республикасы аумағындағы сенімді тұлға
Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС
050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мәметова к-сі, 54
Телефон/факс: (727) 279 98 21
Электронды поштасы: pharmanadzor@medservice.kz