Клостилбегит® (Clomifene)

МНН: Кломифен
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clomifene
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005861
Информация о регистрации в РК: 24.11.2016 - 24.11.2021
Номер регистрации в РБ: 2416/96/01/06/11/16
Информация о регистрации в РБ: 10.08.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 361.21 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Клостилбегит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кломифен

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50 мг кломифен цитраты,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк Е-553b, желатин, магний стеараты Е-572, стеарин қышқылы Е-570.

Сипаттамасы

Бір жағында “CLO” ойылып жазылған, ойығы бар, дөңгелек жайпақ ақ, ақ-сары немесе сұрғылттау-ақ түсті; иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныстық гормондар және жыныс жүйесі модуляторлары. Гонадотропиндер мен овуляцияның басқа да стимуляторлары. Овуляцияның синтетикалық стимуляторлары. Кломифен

АТХ коды G03G B02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Кломифен бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 5-7 күн.

Ішке қабылданған дозаның 5 күн ішінде 50% негізінен ішекпен (42) және несеппен (8) шығарылады. Кломифен нәжістен 6 апта ішінде анықталып отырады. С изотопымен 14 таңбаланған препаратты енгізгеннен кейін 31-ші– 35-ші күндері шығарылған дозаның орташа % - 0,73%, ал 42-ші – 45-ші күндері – 0,45% құрады. Зерттеудің 14 және 53 күндері аралығында 6 зерттелетіндерде нәжіс пен несептің үлгілері алынды. Шығарылмаған бастапқы заты /метаболит энтерогепатикалық циркуляция үдерісінде баяу шығарылады.

Кломифенді ұзақ уақыт қабылдағанда холестерин синтезінің жылдамдығы өзгеруі мүмкін. Кломифенмен ұзақ уақыт емделгенде емделушілерде қан сарысуында холестерин деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Кломифен цитраты – цис-(зукломифен)-және транс—(энкломифен) изомерлердің рацемиялық қоспасы. Препараттың құрамында 30-50 кем болмайтын цис-изомер едәуір белсенді болады. Зукломифеннің жартылай шығарылу кезеңі транс-изомерге қарағанда ұзағырақ. Зукломифен дені сау еріктілерде қабылдаудан кейін бір ай өткенде анықталды. Бұл факт стереоспецификалыққа ие препараттың ішек-бауырлық рециркуляциясын білдіреді.

Кломифен оны овуляцияны индукциялау үшін қабылдаған әйелдерде жүктіліктің басында анықталуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Клостилбегит – стероидтық емес құрылымдағы антиэстрогендік препарат. Әсер ету механизмі эстрадиолдың рецепторларымен байланысуын бәсеңдетіп, гипоталамуста эстрогендер рецепторларымен спецификалық байланысу қабілетімен түсіндіріледі. Оң кері байланыс принципі бойынша гонадотропиннің өндірілуі жоғарылайды және осылайша овуляцияның стимуляциясы жүреді.

Қолданылуы

- жүкті болу мақсатымен ановуляторлық циклмен әйелдерде овуляцияны стимуляциялауда.

Клостилбегит таблеткаларын овуляторлық циклдің расталған бұзылуымен емделушілерге ғана қолдануға болады. Клостилбегит препаратын тағайындар алдында фертильділіктің бұзылуының басқа себептерін жоққа шығару немесе баламалы ем жүргізу керек.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады!

1-ші емдеу курсы: ұсынылатын доза 5 күн ішінде тәулігіне 50 мг (1 таблетка) құрайды. Жуық арада жатырлық қан кету болмаған жағдайда емді кез келген күні бастауға болады.

Егер прогестин көмегімен қан кетуді индукциялау жоспарланса немесе кенеттен болатын циклдік қан кетулерде емді циклдің 5 күнінен бастау ұсынылады. Егер овуляция 50 мг дозаны қабылдағанда басталса, онда келесі циклдерде дозаны ары қарай жоғарылатудың артықшылығы жоқ.

2- ші емдеу курсы: бұл сызбаны 1-ші емдеу курсының тиімсіздігінде қолдану керек. Егер овуляция 1-ші емдеу курсынан кейін басталмаса, күнделікті 100 мг препараттан (бір реттік тәуліктік доза ретінде 50 мг екі таблетка) 5 күн ішінде келесі циклдің 5-ші күнінен бастап, яғни алдыңғы циклден кейін 30 күннен кейін тағайындау керек. Дозаны жоғарылатуға (5 күн ішінде тәулігіне 100 мг-ден аса) немесе емдеу ұзақтығын ұзартуға болмайды.

Емге жауап беруге қабілетті көптеген емделушілер, емнің бірінші курсына-ақ жауап береді, үш емдеу курсын әдетте баламалы емдік шара деп санауға болады. Овуляциялық қан кету болмаған жағдайда диагнозды анықтау керек. Овуляция белгілерінсіз емделушілерді ары қарай емдеу мақсатқа сай емес.

Ұзақ уақыт емдеу

Ұсынылмайды

Емделушілердің арнайы тобы

Гипофизарлық гонадотропинге жоғары сезімталдықпен (мысалы, поликистозды аналық бездер синдромында) емделушілерде ерекше сақ болу керек және мүмкіндігінше, препаратты төменірек дозада және қысқа уақыт ішінде тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (1/10)

- вазомоторлық құйылулар

- аналық бездердің үлкеюі

Жиі (1):

-бас ауыруы

-жүрек айнуы, құсу, метеоризм

-көрудің бұзылуы (бұлыңғыр таңбалар немесе таңбалар түрінде жарықтар, көзде қозғалыстағы жарықты сезіну - сцинтилляциялайтын скотомалар, қалдық бейнелер)

-сүт бездеріндегі жайсыздық сезімі және ауыруы

- ациклдық жатырдан қан кетуі, меноррагия

Жиі емес (1/1000 –<1/100)

- депрессия

- бас айналуы

- вертиго (айналу сезімі)

- жүйке ширығуы, шаршағыштық

Сирек (1/10 000 –<1/1000)

- катаракта, көру жүйкесінің невриті

- құрысу ұстамалары

Жиілігі белгісіз (бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

-гормонға-тәуелді немесе гормондармен байланысты жаңа түзілімдер/ісіктер

- аллергиялық реакциялар

- гипертриглицеридемия

- параноидты психоз

- синкопальді жағдайлар, ми қан айналымының жедел бұзылуы, ми тамырларының тромбозы

- жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, дезориентация, сөйлеудің бұзылуы

- панкреатит

- бауыр функциясының бұзылуы (бромсульфалеин сынамасы нәтижелерінің өзгеруі, сарғаю)

- есекжем, бөртпе, шаштың түсуі (алопеция)

- көпформалы эритема, экхимоздар, ангионевротикалық ісіну

- көп ұрықты жүктілік

- жатыр сыртындағы және жатырлық жүктілік

- жатыр сыртындағы жүктілік

- эндометриоз, эндометриоз ағымының нашарлауы, эндометрий қалыңдығының жұқаруы, аналық бездердің айтарлықтай үлкеюі

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, жағымсыз реакциялар препаратты ұзағырақ және жоғарырақ дозаларда қолданғанда жиірек дамиды. Препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда жағымсыз реакциялары мардымсыз және тек сирек жағдайларда емге кедергі бола алады.

Аналық бездердің үлкеюі

Препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда аналық бездердің патологиялық өлшемдерге дейін үлкеюі сирек байқалады, бірақ оның өлшемінің әдеттегі циклдік өзгеруімен салыстырғанда, үлкеюі айқынырақ болуы мүмкін. Сол секілді, аналық бездердің циклдік ауыруы айқынырақ болуы мүмкін. Жоғарырақ дозаларын қолданғанда немесе емдеу мерзімін ұзартқанда аналық бездердің үлкеюі және цисталардың түзілуі жиірек байқалады, одан басқа, овуляторлық циклдің лютеиндік фазасы ұзаруы мүмкін. Сирек жағдайларда аналық бездердің айқын үлкеюі туралы хабарланды. Осындай жағдай Клостилбегитті тәулігіне 100 мг дозада 14 күн ішінде қабылдаған поликистозды аналық бездер синдромымен емделушілерде сипатталған.

Аналық бездердің қалыптан тыс үлкеюі әдетте өздігінен қайтады. Осындай жағдайлармен көптеген емделушілерде консервативті ем жүргізуге болады.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Жалпы дозаның жоғарылауымен көрудің «бұлыңғырлануы» ретінде белгілі симптомдардың даму жиілігі, сондай-ақ таңбалар мен жарықтың (жыпылықтағыш скотома) пайда болуы артады. Сондай-ақ бірізді бейнелердің («after-image») пайда болуы туралы хабарланды. Көру ағзалары тарапынан осы симптомдардың алғаш пайда болуы немесе күшеюі, негізінен, күшті жарықта байқалды. Офтальмологиялық расталған скотомалар, фосфендер және көру қабілетінің нашарлауы туралы хабарлар бар. Сирек жағдайларда катаракта және көру жүйкесінің невриті туралы хабарланды. Осы көру бұзылыстары кломифенмен емді аяқтағаннан кейін көрудің ұзаққа созылған бұзылыстары туралы хабарлардың болуына қарамастан әдетте қайтымды сипат иеленген. Кейбір жағдайларда, әсіресе кломифенді жоғары дозаларда қолданғанда немесе оны ұзақ уақытқа тағайындағанда көрудің бұзылуы қайтымсыз сипат та иеленуі мүмкін.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар

Бромсульфалеинді тест (БСФ) көмегімен қаннан шығарылған БСФ мөлшері БСФ белгілі мөлшерін көктамыр ішіне енгізгеннен кейін анықталады. 5 мг/кг БСФ көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 45 минуттан кейін қанда дозаның тек 5% қалады. Бұл сынама бауыр жасушаларының және бауырдың детоксикациялайтын функциясының зақымдануымен қатар жүретін ауруларды анықтауда тиімді әдіс болып саналады, әйтсе де, бұл әдіс бауырдан тыс ауруларды диагностикалауда немесе бауырішілік обструктивті сарғаюды анықтауда қолданылмайды.

БСФ сынама жасалған 141 емделушінің 32-де БСФ іркілуі 5% жоғары болды. Осы топқа кіретін 43 емделушіден 5 адам кломифенді 50 мг қазіргі кезде ұсынылған дозада қабылдады. БСФ ретенциясы кломифенді ұзақ уақыт бойы ұдайы қабылдаған немесе препаратты қабылдаумен байланыссыз бауыр аурулары жағдайындағы емделушілерді қоспағанда әдетте өте төмен болды.

Басқа бауыр сынамаларының нәтижелері әдетте қалыпты болды.

Емделушілер 50 мг таблеткалардан (тәулігіне 50 мг немесе 100 мг дозада айына 3 күннен) плацебоны немесе кломифенді қабылдаған зерттеулерде 6-айлық емдеу курсы бойы БСФ тест 94 емделушіде жүргізілді. БСФ 5% аса іркілуін білдіретін нәтижелер 6-уы кломифен, ал 5-уі – плацебо қабылдаған 11 емделушіде анықталды.

Басқа зерттеуде тәулігіне 50 мг дозада кломифен таблеткаларын қабылдаған бір емделушіде, емнің 19-шы күні сарғаю дамығаны туралы хабарланды. Бауыр биопсиясы гепатиттің белгілерінсіз холестазды анықтады.

Зат алмасу тарапынан бұзылыстар

Гипертриглицеридемия (кейбір жағдайларда панкреатитпен) гипертриглицеридемиямен зардап шегетін немесе ол отбасылық сыртартқысында анықталған және/немесе ұсынылғаннан ұзақ уақытта немесе дозада кломифен қабылдаған емделушілерде анықталды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясында бұзылуы немесе оның сыртартқысында болуы

  • аналық без кистасында (аналық бездер поликистозы синдромын қоспағанда)

- шығу тегі белгісіз метроррагия

- гормонға тәуелді ісіктер

- эндометриоз

- аналық бездер дисгенезі, менопауза немесе емге жауап күтуге болмайтын кез келген жағдай

  • жүктілікте

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клостилбегит препаратының дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясын ұдайы бақылау ұсынылады.

Емдеуді бастаудың алдында емделушіні мұқият гинекологиялық тексеру керек.

Препаратты гинекологтың ұдайы бақылауымен қолдану керек.

Эндогенді эстрогеннің қажетті деңгейі (қынаптық жұғынды, эндометрия биопсиясы, несептегі эстроген деңгейін анықтау немесе прогестеронға жауап ретінде эндометриальді қан кету негізінде анықталатын) Клостилбегит препаратымен емдеуге жауап ретінде овуляция үшін қажет. Клиникалық көзқарастан эстрогеннің төмендетілген деңгейі жағымсыз болғанымен емнің тиімділігін жоққа шығармайды. Клостилбегит препаратымен емдеу гипофиз немесе аналық бездердің алғашқы жетіспеушілігінде тиімсіз. Клостилбегит препаратымен емдеу, басқа себептермен, мысалы, қалқанша без немесе бүйрек асты безі ауруларымен туындаған аналық бездер функциясының жеткіліксіздігін арнайы емдеудің орнын баса алмайды. Гиперпролактинемияны сондай-ақ басқа да әдістермен емдеуге болады. Дене салмағының төмендігімен байланысты бедеулікте Клостилбегит бірінші таңдалатын препарат болып табылмайды, одан басқа, бұл препарат менапаузада байқалатын ФСГ жоғары деңгейіне әсер етпейді.

Аналық бездер гиперстимуляциясы синдромы (АГС)

Кломифенді овуляцияны индукциялау мақсатымен тағайындағанда АСГ дамуы туралы хабарланды. Кломифенді циклді қабылдағанда кейбір жағдайларда кломифенді гонадотропинмен біріктіргенде АГС дамыды.

Осы синдромның кломифенді қабылдағанда байқалған симптомдары келесілер: перикардиальді жалқық, анасарка, гидроторакс, іш теспе, бүйрек жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі, аналық бездер тініне қан құйылу, терең көктамырлар тромбозы, аналық бездердің айналып кетуі және жедел тыныс алу жеткіліксіздігі. Бойға бала біткеннен кейін синдромның ауыр түрінің жедел үдеуі басталуы мүмкін.

Клостилбегит препаратымен емдеуде аналық бездердің үлкеюі мүмкіндігі қаупінің алдын алу мақсатында емнің жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін, ең төмен дозаларды қолдану керек. Емделушілерге Клостилбегит таблеткаларын қабылдағаннан кейін іш аймағында немесе кіші жамбас ағзалары аймағында ауыру дамыған жағдайда, дене салмағы жоғарылағанда, хал-ахуалы нашарлағанда немесе метеоризмде дереу дәрігерге ескерту керектігін хабарлау керек. Клостилбегитті қабылдауды тоқтатқаннан соң бірнеше күннен кейін, аналық бездер ары қарай ұлғаймайды. Гонадотропинге жоғары сезімталдықпен поликистозды аналық бездерімен емделушілерде, Клостилбегиттің әдеттегі ұсынылған дозаларына жоғары реакция болуы мүмкін.

Клостилбегит таблеткаларын қабылдағаннан кейін іш аймағының немесе кіші жамбас ағзалары аймағының ауыруына, дене салмағының жоғарылауына, хал-ахуалының нашарлауына шағымданатын емделушілерді аналық бездер кистасы немесе басқа патологиялық өзгерістердің болу мүмкіндігіне тексеру керек

Патологиялық үлкейген аналық бездердің зақымдануының жоғарылауы салдарынан, іш аймағын және жамбасын тексеруді аса сақтықпен жүргізу керек. Аналық бездердің патологиялық үлкеюінде Клостилбегитті аналық бездердің мөлшері бастапқы деңгейіне жеткенше (емнің басындағыға дейін) тағайындауға болмайды. Кломифенмен емдеу аясында аналық бездердің үлкеюі және кисталары препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен немесе аптадан соң әдетте өздігінен қалпына келеді.

Емделушілердің көбіне консервативті ем жүргізуге болады. Емнің келесі циклінде дозаны немесе циклдің ұзақтығын қысқарту керек.

Көру ағзалары тарапынан өзгерістер

Емделушілерді нүктелік немесе жыпылықтағыш скотома типімен көрудің бұзылуы немесе көрудің бұлыңғырлануының даму мүмкіндігі туралы ескерту керек. Бұл бұзылулар Клостилбегит препаратымен емдеу кезінде немесе ем аяқталғаннан кейін дамуы мүмкін. Әдетте кломифенмен емдеу аяқталғаннан кейін ұзақ уақыт көру бұзылыстары туралы хабарлардың болуына қарамастан, бұл өзгерістер қайтымды сипат иеленген. Көрудің бұзылуы қайтымсыз сипат иеленуі мүмкін, әсіресе кломифенді жоғары дозаларда қабылдағанда немесе оны ұзақ уақыт бойы тағайындағанда.

Осындай бұзылыстардың механизмі белгісіз. Көрудің кез келген бұзылуына шағымданған жағдайда емді дереу тоқтату және офтальмологпен кеңесу керек. Емделушілерді көрудің бұзылу мүмкіндігі салдарынан әсіресе әртүрлі жарық түсуі жағдайында жұмыс жасағанда көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қауіпті болуы мүмкіндігін ескерту керек.

Гипертриглицеридемия

Тіркеуден кейінгі кезеңде кломифен қабылдаған емделушілерде гипертриглицеридемия жағдайлары туралы хабарланды. Гипертриглицеридемия даму қаупі гипертриглицеридемиямен зардап шеккен немесе ол отбасылық сыртартқысында болған және/немесе кломифенді ұзақ уақыт бойы немесе ұсынылғаннан жоғары дозада қабылдаған емделушілерде жоғарылайды.

Осындай емделушілерде қан плазмасында триглицеридтердің деңгейін ұдайы анықтау ұсынылады.

Көп ұрықты жүктілік

Кломифенмен емделу аясында жүкті болған жағдайда көп ұрықты жүктілік мүмкіндігі артады. Емделушілерді көп ұрықты жүктілікпен байланысты асқынулар мен қауіп мүмкіндігі туралы ескерту керек.

Эктопиялық жүктілік

Кломифенмен емдеу аясында бала біткенде кейбір жағдайларда жатырдан тыс жүктілік дамыған (аналық бездерде немесе түтікте). Жатыр ішілік және жатыр сыртындағы жүктілік болған көп ұрықты жүктілік жағдайлары туралы хабарлар бар.

Жатыр миомасы

Клостилбегит қабылдаған жатыр миомасымен емделушілерді тексеруді миоманың ары қарай өсу мүмкіндігіне байланысты сақтықпен жүргізу керек.

Жүктіліктің үзілуі және туа біткен ақаулар

Әдебиеттегі деректер бойынша кломифен қабылдаған аналарда (бала біткенге дейін немесе кейін) туа біткен ақаулардың пайда болуының орташа жиілігінің салыстырудың орташа популяциясында байқалған осындайдан өзгешелігі жоқ. Әдебиетте жарияланған (кенеттен хабарлар) жағдайларда кломифенмен овуляцияны индукциялауда туа біткен даму ақауларының арасында жүйке түтігінің даму ақауларының жиі кездесуі көрсетілген, әйтсе де популяциялық деңгейдегі зерттеулер осы бақылауды дәлелдемейді.

Дәрігерлер табиғи жүктілікте, сондай-ақ оның кломифеннің көмегімен индукциялауында болуы мүмкін қатер, қауіп туралы емделушілерді ескертуі керек. Емделушілерді кейбір факторлар және жағдайлардың олардың жүктілігінде қауіп факторы болуы мүмкін екендігін ескерту керек. Осындай факторларға жатады: әйел мен еркектің жасы, бұрын болған өздігінен болатын түсіктер, Rh генотипі, етеккір айналымының бұзылуы және сыртартқысында репродуктивті функциясының бұзылуы (себебіне байланыссыз) жүректің органикалық аурулары, диабет, жұқпаның қоздырғыштары (мысалы, қызамық), отбасында туа біткен ақаулардың және басқа қауіп факторларының болуы. Емделушілерді қарап тексеру нәтижесі негізінде, оларға генетикалық тексеру көрсетілімді болуы мүмкін. Овуляцияны индукциялау үшін дәрілік препараттар қабылдаған (бір де бір емделуші қосымша индукциялайтын препараттарсыз кломифенмен моноем қабылдаған жоқ) фертильділігі төмендеген әйелдердегі өздігінен болған түсіктер арасында трисомия жиілігінің жоғарылауы туралы және овуляцияны индукциялауда Даун синдромының даму қаупінің жоғарылау мүмкіндігі туралы популяциялық тексерулер нәтижелері жарияланған.

Әйтсе де хабарламалардың саны жоғары қауіпті дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін жеткіліксіз. Бұл мәселені әдеттегі көрсетілімдер бойынша, (жасы, отбасылық сыртартқысы) жүргізілген амниоцентездің көмегімен шешуге болады.

Кломифен қабылдаған емделушілерде бір ұрықты немесе көпұрықты жүктілікті клиникалық зерттеуде келесілер анықталған: ұрықтың түсіп қалуы – 21,4% (аборттар жиілігі 19%), эктопиялық жүктілік – 1,18%; молярлы жүктілік – 0,17%; «қағаз тәрізді» ұрық (foetus papyraceous) – 0,04%; бір немесе бірнеше өлі туғандармен жүктіліктер – 1,01%.

Клиникалық зерттеулерде кломифен бала біткеннен кейін бала туумен аяқталған 2369 жүктіліктің 158 жағдайында қолданылды. Осы 158 жүктілікте 8 жаңа туғанда (7 жүктіліктің) туа біткен ақаулар болды.

Кломифен бала біткеннен кейін 19 күнге дейін немесе бала біткеннен кейін 20-шы және 35-ші күндер аралығында тағайындалған емделушілерде туа біткен ақаулардың жиілігінде айырмашылықтар анықталған жоқ.

Бұл жиілік жалпы популяциялық деңгейде күтілген жиілік аралығына сәйкес келеді.

Аналық бездер обыры

Фертильділікті жақсартатын препараттарды қолдануда аналық бездер обырының дамуы туралы сирек хабарлар бар. Алғашқы қауіп факторы фертильділіктің бұзылуының өзі болып табылады. Эпидемиологиялық деректер көрсеткендей, Клостилбегитті ұзақ уақыт қолдану осы қауіпті жоғарылатуы мүмкін. Осылайша, емдеудің ұсынылған ұзақтығынан асыруға болмайды.

Лактоза

Клостилбегиттің әр таблеткасының құрамында 100 мг лактоза бар. Оны препаратты лактозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге тағайындағанда ескеру қажет. Сирек кездесетін тұқым қуалаған ауруларда, оның ішінде фруктозаны көтере алмаушылықпен, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығымен және глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен тұлғаларға препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Жүктілік расталғаннан кейін Костилбегит препаратын қабылдауды тоқтату керек. Клостилбегит емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан оны лактация кезеңінде қолдану қауіп пен пайдаға мұқият талдау жасауды талап етеді.

Клостилбегитті кездейсоқ жүктіліктің ерте сатысында тағайындаудан сақ болу үшін, емдеудің әрбір циклі кезінде овуляцияның барын сәйкес тестілердің көмегімен анықтау керек. Клостилбегит препаратымен емдеудің әрбір жаңа курсының алдында жүктілікке тест жасау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеудің бастапқы кезінде көрудің өтпелі бұзылуына байланысты әсіресе жарықтың қарқындылығы өзгеруі жағдайында зейінді жоғары жұмылдыру және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқару және басқа да әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, вазомоторлық қан кернеуі, көрудің бұзылуы (көру өткірлігінің төмендеуі, жарықты сезіну, скотома) аналық бездердің үлкеюі және жамбас немесе құрсақ мүшелерінің ауыруы.

Емі: препаратты тоқтатқаннан кейін симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Препараттың диализ арқылы шығарылуы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын және қатпарлы-ароматизатормен жабдықталған FG-7 ПЭ қақпақпен жабылған қоңыр шыныдан жасалған құтыда 10 таблеткадан.

Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылған.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

15 0С-ден – 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 ВЕНГРИЯ

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41

e-mail: egis@egis.kz

 

 

Прикрепленные файлы

039241071477977105_ru.doc 98 кб
375498211477978271_kz.doc 111.5 кб
2416_96_01_06_11_16_p.pdf 0.38 кб
2416_96_01_06_11_16_s.pdf 0.66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ